"Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне хабарлауды қамтамасыз етсін.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасарына және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі |
Е. Саденов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Мәдениет және ақпарат министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Оқу-ағарту министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық қауіпсіздік комитеті
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі 2024 жылғы 24 қазандағы № 410 мен Қазақстан Республикасы ішкі істер министрі 2024 жылғы 23 қазандағы № 849 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Адам саудасына қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабына сәйкес әзірленді және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) адам саудасының тәуекелдері – адам саудасына және оларды пайдалануға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың туындауы салдарынан туындаған қауіптер мен теріс салдарлардың жеке және қоғамдық деңгейлерде болуы;
2) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау (бұдан әрі – тәуекелдерді бағалау) – адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында туындайтын тәуекелдерді анықтау, талдау және басқару мақсатында жүйелі зерттеу және ұйымдастыру іс-шараларының кешені;
3) адам саудасының тәуекелдерін саралау – кейіннен талдау мақсатында тәуекелдерді бағалау үшін деректерді жинау үдеріс алынған деректерді салыстыру арқылы адам саудасының тәуекелдерін жіктеуге бағытталған рәсім;
4) адам саудасының тәуекелдерін айқындау – адам саудасына ықпал ететін қауіптер мен осалдықтарды анықтау және айқындау үдеріс;
5) адам саудасының ықтимал құрбандарының тәуекел профилі – тәуекел саласы, тәуекел индикаторлары және тәуекелдерді азайту жөніндегі шаралар туралы мәліметтер жиынтығы;
6) адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілері (бұдан әрі – субъектілер) – уәкілетті мемлекеттік органдар, өз құзыреті шегінде адам саудасына қарсы іс-қимылды жүзеге асыратын өзге де мемлекеттік органдар, денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары, коммерциялық емес ұйымдар, туристік қызметті жүзеге асыратын, сондай-ақ еңбек делдалдығын көрсететін жеке немесе заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының аумағында аккредиттелген халықаралық ұйымдар;
7) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдар (бұдан әрі – уәкілетті мемлекеттік органдар) – ішкі істер органдары және халықты әлеуметтік қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
8) деректерді жинау – тәуекелдерді бағалау үшін адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінен ақпарат алу үдеріс;
9) сараптама тобы – субъектілер өкілдерінің қатарынан тұратын топ.
2-тарау. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерге бағалау жүргізу тәртібі
3. Тәуекелдерге бағалау 3 (үш) жылда 1 (бір) рет жүргізіледі, субъектілерден деректерді жинау жыл сайын жүзеге асырылады.
4. Деректерді жинау және тәуекелдерге бағалау жүргізу мақсатында уәкілетті мемлекеттік органдар тұрақты негізде әрекет ететін сараптама тобын құрады.
5. Сараптама тобының отырыстарының сандық құрамын, жиілігін және жұмыс форматын уәкілетті мемлекеттік органдар айқындайды.
6. Тәуекелдерге бағалау жүргізу жөніндегі сараптама тобының жұмысын үйлестіруді уәкілетті мемлекеттік органдар ротациялық негізде үш жыл кезеңділікпен жүзеге асырады.
7. Адам саудасының тәуекелдерін айқындау адам саудасына байланысты, оның ішінде жеке (адам саудасын жасау және оларды пайдалану нысандары, әдістері мен тәсілдері, адам саудасының ықтимал құрбандарының тәуекел профилі) және қоғамдық (әлеуметтік, экономикалық және басқа да тәуекелдер) деңгейлерде ықтимал қауіптерді анықтау, олардың ауқымын және осалдықтарын зерттеу және анықтауға бағытталған.
8. Адам саудасының тәуекелдерін айқындау рәсімі заңнамалық, профилактикалық, практикалық, халықаралық, ведомствоаралық, ведомстволық, және статистикалық сипаттағы әртүрлі ақпаратты пайдалануды көздейді.
9. Адам саудасының тәуекелдерін анықтау мақсатында субъектілер жыл сайын уәкілетті мемлекеттік органдардың сұрау салуы бойынша осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау жөніндегі сауалнамаға сәйкес бір ай мерзімде (егер сұрау салуда өзгеше мерзім белгіленбесе) мәліметтер береді.
Деректер болмаған не оларды беру мүмкін болмаған жағдайда қандай да бір мән-жайлар бойынша олардың себептері көрсетіледі.
10. Бұдан басқа, ақпарат көзі ретінде Біріккен ұлттар ұйымының (БҰҰ), Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін ұйымдардың халықаралық баяндамалары, есептері мен ұсынымдары, ашық дереккөздерден алынған мақалалар, адам саудасының құрбандарымен, сарапшылармен жарияланымдар мен сұхбаттар, зерттеулер, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы ғылыми еңбектер мен материалдар пайдаланылады.
11. Сараптама тобы адам саудасының ішкі және сыртқы тәуекел факторларының болуы туралы түсініктерді одан әрі өңдеу және қалыптастыру үшін барлық қажетті ақпаратты жинауды жүзеге асырады.
12. Адам саудасының тәуекелдері анықталғаннан кейін, сарапшылар тобы ықтимал қауіптерді, олардың пайда болу ықтималдығын, салдарын және олардың елдегі адам саудасы мәселесіне, тәуекел тобына және адам саудасының ықтимал құрбандарына әсерін талдау және анықтау үшін жиналған деректерді өңдейді.
13. Деректерді өңдеу мыналарды қамтиды:
1) жиналған ақпараттың сапасы мен толықтығын және оның осы Қағидалардың қосымшасына сәйкестігін тексеру;
2) құрылымдау;
3) саралау.
14. Жиналған деректерді өңдегеннен кейін сараптама тобы талдауды жүзеге асырады, оны өткізу кезінде:
1) адам саудасы тәуекелдерінің көзі;
2) адам саудасы тәуекелдерінің сипаты;
3) мемлекеттің белгілі бір аумағында, оның ішінде шетелден адам саудасы тәуекелдерінің пайда болу ықтималдығы;
4) адам саудасы тәуекелдерінің салдары;
5) азаматтардың осал санаттары (тәуекел топтары), адам саудасының әлеуетті құрбандары;
6) адам саудасын жүзеге асыру схемалары мен тәсілдері;
7) адам, оның ішінде кәмелетке толмағандар саудасын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын арбалау және бақылау әдістері;
8) адам саудасының себептері мен шарттары;
9) оларды пайдалану нәтижесінде адам саудасының құрбандары көрсететін қызметтерге сұранысты төмендетуді қоса алғанда, тиімді профилактика тәсілдері анықталады.
15. Тәуекелдерді бағалау үшін деректерді талдау кезінде сараптамалық топ өзекті халықаралық баяндамаларға, БҰҰ, ЕҚЫҰ және адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті жүзеге асыратын басқа да ұйымдардың және сарапшылардың есептері мен ұсынымдарына, адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы зерттеулерге, ғылыми еңбектер мен материалдарға сілтемелерді пайдаланады.
16. Тәуекелдерді бағалау үшін деректерді талдауға әртүрлі білім салаларының мамандары, ғылыми мекемелер мен өзге де ұйымдар, ғылыми қызметкерлер, коммерциялық емес және халықаралық ұйымдардың өкілдері тартылады.
17. Жиналған деректерді талдау қорытындылары бойынша сараптама тобы тәуекелдерді бағалауды қалыптастырады, онда:
1) тәуекелдерді бағалаудың сипаттамасы;
2) тәуекелдерді бағалау жөніндегі қорытындылар;
3) адам саудасына байланысты қылмыстардан туындаған ықтимал салдарлардың профилактикасын және оларды жоюды қоса алғанда, тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған шараларды қабылдау туралы ұсынымдар;
4) құзыреттері бойынша субъектілер үшін адам саудасының әлеуетті құрбандарының тәуекел бейіні болады.
18. Сараптама тобы адам саудасының тәуекелдерін айқындай отырып нәтижелерді қалыптастырады және оларды Адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның жұмыс органына жібереді.
19. Тәуекелдерді бағалау нәтижелері және адам саудасының туындауына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою жөніндегі қызметті жетілдіруге бағытталған әзірленген ұсынымдар адам саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында қаралады және адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілеріне жеткізіледі, сондай-ақ іс-шаралар жоспарын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды әзірлеу кезінде ескеріледі.
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау жүргізу қағидаларына қосымша |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы тәуекелдерді бағалау жөніндегі САУАЛНАМА
№ | Көрсеткіштер | Деректер / Пікірлер |
---|---|---|
1 | ||
Жалпы сұрақтар | ||
1 |
Қазақстан Республикасында адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қандай тәуекелдер байқалады? |
1. Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамадағы олқылықтар, халықаралық стандарттарға сәйкессіздік: |
2 |
Қазақстан Республикасында адам саудасының тәуекел деңгейіне қандай факторлар әсер етеді? |
1. Экономикалық факторлар (экономикалық дағдарыс, шекаралас елдердің жағдайы, жұмыссыздық деңгейі, кірістердің теңсіздігі және ресурстарға қол жетімділік): |
3 |
Анықталған тәуекелдерді азайту және қабылданған шаралардың тиімділігін арттыру бойынша қандай шаралар қабылдау қажет? |
1. Ұлттық заңнаманы халықаралық стандарттарға бейімдеу: Иә / Жоқ (егер солай болса, сипаттаңыз) |
4 |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы халықаралық ынтымақтастық шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен жүзеге асырыла ма? Қиындықтар бар ма? |
1. Халықаралық ынтымақтастық халықаралық конвенциялар, келісімдер, форумдар, дөңгелек үстелдер шеңберінде жүзеге асырылады. Қиындықтар туындамайды: |
5 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында қай шет мемлекеттермен белсенді өзара іс-қимыл жасасасыз? Жұмыс нәтижелері (тәжірибе алмасу, оң тәжірибені енгізу, қызметкерлерді оқыту, адам саудасының құрбандарына көмек көрсету, қылмысты ашу)? | |
6 | Халықаралық ынтымақтастықтың ең тиімді шараларын сипаттаңыз (кездесулер, келіссөздер, форумдар)? | |
7 | Адам саудасына қарсы іс -қимыл саласында қандай халықаралық және үкіметтік емес ұйымдармен жұмыс істейсіз (толық атауы)? | |
8 |
Адам саудасына қарсы іс -қимыл саласында оқытудан/тренингтерден/біліктілікті арттырудан өткен қызметкерлер саны | |
9 |
Қазақстан Республикасының азаматтарын адам саудасының тәуекелдері және құқықтық сауаттылықты арттыру туралы алдын алуға және хабардар етуге бағытталған БАҚ -та, мемлекеттік органдардың сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдардың саны | |
10 | Жұмыс үдеріс туындайтын проблемалық мәселелер (заңнама, практика, өзара іс -қимыл) | |
2 | ||
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі | ||
1 |
Есепті кезең | |
2 | Адам саудасы құрбандарын әкетудің, әкелудің және транзиттің анықталған және жолын кескен арналарының саны (ішкі / сыртқы трафик) | |
3 | Қандай қылмыстар немесе құқық бұзушылықтар адам саудасына байланысты қылмыстармен бірге жүреді немесе ықпал етеді? | |
4 | Адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келіп түскен / жіберілген халықаралық тапсырмалардың саны | |
5 |
Адам саудасына байланысты қылмыстар үшін ұсталған ҚР азаматтары мен іздеуде жүрген шетелдіктердің, оның ішінде халықаралық азаматтардың саны | |
6 |
Сотқа және сотталған адамдарға жіберілген істер саны | |
7 |
Қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыру фактілері бойынша тіркелген істер саны | |
8 | Адам саудасына байланысты қылмыстық істер бойынша жәбірленуші деп танылған адамдардың саны (жасы, азаматтығы және жынысы бойынша) | |
9 | Арнаулы әлеуметтік қызметтер алу үшін қайта жіберілген жәбірленушілер саны (азаматтығы бойынша) | |
10 | Өздеріне қатысты депонирлеу қолданылған адам саудасына байланысты қылмыстар бойынша жәбірленушілердің саны (азаматтығы бойынша) | |
11 | "Қылмыстық процеске қатысатын адамдарды мемлекеттік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оларға қатысты қауіпсіздік шаралары қабылданған жәбірленушілер мен басқа да қатысушылардың саны (азаматтығы бойынша) | |
12 | Жәбірленушілерге өтемақы қорынан өтемақы төленген құрбандар саны (азаматтығы бойынша) және қандай сомаға? | |
13 |
Іс барысында қандай тәуекелдерді көресіз: | |
3 | ||
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | ||
1 |
Адам саудасының құрбандары туралы мәліметтер | |
4 | ||
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | ||
1 |
Есепті кезең | |
2 |
Заңсыз еңбекке тартылған анықталған кәмелетке толмаған адамдардың саны | |
5 | ||
Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі | ||
1 |
Есепті кезең | |
6 | ||
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | ||
1 |
Адам саудасының кәмелетке толмаған құрбандары туралы мәліметтер | |
7 | ||
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | ||
1 | Бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымдарға келіп түскен және жеткізілген жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны - Қабылданған ден қою шаралары | |
2 |
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында оқытудан/тренингтерден/біліктілікті арттырудан өткен қызметкерлер саны | |
8 | ||
Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі | ||
1 |
Мектептердің, орта және жоғары оқу орындарының оқушылары үшін өткізілген Білім беру бағдарламаларының саны | |
9 | ||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | ||
1 |
Адам саудасының құрбандары туралы мәліметтер | |
2 |
Дене жарақаттарының тән белгілерін және көмек түрлерін көрсетіңіз: | |
10 | ||
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі | ||
1 |
Патронаждық медицина қызметкерлерінен адам саудасына, кәмелетке толмағандарға қатысты ықтимал фактілер туралы келіп түскен хабарламалар саны | |
2 |
Медициналық ұйымдарда қалдырылған жаңа туған балалардың саны | |
11 | ||
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі | ||
1 |
Адам саудасының құрбандары туралы ақпарат - Есепті кезең | |
2 | Қазақстан Республикасының азаматтарына, оның ішінде Қазақстан Республикасы мойындаған кәмелетке толмағандарға, босқындарға және Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын, шетелде адам саудасының құрбаны болған азаматтығы жоқ адамдарға берілген Қазақстан Республикасына оралуға арналған куәліктердің саны | |
3 | Шетелдіктер асырап алған және шетелде тұратын балалардың мониторингі барысында анықталған адам саудасы немесе кәмелетке толмағандарды пайдалану фактілерінің саны | |
4 |
Қазақстан Республикасындағы шетелдіктерге қатысты жасалған адам саудасына байланысты қылмысқа қатысты Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігіне келіп түскен сұрау салулар/өтініштер/өтініштер саны | |
5 |
Үй қызметкерлерінің мәжбүрлі еңбегін пайдаланған Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің қызметкерлеріне қатысты келіп түскен сигналдар/шағымдар саны | |
6 | Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде адам саудасының тәуекелдері туралы алдын алуға және ақпараттандыруға, өтініш білдірген жағдайларда оларды Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің байланыстары туралы хабардар етуге бағытталған БАҚ-та, ресми ведомстволық сайтында, әлеуметтік желілерде орналастырылған жарияланымдардың саны | |
12 | ||
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі | ||
1 |
Есепті кезең Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы заңсыз ақпараты бар анықталған және бұғатталған сайттардың саны: | |
2 | Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде шаралар қабылдау үшін ішкі істер органдарына қайта жіберілген адам саудасына, кәмелетке толмағандарға байланысты ықтимал фактілер туралы хабарламалар саны | |
3 | Қандай әлеуметтік желілерде, интернет-ресурстарда, веб-беттерде заңсыз ақпарат көбірек анықталады | |
4 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл субъектілерінен тексеру және бұғаттау үшін келіп түскен интернет - ресурстардың саны (субъектілер бойынша) | |
5 | Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың саны, қандай сомаға, қандай бағыттар бойынша | |
13 | ||
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрлігі | ||
1 | Қылмыстық іс жүргізу шеңберінде шаралар қабылдау үшін ішкі істер органдарына қайта жіберілген адам саудасына, кәмелетке толмағандарға байланысты ықтимал фактілер туралы хабарламалар саны | |
14 | ||
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдары | ||
1 |
Есепті кезең | |
2 |
Азаматтардан түскен шағымдар/өтініштер / адам саудасына байланысты қылмыстармен қатар жүретін құқық бұзушылықтардың нәтижесінде қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері бойынша өтініштер саны | |
3 |
БАҚ-та, ведомстволық сайттарда, әлеуметтік желілерде орналастырылған, Қазақстан Республикасының азаматтарын адам саудасының тәуекелдері және құқықтық сауаттылықты арттыру туралы алдын алуға және хабардар етуге бағытталған жарияланымдардың саны | |
4 | Адам саудасына қарсы іс -қимыл саласындағы іске асырылған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстардың саны, қандай сомаға, қандай бағыттар бойынша | |
5 | Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат ресімдеу үшін ішкі істер органдарына жіберілген өтініштердің саны | |
15 | ||
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі | ||
1 |
Адам саудасының құрбандары туралы мәліметтер | |
2 | Адам саудасына қарсы тұру кезінде бақылау-өткізу пунктінде сыртқы жағымсыз факторларды, осалдықтар мен кемшіліктерді көрсетіңіз | |
3 |
Адам саудасына қарсы іс-қимылда құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл жасау: | |
16 | ||
Адам саудасына қарсы іс-қимыл саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдар | ||
1 |
Адам саудасының құрбандары туралы мәліметтер | |
2 | Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбандары ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға уақытша тұруға рұқсат ресімдеу үшін өтінішхат туралы өтінішпен облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы органдарына жіберілген өтініштердің саны | |
3 | Қазақстан Республикасының аумағында адам саудасының құрбаны ретінде анықталған және сәйкестендірілген шетелдіктерді азаматтығы бар елге қайтару бойынша жәрдемдесу шараларының саны | |
4 | Адам саудасы құрбандарын әкету, әкелу және транзиттеудің ықтимал арналары туралы ақпарат | |
5 | Адам саудагерлері қолданатын жаңа формалар мен әдістер туралы ақпарат |