ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз
Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Басқармасының 2024 жылғы 16 тамыздағы № 51 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34952 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
мынадай мазмұндағы кіріспемен толықтырылсын:
"Коллекторлық қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабы 1-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:";
көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Коллекторлық агенттік өтінішті және борышкер ұсынған құжаттарды алған күннен кейін күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарындағы өзгерістерді қарайды және Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес борышкерге:
1) берешекті өтеу талаптарының ұсынылған өзгерістерімен келісетіні;
2) берешекті өтеу талаптарын өзгерту жөніндегі өзінің ұсыныстары;
3) осындай бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту туралы шешімдердің біреуін хабарлайды.
Коллекторлық агенттік борышкер ұсынған берешекті өтеу талаптарының өзгерістерімен келісу туралы шешім қабылдаған кезде мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы өз ұсыныстарын жіберген кезде Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағына сәйкес коллекторлық агенттік борышкердің ұсынылған талаптарға жауап беру мерзімін де көрсетеді, ол борышкер коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайтын уақытты құрайды.
Борышкер коллекторлық агенттіктің берешекті өтеу талаптарын өзгерту жөніндегі ұсыныстарымен келіскен жағдайда, мұндай өзгерістерді енгізу мерзімі коллекторлық агенттік борышкердің жауабын алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күннен аспайды.
Коллекторлық агенттік берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тартқан кезде, сондай-ақ борышкер осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген коллекторлық агенттіктің шешімін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде коллекторлық агенттік пен борышкер арасында өзара қолайлы шешімге қол жеткізілмеген кезде, борышкерге Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту беріледі.";
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Өтініш қабылданған күннен бастап және борышкерге шешім жіберілгенге дейін коллекторлық агенттік сотқа дейінгі өндіріп алу және нотариустың атқарушылық жазба жасау туралы өтінішті немесе берешекті өндіріп алу туралы сотқа шағым-талап беру бойынша іс-шараларды тоқтата тұрады.";
мынадай мазмұндағы 4-1 және 4-2-тармақтармен толықтырылсын:
"4-1. Берешекті өндіріп алу туралы сот шешімі немесе нотариустың атқарушы жазбасы болған кезде коллекторлық агенттік коллекторлық агенттік пен борышкер арасында жасалған берешекті реттеу тәртібі мен талаптарын көздейтін шарт күшіне енген сәттен бастап атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға немесе атқарушылық құжатты кері қайтарып алуға бастамашылық жасайды.
4-2. Қағидалардың мақсаттары үшін борышкерді берешекті өтеу талаптарын өзгерту үшін коллекторлық агенттікке жүгіну мүмкіндігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама), сондай-ақ коллекторлық агенттіктің борышкердің өтінішіне берген жауабы, егер олар Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 2-тармағында белгіленген тәсілмен:
шартта не жолданымда көрсетілген тұрғылықты жері бойынша оның тапсырылғаны туралы хабарлама қоса берілген тапсырыс хатпен жіберілсе, оның ішінде көрсетілген мекенжай бойынша тұратын борышкердің кәмелетке толған отбасы мүшелерінің бірі алған болса;
шартта не борышкердің жолданымында көрсетілген электрондық поштаның мекенжайына жіберілсе;
борышкерге хабарламаның немесе жауаптың толық мәтіні бар интернет-ресурсқа сілтеме берілген жауаппен мәтіндік SMS-хабарлама немесе push-хабарлама жіберу арқылы жіберілсе;
борышкердің хабарламаны немесе жауапты алуын тіркеуді қамтамасыз ететін шартта көзделген өзге де байланыс құралдарын пайдалана отырып жіберілсе жеткізілген болып есептеледі.
Борышкер коллекторлық агенттікке келген кезде борышкердің өтінішіне жауап қол қою арқылы жеке қолына тапсырылады, ол жөнінде жазбаша өтініштерді тіркеу журналында белгі қойылады.
Хабарлама немесе оны адресатқа, алушыға тапсыру мүмкін еместігі туралы белгісі бар не оны қабылдаудан бас тартуға байланысты жауап кері қайтарылған жағдайда, хабарлама немесе жауап тиісті түрде берілген болып есептеледі.";
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Коллекторлық агенттік борышкерлер Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабы 1-тармағының екінші бөлігіне сәйкес берешекті реттеу үшін берген өтініштердің және оларды қарау нәтижелерінің есебін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті реттеудің қолданылған шараларын және берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін көрсете отырып жүргізеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері (бұдан әрі – борышкер-әскери қызметші) бойынша негізгі борыш және берешекті өтеу талаптарын өзгерту туралы шешім қабылдау уақытында негізгі борыштың қалдығына есептелген сыйақы бойынша мерзімді әскери қызмет өткеру мерзімін және ол аяқталғаннан кейін күнтізбелік 60 (алпыс) күнді қамтитын кезеңге төлемдерді кейінге қалдыру шартқа немесе кепіл шартына қосымша келісімдерге қол қоймай, шарт бойынша мерзімді ұлғайту және төлемдер мөлшерін сақтау түрінде жаңа төлемдер кестесін белгілеу арқылы ұсынылады, бұл туралы борышкер-әскери қызметшіге шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес хабарланады.
Төлемдерді кейінге қалдырудан бас тартқан кезде борышкер-әскери қызметші (сенімхат бойынша борышкер-әскери қызметшінің мүддесі үшін әрекет ететін үшінші тұлға) коллекторлық агенттіктің хабарламасын алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтініш жібереді.
Коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшінің төлемдерді кейінге қалдырудан бас тарту туралы өтінішін алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде оны шартта көзделген тәсілмен және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес төлемдерді кейінге қалдыру күшінің жойылғаны туралы хабардар етеді.
Төлемдерді кейінге қалдыру кезеңіне коллекторлық агенттік борышкер-әскери қызметшіні мерзімі өткен берешекті өтеу қажеттілігі туралы хабардар етуді тоқтата тұрады, сондай-ақ атқарушылық іс жүргізуді тоқтата тұруға немесе тоқтатуға немесе заңды күшіне енген сот актісі бойынша атқарушылық құжатты, оның мерзімді әскери қызмет өткеру кезеңіне берешекті өндіріп алу туралы атқарушы жазбаны кері қайтарып алуға бастамашылық етеді.
Борышкер-әскери қызметші мерзімді әскери қызметтен шығарылған кезде коллекторлық агенттік борышкер қызметтен шығарылған күннен бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн өткеннен кейін берешекті өндіруді қайта бастайды, наразылық-талап қою жұмысын қайта бастауға бастамашы болады және бұл туралы борышкерді шартта және (немесе) Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабының 1-тармағына сәйкес көзделген тәсілмен хабардар етеді.";
2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
3 және 4-қосымшалар алып тасталсын.
2. Банктік емес ұйымдарды реттеу департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) Заң департаментімен бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;
3) осы қаулы мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Заң департаментіне осы тармақтың 2) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі Төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Осы қаулының 1-тармағының жиырма алтыншы абзацы 2026 жылғы 1 мамырға дейін қолданылады.
2026 жылғы 1 мамырдан бастап көрсетілген қаулымен бекітілген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидаларының 5-тармағы мынадай редакцияда қолданылады:
"5. Коллекторлық агенттік борышкерлер Коллекторлық қызмет туралы заңның 6-1-бабы 1-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес берешекті реттеу үшін берген өтініштердің және оларды қарау нәтижелерінің есебін Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша берешекті реттеудің қолданылған шараларын және берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін көрсете отырып жүргізеді.".
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту Агенттігінің Төрағасы |
М. Абылкасымова |
Нысан
Қолданылған берешекті реттеу шараларын және берешекті өтеу талаптарын өзгертуден бас тарту себептерін көрсете отырып борышкерлердің берешекті реттеу үшін берген өтініштерін және оларды қарау нәтижелерін есепке алу (есепті жылдың басынан бастап өсу ретімен)
(мың теңге/саны (бірлік)
Қарыз түрі | Келіп түскен өтініштер | Банктік қарыз және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістер енгізілді | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ* | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | |||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы* | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | |
А | 1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 |
Тұтынушылық қарыздар | ||||||||||||
кепілсіз қарыздар | ||||||||||||
кепілмен берілетін қарыздар | ||||||||||||
Ипотекалық тұрғын үй қарыздары | ||||||||||||
Өзге де ипотекалық қарыздар | ||||||||||||
Микрокредиттер | ||||||||||||
кепілсіз микрокредиттер | ||||||||||||
кепілмен берілетін микрокредиттер, оның ішінде | ||||||||||||
ипотекамен қамтамасыз етілгендері |
кестенің жалғасы
оның ішінде мынадай жолмен: | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша төлем мерзімін кейінге қалдыру немесе бөліп төлеу | берешекті өтеу кезектілігін, оның ішінде негізгі борышты басым тәртіппен өтей отырып өзгерту | ||||||||||
барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
кестенің жалғасы
тараптардың келісімінде белгіленген мерзімдерде ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті кепіл берушінің дербес өткізуі | коллекторлық агенттікке кепіл мүлкін беру арқылы банктік міндеттемелерді орындаудың орнына бас тарту төлемін ұсыну | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 | 31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
кестенің жалғасы
оның ішінде мынадай жолмен: | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
міндеттемені сатып алушыға бере отырып, ипотека нысанасы болып табылатын жылжымайтын мүлікті сату | банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарына өзгерістердің өзге түрі (қандай екенін көрсету) | ||||||||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
37 | 38 | 39 | 40 | 41 | 42 | 43 | 44 | 45 | 46 | 47 | 48 |
кестенің жалғасы
оның ішінде мынадай жолмен: | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
банктік қарыздың және (немесе) микрокредиттің мерзімін өзгерту | айыпақыны (айыппұл, өсімпұл) азайту жағына қарай өзгерту немесе толығымен жою | ||||||||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
49 | 50 | 51 | 52 | 53 | 54 | 55 | 56 | 57 | 58 | 59 | 60 |
кестенің жалғасы
оның ішінде мынадай жолмен: | |||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
банктік қарызға қызмет көрсетумен байланысты комиссиялар мен өзге де төлемдерді өзгерту немесе толығымен күшін жою | негізгі борыш және (немесе) сыйақы бойынша берешекті толығымен не ішінара кешіру | ||||||||||
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
61 | 62 | 63 | 64 | 65 | 66 | 67 | 68 | 69 | 70 | 71 | 72 |
кестенің жалғасы
Банктік қарыз шартының және (немесе) микрокредит беру туралы шарттың талаптарын өзгертуден бас тартылды | Қарыз алушының берілген өтініштен бас тартуы, қаржылық жағдайдың нашарлауын растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартуы, борышкер банктік қарыз шартына және (немесе) микрокредит беру туралы шартқа ұсынылған өзгерістерге қол қоймаған, коллекторлық агенттік өз ұсыныстарын жолдаған немесе борышкерден құжаттарды сұратқан. | ||||||||||
---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|---|
Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | Барлығы | оның ішінде ХӘОТ | ||||||||
қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы | қарыз алушылардың саны | шарттардың саны | борыш сомасы |
73 | 74 | 75 | 76 | 77 | 78 | 79 | 80 | 81 | 82 | 83 | 84 |
* ХӘОТ – "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 68-бабына сәйкес халықтың әлеуметтік осал топтары және атаулы әлеуметтік көмек алатын тұлғалар
** мыналар бойынша: негізгі борыш, сыйақы, мерзімі өткен негізгі борыш, мерзімі өткен сыйақы, айыпақы (айыппұл, өсімпұл), комиссиялар және өзге де төлемдер.