"Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. 2024 жылғы 29 тамыздағы № 425 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 3 қыркүйекте № 35028 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 126 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:"

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеде:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Диссертациялық кеңес туралы үлгі ереже (бұдан әрі – Үлгі ереже) "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 30) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің (бұдан әрі – Министрлік туралы ереже) 15-тармағының 118) тармақшасына сәйкес әзірленді.";

      6, 6-1, 7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарында құрылған диссертациялық кеңестерде мүшелерінің кемінде 1/3-ін (үштен бірін) басқа ЖЖОКБҰ-ның, ғылыми және басқа да ұйымдардың өкілдері құрайды, қалғандары штаттық қызметкерлер болып табылады. Докторлық зерттеу тақырыбына байланысты докторанттың қорғау кезеңіне диссертациялық кеңестің уақытша мүшелерін тағайындауға рұқсат беріледі.

      6-1. Әріптес ЖЖОКБҰ мен ғылыми ұйым арасында ғылыми кадрлар даярлау жөніндегі консорциумдық келісім болған кезде диссертациялық кеңестің тұрақты мүшелерінің кемінде үштен бірі ғылыми ұйымнан тағайындалады. Мұндай жағдайда диссертациялық кеңестің отырыстары әріптес ЖЖОКБҰ немесе ғылыми ұйым базасында келісім бойынша өткізіледі.

      7. Диссертациялық кеңестің құрамына:

      1) диссертациялық кеңес құрылған ЖЖОКБҰ-ның ректоры;

      2) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің қызметкерлері;

      3) соңғы 5 (бес) жылда диссертацияның мазмұны бойынша Комитеттің теріс шешімін алған диссертациялар бойынша ғылыми консультанттар, жетекшілер болған мамандар кірмейді.

      8. ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестердің құрамында кеңес мүшелерінің бірі шетелдік ғалым (ӘАОО-ны қоспағанда) болып табылады. Диссертациялық кеңес мүшелерінің жарияланымдарына қойылатын талаптарды ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ дербес белгілейді.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Диссертациялық кеңестің тұрақты құрамы және ондағы өзгерістер, сондай-ақ кеңестің төрағасы, төраға орынбасары және ғалым хатшысы ЖЖОКБҰ-ның Ғылыми кеңесінің шешімі негізінде ректордың бұйрығымен бекітіледі.";

      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "12. ЖЖОКБҰ:

      1) диссертациялық кеңестің отырыстарын және диссертацияларды ашық түрде қорғауды өткізу үшін қажетті жағдайлармен, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды, бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалану арқылы;

      2) диссертациялардың мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінде, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша тексерілуін қамтамасыз етеді. ӘАОО-лар Плагиатқа тексеру жөніндегі комиссияның болуын қамтамасыз етеді;

      3) диссертациялық кеңестің қызметіне байланысты шығыстарды, оның ішінде диссертациялық кеңес мүшелерінің іссапар шығыстарын төлеуді қамтамасыз етеді.";

      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. Осы Үлгі ережеге сәйкес ЖЖОКБҰ-лар ЖЖОКБҰ-ның диссертациялық кеңесі туралы ережені әзірлейді және бекітеді.";

      23, 24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Диссертациялық кеңес ЖЖОКБҰ интернет-ресурсында докторанттардың қорғауы және кеңес қызметі туралы мынадай материалдарды (мемлекеттік құпияларды немесе қызметтік пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа) орналастырады:

      1) докторант, диссертациялық кеңестің уақытша мүшелері және ресми рецензенттер туралы ақпаратты, диссертацияны ұсыну нысанын, мекенжайын, күні мен уақытын (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын, тұрақты негізде қолжетімді болады) көрсете отырып, алдағы қорғау туралы хабарлама;

      2) диссертация (қорғаудың белгіленген күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), сондай-ақ оның диссертациялық кеңестің ескертулері бойынша титул парағында тиісті белгілері бар пысықталған барлық нұсқалары (тұрақты негізде қолжетімді);

      3) қазақ, орыс, ағылшын тілдеріндегі аннотация (белгіленген қорғау күніне дейін 1 (бір) ай бұрын), аннотация көлемін ЖЖОКБҰ өз бетінше анықтайды;

      4) докторант жарияланымдарының тізімі (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

      5) ғылыми консультанттардың қорғаудан кейін 5 (бес) ай ішінде қолжетімді болатын пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 1 (бір) ай бұрын);

      6) ресми рецензенттердің пікірлері (белгіленген қорғау күнінен 5 (бес) жұмыс күні бұрын);

      7) қорғаудың толық көлемдегі бейнежазбасы, монтажға жол берілмейді (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін 5 (бес) ай бойы қолжетімді);

      8) диссертациялық кеңестің диссертациялық жұмысты пысықтауға, қайта қорғауға жіберу туралы немесе философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы қорытындысы (қорғаудан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және қорғаудан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

      9) апелляциялық комиссияның шешімі (болған жағдайда, шешім қабылдағаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады және шешім қабылдағаннан кейін кемінде 5 (ай) ішінде қолжетімді);

      10) осы Үлгі ережеге 2-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп (күнтізбелік жыл аяқталғаннан кейін 15 (он бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады);

      11) осы Үлгі ережеге 3-қосымшаға сәйкес диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөніндегі шешімдері туралы тоқсандық есеп (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестер үшін). Тоқсандық есеп тоқсан аяқталғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күн ішінде орналастырылады және диссертациялық кеңестің қызметі мерзімінде қолжетімді;

      12) философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы дипломды беруді ұйымдастыру жөніндегі мәліметтер (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестер үшін);

      13) қорғаулар өткізу күнінің, уақытының, орнының өзгеруі және ресми рецензенттердің ауысуы туралы хабарландыру (болған жағдайда);

      14) диссертациялық кеңестің құрамы туралы ақпарат және диссертациялық кеңес қызметінің тәртібі;

      15) қолданыс мерзімдерін көрсете отырып, мәтінді пайдалануды анықтаудың лицензиялық жүйелерінің, оның ішінде халықаралық деректер базалары бойынша лицензиялық жүйелерінің бар болуы туралы ақпарат;

      16) докторант оқыған ЖЖОКБҰ-ның жанындағы Әдеп комиссиясының зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғауды қоса алғанда, ғылыми зерттеу нәтижелерін жоспарлау, бағалау, іріктеу, жүргізу және тарату процесіндегі бұзушылықтардың болмауы туралы қорытындысы (осы Үлгі ережеге 4-қосымшаға сәйкес);

      17) диссертациялық кеңестің бейнеконференция нысанындағы online (онлайн) отырысын өткізуді ұйымдастыру жөніндегі ақпарат.

      24. Диссертациялық жұмыс ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылғаннан және (немесе) диссертация қабылдағаннан кейін (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдары бар диссертациялар қорғалған жағдайда) оған өзгерістер енгізуге жол берілмейді. Диссертациялық жұмыс пысықталған жағдайда оның соңғы нұсқасы философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін беру туралы шешім қабылданғаннан кейін ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында "Диссертациялық жұмыстың соңғы нұсқасы" деген белгімен орналастырылады.

      ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында диссертация мазмұны бойынша бейресми пікірлерді орналастыру мүмкіндігі қамтамасыз етіледі, кейін олар қорғауда ұсынылады. Авторын белгiлеу мүмкiн емес және автордың электрондық поштасы көрсетілмеген бейресми пікірлер қорғауда ұсынылмайды.

      25. Алдағы қорғау туралы хабарламаны диссертациялық кеңес қорғауға қабылдау күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде Комитетке жолдайды.

      Ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңестердегі қорғаулар бойынша хабарламалар Комитеттің интернет-ресурсында түскен күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде орналастырылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын материалдар мен диссертациялардан басқа).";

      27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "27. Диссертацияның қағаз және (немесе) электронды тасымалдағыштағы данасы ЖЖОКБҰ-ның кітапханасына беріледі. Қорғағаннан кейін 7 (жеті) жұмыс күні ішінде диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы диссертацияның электронды тасымалдағыштағы даналарын Қазақстан Республикасының Ұлттық академиялық кітапханасына және Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына береді (мемлекеттік құпияларды және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа).";

      29 және 30-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. ҰМҒТСО анықтамасында, ресми рецензенттердің пікірлерінде және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсындағы бейресми пікірлерде көрсетілген плагиат фактілері болған кезде Диссертациялық кеңес комиссиясы диссертацияны плагиатқа тексереді. Тексеру нәтижелері туралы қорытынды диссертациялық кеңеске диссертация қорғауға дейін 8 (сегіз) жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.

      30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "30. Диссертациялық кеңес Диссертациялық кеңес комиссиясының қорытындысы негізінде (қорғауға дейін кемінде 7 (жеті) жұмыс күнінен кешіктірілмей) докторантты қорғауға жіберу туралы шешім қабылдайды немесе диссертацияны қорғаудан алып тастайды. Диссертациялық кеңес қабылданған шешім туралы докторантқа 2 (екі) жұмыс күні ішінде хабарлайды, сондай-ақ тиісті ақпарат ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында орналастырылады (мемлекеттік құпиялары бар және қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертацияларды қорғау жағдайынан басқа).

      Докторанттың диссертациясын қорғауға дейін 7 (жеті) күннен кешіктірмей қорғаудан алып тастауға мүмкіндігі бар.";

      33-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "33. Диссертациялық кеңес келесі шешімдердің біреуін қабылдау үшін жасырын дауыс беруді жүргізеді:

      1) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру (ерекше мәртебесі бар ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда) немесе Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасау (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда);

      2) диссертацияны пысықтауға жіберу (диссертация диссертациялық жұмыс нысанында қорғалған жағдайда ғана);

      3) диссертацияны қайта қорғауға жіберу;

      4) философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін беруден не Комитет алдында философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беру үшін Комитетке ұсыныс жасаудан бас тарту (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы диссертациялық кеңесте қорғалған жағдайда).

      Диссертациялық жұмыс егер оны түзету жұмыстың мәнін өзгертпей, мәтін бойынша елеусіз ескертулер болған жағдайда пысықтауға ұсынылады. Егер диссертация Қағидалардың 4 және (немесе) 6-тармағына сәйкес келмесе және (немесе) Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген қағидаттарға (академиялық адалдық қағидатын қоспағанда) ішінара сәйкес келсе, онда ол қайта қорғауға жіберіледі. Академиялық адалдық қағидаты бұзылған немесе ғылыми жаңалық, ішкі бірлік, дәйектілік қағидаттарына сәйкес келмеген жағдайда диссертация философия докторы (PhD) немесе бейіні бойынша доктор дәрежесін беруден бас тарту туралы шешім қабылданады.";

      37, 38, 39 және 40-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "37. Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы (ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ-ның жанындағы) диссертациялық кеңесте докторлық диссертация қорғалғаннан кейін докторанттың аттестациялық ісін жинақтайды, ол Комитетке күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде жіберіледі. Докторанттың аттестаттау ісінде мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) диссертацияның ҰМҒТСО-ға жіберілген күні көрсетіле отырып, диссертациялық кеңес төрағасының қол қоюымен диссертациялық кеңес құрылған ЖЖОКБҰ бланкісіндегі ілеспе қолдаухаты (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертациялардан басқа);

      2) электронды тасымалдағыштағы диссертация. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалануға арналған мәліметтерді қамтитын диссертация да қағаз тасымалдағышта беріледі;

      3) диссертация тақырыбы бойынша ғылыми жарияланымдар тізімі мен көшірмелері;

      4) жеке басты куәландыратын құжаттың көшірмесі;

      5) ҰМҒТСО-ның диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы. Мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын диссертация бойынша Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының прокуратура органдарына және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне ведомстволық бағынысты әскери, арнайы оқу орындарындағы және (немесе) ғылыми ұйымдардағы комиссияның диссертацияны плагиатқа тексергені туралы анықтамасы ұсынылады;

      6) осы Үлгі ережеге 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша диссертациялық кеңес мүшелерінің келу парағы;

      7) диссертацияны қорғау жөніндегі және пысықталған диссертациялық жұмысты талқылау бойынша (қажет болғанда) диссертациялық кеңес отырысының толық көлемдегі бейнежазбасы және төраға мен ғалым хатшы қол қойған хаттамасы;

      8) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергені туралы транскриптің көшірмесі;

      9) осы Үлгі ережеге 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша докторант туралы мәлімет.

      1), 3), 4), 5), 6), 8) және 9) тармақшаларда көрсетілген құжаттар Комитетке "пдф (pdf)" файлы форматында сканерленген түрде ұсынылады (мемлекеттік құпияларды немесе қызмет бабында пайдалану үшін мәліметтерді қамтитын аттестаттау істерінен басқа).

      38. Комитеттің немесе диссертациялық кеңестің теріс шешімі қабылданған диссертация қайта қорғауға осы Үлгі ереженің 3-тарауында белгіленген тәртіппен ұсынылады.

      Диссертация қайта қорғауға ұсынылған кезде диссертациялық кеңес диссертацияда бұдан бұрын орын алған бұзушылықтардың жойылуы туралы қорытынды жасау үшін диссертациялық кеңес мүшелерінен 3 (үш) адамды тағайындайды. Қорытынды ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсында диссертацияны қорғауға дейін кемінде 10 (он) жұмыс күні бұрын орналастырылады және оны қорғауда есепке алынады.";

      39. Диссертациялық кеңестің теріс шешіміне апелляцияны докторант диссертация қорғалған ЖЖОКБҰ шешім шығарған күннен бастап 2 (екі) ай ішінде ерікті нысанда береді.

      Апелляцияны өткізу тәртібін ЖЖОКБҰ өз бетінше бекітеді.

      40. Апелляция ерекше мәртебесі жоқ ЖЖОКБҰ жанындағы диссертациялық кеңестің шешіміне берілген жағдайда, апелляциялық комиссияның оң қорытындысы және диссертация соңғы шешім қабылдау үшін күнтізбелік 15 (он бес) күннің ішінде Комитетке жіберіледі.";

      Апелляциялық комиссияның шешімі оны қабылдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде докторантқа хабарланады және ЖЖОКБҰ-ның интернет-ресурсына орналастырылады.".

      Диссертациялық кеңес туралы үлгі ережеге 2, 3 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2 және 3-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ғылым және жоғары білім
министрдің міндетін атқарушы
Т. Ешенкулов

  2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 425 бұйрығына
1-қосымша
  Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
2-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңестің жұмысы туралы есеп

      _________________________________________________________ жанындағы

      (жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымының атауы

      (бұдан әрі – ЖЖОКБҰ)

      _______________________ кадрларды даярлау бағыты бойынша диссертациялық кеңес.

      Есеп мынадай мәліметтерді қамтиды:

      1. Өткізілген отырыстар саны туралы деректер.

      2. Отырыстардың жартысынан азына қатысқан диссертациялық кеңес мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса).

      3. ЖЖОКБҰ көрсетілген докторанттар тізімі.

      4. Мынадай бөлімдерді қамти отырып, есепті жылдың ішінде кеңесте қаралған диссертацияларға қысқаша талдау:

      1) қаралған жұмыстардың тақырыптарын талдау;

      2) диссертация тақырыбының "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссия айқындаған ғылымды дамытудың басым бағыттарымен және (немесе) мемлекеттік бағдарламалармен байланысы;

      3) диссертациялар нәтижелерінің практикалық қызметке ену деңгейін талдау.

      5. Ресми рецензенттердің жұмысын талдау (мейлінше сапасыз пікірлерді мысалға ала отырып).

      6. Ғылыми кадрларды даярлау жүйесін одан әрі жетілдіру жөніндегі ұсыныстар.

      7. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесін алуға арналған диссертациялардың кадрларды даярлау бағыты бөлінісіндегі саны:

      1) қорғауға қабылданған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      2) қараудан алып тасталған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      3) ресми рецензенттердің теріс пікірін алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      4) қорғау нәтижелері бойынша теріс шешім алған диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      5) пысықтауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының);

      6) қайта қорғауға жіберілген диссертациялар (оның ішінде басқа ЖЖОКБҰ докторанттарының).

      Диссертациялық кеңестің төрағасы _________________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Диссертациялық кеңестің ғалым хатшысы ___________________________

      ________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Мөр, күні 20___ жылғы "____" ___________.

  2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 425 бұйрығына
2-қосымша
  Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
3-қосымша
  Нысан

Диссертациялық кеңестердің философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру (беруден бас тарту) жөнінде қабылдаған шешімдері туралы тоқсандық есеп

Докторанттың Т.А.Ә. (болған жағдайда))

Туған жылы

Докторантурада оқыған кезеңі

Докторант оқыған ЖЖОКБҰ

Диссертация тақырыбы

Ғылыми кеңесшілері (Т.А.Ә. (болған жағдайда, дәрежесі, жұмыс орны)

Ресми рецензенттер (Т.А.Ә. (болған жағдайда), дәрежесі, жұмыс орны)

Қорғау күні

Диссертациялық кеңес және апелляциялық комиссия (болған жағдайда) қабылдаған шешім

Диплом №

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

Мамандық (кадрларды даярлау бағыты) бойынша диссертациялық кеңес












  2024 жылғы 29 тамыздағы
№ 425 бұйрығына
3-қосымша
  Диссертациялық кеңес
туралы үлгі ережеге
4-қосымша
  Нысан

      Әдеп комиссиясының қорытындысы ______________________________

      ___________________________________________________________________

      ЖЖОКБҰ-ның атауы

1.

Докторанттың Т.А.Ә.


2.

Докторантура мамандығы (білім беру бағдарламасы)


3.

Докторантурада оқу кезеңі


4.

Диссертация тақырыбы, бекіту мерзімі


5.

Ғылыми кеңесшілер туралы деректер – Т.А.Ә. (болған жағдайда), жұмыс орны және лауазымы, ғылыми дәрежелері, азаматтығы


6.

Зерттеу объектілері


7.

Ғылыми зерттеулерді жоспарлау, бағалау, іріктеу және жүргізу процесіндегі бұзушылықтар

Бұзушылықтар анықталды немесе анықталмады. Анықталған жағдайда оларды көрсету қажет

8.

Ғылыми зерттеу нәтижелерін тарату процесіндегі бұзушылықтар

Бұзушылықтар анықталды немесе анықталмады. Анықталған жағдайда оларды көрсету қажет

9.

Зерттеу объектілерінің (жанды табиғат пен тіршілік ортасының объектілері болғанда) құқықтарын, қауіпсіздігі мен саулығын қорғау қалай жүргізілді?


      Әдеп комиссиясының төрағасы __________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

      Әдеп комиссиясының хатшысы __________________________________

      ___________________________________________________________________

      (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады