"Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2024 жылғы 29 қарашадағы № 101 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылы 2 желтоқсанда № 35430 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 4 т. қараңыз

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Денсаулық сақтау саласындағы білім беру деңгейлері бойынша мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2022 жылғы 4 шiлдедегi № ҚР ДСМ-63 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28716 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада бекітілген техникалық және кәсіптік білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "4. Білім беру қызметін жоспарлау және ұйымдастыру оқу бағдарламалары мен жоспарлары негізінде жүзеге асырылады.

      Оқу бағдарламалары мен жоспарлары жұмыс оқу жоспарлары мен бағдарламаларына бөлінеді. Оқу процесін жоспарлау кезінде оқу жоспарлары осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес білікті жұмысшы кадрлар деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің (бұдан әрі – ТжКБ) үлгілік оқу жоспарына қойылатын талаптар негізінде әзірленеді.

      Кредиттік оқыту технологиясы бойынша оқу жоспарларында міндетті компоненттің сағат көлемі (теориялық оқыту, өндірістік оқыту, кәсіптік практика, аралық және қорытынды аттестаттау) Үлгілік оқу жоспарына сәйкес айқындалады.";

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. ТжКБ ұйымының білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде:

      1) оқу пәндерінің көлемін міндетті оқуға бөлінген кредиттердің және (немесе) сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарларына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндердің мазмұнына сәйкес айқындайды;

      2) бiр мамандық шеңберінде бiлiктiлiк бірізділігін, тiзбесiн және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.";

      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Жалпы білім беретін пәндердің тізбесі мен көлемі қоғамдық-гуманитарлық бағыттар бойынша мамандық бейіні ескеріле отырып айқындалады.

      Мамандық бейініне қарамастан міндетті жалпы білім беретін пәндерге: "Қазақ тілі" және "Қазақ әдебиеті", "Орыс тілі және әдебиеті" (оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Орыс тілі" және "Орыс әдебиеті", " Қазақ тілі және әдебиеті" (оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін), "Шетел тілі", "Математика", "Информатика", "Қазақстан тарихы", "Дене шынықтыру", "Алғашқы әскери-технологиялық дайындық", " Физика", "Химия", "Биология", "География", "Графика және жобалау", "Дүниежүзі тарихы" және "Жаһандық құзыреттілік" курсы жатады.

      "Дене шынықтыру" бойынша сабақтар міндетті болып табылады және теориялық оқыту кезеңінде аптасына кемінде 3 сағат жоспарланады, оның ішінде факультативтік сабақтар немесе спорт секциялары есебінен аптасына 1 сағат жоспарлауға жол беріледі.

      Білім беру ұйымдарында алғашқы әскери және технологиялық дайындық бойынша сабақтар қыздарға ұлдармен бірге "Медициналық білім негіздері" бөлімі бойынша – бөлек өткізіледі. Алғашқы әскери дайындық курсы аяқталғаннан кейін білім алушылармен жергілікті әскери басқару органдарымен бірлесіп оқу-далалық (лагерь) жиындар өткізіледі. Оқу-далалық жиын кезеңінде қыз балалар медицина жұмыскерінің жетекшілігімен ТжКБ ұйымдарында медициналық-санитариялық дайындықтан өтеді. "Өмір қауіпсіздігі негіздері" оқу бағдарламасының мазмұны "Алғашқы әскери және технологиялық дайындық" оқу пәнінің шеңберінде жүзеге асырылады;";

      13 және 14-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Оқыту нәтижелерінің жетістіктерін бағалау әртүрлі бақылау түрлерімен жүргізіледі: үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау.

      Бақылау жұмыстары, сынақтар және курстық жобалар (жұмыстар) пәнді, соның ішінде модульге біріктірілген пәнді оқуға бөлінген оқу уақыты есебінен, емтихандар – аралық немесе қорытынды аттестаттауға бөлінген мерзімде өткізіледі.

      Білім беру ұйымдары білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауды жүзеге асыру және аралық аттестаттауды өткізу нысандарын, тәртібі мен кезеңділігін дербес таңдайды.

      Жалпы білім беретін пәндер бойынша аралық аттестаттау: оқыту қазақ тілінде жүргізілетін топтар үшін қазақ тілі, орыс тілі және әдебиеті; оқыту орыс тілінде жүргізілетін топтар үшін орыс тілі, қазақ тілі және әдебиеті; Қазақстан тарихы, математика және мамандық бейініне сәйкес білім беру ұйымының таңдау пәні бойынша емтихандар өткізуді көздейді. Жалпы білім беретін пәндер бойынша емтихандар "Жалпы білім беретін пәндер" модуліне бөлінген кредиттер және (немесе)/сағаттар есебінен өткізіледі.

      ТжКБ білім беру бағдарламасының аяқталуына қарай қорытынды аттестаттау өткізіледі.

      Оны өткізуге арналған оқу уақытының көлемі 2 аптадан аспайтын уақытты құрайды.

      Қорытынды аттестаттау ТжКБ бағдарлама түлектерінің кәсіби даярлығын бағалау болып табылады және:

      1) білімді бағалау;

      2) дағдыларды бағалаудан тұрады.

      Қорытынды аттестаттау білім алушылардың білімі мен дағдыларын бағалау бойынша денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган аккредиттеген ұйымдармен келісілген мерзімде өткізіледі.

      Денсаулық сақтау саласындағы білім беру бағдарламасының түлектерін қорытынды бағалаудың, қорытынды аттестаттаудың (мемлекеттік емтихан) оң нәтижелері білім деңгейі туралы құжатты және маман сертификатын алуға құқық береді.

      14. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлемі аптасына 54 сағаттан аспайды.

      Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

      Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды. Студенттің педагогтың жетекшілігімен аудиториялық жұмысы және өзіндік жұмысының көлемі (бұдан әрі – ПСӨЖ) жылына 60 кредитті /1440 сағатты құрайды, бұл ретте ПСӨЖ көлемі әрбір пән көлемінің отыз пайызынан аспайды. Студенттің өзіндік жұмыс көлемі (бұдан әрі – СӨЖ) жылына 15 кредитті/360 сағатты құрайды.

      Дуальды оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында көзделмейді.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар көзделген.

      Білім алушының оқу жүктемесінің көлемі әрбір пән және (немесе) модуль немесе оқу жұмысының түрлері бойынша меңгеретін оқыту нәтижелері бойынша кредитпен/сағатпен өлшенеді. 1 кредит 24 академиялық сағатқа, 1 академиялық сағат 45 минутқа тең.";

      ТжКБ-нің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген стандартқа 2-қосымшамен бекітілген орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Орта білімнен кейінгі білімнің (бұдан әрі – ОБКБ) мазмұны білім беру бағдарламаларымен айқындалады және оқыту нәтижелеріне бағдарланады. ОБКБ бағдарламаларының мазмұны теориялық сабақтарды, зертханалық-практикалық жұмыстарды орындауды, өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді қамтитын базалық және кәсіптік құзыреттерді игеруді көздейді.

      Білім беру бағдарламаларын ОБКБ ұйымдары жұмыс берушілердің қатысуымен осы стандарттың 1-қосымшасында көзделген мамандық және біліктілік бойынша ОБКБ бағдарламалары түлегінің базалық және кәсіптік құзыреттіліктерінде көрсетілген оқытудың түкқілікті нәтижелеріне, кәсіптік стандарттар (бар болса) және WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттар (бар болса) талаптарының негізінде дербес әзірлейді.

      Білім беру бағдарламасына:

      1. Білім беру бағдарламасының паспорты;

      2. Құзыреттер тізімі;

      3. Білім беру бағдарламасының мазмұны:

      3.1. Модульдердің (пәндердің)мазмұны;

      3.2. Білім беру бағдарламасының модульдері (пәндері) бөлінісінде игерілген кредиттер/сағаттар көлемін көрсететін жиынтық кесте;

      3.3. Құзыреті бойынша пәндер матрицасы (модульдік бағдарламалар үшін).

      ОБКБ білім беру бағдарламаларында оқыту нәтижелері көрсетіледі, олардың негізінде пәндер/модульдер бойынша жұмыс оқу жоспарлары мен жұмыс оқу бағдарламалары әзірленеді.

      Білім беру ұйымының қалауы бойынша білім беру бағдарламалары әр оқу жылының басында жұмыс берушілердің, WorldSkills (Ворлдскилс) кәсіптік стандарттарының (бар болса) өзгеретін талаптарына сәйкес өзектендіріледі.

      6 - тармақ алып тасталсын;

      7, 8, 9 және 10-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Кәсіби модульдердің мазмұны (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) экологиялық және/немесе өнеркәсіптік қауіпсіздіктің заманауи талаптарын ескереді.";

      8. Кәсіптік модульдер (жалпы кәсіптік және арнайы пәндер) үлгілік оқу жоспарларына сәйкес айқындалады.

      ОБКБ білім беру бағдарламалары теориялық оқытумен қатар өндірістік оқытудан және кәсіптік практикадан өтуді көздейді.

      Кәсіптік практика оқу, өндірістік және диплом алды болып бөлінеді.

      Өндірістік оқыту мен кәсіптік практиканы өткізу мерзімдері мен мазмұны оқу процесінің жоспарымен және жұмыс оқу бағдарламаларымен айқындалады.

      Дуальды оқытуды пайдаланумен ОБКБ білім беру бағдарламалары білім беру ұйымдарындағы теориялық оқытуды және кәсіпорын (ұйым) базасында кемінде алпыс пайыздық өндірістік оқытуды, кәсіптік практиканы көздейді.

      9. Жұмыс оқу жоспарлары осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес ОБКБ үлгілік оқу жоспарларына сәйкес әзірленеді.

      Жұмыс оқу жоспарлары оқыту нәтижелеріне бағдарлана отырып оқу бағдарламасының барлық модульдері бойынша әзірленеді және ОБКБ ұйымымен бекітіледі.

      10. ОБКБ ұйымы білім беру бағдарламаларын әзірлеу кезінде:

      1) оқу пәндерінің көлемін міндетті оқуға бөлінген кредиттердің және (немесе) сағаттардың жалпы санын сақтай отырып, үлгілік оқу жоспарларына және үлгілік оқу бағдарламаларына сәйкес пәндердің мазмұнына сәйкес айқындайды;

      2) бiр мамандық шеңберінде бiлiктiлiк бірізділігін, тiзбесiн және санын айқындайды;

      3) оқу процесін ұйымдастыру мен бақылау нысандарын, әдістерін, оқытудың әртүрлі технологияларын таңдайды.";

      23 және 24-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Білім алушылардың ең жоғары оқу жүктемесі аптасына 54 сағаттан аспайды.

      Оқу жүктемесі білім алушының білім беру бағдарламасында белгіленген оқу нәтижелеріне қол жеткізуі үшін талап етілетін уақытпен өлшенеді.

      Оқу жүктемесі білім алушының барлық оқу қызметін қамтиды – дәрістер, семинарлар, курстық жұмыстар (жобалар), практикалық және зертханалық жұмыстар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, оның ішінде педагогтің жетекшілігімен өзіндік жұмыс.

      Білім алушының оқу жүктемесін айқындау кезінде оқу жылы академиялық кезеңдерден (семестрлерден), аралық аттестаттау кезеңдерінен, практикалардан және (немесе) өндірістік оқытудан, каникулдардан, қорытынды аттестаттау кезеңінен (бітіру курсында) тұратынын ескеру қажет.

      Академиялық кезеңдер мен демалыстардың ұзақтығын ОБКБ ұйымы дербес айқындайды.";

      24. Оқу жылындағы оқу жүктемесінің жалпы саны кемінде 75 кредитті немесе кемінде 1800 академиялық сағатты құрайды. Педагогтің басшылығымен студенттің аудиториялық жұмысы мен өзіндік жұмысының көлемі (СӨЖ) жылына 60 кредитті /1440 сағатты құрайды, бұл ретте ӨЖЖ көлемі әрбір пәннің және/немесе модульдің көлемінің отыз пайызынан аспайды. Студенттің өзіндік жұмыс көлемі (СӨЖ) жылына 15 кредитті /360 сағатты құрайды.

      Қосарлы оқыту кезінде СӨЖ оқу жоспарларында көзделмейді.

      Білім алушылардың жеке қабілеттерін дамыту және көмек көрсету үшін факультативтік сабақтар мен консультациялар қарастырылған.

      26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "26. Міндетті оқу сабақтары уақытының көлемі кешкі оқыту нысаны үшін көзделген кешкі оқу нысаны үшін 70% құрайды.

      31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. ОБКБ кадрларды даярлау жалпы орта білімнің, ТжКБ-нің, ОБКБ-нің, сондай-ақ жоғары білімнің базасында жүзеге асырылады.

      Техникалық және кәсіптік білімнің, ОБКБ-нің, сондай-ақ жоғары білімнің білім беру бағдарламаларының базасында оқуға түскен кезде формальды білім берудің алдыңғы деңгейінің оқу нәтижелері автоматты түрде танылады, меңгерілген академиялық кредиттер саны және оқу ұзақтығы қысқарады.".

      ОБКБ-нің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген жоғарғы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "7. Жалпы білім беретін пәндер циклінің көлемі 56 академиялық кредитті құрайды. Олардың 51 академиялық кредиті міндетті компонент пәндеріне тиесілі: Қазақстан тарихы, Философия, Қазақ (орыс) тілі, Шетел тілі, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Дене шынықтыру, Әлеуметтік-саяси білім модулі (саясаттану, әлеуметтану, мәдениеттану, психология).";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша эксперименттік-зерттеу жұмыстары шеңберінде білім алушының жеке жұмыс жоспарымен инновациялық технологиялармен және өндірістің жаңа түрлерімен танысу үшін ғылыми ұйымдарда және (немесе) денсаулық сақтау саласының ұйымдарында ғылыми тағылымдамадан өту көзделеді.";

      келесі мазмұндағы 19-1 тармақпен толықтырылсын:

      "19-1. Кемінде 10 (он) жыл жұмыс өтілі бар тиісті бейіндегі оқытушылардың және (немесе) оқу бейіні бойынша еңбек қызметін жүзеге асыратын мамандардың үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламасы білім алушылардың магистрлік жобаларына жетекшілік етуді жүзеге асыруы.";

      24 және 25-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "24. Жоғары білімнің білім беру бағдарламасы бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға "Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары бойынша Жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымшаға сәйкес дәреже беріледі, қосымшамен (транскрипт) және (немесе) дипломға (Diploma Supplement) (саплэмент дипломы) жалпыеуропалық қосымшамен жоғары білімі туралы диплом беріледі, бұл маманға денсаулық сақтау саласындағы сертификатты алуға мүмкіндік береді.

      25. Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламалары бойынша оқуды аяқтаған және қорытынды аттестаттаудан сәтті өткен адамдарға "Медицина", "Педиатрия" білім беру бағдарламаларының түлектеріне "Медицина магистрі", "Стоматология" білім беру бағдарламасының түлектеріне – "Стоматология магистрі", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектеріне "Медицина магистрі" дәрежесі беріледі – "Денсаулық сақтау магистрі", дипломға қосымшасы (транскрипт) және (немесе) жалпыеуропалық қосымшасы бар жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом (diploma Supplement (диплом саплэмент), "Медицина", "Педиатрия" білім беру бағдарламаларының түлектері үшін "Дәрігер" біліктілігін бере отырып, "Стоматология" білім беру бағдарламасының түлектері үшін интернатураны бітіргені туралы куәлік беріледі – "Дәрігер стоматолог (ересектер, балалар)", "Медициналық-профилактикалық іс" білім беру бағдарламасының түлектері үшін – "Дәрігер-гигиенист, эпидемиолог".";

      40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Осы стандарттың 38, 39-тармақтарында көрсетілген оқу жүктемесі үлгілік оқу жүктемесін білдіреді. Студент семестр ішінде академиялық кредиттердің аз немесе көп санын меңгереді. Білім алушылардың жекелеген санаттары үшін оқыту нысаны мен технологиясына байланысты оқыту нәтижелеріне қол жеткізудің нақты уақыты ерекшеленеді және жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында (бұдан әрі – ЖЖОБҰ) дербес есептеледі.

      Білім алушы оқытудың жеке траекториясын айқындау кезінде жоғары оқу орындары компоненті және (немесе) таңдау компоненті шеңберінде негізгі білім беру бағдарламасы (Major (мейджер)) бойынша пәндерді таңдайды.";

      Денсаулық сақтау саласындағы жоғары білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына қосымша осы бұйрыққа 3–қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;

      көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшамен бекітілген жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында:

      75-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "75. Резидентурада даярлау аудиториялық жұмысты, тәлімгердің жетекшілігімен дербес клиникалық жұмысты және білім алушының өзінің дербес жұмысын қамтиды. Теориялық даярлық көлемі оқу бағдарламасы көлемінен 20% -дан аспайды. Онлайн оқытуды пайдалана отырып өткізілетін сабақтардың ең аз көлемі оқу жоспары көлемінен 20 %-дан аспайтын көлемге жол беріледі.

      Резидентурада онлайн оқытуды ұйымдастыру үшін ЖЖОБҰ-да, ғылыми-зерттеу институттарында/ғылыми орталықтарда мыналарды қамтамасыз етеді:

      - өзінің ақпараттық-технологиялық инфрақұрылымының, білім беруді басқарудың ақпараттық жүйесінің (ақпараттық-білім беру порталы, веб-сайт, білім беруді кредиттік технологиямен қамтамасыз етудің автоматтандырылған жүйесі, ақпараттық қауіпсіздік және деректерді қорғау жүйелері) және өзге де ақпараттық-білім беру ресурстары мен оқу процесін ұйымдастыру үшін жағдайлардың болуы;

      - оқытуды басқару жүйесінде цифрлық контенттің, синхронды (бір уақытта 200 (екі жүз) пайдаланушыны қосу мүмкіндігі бар бейне-конференц байланысы үшін бағдарламалық қамтамасыз ету) және асинхронды оқыту, онлайн-прокторинг жүйелерінің функциялары бар цифрлық платформалардың болуы.

      - оқу материалын қашықтан оқыту форматына тиімді бейімдей алатын, білім алушылардың үлгерімі мен кері байланысын бағалаудың тиімді жүйелерін әзірлей алатын білікті педагог кадрлардың онлайн оқыту;

      - білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау процесінің әділдігі мен объективтілігі;

      - пәндерді оқытатын оқытушылар бейіні бойынша кемінде 3 жылда бір рет, бір оқу курсының көлемі кемінде 60 сағат біліктілікті арттырудан өтуді.

      - оқу материалдарының "Медициналық және фармацевтикалық мамандықтар бойынша үлгілік білім беру бағдарламаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес келу (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31672 болып тіркелген);

      - барлық білім алушыларға, олардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып және оқу үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ете отырып материалдарының қолжетімділігін;

      - оқыту кезінде білім алушыларға оқытушылар немесе техникалық мәселелер жөніндегі мамандар тарапынан қолдау және көмек алу мүмкіндігін беруді.";

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты оны ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2025 жылғы 1 қыркүйекте қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың үшінші, төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші, отыз жетінші, отыз сегізінші, отыз тоғызыншы, қырықыншы, қырық бірінші, қырық екінші, қырық үшінші, қырық төртінші, қырық бесінші, қырық алтыншы, қырық жетінші, қырық сегізінші, қырық тоғызыншы, елуінші, елу бірінші, елу екінші, елі үшінші, елу төртінші, елу бесінші, елу алтыншы, елу жетінші, елу сегізінші, елу тоғызыншы, алпысыншы, алпыс бірінші, алпыс екінші, алпыс үшінші, алпыс төртінші, алпыс бесінші, алпыс алтыншы, алпыс жетінші, алпыс сегізінші, алпыс тоғызыншы, жетпісінші, жетпіс бірінші, жетпіс екінші, жетпіс үшінші, жетпіс төртінші, жетпіс бесінші, жетпіс алтыншы және жетпіс жетінші, сексен сегізінші, сексен тоғызыншы және тоқсаныншы абзацтарын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің м.а.
Т. Султангазиев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Оқу-ағарту министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ғылым және жоғары білім министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 101 Бұйрыққа
1-қосымша
  Техникалық және
кәсіптік білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
1-қосымша

Білікті жұмысшы кадрлар деңгейлеріне арналған модульдік оқыту технологиясы бойынша техникалық және кәсіптік білім берудің үлгілік оқу жоспары

Циклдердің және оқу жұмысының атауы

Кредит/сағат саны

ЕББҚ бар тұлғалар үшін (ақыл-ойы сақталмаған)

негізгі орта білім базасында

жалпы орта білім базасында

техникалық және кәсіптік білім, жоғары білім базасында

1

2


3

4

5


Білікті жұмысшы кадрлар





1

Жалпы білім беру пәндері

+

75 (60+15 СӨЖ)/1800(1440+360 СӨЖ)

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер

+

+

+

+

3

Жалпы кәсіптік пәндер

+

+

+

+

4

Арнайы пәндер

+

+

+

+

5

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика*


жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 40%

6

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

7

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+


Міндетті оқыту қорытындысы

120/2880

150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) – 225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**

75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ)**

75 (60+15)/1800 (1440+360 СӨЖ)

8

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

9

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен

138/3312

168 (138+30)/4032 (3312+720) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360) – 168 (138+30)/4032 (3312+720 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360 СӨЖ)


Орта буын маманы





1

Жалпы білім беру пәндері


75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)

-

-

2

Жалпы гуманитарлық пәндер


+

+

+

3

Әлеуметтік-экономикалық пәндер


+

+

+

4

Жалпы кәсіптік пәндер


+

+

+

5

Арнайы пәндер


+

+

+

6

Өндірістік оқыту және кәсіптік практика*


жалпы кәсіптік және арнайы пәндердің жалпы көлемінің кемінде 40%

7

Аралық аттестаттау


+

+

+

8

Қорытынды аттестаттау


+

+

+


Міндетті оқыту қорытындысы

-

225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ) – 300 (240+60)/7200 (5760+1440 СӨЖ)

150 (120+30)/3600 –225 (180+45)/5400 (4320+1080 СӨЖ)

75 (60+15)/1800 (1440+360 СРС) – 150 (120+30)/3600 (2880+720 СӨЖ) **

9

Факультативтік сабақтар


аптасына 4 сағаттан аспайды

10

Консультация


оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Білім алушының оқу жүктемесінің жалпы саны кредитпен/сағатпен


252 (207+45)6048 (4968+1080 СӨЖ) – 336 (276+60)/8064 (6624+1440 СӨЖ)**

168 (138+30)/4032 (3312+720 СРС) – 252 (207+45)/6048 (4968+1080 СӨЖ)**

84 (69+15)/2016 (1656+360)-168 (138+30)/4032 (3312+720)**

      Ескертпе:

      ЕБҚ – ерекше білім беру қажеттіліктері ;

      СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы.

      * оның ішінде жалпы кәсіптік және арнайы пәндер бойынша зертханалық-практикалық сабақтар, курстық және дипломдық жобалау.

      ** біліктіліктің күрделілігіне байланысты анықталады.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 101 Бұйрыққа
2-қосымша
  Орта білімнен кейінгі
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті
стандартына
2-қосымша

Орта білімнен кейінгі білім берудің үлгілік оқу жоспары

Р/с

Модульдер блогы және оқу қызметі түрлерінің атауы

Кредиттер/сағаттар саны

Жалпы орта білім базасында

Білікті жұмысшы кадрларының біліктілігі мен техникалық және кәсіптік білім базасында

Орта буын маманы біліктілігі мен техникалық және кәсіптік білім базасында

Жоғары білім базасында

1

2

3

4

5

6

1

Базалық модульдер

+

+

+

+

2

Кәсіптік модульдер

+

+

+

+

3

Аралық аттестаттау

+

+

+

+

4

Қорытынды аттестаттау

+

+

+

+


Міндетті оқыту жиыны

225 (180+45 СӨЖ)/5400 (4320+1080 СӨЖ)**

150 (120+30 СӨЖ)/3600(2880+ 720 СӨЖ)**

75 (60+15 СӨЖ)/1800 (1440+360 СӨЖ)

75 (60+15 СРС)/1800 (1440+360 СӨЖ)

5

Факультативтік сабақтар

аптасына 4 сағаттан аспайды

6

Консультация

оқу жылына 100 сағаттан аспайды


Барлығы

252 (207+45 СӨЖ)/6048 (4968+1080 СӨЖ)

168 (138+30 СӨЖ)/4032 (3312+720 СӨЖ)

84 (69+15 СӨЖ)/2016 (1656+360 СӨЖ)

84 (69+15 СРС)/2016 (1656+360 СӨЖ)

      Ескертпе:

      СӨЖ – студенттің өзіндік жұмысы.

      * Өндірістік оқыту және / немесе кәсіптік практика кәсіптік модульдердің кемінде 40%-ды құрайды.

      ** Білікті жұмысшы кадрлардың және орта буын маманы деңгейлері бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.

      *** Орта буын маманы деңгейі бойынша (бар болса) мәндес біліктіліктердің кәсіптік модульдерін игеру көзделген.

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
министрінің м.а.
2024 жылғы 29 қарашадағы
№ 101 Бұйрыққа
3-қосымша
  Жоғарғы білім берудің
мемлекеттік жалпыға
міндетті стандартына
қосымша

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламаларының берілетін дәрежелерінің атаулары

№/п

Білім беру бағдарламасының атауы

Бакалавриаттың білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім берудің білім беру бағдарламалары бойынша берілетін дәреже

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

мемлекеттік тілде

орыс тілінде

ағылшын тілінде

1

Жалпы медицина, медицина, педиатрия

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша медицина бакалавры

бакалавр медицины по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Bachelor of Medicine (code, name educational program)

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық медицина магистрі

магистр медицины по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Master of Medicine (code, name educational program)

2

Стоматология

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша стоматология бакалавры

бакалавр стоматологии по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Bachelor of Dentistry (code, name educational program)

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша стоматология магистрі

магистр стоматологии по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Master of Dentistry (code, name educational program)

3

Медициналық-профилактикалық іс

-

-

-

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша денсаулық сақтау магистрі

магистр здравоохранения по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Master of Health (code, name educational program)

4

Мейірбике дело

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша мейіргер ісі бакалавры

бакалавр сестринского дела по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Bachelor of Nursing (code, name educational program)

-

-

-

5

Фармация

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша фармация бакалавры

бакалавр фармации по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Bachelor of Pharmacy (code, name educational program)

-

-

-

6

Қоғамдық денсаулық

"білім беру бағдарламасының коды және атауы" білім беру бағдарламасы бойынша қоғамдық денсаулық бакалавры

бакалавр Общественного здоровья по образовательной программе "код и наименование образовательной программы"

Bachelor of Public health (code, name educational program)

-

-

-

  Денсаулық сақтау
саласындағы жоғары
білім берудің мемлекеттік
жалпыға міндетті стандартына
қосымша

"Денсаулық сақтау" даярлау бағыты бойынша жоғары білім беру бағдарламасының үлгілік оқу жоспары

Циклдер мен пәндердің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

Мейіргер ісі

Фармация, Қоғамдық денсаулық

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП)

1680

56

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

150

5

Философия

150

5

150

5

Шет тілі

300

10

300

10

Қазақ (орыс) тілі

300

10

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, психология)

240

8

240

8

Дене шынықтыру

240

8

240

8

2)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

150

5

2

Базалық пәндер циклі (ДҚ)

кемінде 330

кемінде 110

кемінде 4200

кемінде 140

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





3

Бейіндеуші пәндер циклі (ПД)

кемінде 1950

кемінде 65

кемінде 2850

кемінде 95

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





4

Оқытудың қосымша түрлері (БЖТ)





1)

Таңдау бойынша Компонент





5

Қорытынды аттестаттау

кемінде 120

кемінде 4

кемінде 120

кемінде 4

1)

Кешенді емтиханды дайындау және тапсыру

120

4

120

4


Қорытынды

кемінде 7200

кемінде 240

кемінде 9000

кемінде 300

Үздіксіз интеграцияланған медициналық білім беру бағдарламаларының үлгілік оқу жоспары

№ п/п

Пәндер циклдерінің және қызмет түрлерінің атауы

Жалпы еңбек сыйымдылығы

Медициналық-профилактикалық іс

Медицина, Педиатрия, Стоматология

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

Академиялық сағаттарда

Академиялық кредиттерде

1

2

3

4

5

6

1

Жалпы білім беретін пәндер циклі (ЖБП)

1680

56

1680

56

1)

Міндетті компонент

1530

51

1530

51

Қазақстан тарихы

150

5

150

5

Философия

150

5

150

5

Шет тілі

300

10

300

10

Қазақ (орыс) тілі

300

10

300

10

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

150

5

150

5

Әлеуметтік-саяси білім модулі (Әлеуметтану, Саясаттану, Мәдениеттану, психология)

240

8

240

8

Дене шынықтыру

240

8

240

8

2)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті

150

5

150

5

2

Базалық пәндер циклі (ДҚ)

кемінде 1950

кемінде 65

кемінде 2850

кемінде 95

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті






Оның ішінде: Шет тілі (кәсіби) Менеджмент Басқару психологиясы

180

6

180

6

2)

Кәсіптік практика





3

Бейіндеуші пәндер циклі (ПД)

кемінде 3600

кемінде 120

кемінде 4500

кемінде 150

1)

ЖОО компоненті және (немесе) таңдау компоненті





2)

Кәсіптік практика





3)

Интернатура

кемінде 900

кемінде 30

кемінде 900

кемінде 30

4

Оқытудың қосымша түрлері (БЖТ)





1)

Таңдау бойынша компонент





5

Эксперименттік-зерттеу жұмысы (ЭФИР)

390

13

390

13

6

Қорытынды аттестаттау

кемінде 360

кемінде 12

кемінде 360

кемінде 12

1)

Магистрлік жобаны жазу, қорғау және кешенді емтихан тапсыру

360

12

360

12


Қорытынды

кемінде 9000

кемінде 300

кемінде 10800

кемінде 360


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады