"Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ереженің 19-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;
2) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер тізбесі осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес;
3) Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер нысаны осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Цифрландыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің ақпараттық жүйелерін букмекерлік кеңсені және (немесе) тотализаторды басқаратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық жүйелермен интеграциялауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының Бірінші орынбасарына жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасы |
Ж. Элиманов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Туризм және спорт министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 1 қосымша |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органың ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің қағидалары мен тізбесін және нысанын бекіту туралы қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Ойын бизнесі туралы" 12 қаңтар 2007 жылғы № 219 Заңының (бұдан әрі – Ойын бизнесі туралы заңы) 12-1-бабы 4-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 20 ақпандағы № 515 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі туралы ережесінің 19-тармағы 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға интеграциялау арқылы мәліметтерді берудің тиісті тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар мен терминдер пайдаланылады:
1) аппараттық-бағдарламалық кешен-ақпараттық процесстерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
2) бәс тігу – қатысушылардың өзара не ойын бизнесін ұйымдастырушымен олар қатыспайтын ұтысты болжайтын оқиғаның нәтижесіне жасалған тәуекелге негізделген келісім;
3) бәс тігуге қатысушы – бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
4) қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган –қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңға сәйкес қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға, жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы қаржылық мониторингті жүзеге асыратын және өзге де шаралар қабылдайтын мемлекеттік орган;
5) ойын бизнесін ұйымдастырушы – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асыратын заңды тұлға.
3. Осы Қағидалар, Ойын бизнесі туралы заңның 6-бабы 1-тармағының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыларға қолданылады:
1) букмекерлік кеңсе;
2) тотализатор.
2 тарау. Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы мәліметтерді беру тәртібі
4. Ойын бизнесін ұйымдастырушы аппараттық-бағдарламалық кешендерді қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – ҚМА АЖ) интеграциялау арқылы мәліметтерді беру мақсатында мыналарды қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының аумағында ойын бизнесін ұйымдастырушының орналасқан жері бойынша аппараттық-бағдарламалық кешен серверінің болуы;
2) "Ақпараттандыру туралы" Қазақстан Республикасының заңында белгіленген тәртіппен, сондай-ақ "Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 желтоқсандағы № 832 қаулысымен бекітілген ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы бірыңғай талаптармен ҚМА АЖ-мен интеграциялауымен;
3) бәс тігудің әрбір қатысушысы, бәс тігудің әрбір қатысушысы бойынша қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігудің шығу нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты жинауды ҚМА АЖ жалпы пайдаланымдағы телекоммуникация желілері бойынша онлайн-режимде жүзеге асыру;
4) күнделікті негізде мәліметтерді тәулік бойы үздіксіз өңдеу және автоматты режимде беру;
5) аппараттық-бағдарламалық кешеннің жұмыс режиміндегі ақаулар немесе оны ауыстыру кезінде жұмыстың ақаулыққа төзімділігі және резервтік деректер жасайды;
6) деректердің өспелі қорытындысымен есепке алуды жүргізеді;
7) деректерді: бәс тігуге қатысушылар арасында бәс тігу жасалған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап 5 (бес) жылдан кем емес ойын бизнесін ұйымдастырушылармен сақтайды.
5. Қаржылық мониторинг жөніндегі уәкілетті орган мыналарды қамтамасыз етеді:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, қолданыстағы Қағидаларға сәйкес алынған мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын;
2) ҚМА АЖ сервистерінің тәулік бойы үздіксіз жұмысын қамтамасыз етеді;
3) мәліметтерді қабылдау мүмкін болмаған жағдайда, себебін көрсете отырып, 1 (бір) жұмыс күні ішінде ойын бизнесін ұйымдастырушыларға жазбаша хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 6 желтоқсандағы № 9 бұйрығына 2 қосымша |
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың аппараттық-бағдарламалық кешендерін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйелерімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтердің тізбесі
1. Жеке тұлғаның жеке сәйкестендіру нөмірі.
2. "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында 2016 жылғы 26 шілдегі № 11-VI (бұдан әрі – Заң) көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
3. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы.
4. Заңда көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты.
5. Заңда көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы.
Букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешенін қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесімен интеграциялау арқылы беруге жататын мәліметтер
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | |||
№ | Жеке сәйкестендіру нөмірі (жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жеке сәйкестендіру нөмірі берілмеген жағдайларды қоспағанда). | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан ақша қаражатын алған күні мен уақыты. | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушының жеке тұлғадан алған ақша қаражатының сомасы. | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен жеке тұлғаның букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан ақша қаражатын алған күні мен уақыты. | "Төлемдер және төлем жүйелері туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәсілдермен букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушыдан жеке тұлғаның алған ақша қаражатының сомасы. | ||
Күні | Уақыт | Күні | Уақыт |