БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын, Ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 17 шілдедегі № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11948 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 4 қазандағы № 865 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі туралы Ереженің 15-тармағының 155) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген ойын бизнесін ұйымдастырушы ұсынатын есептілікті жинауды және талдауды жүзеге асыру қағидаларында:
4 және 5-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Есептілік қағаз немесе электронды түрде есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын беріледі.
5. Есептілік мынадай ақпаратты қамтиды:
1) ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі туралы мәліметтер;
2) ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы;
3) қызмет түрі;
4) заңды мекен-жайы;
5) есепті кезеңнің басындағы ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
6) есепті кезеңнің соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер;
7) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға қатысушылардың және (немесе) бәс тігулердің (резиденттер) саны туралы мәліметтер;
8) есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер емес) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;
9) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер) қатысушылардың саны туралы мәліметтер;
10) кезең соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер емес) саны туралы мәліметтер;
11) "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер;
12) есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару);
13) есепті кезеңде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы туралы мәліметтер;
14) "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер;
15) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ұтыстардың сомалары туралы мәліметтер;
16) есепті кезеңде жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасы туралы мәліметтер;
17) ойын жабдығының атауы және түрі;
18) ойын жабдығының саны;
19) ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
20) ойын жабдығын өндіруші туралы мәліметтер;
21) ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі туралы мәліметтер;
22) технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы туралы мәліметтер;
23) бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, жабдықтың саны, тестілеу күні туралы мәліметтер;
24) касса (лар) туралы, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері туралы мәліметтер (мекен-жайы);
25) мемлекеттік кірістер органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер;
26) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі туралы мәліметтер;
27) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы, оның ішінде лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны туралы мәліметтер;
28) үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат;
29) ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер.".
2. Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Туризм және спорт вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы туризм және спорт министрі |
Е. Мырзабосынов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
және реформалар агенттігінің
Ұлттық статистика бюросы
Ұсынылады: Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігінің Ойын бизнесі мен лотереяны реттеу комитетіне
Әкімшілік деректер нысаны интернет-ресурста орналастырылған: www.tsm.gov.kz
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілігін ұсыну нысаны
Есепті кезең ________20__жыл
Индекс: 1-(ОИБ)
Кезеңділігі: тоқсан сайын
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар)
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей, тоқсанына бір рет
№ | Ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі | Ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы | Қызмет түрі | Заңды мекен-жайы | Ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны, адам | Есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың саны, адам | Есепті кезеңнің соңындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың саны, адам | КЖ/ТҚҚ туралы Заңның негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны*, адам | ||||
есепті кезеңнің басында | есепті кезеңнің соңына | резиденттер | резидент емес | резиденттер | резидент емес | |||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | |
кестенің жалғасы
Есепті кезеңде құмар ойындарға бірдей қатысушылардың ойын мекемелеріне бару саны | Есепті кезеңде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы туралы мәліметтер | Есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған міндетті резервтердің сомалары туралы мәліметтер** | Құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушыларға төленген ұтыстардың сомалары туралы мәліметтер | Есепті кезеңде жасалған мөлшерлемердың жалпы сомасы | ||
10-нан аз келу | 10-нан астам келу | 50-ден астам келу | теңге | теңге | теңге | теңге |
13 | 14 | 15 | 16 | 17 | 18 | 19 |
кестенің жалғасы
Ойын жабдығының атауы және түрі | Ойын жабдығының саны | Ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі | Өндіруші | Ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі (жаңа/ қолданылған) | Жабдықты тестілеу күні (жаңа ойын автоматтары үшін) | Технологиялық тұрғыдан ойын автоматына салынған ұтыстың белгіленген пайызы (ойын автоматтары залы үшін) | Бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер | |||
дана | ||||||||||
% | Бейне жазу жүйесінің атауы | Саны, дана | Техникалық жағдайы | Жабдықты тестілеу күні | ||||||
20 | 21 | 22 | 23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
кестенің жалғасы
Касса (лар) туралы деректер, оның ішінде кассаның түрі, саны және орналасқан жері (мекен-жайы) | Мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерді/ касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер | Үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер | Ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер | ||
Ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі | Лицензия алу кезінде көрсетілген ойын үстелдерінің саны | ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат | |||
31 | 32 | 33 | 34 | 35 | 36 |
* КЖ/ТҚҚ туралы Заңы – "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы;
** Міндетті резервтердің болуын растау мақсатында есептілікке банктік салым шартын жасасу кезінде ашылған банктік шоттар бойынша ақшаның болуы және қозғалысы туралы анықтама қоса беріледі
Ұйымның атауы: _________________________________________________
Қызмет түрі _____________________________________________________
Заңды мекен-жайы ________________________________________________
Бизнес сәйкестендіру нөмірі ________________________________________
Ойын мекемесінің немесе тауар белгісінің атауы (болған жағдайда) _________________
Интернет-ресурс (болған жағдайда) ___________________________
Электрондық пошта мекенжайы____________________________________
Телефон:________________________________________________________
Берілген лицензияның нөмірі мен күні_______________________________
____________парақта қоса беріледі.
Осымен расталады: осы есептілікте көрсетілген барлық мәліметтер және қоса беріліп отырған құжаттар шындыққа сәйкес келеді және жарамды болып табылады.
Жауапты тұлға ______________________ қолы
_____________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Басшы немесе қол қоюға уәкілетті тұлға ___________________ қолы немесе
электрондық цифрлық қолтаңба ________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
Мөр орны (болған жағдайда)
Әкімшілік деректерді жинау үшін арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме
Ойын бизнесін ұйымдастырушының есеп беру нысаны
Индекс: 1 - (ОИБ), кезеңділігі: тоқсан сайын
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсіндірме ойын бизнесін ұйымдастырушының есептілікті ұсыну нысанын толтыру бойынша бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды ойын бизнесін ұйымдастырушылар (құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлғалар) толтырады және ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
3. Нысан ойын бизнесін ұйымдастырушы басшысының не оны алмастыратын тұлғаның қолымен немесе электрондық цифрлық қолтаңбасымен (міндеттерді жүктеу туралы бұйрықтың көшірмесін қоса бере отырып), сондай-ақ ұйымның мөрімен (бар болса) куәландырылады.
4. Нысан тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күнінен кешіктірмей ұсынылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
5. 1-бағанда реттік нөмірі толтырылады.
6. 2-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
7. 3-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының атауы көрсетіледі.
8. 4-бағанда қызмет түрі көрсетіледі.
9. 5-бағанда заңды мекен-жайы көрсетіледі.
10. 6, 7-бағандарда есепті кезеңнің басында және соңында ойын бизнесін ұйымдастырушы қызметкерлерінің саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
11. 8, 9-бағандарда есепті кезеңнің басындағы құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге (резиденттер, резиденттер емес) қатысушылардың саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
12. 10, 11-бағандарда есепті кезеңнің соңында құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысушылардың (резиденттер, резиденттер емес) саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
13. 12-бағанда "Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңында қарастырылған негіздері бойынша қатысушылармен іскерлік қатынастар орнатудан бас тарту саны туралы мәліметтер көрсетіледі.
14. 13, 14, 15-бағандарда есепті кезеңде құмар ойындардың сол қатысушыларының ойын мекемелеріне бару саны туралы мәліметтер көрсетіледі (10-нан аз бару, 10-нан астам бару, 50-ден астам бару).
15. 16-бағанда есепті кезеңде ойын бизнесі саласындағы қызметпен айналысуға лицензияны пайдаланғаны үшін төленген төлемақы сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
16. 17-бағанда есептілікті ұсынған күнгі жағдай бойынша банкте (банктерде) нақты орналастырылған "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалатын міндетті резервтер түріндегі әрбір лицензияға қамтамасыз ету сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
17. 18-бағанда құмар ойындарға қатысушыларға төленген ұтыстар және (немесе) бәс тігулер сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
18. 19-бағанда есепті кезеңде жасалған мөлшерлемелердің жалпы сомасы туралы мәліметтер көрсетіледі.
19. 20-бағанда ойын жабдығының атауы мен түрі көрсетіледі.
20. 21-бағанда ойын жабдығының саны көрсетіледі.
21. 22-бағанда ойын жабдығының сериялық және (немесе) түгендеу нөмірі көрсетіледі.
22. 23-бағанда ойын жабдығын өндіруші көрсетіледі.
23. 24-бағанда ойын жабдығының, ойын автоматтарының техникалық жай-күйі көрсетіледі (жаңа/қолданылған).
24. 25-бағанда ойын жабдығын тестілеу күні көрсетіледі (жаңа ойын автоматтары үшін).
25. 26-бағанда технологиялық тұрғыдан ойын автоматына (ойын автоматтары залы үшін) салынған ұтыстың белгіленген пайызы көрсетіледі.
26. 27, 28, 29, 30-бағандарда бейне жазу жүйелерінің техникалық жай-күйі туралы мәліметтер, оның ішінде бейне жазу жүйесінің атауы, саны, техникалық жай-күйі, жабдықты тестілеу күні көрсетіледі.
27. 31-бағанда касса (лар) туралы деректер, оның ішінде кассаның түрі, саны, орналасқан жері (мекенжайы) көрсетіледі.
28. 32-бағанда мемлекеттік кіріс органдарында салық салу объектілерін/касса (ларды) тіркеу есебіне қою туралы мәліметтер көрсетіледі.
29. 33, 34, 35-бағандарда үстелдер санының өзгеруі, жабдықты ауыстыру туралы мәліметтер, оның ішінде ауыстырылған жабдықтың сериялық немесе түгендеу нөмірі, лицензия алған кезде көрсетілген ойын үстелдерінің саны, ойын үстелдерінің санын ұлғайту және қысқарту туралы ақпарат көрсетіледі.
30. 36-бағанда ойын бизнесін ұйымдастырушының құрылтайшылар құрамындағы бенефициарлық меншік иелері, басшылары және ойын бизнесін ұйымдастырушының бірінші басшылары туралы мәліметтер көрсетіледі.