БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы |
С. Аблалиев |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Көлік министрінің міндетін атқарушы 2024 жылғы 4 қарашадағы № 361 Бұйрықпен бекітілген |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының және Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтарының тізбесі
1. "Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 1 қарашадағы № 859 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8950 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау жөнінде қызметтер көрсету қағидаларында:
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. Инватаксидің алдыңғы және артқы бөліктерінде "Мүгедектігі бар адам" төртбұрыш түріндегі және "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына 1-қосымшаға сәйкес Жол белгілерінің 7.17-тармағында көрсетілген жол белгісінің нышаны бейнеленген тану белгілері белгіленеді.";
мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
"21-1. Мемлекеттік органдар мен мекемелер отырғызуды, түсіруді жүзеге асыратын немесе мүгедектігі бар адамдарды күтіп тұрған "Мүгедектігі бар адам" тану белгілері бар инватакси үшін өздерінің әкімшілік ғимараттарының аумағындағы автотұрақтарға қолжетімділікті қамтамасыз етеді.";
23, 24, 25 және 26-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"23. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс қызмет көрсету үшін қажетті персоналдың жұмысы үшін инватакси, шарттары бар ұйымда, оның ішінде мүгедектігі бар адамдардан тапсырыстарды қабылдауға арналған, өтінімдерді қабылдау үшін ұялы байланысты қоса алғанда және Интернет желісі арқылы көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын бақылау үшін телефон келіссөздерін жазу мүмкіндігін қамтамасыз ететін құрылғымен жабдықталған өтінімдерді қабылдау үшін кемінде екі телефон нөмірімен жарақтандырылған диспетчерлік қызметте орналастырылады.
24. Инватакси қызметін көрсетуге қойылатын талаптар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта, оның ішінде мыналарды қамтитын шартта ескертіледі:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес инватакси қызметтерін ұсыну үшін объектілер мен межелі пункттердің тізбесі (бұдан әрі-тізбе);
2) тәулік ішінде күндізгі және түнгі уақытта инватаксидің жұмыс режимі, демалыс және мереке күндері;
3) инватакси тасымалы жүзеге асырылатын және диспетчерлік қызмет орналасқан, сондай-ақ оған инватакси қызметтерін көрсететін ұйымның автокөлік құралдары бекітілетін елді мекен;
4) инватаксиді тасымалдау жүзеге асырылатын елді мекенде тұрғылықты жері бойынша тұрақты тіркелген мүгедектігі бар адамдарға көрсетілетін инватакси қызметтері;
5) инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметтерінің, оның ғимараттары мен құрылысжайларының (бар болса), қызмет көрсету жөніндегі ақпараттың қолжетімділігін қамтамасыз етеді, оларға инватакси қызметтерін көрсету кезінде қажетті ыңғайлылықтар мен жағдайлар жасайды.
25. Инватакси қызметтерін көрсететін ұйым мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындау туралы шартта көзделген талаптарды орындайды.
26. Инватакси қызметін көрсету кезінде:
1) кресло-арбалармен қозғалатын және (немесе) өз бетінше қозғалу мүмкіндігі жоқ мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылған автокөлік пайдаланылады;
2) өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі бар және кресло-арбаларды пайдаланбайтын мүгедектігі бар адамдарды тасымалдау үшін отырғызуға және түсіруге арналған арнайы гидравликалық немесе жылжымалы (ашылатын) құрылғымен және кресло-арбаларды бекітуге арналған құралдармен жарақтандырылмаған автокөлік құралдарын пайдалануға жол беріледі.";
мынадай мазмұндағы 26-1 және 26-2-тармақтармен толықтырылсын:
"26-1. 12 жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларды инватакси конструкциясында көзделген қауіпсіздік белдіктерінің көмегімен баланы байлауға мүмкіндік беретін арнайы балалар ұстау құрылғысы немесе өзге де құралдар болмаған кезде, ал арнайы балалар ұстау құрылғысы болмаған кезде инватаксидің алдыңғы отырысында инватакси тасымалдауға жол берілмейді.
26-2. Жергілікті атқарушы орган ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 5-күніне дейінгі мерзімде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инватаксидің орындалған жұмыстарын растайтын мүгедектігі бар адамдардың нақты қолдары, сондай-ақ көрсетілетін қызметтердің сапасы мен санын растау үшін мүгедектігі бар адамдардың өтінімдерінің жазбалары бар маршруттық парақтарды жинауды жүзеге асырады.";
28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"28. Мүгедектігі бар адамдарға және мүгедектігі бар балаларға инватакси қызметін көрсетуге көрсеткіштер мыналар болып табылады:
1) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялау мен оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектігі бар адамдар үшін жеке көмекшінің қызметтерін ұсыну қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 288 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32994 болып тіркелген) 1-қосымшаға сәйкес жеке көмекшінің қызметтерін ұсынуға медициналық көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
2) "Мүгедектігі бар адамды абилитациялаудың және оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес мүгедектігі бар адамдарды протездік-ортопедиялық көмекпен, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдармен, арнаулы жүріп-тұру құралдарымен, оларды ауыстыру мерзімдерін қоса алғанда, қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 287 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32993 болып тіркелген) 2-қосымшаның 5-тармағына сәйкес протездік-ортопедиялық көмекті, техникалық көмекші (компенсаторлық) құралдарды және арнаулы жүріп-тұру құралдарын беруге медициналық-әлеуметтік көрсетілімдер мен қарсы көрсетілімдер;
3) құрылымында психикалық тұрақты мінез-құлықтағы анағұрлым бұзылысы бар, "Аутистік спектрдің бұзылуы F84.0-F84.5" диагнозы, "Ақыл-ой кемістігі F70-F79" диагнозы.
29. Мүгедектігі бар адамдарға инватакси қызметін көрсету үшін дәрігерлік-консультациялық комиссияның қолданыстағы қорытындысы негіз болып табылады.
Қызметті алу үшін мүгедектігі бар адам инватакси қызметін көрсететін ұйымға мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) өтініш (еркін нысанда);
2) жеке басын куәландыратын құжат немесе туу туралы куәлік;
3) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 026/е нысаны бойынша дәрігерлік-консультациялық комиссияның қорытындысы;
4) "Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 32922) 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мүгедектік туралы анықтама.
2), 3) және 4) тармақшаларда көрсетілген құжаттар салыстыру үшін түпнұсқаларда және көшірмелерде ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары мүгедектігі бар адамға қайтарылады.
Жеке және заңды тұлғаларға цифрлық құжаттар сервисі арқылы пайдаланылатын және ұсынылатын жеке басты куәландыратын құжаттар қағаз жеткізгіштегі құжаттарға тең.";
32-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"32. Инватакси қызметтері жұмыс, оқу кестесіне, сондай-ақ мектепке дейінгі ұйымның жұмыс кестесіне сәйкес мүгедектігі бар адамдар болып табылатын жұмыс істеушілерге, білім алушыларға, мектепке дейінгі ұйымдардың тәрбиеленушілеріне бірінші кезектегі тәртіппен ұсынылады. Мүгедектігі бар өзге адамдарға инватакси қызметтері олардың жүгіну тәртібімен ұсынылады. Мүгедектігі бар адамдарды инватаксимен тасымалдау маршруттық параққа сәйкес жүзеге асырылады.";
43 және 44-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"43. Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес мүгедектігі бар адам немесе мүгедектігі бар бала сапарда бір адаммен бірге жүреді. Еріп жүретін адамға сапар тегін.
Өз бетінше жүріп-тұру мүмкіндігі жоқ және (немесе) осы Қағидалардың 28-тармағының 3) тармақшасына сәйкес медициналық көрсетілімдері бар мүгедектігі бар адам ілесіп жүретін адам болған кезде инватаксиді тасымалдауға жол беріледі.
Мүгедектігі бар бала ата-анасының және (немесе) оның заңды өкілінің сүйемелдеуімен инватаксимен тасымалдауға жол беріледі.
Осы Қағидалардың 28-тармағына сәйкес инватакси қызметін көрсетуге көрсетілімдері жоқ және (немесе) ілеспе тұлға болып табылмайтын бөгде адамдарды инватаксимен тасымалдауға жол берілмейді.
44. Межелі пунктке келгеннен кейін инватакси жүргізушісінің маршруттық парағына мүгедектігі бар адам қол қояды, мүмкіндік болмаған жағдайда, дене функцияларының бұзылуына байланысты ілесіп жүретін адам қол қояды. Мүгедектігі бар бала үшін маршруттық параққа ата-анасы және (немесе) оның заңды өкілі қол қояды.";
қосымша осы тізбеге 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы тізбеге 2-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын.
2. "Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 348 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11002 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды ұйымдастырудың үлгі шартында:
1-қосымшаға 3-кесте осы тізбеге 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
3. "Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 349 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11550 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларында:
3-тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"17) рейс – бастапқы жөнелту пунктінен соңғы межелі пунктіне дейінгі автокөлік құралының жолы;";
мынадай мазмұндағы 26-1, 26-2, 26-3 және 26-4-тармақтармен толықтырылсын:
"26-1. Диспетчерлік қызмет мынадай функцияларды орындайды:
1) маршруттар бойынша автобустардың, шағын автобустардың және троллейбустардың үздіксіз және тұрақты қозғалысын қамтамасыз ету үшін кестенің сақталуын қадағалау және жедел реттеу;
2) автобустарды, шағын автобустарды және троллейбустарды тиісті санитариялық жағдайда қамтамасыз ету;
3) жүргізушілерге маршруттағы, оның ішінде жолдағы ауа-райы-климаттық немесе басқа жағдайларға байланысты қозғалыс ерекшеліктері туралы нұсқау беру;
4) жүргізушілердің рейс алдындағы (ауысым алдындағы) және рейстен кейінгі (ауысымнан кейінгі) медициналық куәландырудан және автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды техникалық қарап-тексеруден өтуін қадағалау;
5) нақты маршрут бойынша жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру үшін жүргізушілерде рұқсат құжаттарының болуын қадағалау.
26-2. Автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың қозғалысы кестеден ауытқыған жағдайларда олардың қозғалысын жедел реттеу жүзеге асырылады. Жедел реттеу мынадай іс-қимылдарды қамтиды:
1) автобус, шағын автобус және троллейбус кешіккен кезде:
кешіккен автобустың, шағын автобустың, троллейбустың тұрақ уақыты кесте бойынша тұрақ уақытының үштен бірінен аспайды (тұрақ бес минутқа дейін қысқармайды). Автобус жолаушыларының тұрақ уақытын қысқарту туралы ескерту;
егер автобустың, шағын автобустың, троллейбустың кешігуі осы маршрутта белгіленген қозғалыс ұзақтығының кемінде он - он бес пайызын құраған жағдайда, қозғалыс жылдамдығын, бірақ жол жүрісі қағидаларында және маршрут бойынша тиісті жол белгілерінде белгіленген жылдамдықтан артық емес ұлғайту. Бұл ретте жылдамдықты арттыру қозғалыс қауіпсіздігін төмендетпеуге тиіс және маршруттарда, ауа-райы-климаттық немесе жолдағы басқа жағдайларға байланысты маршрут бойынша қозғалыс күрделіленген жағдайларда жол берілмейді;
2) автобус, шағын автобус, троллейбус кестесінен озған кезде кестеде көрсетілген жөнелту уақытына дейін кідіртіледі;
3) рейс бұзылған кезде автобусты, шағын автобусты, троллейбусты тасымалдаушының резервтік автобусымен, шағын автобусымен, троллейбусымен ауыстыруды қамтамасыз етуге міндетті.
26-3. Диспетчерлік қызмет рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық қарап-тексеруден өтпеген автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды сондай-ақ рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық куәландырудан өтпеген немесе Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1288 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14095 болып тіркелген) Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру, сондай-ақ тахографтарды қолдану қағидаларында (бұдан әрі – Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру қағидалары) белгіленген еңбек және тынығу режимін сақтамайтын жүргізушілерді рейске жібермейді.
26-4. Диспетчерлік қызмет жедел ден қою және маршрутта автобустың, шағын автобустың, троллейбустың кедергісіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жолдарда туындаған жағдайлар бойынша автобус, шағын автобус, троллейбус жүргізушілерін хабардар ету үшін жергілікті жедел ден қою қызметтерімен (Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитеті (бұдан әрі – ӘПК), төтенше жағдайлар органдары, жедел жәрдем, коммуналдық қызметтер) өзара іс-қимыл жасайды.";
109-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"109. Бір күн ішінде бірнеше рейсті орындау кезінде рейс алдындағы медициналық куәландыру бірінші рейстің алдында бір рет, ал рейстен кейінгі медициналық куәландыру соңғы рейс аяқталғаннан кейін бір рет жүргізіледі.";
115-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"115. Медициналық қызметкер тасымалдаушыны жүргізуші қарап-тексеруден бас тартқан жағдайлар туралы, ауру, жарақат, психоактивті затты қолдану белгілері анықталған кезде жүргізушіні көлік құралдарын басқарудан шеттету туралы дереу хабардар етеді.
Жүргізушінің алкогольді және басқа да психоактивті, оның ішінде есірткі заттарды қолданғанын растаған кезде жұмыс беруші осы мәселе бойынша осы жүргізушіге әкімшілік шараларды қолдану үшін ӘПК аумақтық бөлімшесіне хабарлама жібереді.";
231-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"231. Балалардың ұйымдасқан топтарын тасымалдауды қамтамасыз ететін тасымалдаушы жүргізушілердің жұмысын Жүргізушілердің еңбегі мен тынығуын ұйымдастыру қағидаларына сәйкес және мынадай жағдайларды ескере отырып ұйымдастырады:
бір жүргізушімен ұзақтығы 12 сағатқа дейінгі, екі жүргізушімен 12 сағаттан асатын маршруттар бойынша;
жүргізушілер мен жолаушылардың кемінде 8 сағат (қонақ үйлерде, кемпингтерде) толыққанды демалуына жағдай жасауды ескере отырып, ұзақтығы 16 сағаттан асатын маршруттар бойынша."
4. "Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 546 бұйрығында (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12463 болып тіркелген):
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Автомобиль көлігімен жүктерді тасымалдау қағидаларында:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 10-1) тармақшамен толықтырылсын:
"10-1) рейс – автокөлік құралының бастапқы жөнелту пунктінен соңғы межелі пунктіне дейінгі жолы;";
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
"11-1. Бір күн ішінде бірнеше рейсті орындау кезінде рейс алдындағы медициналық куәландыру бірінші рейстің алдында бір рет, ал рейстен кейінгі медициналық куәландыру соңғы рейс аяқталғаннан кейін бір рет жүргізіледі.";
мынадай мазмұндағы 145-1-тармақпен толықтырылсын:
"145-1. Құйылмалы, үйіндімен және қаптармен тасымалданатын тауарларды қоспағанда, мемлекеттік бақылау мен қадағалаудың бақылауындағы агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін Қазақстан Республикасының аумағына әкелу "Қазақстан Республикасының Қырғыз Республикасымен және Ресей Федерациясымен шекаралас аумақтарында мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2019 жылғы 18 сәуірдегі № 158 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18552 болып тіркелген) сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу кезінде сынамаларды алу үшін технологиялық өтуді қамтамасыз ете отырып жүзеге асырылады.";
324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"324. Ені және ұзындығы бойынша шанақ көлемдерінен шығатын, бірақ № 342 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналған автокөлік құралдарының жол берілетін параметрлеріне сәйкес белгіленгеннен аспайтын жүгі бар автокөлік құралының габариттік параметрлері "Жол жүрісі қағидаларын, Көлік құралдарын пайдалануға рұқсат беру жөніндегі негізгі ережелерді, көлігі арнайы жарық және дыбыс сигналдарымен жабдықталуға және арнайы түсті-графикалық схемалар бойынша боялуға тиіс жедел және арнайы қызметтер тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 534 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33003 болып тіркелген) сәйкес алдыңғы және артқы жағынан белгіленеді.".
Инватакси қызметтерін көрсетуге арналған объектілердің және белгіленген пункттердің тізбесі
1) мүгедектігі бар адамның жұмыс орны;
2) мүгедектігі бар адамның оқу орны;
3) жергілікті өкілді және атқарушы органдар;
4) сот, прокуратура;
5) әлеуметтік инфрақұрылым объектілері;
6) заң консультациялары;
7) нотариус;
8) медициналық мекемелер (жедел (шұғыл) медициналық көмекті көрсету жағдайларды қоспағанда);
9) әуежайлар, теміржол вокзалдары, автовокзалдар, теңіз және өзен порттары;
10) арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсететін ұйымдар;
11) мүгедектігі бар адамдардың қажеттіліктері үшін массаж қызметтерін көрсететін ұйымдар.
Маршрут парағы
Инватакси қызметін көрсететін ұйымның атауы _______________________
_________________________________________________________________
Инватаксиді тасымалдау күні (күні, айы, жылы) _______________________
№ р/н | Мүгедектігі бар адам | Инватакси сапарының бағыты | Мүгедектігі бар адамға инватаксимен қызмет көрсету уақыты | |||||
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда оның болуы) | Телефон нөмірі | Қолы | Бастапқы жөнелту пункті | Соңғы межелі пункті | Инватаксидің келу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды отырғызу уақыты, сағат / минут | Мүгедектігі бар адамды түсіру уақыты, сағат / минут | |
1 | ||||||||
2 | ||||||||
3 | ||||||||
4 | ||||||||
5 | ||||||||
... |
Жүргізуші _______________________________________________ Жүргізушінің қолы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Диспетчер _______________________________________________ Диспетчердің қолы
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
3. Қалааралық облысаралық маршруттарда пайдаланылатын автобустарды, шағын автобустарды жаңарту бойынша кесте
Автобустарды, шағын автобустарды пайдалану мерзімі | Автобустар, шағын автобустар саны* | ||||||
2-3 | 4-6 | 7-10 | 11-15 | 16-25 | 26-50 | 51 және одан көп | |
10 жылға дейін | + | + | + | + | + | + | + |
10 жылдан 15 жылға дейін | 50% | 40% | 30% | 30% | 20% | 20% | 20% |
15 жылдан 18 жылға дейін | 30% | 30% | 25% | 25% | 24% | 22% | 21% |
18 жылдан астам | - | - | - | 4% | 6% | 10% | 15% |
"+" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етіледі;
"-" - маршрутта автобустарды, шағын автобустарды, троллейбустарды пайдалануға рұқсат етілмейді;
* - автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың жалпы санынан белгіленген пайыздық мәндегі автобустардың, шағын автобустардың, троллейбустардың санын анықтаған кезде мәні 0,5 және одан көп болса, саны ұлғаю жағына қарай анықталады (1 автобус, шағын автобус, троллейбус).