Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 желтоқсандағы № 809 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 10 желтоқсанда № 35459 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 3 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі (бұдан әрі – Тізбе) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік сатып алу және квазимемлекеттік сектордың сатып алуы заңнамасы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық 2024 жылғы 15 желтоқсанда қолданысқа енгізілетін және 2025 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылатын Тізбенің 1-тармағын қоспағанда, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
М. Такиев

  Қазақстан Реcпубликасының
Қаржы министрі
2024 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 809 бұйрығымен
бекітілген
Қазақстан Реcпубликасы
Қаржы министрінің
2024 жылғы ____
№ ______

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі

      1. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12590 болып тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгертулер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері бюджет қаражаты есебінен қаржыландыратын объектілер бойынша соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылғы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды электрондық депозитарийге енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін мынадай талаптарды ескере отырып қарайды:

      1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың анықтығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады;

      2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Расталды" мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде және (немесе) осы Қағидалардың 92-тармағының 1) тармақшасына сәйкес айқындалады;

      3) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 253-тармағының талаптарына сәйкестігі.";

      мынадай мазмұндағы 91-1-тармақпен толықтырылсын:

      "91-1. Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша ағымдағы жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар расталады:

      тапсырыс берушімен (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры);

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органмен.

      Растау электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған өнім берушілердің өтініштері негізінде жоғарыда көрсетілген органдармен және тұлғалармен жүзеге асырылады;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 253-тармағының талаптарына сәйкестігі.";

      93-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "93-1. Соңғы бес жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы осы Қағидалардың 280-тармағының екінші бөлігінде көзделген құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың 91, 91-1, және 92-тармақтарында көзделген тәртіппен расталады.";

      253-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "253. Құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын құжат:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;

      3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі-Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      5) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Бұл ретте, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Электрондық депозитарийде "Расталды" мәртебесімен жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді, олар қаржыландыру нысанына байланысты 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

      Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде электрондық депозитарийге енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 96-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесі "Расталды" мәртебесінен "Белсенді емес" мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.";

      280-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "280. Сатып алынатын қызметтер нарығында жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар көрсетілген қызметтер актілерінің және шот-фактуралардың электрондық көшірмелері болып табылады.

      Құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжатты енгізеді.

      Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Электрондық депозитарийде "Расталды" мәртебесімен жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде енгізеді, олар 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

      Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды электрондық депозитарийге 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 96-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесі "Белсенді емес" мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.".

      2. "Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 26 қыркүйектегі № 646 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35143 болып тіркелген) мынадай өзгерістер және толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алу саласында тізілімдерді қалыптастырудың және жүргізудің қағидаларында:

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын жобалар бойынша ағымдағы жылды қоса алғанда, соңғы 10 (он) жыл ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмыс өтілін растайтын мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізу туралы әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келесі талаптар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің бас мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы қазынашылық органдарының деректері негізінде айқындалады. Бұл ретте, қазынашылық ақпараттық жүйесінде мәліметтер мен құжаттар болмаған жағдайда мұндай мәліметтер осы Қағидалардың 45-тармағында көзделген талаптарға сәйкес қаралады;

      2) әлеуетті өнім берушінің қосалқы мердігер ретіндегі жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы "Расталған" мәртебесі бар бас мердігер ретінде жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар негізінде және (немесе) осы Қағидалардың 45-тармағына сәйкес айқындалады;

      3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының дұрыстығы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталы арқылы расталады;

      4) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігі.";

      мынадай мазмұндағы 44-1-тармақпен толықтырылсын:

      "44-1. Әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесі тізіліміне соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдері тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша мынадай шарттар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттар расталады:

      тапсырыс берушімен (қайта ұйымдастырылған жағдайда – тапсырыс берушінің құқықтық мирасқоры);

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын органмен.

      Растау электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған өнім берушілердің өтініштері негізінде жоғарыда көрсетілген органдармен және тұлғалармен жүзеге асырылады;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағының талаптарына сәйкестігі.";

      45, 46, 47, 48 және 49-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын объектілер бойынша ағымдағы жылды қоса алғанда, соңғы 10 (он) жыл ішінде құрылыс-монтаждау жұмыстарында жұмыс өтілін растайтын мәліметтер мен құжаттарды Жұмыс тәжірибесі тізіліміне енгізуге әлеуетті өнім берушілердің өтінімдері келесі талаптар ескеріле отырып қаралады:

      1) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды:

      мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын орган және (немесе) сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияларды жүзеге асырушы орган. Растау электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, веб-портал арқылы ұсынылған өнім берушілердің өтініштері негізінде жоғарыда көрсетілген органдармен және тұлғалармен жүзеге асырылады;

      жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң қорытындысы бөлігінде жобаларға ведомстводан тыс кешенді сараптаманың бірыңғай порталы арқылы;

      2) әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың осы Қағидалардың 46-тармағына сәйкес талаптарға сәйкестігі.

      46. Құрылыс-монтаждау жұмыстары бойынша жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заң) 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 23-17) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша орындалған жұмыстар актісінің электрондық көшірмесі;

      3) Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-1) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша сәйкестік туралы декларацияның электрондық көшірмесі;

      4) "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Рұқсаттар және хабарламалар туралы заң) 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      5) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Бұл ретте, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарының жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2), 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Электрондық депозитарийде "Расталды" мәртебесімен жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді, олар қаржыландыру нысанына байланысты 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

      Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 3), 4) және 5) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде электрондық депозитарийге енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 53-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесі "Расталды" мәртебесінен "Белсенді емес" мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.

      47. Әлеуетті өнім берушінің жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама әзірлеу бойынша соңғы 10 (он) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығы құрылыс жобасы бойынша ведомстводан тыс кешенді сараптаманың оң сараптамалық қорытындыларымен расталады.

      Жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының шынайылығы жобалардың ведомстводан тыс кешенді сараптамасының бірыңғай порталы арқылы расталады.

      48. Әлеуетті өнім берушінің құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер бойынша соңғы 5 (бес) жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың шынайылығы осы Қағидалардың 49-тармағында көзделген құжаттармен, сондай-ақ осы Қағидалардың 44, 44-1 және 45-тармақтарында көзделген тәртіппен расталады.

      49. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау бойынша инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттар:

      1) ағымдағы, орташа жөндеу объектілерін, сондай-ақ меншік иесі өз бетінше пайдалануға қабылдайтын объектілерді қоспағанда, Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңның 20-бабының 22-2) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс объектісін пайдалануға қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

      2) Рұқсаттар және хабарламалар туралы заңның 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес бекітілген нысан бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарының басталғаны туралы хабарламаны қабылдау туралы талонның электрондық көшірмесі;

      3) жобаның ведомстводан тыс кешенді сараптамасының оң қорытындысының электрондық көшірмесі болып табылады.

      Бұл ретте бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын, сондай-ақ тапсырыс берушілер квазимемлекеттік сектор субъектілері болып табылатын объектілер бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген құжатты енгізеді.

      Бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын құрылыс-монтаждау жұмыстарын техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтердің жұмыс тәжірибесін растайтын әлеуетті өнім берушілер осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды енгізеді.

      Электрондық депозитарийде "Расталды" мәртебесімен жұмыс тәжірибесі бар әлеуетті өнім беруші бюджеттен тыс қаражат есебінен қаржыландырылатын осы тармақтың екінші бөлігінің 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде енгізеді, олар 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мемлекеттік сатып алуларда қолданылады.

      Әлеуетті өнім беруші осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген құжаттарды электрондық депозитарийге 2025 жылғы 28 ақпанды қоса алғанға дейінгі мерзімде енгізбеген не уәкілетті органның ведомствосы осы Қағидалардың 53-тармағының 2) тармақшасында көзделген шешімді қабылдаған жағдайда, әлеуетті өнім берушінің "Расталды" мәртебесі бар электрондық депозитарийдегі жұмыс тәжірибесі "Белсенді емес" мәртебесіне ауысады және әлеуетті өнім берушінің конкурстық баға ұсынысына әсер ететін өлшемшарттарды есептеу кезінде ескерілмейді.".

      3. "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35238 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында:

      3-тармақтың 20) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "20) электрондық сауда алаңы – уәкілетті органмен келісім бойынша бірыңғай оператор айқындайтын талаптарға сәйкес келетін, сатып алуға қатысушыларға электрондық дүкен арқылы веб-порталдың қызметтеріне қолжеткізуді ұсынатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйе;";

      29-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "29. Тапсырыс беруші, ұйымдастырушы, бірыңғай ұйымдастырушы не бірыңғай оператор Заңның 6-бабының 10-тармағында көрсетілген шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде әлеуетті өнім берушілердің енгізілген өтінімдерін қамтамасыз етуді қайтарады.";

      73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "73. Тауарларды мемлекеттік сатып алуға қатысатын әлеуетті өнім берушілерге материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы қойылмайды.

      Жекелеген тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігіндегі біліктілік талабы Заңның 12-бабының 8-тармағына сәйкес әзірленетін және бекітілетін үлгілік конкурстық құжаттамада (аукциондық құжаттамада) көзделеді.";

      91-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "91. Әлеуетті өнім берушінің автомобиль жолдарын орташа жөндеуді техникалық қадағалау жөніндегі инжинирингтік қызметтер көрсетуге арналған конкурсқа қатысуға өтінімнің бағасы, егер ол бекітілген мемлекеттік нормативтерге сәйкес есептелген бағадан он пайыздан артық төмен болған жағдайда, демпингтік болып танылады.";

      99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "99. Электрондық дүкенде орналастырылған тауарға әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы, егер ол көрсетілген тауарға ақпарат орналастырған әлеуетті өнім берушілердің барлық баға ұсыныстарының орташа арифметикалық бағасынан отыз пайыздан астам төмен болса, демпингтік деп танылады.

      Орташа арифметикалық баға Заңның 7-бабына сәйкес шектеуі жоқ және мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарында көзделген бағадан аспайтын әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары арасында есептеледі.

      Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес мұндай баға ұсынысын электрондық дүкен автоматты түрде қабылдамауға тиіс.";

      110-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "110. Бірыңғай оператор тапсырыс берушіден өтініш келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде, егер әлеуетті өнім беруші шарт жасасудан жалтарса немесе шарт жасаса, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес соманы қамтамасыз етуді енгізбесе, веб-портал арқылы әлеуетті өнім берушінің электрондық әмиянынан конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімді қамтамасыз ету жөніндегі бұғатталған ақшаны тапсырыс берушінің өтінішінде көрсетілген шотқа аударуды жүзеге асырады.";

      112-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "112. Бірыңғай оператор үш жұмыс күні ішінде әлеуетті өнім берушіге конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімді бұғатталған қамтамасыз етуді автоматты түрде мынадай жағдайларда ашады:

      1) конкурсқа, аукционға, баға ұсыныстарын сұратуға қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы мерзімі өткенге дейін осы әлеуетті өнім берушінің өзінің конкурсқа, аукционға қатысуға өтінімін кері қайтарып алуы;

      2) Заңның 25-бабында көзделген шағымдану мерзімдерін ескере отырып, конкурс, аукцион, баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамаға қол қою. Көрсетілген жағдай конкурсқа, аукционға қатысушыға, конкурс жеңімпазы айқындаған баға ұсыныстарын сұратуға, баға ұсыныстарын сұратуға қолданылмайды;

      3) әлеуетті өнім берушінің шартқа қол қоюы және ол шарттың орындалуын қамтамасыз етуді, авансты қамтамасыз етуді (егер шартта аванс көзделген жағдайда) және (немесе) Заңның 13-бабының 2-тармағына сәйкес соманы енгізуі (болған жағдайда).";

      мынадай мазмұндағы 193-1-тармақпен толықтырылсын:

      "193-1. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, заңды тұлғалар болып табылатын конкурсқа қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс.

      Заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) мемлекетке тиесілігі құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаты бойынша не қатысушы/акционер ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, акциялардың мемлекеттік пакеттерін және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін иелену және пайдалану құқықтары берілген орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган көрсетілетін акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме бойынша айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 374-1-тармақпен толықтырылсын:

      "374-1. Дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, заңды тұлғалар болып табылатын аукционға қатысуға әлеуетті өнім берушілердің өтінімдерін жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын әлеуетті өнім берушілерден кемінде екі өтінім болған жағдайда веб-портал автоматты түрде қабылдамауға тиіс.

      Заңды тұлға акцияларының (қатысу үлестерінің) мемлекетке тиесілігі құрылтайшы немесе құрылтайшылардың құрамы туралы мәліметтерді қамтитын құрылтай құжаты бойынша не қатысушы/акционер ретінде Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті, акциялардың мемлекеттік пакеттерін және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестерін иелену және пайдалану құқықтары берілген орталық мемлекеттік орган немесе жергілікті атқарушы орган көрсетілетін акцияларды ұстаушылар тізілімінен үзінді көшірме бойынша айқындалады.";

      мынадай мазмұндағы 432-1-тармақпен толықтырылсын:

      "432-1 Бірыңғай оператор электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін электрондық сауда алаңдары мен олардың әлеуетті өнім берушілерінің тізімін қалыптастырады. Әлеуетті өнім берушінің тауарға баға ұсынысын тек бір электрондық сауда алаңынан беруіне жол беріледі.";

      433-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "433. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу мынадай ретпен жүзеге асырылады:

      1) тапсырыс беруші электрондық сауда алаңында тапсырыс берушінің талаптарына сәйкес келетін тауарлардың бір немесе одан да көп моделін таңдайды және осындай тауарларды сатып алуға тапсырыс рәсімдейді. Рәсімделген тапсырысқа тапсырыс берушінің электрондық-цифрлық қолтаңбасы қойылады;

      2) электрондық сауда алаңы тапсырысты электронды дүкенге жібереді;

      3) электрондық дүкен ағымдағы баға ұсыныстарын ұсыну үшін барлық электрондық сауда алаңдарына тапсырыс туралы хабарлайды;

      4) электрондық сауда алаңдары электрондық дүкен хабарлама жіберген сәттен бастап он бес минут ішінде тапсырыс беруші таңдаған тауар үлгілері бойынша өнім берушілер және олардың өзекті бағалары туралы ақпаратты қалыптастырады және оларды электрондық дүкенге жібереді;

      5) электрондық дүкен осы Қағидаларға 26-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар туралы алдын ала хаттамасын қалыптастырады.

      Қорытындылардың алдын ала хаттамасын қалыптастырғаннан кейін электрондық сауда алаңдарының тапсырыс бойынша ақпарат беруіне жол берілмейді;

      6) электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тапсырысты тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге электрондық сауда алаңы арқылы жібереді;

      7) тапсырыс алған әлеуетті өнім беруші электрондық сауда арқылы электрондық дүкенге жолданатын тапсырысты растау немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды;

      8) әлеуетті өнім беруші тапсырысты растаған жағдайда электрондық дүкен осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар хаттамасын қалыптастырады, ол веб-порталда жарияланады;

      9) жеңімпаз шарт жасасады.";

      435-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "435. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарын автоматты түрде салыстырады және тауардың бағасы межелі жерге дейін жеткізу құнын ескере отырып, тауардың бағасы ең төмен болып табылатын әлеуетті өнім берушіге тапсырысты жібереді.";

      мынадай мазмұндағы 435-1, 435-2 және 435-3-тармақтарпен толықтырылсын:

      "435-1. Егер тауарға тапсырысты рәсімдеу кезінде сауда алаңдары осы Қағидалардың 442-тармағының шарттарына сәйкес келетін екіден аз баға ұсынысын ұсынған жағдайда, тапсырыс беруші қажет болған жағдайда жұмыс күндері 24 (жиырма төрт) сағат өткеннен кейін тапсырысты рәсімдеу күнін көрсете отырып, осындай тауарға баға ұсыныстарын беру үшін алдын ала тапсырысты жариялайды.

      Бұл ретте, егер көрсетілген уақытта осы Қағидалардың 442-тармағының талаптарын ескере отырып, екіден астам баға ұсынысы жиналса, электрондық дүкен тапсырысты автоматты түрде қалыптастырады, өзге жағдайда сатып алу өтпеді деп танылады.

      Электрондық сауда алаңдары арқылы әлеуетті өнім берушілер тапсырысқа қатысу үшін осындай тауарға баға ұсыныстарын орналастыра алады.

      435-2. Электрондық дүкен әлеуетті өнім берушілердің барлық расталған және расталмаған тапсырыстар есебін жүргізеді.

      Егер, әлеуетті өнім берушінің тапсырыстарды растамау пайызы соңғы айда сексен пайыздан асқан кезде, бестен астам тапсырыс алған жағдайда, әлеуетті өнім беруші сауда алаңдарының өнім берушілерінің тізімінен он бес күнтізбелік күнге шығарылады.

      435-3. Тауар өндіруші және оның ресми өкілдері (дилерлер немесе дистрибьюторлар) туралы ақпарат электрондық сауда алаңында көрсетіледі және электрондық дүкенге беріледі.

      Тауар өндіруші мен оның ресми өкілдері (дилерлер немесе дистрибьюторлар) арасындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес реттеледі.";

      439-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "439. Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу нәтижелері бойынша:

      1) тапсырыс беруші осы Қағидалармен айқындалған тәртіпте және мерзімдерде веб-портал шарт жасасады.

      Бұл ретте шартқа қосымша болып табылатын техникалық ерекшелік тауарлардың электрондық каталогында орналастырылған фотосуреттерді қоса алғанда, тауардың барлық техникалық сипаттамалары негізінде қалыптастырылады;

      2) осы Қағидаларға 26-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытындылар туралы хаттамасы автоматты түрде қалыптастырылады.";

      441, 442 және 443-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "441. Егер ең төмен баға ұсынысын бірнеше әлеуетті өнім беруші ұсынған жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық дүкенге берілген әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      Егер әлеуетті өнім берушілердің ең төмен баға ұсыныстары бір мезгілде электрондық дүкенге берілген жағдайда, баға ұсынысы басқа әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстарынан бұрын электрондық сауда алаңында орналастырылған әлеуетті өнім беруші жеңімпаз болып танылады.

      442. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы келесі жағдайларда электрондық дүкенде автоматты түрде қабылданбауға жатады:

      1) егер тауардың құны осы тауарларды сатып алуға бөлінген сомадан асып кеткен;

      2) Заңның 7-бабының 1-тармағы 3), 4), 5), 6) және 8) тармақшаларында көзделген;

      3) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы осы Қағидалардың 99-тармағына сәйкес демпингтік баға деп танылған;

      4) әлеуетті өнім берушінің баға ұсынысы бірнеше рет және (немесе) әртүрлі электрондық сауда алаңдарынан берілген.

      Өзге негіздер бойынша баға ұсыныстарын қабылдамауға жол берілмейді.

      443. Тапсырыс белгіленген мерзім ішінде бас тартылған немесе расталмаған жағдайда тапсырыс тауардың бағасы межелі пунктке дейін тауарды жеткізу құнын ескере отырып, ең төмен бағадан кейінгі болып табылатын әлеуетті өнім берушіге автоматты түрде жіберіледі.";

      536-тармақ алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 600-тармақпен толықтырылсын:

      "600. Қабылдау мерзімі 2024 жылы басталып, 2025 жылы аяқталатын шағымдар осы тарауда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралуға тиіс.";

      көрсетілген Қағидалардың 26-қосымшасы осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес 26-1-қосымшамен толықтырылсын.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
1-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
26-қосымша

Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылар туралы алдын ала хаттамасы

      Жалпы мәліметтер:

Сатып алу түрі

Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу

Қаржы жылы


Жоспар тармағының нөмірі


Тауардың атауы ТЭК


ЭД-дегі тапсырыс нөмірі 


Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты


Тапсырысты растау күні мен уақыты


      Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:

      Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі атауы _________________

      Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі атауы ___________________

      БСН Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН

Тауардың атауы

Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен

ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты

ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты

Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себебі

Өнім берушінің бағасы қайдан алынған ЭСА атауы

Тапсырысты растау мәртебесі (Иә / Жоқ)










      1. Тапсырысты растауға сұрау салу өнім берушіге жіберілді: (тапсырысты растамаған әлеуетті өнім берушілерді есепке алмағанда, ең төмен бағаны көрсеткен әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы).

      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      **деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      ЭСА - электрондық сауда алаңы;

      ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;

      ЭД - электрондық дүкен;

      кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл.

  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігінің
өзгерістер мен толықтырулар
енгізілетін кейбір
бұйрықтарының тізбесіне
2-қосымша
  Мемлекеттік сатып алуды
жүзеге асыру қағидаларына
26-1-қосымша

Электрондық дүкен арқылы мемлекеттік сатып алу қорытындылары туралы хаттамасы

      Жалпы мәліметтер:

Сатып алу түрі

Бірінші сатып алу/Қайта сатып алу

Қаржы жылы


Жоспар тармағының нөмірі


Тауардың атауы ТЭК


ЭД-дегі тапсырыс нөмірі 


Тапсырысты рәсімдеу күні мен уақыты


Тапсырысты растау күні мен уақыты


      Тапсырыс беруші туралы мәліметтер*:

      Тапсырыс берушінің қазақ тіліндегі атауы _________________

      Тапсырыс берушінің орыс тіліндегі атауы ___________________

      БСН

      Әлеуетті өнім берушілер ұсыныстарының тізімі**:

Әлеуетті өнім берушінің атауы, БСН/ЖСН

Тауардың атауы

Әлеуетті өнім берушінің ҚҚС-сыз сомасы, теңгемен

ЭД-ге ұсыныс беру күні мен уақыты

ЭСА-ға ұсыныс беру күні мен уақыты

Өнім берушінің баға ұсынысынан бас тарту себеб

      1. № ___ жоспардың тармағы бойынша жеңімпаз болып белгіленсін: (жеңімпаздың әлеуетті өнім берушісінің БСН/ЖСН атауы).

      2. Тапсырыс беруші (Тапсырыс берушінің атауы) "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімдерде (жеңімпаз әлеуетті өнім берушінің БСН/ЖСН атауы) мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасын.

      Немесе:

      "Мемлекеттік сатып алу (№___ жоспардың тармағы бойынша сатып алудың атауы) _________________ байланысты өтпеді деп танылсын":

      (Мынадай мәндердің бірі көрсетілсін: "ұсынылған баға ұсыныстарының болмауы", "бір баға ұсынысын ұсыну" не: "Мемлекеттік сатып алу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 10-тармағының __ тармақшасына сәйкес сатып алудан бас тартылды).

      Ескерту:

      * Егер бірнеше тапсырыс беруші болса, тапсырыс беруші туралы мәліметтер көрсетілмейді.

      **деректер әлеуетті өнім берушінің сомасының өсу ретімен көрсетіледі.

      Аббревиатураларды ашып жазу:

      БСН - бизнес-сәйкестендіру нөмірі;

      ЖСН - жеке сәйкестендіру нөмірі;

      ҚҚС - қосылған құн салығы;

      ЭСА - электрондық сауда алаңы;

      ТЭК - тауарлардың электрондық каталогы;

      ЭД - электрондық дүкен;

      кк.аа.жжжж. - күн, ай, жыл.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады