"Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 416 және Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 381 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 қарашада № 35330 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.12.2024 бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 259 және Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 29 маусымдағы № 474 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32958 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2024 жылғы 1 желтоқсаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс министрі
К. Шарлапаев
     
      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Сыртқы істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық қауіпсіздік комитеті

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Ішкі істер министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Энергетика министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрінің
2024 жылғы 1 қарашадағы
№ 381 мен
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 қазандағы
№ 416 бұйрығына
қосымша

Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 36-1-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және комиссияның құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын (бұдан әрі – Шетелдік жұмыскерлер санаттарының тізбесі мен саны) айқындау тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы – арнайы экономикалық аймақтың жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін "Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және "Инновациялық технологиялар паркі" инновациялық кластері туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын немесе айқындалатын заңды тұлға;

      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушы – арнайы экономикалық аймақтың аумағында басым қызмет түрлерін жүзеге асыратын және арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылардың бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;

      3) арнайы экономикалық аймақ жөніндегі бірыңғай үйлестіру орталығы (бұдан әрі – Бірыңғай үйлестіру орталығы) – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың қызметін үйлестіруді жүзеге асыратын заңды тұлға;

      4) арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган – арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      5) жұмыс беруші – жұмыскер еңбек қатынастарында болатын жеке немесе заңды тұлға;

      6) комиссия – құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санатының тізбесін және санын айқындау мәселелерін қарау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – комиссия);

      7) халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган – өз құзыреті шегінде халықтың көші-қоны саласындағы басшылықты, көші-қон процестерін реттеуді, халықтың көші-қоны саласындағы жұмысты үйлестіруді және мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) "Шетелдік жұмыс күші" автоматтандырылған ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – "ШЖК" ААЖ) – жұмыс берушілер мен еңбекші көшіп келушілер үшін мемлекеттік қызмет көрсету процесін автоматтандыруға, сондай-ақ көші-қон саласындағы ақпаратты мониторингтеуге және есепке алуға арналған әлеуметтік-еңбек саласының бірыңғай ақпараттық жүйесі құрамындағы жүйе;

      9) migration.enbek.kz көші-қон процесінің ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – көші-қон қызметтерінің порталы) – көшіп-қонушыларды есепке алуды және қозғалысын, сондай-ақ көші-қон саласындағы қызметтердің ұсынылуын мониторингтеуді қамтамасыз ететін Электрондық еңбек биржасы (enbek.kz) цифрлық экожүейсінің кіші жүйесі.

2-тарау. Комиссияның шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттарының тізбесін және санын айқындау тәртібі

      3. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес негіздемені қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес шетелдікер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындауға өтініш береді.

      4. Өтінішке шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың мынадай құжаттары қоса беріледі:

      1) жеке басты куәландыратын құжаттардың көшірмелері;

      2) "Құжаттарды заңдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрі міндетін атқарушының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 11-1-2/576 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16116 болып тіркелген) сәйкес заңдастырылған білім туралы құжаттардың нотариат куәландырған көшірмелері мен аудармалары (қазақ немесе орыс тілдерінде);

      3) еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариат куәландырған көшірмесі, сондай-ақ оның қазақ немесе орыс тілдеріндегі аудармасы;

      4) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту негіздемесі;

      5) құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаның (келісімшарт/шарт) көшірмесі;

      6) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес кадрлардағы елішілік құндылық туралы ақпарат.

      5. Кадрлардағы елішілік құндылықты есептеу кезінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 279 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32977 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту, сондай-ақ корпоративішілік ауыстыруды жүзеге асыру қағидалары мен шарттарының 5-тармағында көзделген шетелдік жұмыскерлер санаттары қолданылады.

      6. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жергілікті атқарушы органдарымен бірлесіп құжаттарды алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде олардың осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкестігін қарайды.

      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға пысықтауға қайтарады.

      Осы тармақтың екінші бөлігіне сәйкес шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тартуға арналған арнайы экономикалық аймақ қатысушысының өтінішін пысықтауға қайтару арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына қайта жүгінуге кедергі болмайды.

      Арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары осы Қағидалардың 4-тармағының 2) және 3) тармақшаларында мазмұндалған құжаттарды салыстырып тексеру үшін түпнұсқаларын ұсынады, олар арнайы экономикалық аймаққа қатысушыда сақталады.

      7. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп шетелдік жұмыскерлердің кәсіптік стандарттарнда, басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығында, ұйымдар басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларында, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығында, жұмысшы кәсіптерінің тарифтік-біліктілік сипаттамаларында белгіленген біліктілік талаптарына сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.

      8. Осы Қағидалардың 3 және 4-тармақтарында көрсетілген құжаттар ұсынылған кезде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы оларды көші-қон қызметтері порталы арқылы қарау үшін арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органға жолдайды.

      9. Жергілікті атқарушы орган арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың осы Қағидаларға 4-сәйкес кадрлардағы елішілік құндылықты қатамасыз етуі бойынша ұсынымдар әзірлейді және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген мерзім ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясына жібереді.

      10. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган арнайы экономикалық аймаққа қатысушының өтінішін "ШЖК" ААЖ-ға келіп түскен күні тіркейді және арнайы экономикалық аймақты басқару органы ұсынған материалдар келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде келіп түскен материалдарды комиссия мүшелеріне қарау үшін жолдайды.

      11. Комиссияны арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган құрады.

      Комиссияның құрамына арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органның, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің, тиісті жергілікті атқарушы органдардың өкілдері кіреді.

      Төраға комиссия мүшелері қатарынан тағайындалады.

      Комиссия жұмысын ұйымдастыру үшін комиссия мүшесі болып табылмайтын хатшы тағайындалады.

      12. Комиссия отырыстары:

      1) арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы ұсынған құжаттар келіп түскен күннен бастап күнтізбелік он бес күннен;

      2) арнайы экономикалық аймаққа қатысушыдан осы Қағидалардың 27-тармағы негізінде шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмей өткізіледі және тағайындалады.

      13. Комиссия отырысы, егер оған оның мүшелері санының жартысынан астамы қатысса, заңды болып есептеледі.

      14. Жергілікті атқарушы органдар ұсынған кадрлардағы елішілік құндылықтың үлесі комиссия мүшелерінің көбі дауыс берген комиссия ұсынысы негізінде өзгереді.

      15. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссияның шешіміне сай кадрлардағы елішілік құндылық шарттарын қамтамасыз етеді.

      16. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттарының тізбесін және санын айқындау туралы шешім осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы түрінде қабылданады және "ШЖК" ААЖ-да арнайы экономикалық аймақтың әрбір қатысушы ұйымына қатысты жеке ресімделеді.

      17. Комиссия шешімі көпшілік дауыспен қабылданады, дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасы дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      18. Комиссия мүшелерінің арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың өтініштерін қарау қорытындысы бойынша хатшы "ШЖК" ААЖ-да хаттама ресімдейді, онда комиссия мүшелері шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамдардың деректері көрсетілген әрбір жолда "иә"/"жоқ" деген өзінің шешімін көрсетеді және комиссия отырысы өткен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде автоматтандырылған жұмыс орны арқылы қол қойылады.

      19. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган комиссия мүшелері хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде хаттамадан үзінді-көшірмені арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының көші-қон қызметтері порталының автоматтандырылған жұмыс орнына жібереді.

      20. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы хаттамадан үзінді-көшірмені арнайы экономикалық аймаққа қатысушыға оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде береді.

      21. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы хаттамадан үзінді-көшірмені алғаннан кейін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға жұмыс визасын ресімдейді.

      22. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санаттары мен санының тізбесін айқындаудан бас тарту үшін мыналар:

      1) шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың білім деңгейі (кәсіптік даярлығы) мен практикалық жұмыс тәжірибесінің (өтілінің) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сай кәсіптік стандарттарға, Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығына және Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипатамаларына сәйкес жұмысшы кәсіптеріне және басшылардың, мамандардың және қызметшілердің лауазымдарына қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келмеуі;

      2) осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген құжаттардың жеке (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы;

      3) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылар кадрлардағы елішілік құндылықты қатамасыз ету жөнінде комиссия қабылдаған шешіммен келіспеуі;

      4) арнайы экономикалық аймаққа қатысушылардың не арнайы экономикалық аймаққа қатысушының жобасын іске асыратын ұйымдардың соңғы он екі ай ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің (бұдан әрі – Кодекс) 519-бабы бойынша бұзушылықтың болуы;

      5) шетелдік азаматта Кодекстің 517-бабы бойынша бұзушылықтың болуы негіз болып табылады.

      23. Комиссия арнайы экономикалық аймаққа қатысушы комиссияның шешімімен белгіленген елішілік құндылықтың үлесін бұзған не шетелдік жұмыс күшінің білімі немесе өтілін растайтын дұрыс емес құжаттарды ұсынғаны туралы фактілер анықталған жағдайда комиссия отырысы хаттамасының шешімінің күшін жояды.

      24. Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган осы Қағидалардың 23-тармағында көзделген фактілер анықталған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде аталған мәселені хаттаманың қолданысын жою туралы шешім қабылдау үшін комиссия мүшелерінің қарауына шығарады.

      Комиссия шешімі "ШЖК" ААЖ-да бір жұмыс күні ішінде хаттамамен ресімделеді.

      Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті орган комиссия мүшелері хаттамаға қол қойған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде комиссия хаттамасын арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясының көші-қон қызметтері порталының автоматтандырылған жұмыс орнына жібереді.

      25. Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтаған кезде арнайы экономикалық аймаққа қатысушы бұл туралы екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясын хабардар етеді.

      26. Арнайы экономикалық аймақтың басқарушы компаниясы арнайы экономикалық аймаққа қатысушыдан шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың жұмыстардың жоспарланған көлемін аяқтағаны туралы хабарлама келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде арнайы экономикалық және индустриялық аймақтардың құрылуы, жұмыс істеуі және таратылуы саласындағы уәкілетті органды және аумақтық ішкі істер органдарын уақытша тұруға рұқсат мерзімін қысқарту немесе шығу визазын ресімдеу мақсатында хабардар етеді.

3-тарау. Шағымдану тәртібі

      27. Комиссия шешімімен келіспеген кезде өтініш беруші әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын әкімшілік органға, лауазымды адамға жүгінеді.

      28. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің 91-бабының 5-тармағына сәйкес әкімшілік (сотқа дейінгі) тәртіппен шағымданғаннан кейін сотқа шағымдануға жол беріледі.

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
1-қосымша

  ____________________________
(арнайы экономикалық және
индустриялық аймақтарды құру,
жұмыс істеуі және тарату
саласындағы уәкілетті органның
атауы)
____________________________
(заңды және жеке тұлғаның
толық атауы)

Арнайы экономикалық аймаққа қатысушы болып табылатын заңды тұлғаларға тарту үшін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың санатының тізбесін және санын айқындауға

ӨТІНІШ

      Арнайы экономикалық аймақтар аумағында__________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (арнайы экономикалық аймақтың атауын, әкімшілік-аумақтық бірліктің

      орналасқан жерін көрсету)

      құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде және объектіні

      (объектілерді) пайдалануға бергеннен кейін бір жыл өткенге дейін шетелдіктер

      мен азаматтығы жоқ адамдар санаттарының тізбесі мен санын айқындауды

      сұраймын

      бірінші санат бойынша – ____ адам,

      екінші санат бойынша – ___ адам,

      үшінші санат бойынша – ___ адам,

      төртінші санат бойынша – ___ адам.

      Ұйымның экономикалық қызмет түрі: _______________________________

      Ұйымның БСН: __________________________________________________

      Құру күні ______ жылғы "____" ________________.

      Қазақстан Республикасының әділет органдарында тіркелуі туралы

      мәліметтер ___________________________________________________________

                              (нөмір, қашан және кім берді)

      Кәсіпкерлік субъектінің санаты: ____________________________________

      _____________________________________________________________________

                        (шағын/орта/ірі кәсіпкерлік субъекті)

      Мекенжай, телефон, элктрондық пошта: _____________________________

      Қоса берілетін құжаттар: __________________________________________

      Шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесі: _______________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы

      Заңның 8-бабына сәйкес комиссияда қарау үшін қажетті осы өтінішке қосымшада

      көрсетілген менің және шетелдік азаматтардың дербес деректерін жинауға және

      өңдеуге келісім беремін".

      Басшы __________________________________________________________

      (қолы, ТАӘ (бар болса), лауазымы)

      20__жылғы "___" ___________

      Өтініш 20__ жылғы "___" ___________ қаралуға қабылданды

      _____________________________________________________________________

                  (жауапты адамның ТАӘ (бар болса), қолы)

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
2-қосымша

Жұмыс берушінің құны миллион айлық есептік көрсеткіштен асатын жобалары бар арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары болып табылатын заңды тұлғаларда, сондай-ақ көрсетілген арнайы экономикалық аймақтардың қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау кезеңінде қызметтерді орындаушы ретінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту негіздемесі

Р/с №

Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының атауы, заңды мекенжайы

Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушының қызмет түрі

Тартылатын шетелдік жұмыс күші туралы мәліметтер

Жобаның атауы

Жоба сомасы, млрд. теңге

Нақты шетелдік пен азаматтығы жоқ адамдарға қажеттіліктің негіздемесі

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың Т.А.Ә.
(бар болса)

Санаты

Кәсібі (мамандығы)

Лауазымдық міндеттері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10











      Басшы________________________________________________________________

                        (қолы) ТАӘ (бар болса) (лауазымы)

      20___ ж.____ __________

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
3-қосымша

Кадрлардағы жергілікті қамту туралы ақпарат

Р/с №

Тартылатын шетелдік жұмыс күшінің санаттары

Жұмыс беруші тартатын жұмыскерлердің саны, адам

Тартуға жоспарланған шетелдік жұмыс күшінің саны, адам.

3-баған+ 5-баған

4-баған+ 5-баған

жұмыскерлердің жалпы санына шетелдік жұмыс күшінің %-ы, 7-баған/ 6-баған*100%

Барлығы (шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсатсыз жұмыс істейтін шетелдік жұмыскерлер есепке алынбайды)

оның ішінде шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсаттар бойынша тартылатын шетелдік жұмыс күші

1

2

3

4

5

6

7

8

1

1 және 2-санаттар







2

3 және 4-санаттар







3

Барлығы







      Ескертпе: егер шетелдік жұмыскер 4-бағанда есепке алынған жағдайда, онда 5-бағанда ол есепке алынбайды.

      Жұмыс беруші:______________________________________________________

      (қолы, ТАӘ (бар болса), лауазымы, күні)

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
4-қосымша

_______________________________________________ (ЖАО атауы) ___________________________________________________________________ (арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ұйымның атауы)

кадрлардағы елішілік құндылық шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдары

Р/с

санат

Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарындағы жұмыскерлердің үлесі

Шетелдік жұмыскерлердің қатарындағы жұмыскерлердің үлесі

Кадрларға елішілік құндылықты қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарға негіз

1

2

3

4

5

1

1 және 2-санат




2

3 және 4-санат




3

ЖИЫНЫ




      Жергілікті атқарушы орган басшысының орынбасары :

      _____________________________________________________________________

                        (қолы, ТАӘ (бар болса), лауазымы, күні)

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
5-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссияның кадрлардағы елішілік құндылық шарттарын қамтамасыз ету жөніндегі шешімі ______________________________________________ (арнайы экономикалық аймаққа қатысушы ұйымның атауы)

Р/с

Санат

Қазақстан Республикасы азаматтарының қатарындағы жұмыскерлердің үлесі

Шетелдік жұмыскерлердің қатарындағы жұмыскерлердің үлесі

1

2

3

4

1

1 және 2-санат



2

3 және 4-санат



3

ЖИЫНЫ



      Комиссия төрағасы: ___________________________________________________

      (қолы, ТАӘ (бар болса), лауазымы, күні)

      Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының өкілі: _______________________

      ____________________________________________________________________

      (ТАӘ (бар болса), лауазымы, қолы, күні)

  Комиссияның құны миллион
айлық есептік көрсеткіштен
асатын жобалары бар арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары болып
табылатын заңды тұлғаларда,
сондай-ақ көрсетілген арнайы
экономикалық аймақтардың
қатысушылары
(не олардың мердігерлері)
бас мердігер, мердігер, қосалқы
мердігер немесе арнайы
экономикалық аймақтардың
аумағында құрылыс-монтаждау
жұмыстарын орындау
кезеңінде қызметтерді
орындаушы ретінде және объект
(объектілер) пайдалануға
берілгеннен кейін бір жыл
өткенге дейін тартатын
ұйымдарда жұмыс істейтін
шетелдіктер мен азаматтығы
жоқ адамдар санатының тізбесін
және санын айқындау
қағидаларына
6-қосымша

Арнайы экономикалық аймақтарға қатысушылар болып табылатын заңды тұлғалар құны бір миллион айлық есептік көрсеткіштен жоғары жобаларға тартатын, сондай-ақ арнайы экономикалық аймақтардың аумағында құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезеңінде және объект (объектілер) пайдалануға берілгеннен кейін бір жыл өткенге дейін арнайы экономикалық аймақтардың аталған қатысушылары (не олардың мердігерлері) бас мердігер, мердігер, қосалқы мердігер немесе көрсетілетін қызметтерді орындаушы ретінде тартатын ұйымдарда жұмыс істейтін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар санаттары мен санының тізбесін айқындау мәселесін қарау жөніндегі комиссияның хаттамасы

      Астана қ.                         №                   20__ жылғы " " _______

Төрағалық етуші:



Қатысқандар:



Күн тәртібі

      АЭА қатысушының __________________________________________________

      (АЭА атауы)

      ____________________________________________________________________

      (АЭА қатысушының/ АЭА қатысушының жобасын іске асыратын ұйымның атауы)

      ____________________________________________________________________

      (тартылатын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың саны)

      _____________________________________________________________ тартуы

                        (құрылыс объектісінің атауы)

      Комиссия:

      _____________________________________________________________________

      (АЭА қатысушының/ АЭА қатысушының жобасын іске асыратын ұйымның атауы)

      төменде көрсетілген тізім бойынша:

      (комисияның оң шешімі болған кезде толтырылады)

Р/с

ТАӘ (бар болса)

Паспорт № және оның қолданылу мерзімі

Кәсіп (мамандық)

Шешім

1.





      арнайы экономикалық аймақтар аумағында құрылыс-монтаждау жұмыстарын

      орындау кезеңінде және объектіні (объектілерді) пайдалануға бергеннен кейін

      бір жыл өткенге дейін

      _____________________________________________________________________

      (құрылыс объектісінің атауы)

      _____________________________________________________________________

      (шетелдіктердің/азаматтығы жоқ адамдар саны)

      тартуды _____________________________ мақұлдауды/ одан бас тартуды шешті.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады