Кейбiр бұйрықтарға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2024 жылғы 8 қарашадағы № 371-НҚ бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 қарашада № 35354 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
А. Бижанова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі

      министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ Бұйрығына
қосымша

Өзгерістер мен толықтыру енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі

      1. "Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларында:

      1-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидалары "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын жағдайларды қоспағанда, салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі - МҒМО) беру тәртібін айқындайды.";

      3, 4 және 5-тармақтар келесідей редакцияда жазылсын:

      "3. Салыстырып тексеру зертханалары салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін және оларды МҒМО-ға беруді техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатты ресімдеу жолымен жүзеге асырады.

      4. Салыстырып тексеру зертханалары техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы сертификатты ресімдеу кезінде мынадай мәліметтерді көрсетеді:

      1) өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаттың (жарамсыздығы туралы хабарламаның) нөмірі және (немесе) өздігінен желімделетін лейблдің нөмірлік коды;

      2) өлшем құралының (эталонның) атауы;

      3) типі, белгіленуі;

      4) зауыттық нөмірі (деректер болған жағдайда);

      5) өлшем құралының өлшеу диапазоны;

      6) дайындаушы (деректер болған жағдайда);

      7) дайындалған күні (деректер болған жағдайда);

      8) пайдаланушы (деректер болған жағдайда);

      9) салыстырып тексеру жөніндегі нормативтік құжаттың белгіленуі мен атауы;

      10) салыстырып тексеру кезінде пайдаланылатын эталон мен қосалқы жабдықтың белгіленуі;

      11) класс немесе басқа да дәлдік сипаттамалары;

      12) өлшеуді бақылап тексеру туралы ақпарат;

      13) салыстырып тексеру күні;

      14) өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың немесе өздігінен желімделетін лейблдің жарамдылық мерзімі;

      15) бөлім (зертхана) басшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      16) салыстырып тексерушінің тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда);

      17) лейблдер, пломбалар бойынша мәліметтер.

      5. Салыстырып тексеру зертханалары ұсынатын деректер автоматты режимде келіп түскен сәттен бастап техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде есепке алынады.".

      2. "Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 болып тіркелген) келесідей өзгерістер пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларында:

      21-тармақ келесідей редакцияда жазылсын:

      "21. Салыстырып тексеру таңбалары өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижесі туралы куәландыруға арналған, сонымен бірге мыналар үшін пайдаланылады:

      1) металл таңбалар және пластикалық пломбалар - өлшем құралдарын реттеу тораптарына қолжетімділікті жабу үшін;

      2) жез таңбалар - шыны сыйымдылық өлшемдерін және шыны сұйық термометрлерді таңбалау үшін;

      3) өздігінен желімделетін лейблдер - өлшем құралдарына (пломбалау үшін көзделген құрылғылар болмаған жағдайда) немесе өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатқа немесе өлшем құралдарының техникалық құжаттамасына салуға арналған.";

      келесідей мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:

      "21-1.Салыстырып тексеру таңбаларын салу тәсілдері:

      1) металл таңбаның бедері мастикаға, сүргішке басу немесе қорғасын тығынына соққылау әдісімен пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыға салынады;

      2) жез таңбаның бедері химиялық заттарға үйкелуіне төзімді сыйымдылықтың шыны өлшемдерінің немесе термометрлердің корпусына салынады;

      3) пластикалық пломба пломбалау үшін конструктивті көзделген құрылғыларға салынады;

      4) өздігінен желімделетін лейбл желімдеу жолымен салынады.";

      Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына 2-қосымша осы тізбенің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      3. "Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 27 желтоқсандағы № 934 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18094 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа қосымша осы тізбенің 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификатының нысанында:

      20 және 21-тармақтар келесідей редакцияда жазылсын:

      "20. Өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде "Салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебі және оларды мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа беру туралы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 28 қыркүйектегі № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8057 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелерін ресімдеу кезінде "Өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемелерін әзірлеу, бекіту, өлшем бірлігін қамтамасыз ету мемлекеттік жүйесінің тізілімінде тіркеу және қолдану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 923 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18059 болып тіркелген) сәйкес қолдануға рұқсат беру кезінде ҚР МӨЖ тізілімінде тіркелген өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесінің мәліметтері қолданылады.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексерудің оң нәтижелері өлшем құралына немесе өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификатына немесе пайдалану құжаттамасына басылатын салыстырып тексеру таңбасының бедерімен, сондай-ақ осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес нысан бойынша салыстырып тексеру жүргізілген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде өлшем құралына салыстырып тексеру туралы сертификатты беру арқылы куәландырылады.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың нөмірі Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2014 жылғы 13 маусымдағы № 215 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9582 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 215 бұйрық) бекітілген Салыстырып тексеру таңбаларын дайындау, сақтау және қолдану қағидаларына сәйкес берілген салыстырып тексеру зертханасының шифрін, ҚР СТ 2.42-2002 "ҚР МӨЖ. Өлшем түрлері. Жіктеу" (бұдан әрі – ҚР СТ 2.42-2002) сәйкес өлшем түрінің нөмірі, салыстырып тексеру жылының соңғы екі цифры және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың реттік нөмірін қамтиды.

      Өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың қолданылу мерзімі өлшем құралдарын салыстырып тексеру кезеңділігін есепке ала отырып көрсетіледі.

      Егер өлшем құралдарын салыстырып тексеру нәтижелері бойынша қолдануға жарамсыз деп танылса, онда қолданыстағы салыстырып тексеру таңбасының бедері өшіріледі және пайдалану құжаттамасында тиісті жазба жасалады, қолданыстағы өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаттың күші жойылады және осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қолданысқа жарамсыздығы туралы хабарлама техникалық реттеудің ақпараттық жүйесінде ресімделеді.

      Өлшем құралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаның нөмірі № 215 Бұйрыққа сәйкес берілген салыстырып тексеру зертханасының шифрын, ҚР СТ 2.42-2002 сәйкес өлшем түрінің нөмірі, салыстырып тексеру жылының соңғы екі цифрын және өлшем құралдарын қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламаның реттік нөмірін қамтиды.

      21. Салыстырып тексеру аяқталғаннан кейін салыстырып тексеру зертханасы өтінім берушіге өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы ресімделген сертификатымен немесе өлшем құралдарының қолдануға жарамсыздығы туралы хабарламамен бірге береді, сонымен бірге Мемлекеттік ғылыми метрологиялық орталыққа (бұдан әрі – МҒМО) салыстырып тексерілетін өлшем құралдары туралы деректердің электрондық есебін жүзеге асыру үшін салыстырып тексерілген өлшем құралдары туралы мәліметтерді береді.";

      Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаты нысанының 1-қосымшасы осы тізбенің 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      Өлшем құралдарына салыстырып тексеру жүргізу, өлшем құралдарын салыстырып тексерудің мерзімділігін белгілеу қағидаларын және өлшем құралдарын салыстырып тексеру туралы сертификаты нысанының 2-қосымшасы осы тізбенің 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ Тізбеге
1-қосымша
  Салыстырып тексеру
таңбаларын дайындау, сақтау
және қолдану қағидаларына
2-қосымша
  нысан

Пластикалық пломбаларды және өздігінен желімделетін лейблдерді таңбалау және габариттік өлшемдері

      Пластикалық пломбалардың нысаны



      А - корпустың ені 20 мм;

      Б - корпустың биіктігі 25 мм;

      В - типін бекіту белгісінің биіктігі 5 мм;

      Г - QR-кодтың өлшемі 10×10 мм;

      Д - таңбалау, нөмірлеу және ақпараттық ресурстың мекенжай өлшемі 15 мм;

      Е - шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм;

      Ж - ашық күйдегі пломбаның биіктігі 30 мм;

      Пластикалық пломбаның қалыңдығы 6,5 мм.

      Өздігінен желімделетін лейблдердің нысаны



      А - лейблдің ені 22 мм;

      Б - лейблдің биіктігі 18 мм;

      В - QR-код өлшемі 10×10 мм;

      Г - типін бекіту белгісінің биіктігі 6 мм;

      Д -галограмманың ені 4 мм;

      Е - ақпараттық ресурс мекенжайының өлшемі 12 мм;

      Ж - шифрды, жылды және тоқсанды таңбалаудың өлшемі 10 мм;

      З - нөмірлеуді таңбалаудың өлшемі 12 мм;

      И - өрнектердің ені 1,5 мм.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ Тізбеге
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
  Инвестициялар және даму
министрінің
2018 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 934 бұйрығына
қосымша

      Аккредиттеу белгісі

      __________________________________________________________________________

      (салыстырып тексеру зертханасының немесе салыстырып тексеру зертханасы

      бөлімшесінің атауы)

      __________________________________________________________________________

      (аккредиттеу аттестататының нөмірі)

      Өлшем құралының салыстырып тексеру туралы сертификаты №_______

      __________________________________________________________________________

      (өлшем құралының атауы)

      Типі ________________________________________________________________

      Зауыттық нөмірі ___________________________________________________________

      (өлшем құралының өлшеу диапазоны)

      Дайындаушы _________________________________________________________

      Дайындалған күні _____________________________________________________

      Пайдаланушы ________________________________________________________

      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)

      Салыстып тексеру _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________ сәйкес

      (салыстырып тексеру әдістемесінің белгіленуі және атауы)

      __________________________________________________________________________

                        (шама бірлігі эталонының атауы, зауыттық нөмірі)

      шама бірліктері эталондарын пайдалана отырып, жүргізілді.

      Салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде өлшем құралы жарамды деп

      танылды және ______________________ дәлдік сыныбы бойынша қолдануға жіберілді.

      Өлшеуді бақылап тексеру туралы ақпарат*: __________________________

      Салыстырып тексеру күні 20__жылғы "___"_________________________

      20 __ жылғы "___"___________ дейін жарамды.

      Бөлімше (зертхана) басшысы ___________ ______________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеруші___________ _____________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеру таңба туралы ақпарат** және техникалық реттеудің ақпараттық жүйесімен қалыптастырылған QR коды

      Ескертпе:

      *өлшем нәтижесі метрологиялық бақыланатын шама бірлігінің эталоны;

      **толтыру кезіндегі салыстырып тексеру таңбасының түрі, нөмірі:

      өздігінен желімделетін лейбл үшін: ӨЖЛ-реттік нөмірі;

      пластикалық пломба үшін: ПП-реттік нөмір.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ Тізбеге
3-қосымша
  Өлшем құралдарын салыстырып
тексеруді жүргізу, салыстырып
тексерудің кезеңділігін белгілеу
қағидаларына және өлшем
құралдарын салыстырып тексеру
туралы сертификат нысанына
1- қосымша

      нысан

Өлшем құралдарын салыстырып тексеруге өтінім

Бизнес-сәйкестендіру нөмірі*/
Жеке сәйкестендіру нөмірі**

Есеп айырысу шоты*

Өтінім берушінің толық атауы

Телефон нөмірі

Электрондық пошта мекенжайы

Өлшем құралдарының атауы

Өлшем құралдарының типі

Дайындалған жылы

Саны

1

2

3

4

5

6

7

8

9

      Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ өлшем құралдарын салыстырып тексеру және салыстырып тексеру қорытындылары бойынша тиісті құжаттаманы ресімдеу мақсатында дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеуге және пайдалануға келісім беремін.

      Өтінім берушінің қолы:_______

      Өтінім берушінің қол қойған күні: ___

      Ескертпе:

      * деректерді заңды тұлғалар ұсынады;

      ** деректерді жеке тұлғалар ұсынады.

  Қазақстан Республикасы
Сауда және интеграция
министрінің міндетін атқарушы
2024 жылғы 8 қарашадағы
№ 371-НҚ Тізбеге
4-қосымша
  Өлшем құралдарын салыстырып
тексеруді жүргізу, салыстырып
тексерудің кезеңділігін белгілеу
қағидаларына және өлшем
құралдарын салыстырып тексеру
туралы сертификат нысанына
2-қосымша

      Аккредиттеу белгісі

      ____________________________________ _____________________________________

      (салыстырып тексеру зертханасының немесе

      салыстырып тексеру зертханасы бөлімшесінің атауы)

      _________________________________________________________________________

                        (аккредиттеу аттестатының нөмірі)

      Қолданысқа жарамсыздығы туралы ХАБАРЛАМА № ______

      Өлшем құралы _____________________________________________________

      (атауы, типі, белгіленуі)

      Зауыттық нөмірі _________________________________________________________

      __________________________________________________________________ тиесілі.

      (заңды (жеке) тұлғаның атауы)

      салыстырып тексеру нәтижелерінің негізінде қолданысқа жарамсыз деп танылды.

      Жарамсыздық себебі:________________________________________________________

      Бөлімше (зертхана) басшысы ___________ _____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      Салыстырып тексеруші __________ ___________________________________________

                                    (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (ол бар болған жағдайда))

      "___"______________ 20__ж.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады