"Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Көлік министрінің м.а. 2024 жылғы 10 желтоқсандағы № 403 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 11 желтоқсанда № 35467 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 25 тамыздағы № 883 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12353 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

      ""Автомобиль көлiгi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабының 23-16) тармақшасына, "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабының 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар жолаушылар тасымалдарын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың шығындарын бюджет қаражаты есебінен субсидиялау қағидаларында:

      9-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "9. Үміткерлердің болмауына байланысты маршруттарға қызмет көрсету құқығына арналған конкурстар екі рет өткiзiлмеген деп танылған кезде, жергiлiктi атқарушы орган Комиссияның қарауына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Әдістемеге сәйкес анықталған маршруттағы тариф есебін, осы Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (километр) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған жағдайда осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша маршрут құнының есебін енгізеді.";

      24-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ұсынылған құжаттар топтамасы Тізбенің 8-тармағында көзделген тізбеге сәйкес осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келген кезде көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау және төлеу туралы хабарламаны ресімдейді.";

      25-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің орындаушысы осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындау және төлеу туралы хабарламаны не Тізбенің 9-тармағында көрсетілген негіздер бойынша осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты ресімдейді.";

      6, 7-қосымшалар осы бұйрыққа 1, 2-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын;

      9-қосымша осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Автомобиль көлігі және көліктік бақылау комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Көлік министрінің міндетін атрқарушы М. Калиакпаров

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бәсекелестікті қорғау

      және дамыту агенттігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Стратегиялық жоспарлау және

      реформалар агенттігінің

      Ұлттық статистика бюросы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар және

      аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Көлік министрінің міндетін
атрқарушы
2024 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 403 Бұйрыққа
1-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
6-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): С6

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ____ жылғы __ (ай)

      Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: тасымалдаушылар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі әрбір айдың 15-күніне дейін.

ЖСН/БСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Маршрут түрі

1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге

Есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны

Жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге






Ұйым атауы
__________________________

Ұйым мекенжайы
___________________________

      Ұйым телефоны ______________

      Ұйымның электрондық почта мекенжайы ______________________________

      Ұйымның орындаушысы ___________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ____________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Әлеуметтік маңызы бар
автомобиль қатынастары
бойынша нақты тасымалданған
жолаушылар туралы ақпарат"
әкімшілік деректерді
жинауға арналған нысанға
қосымша

      "Әлеуметтік маңызы бар автомобиль қатынастары бойынша нақты тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме (индекс – С6 айлық кезеңділік)

      Нысанның 1-бағанында маршруттың атауы және (немесе) нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында маршрут түрінің атауы көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында 1 жолаушыға бекітілген тариф, теңге көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында есептік ай ішінде тасымалданған жолаушылар, адам саны көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында жолаушылар тасымалынан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.

  Бұйрыққа 2-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
7-қосымша
  Әкімшілік деректерді
жинауға арналған
нысан

      Ұсынылады: жергілікті атқарушы органдар

      Әкімшілік деректер нысаны мынадай интернет-ресурста орналастырылған: www.gov.kz.

      Әкімшілік деректер нысанының атауы: Орындалған жұмыс туралы ақпарат

      Әкімшілік деректер нысанының индексі (нысан атауының қысқаша әріптік-сандық көрінісі): С7

      Кезеңділігі: ай сайын

      Есепті кезең: 20 ___ жылғы ___ (ай)

      Ақпаратты ұсынатын адамдар тобы: тасымалдаушылар, уәкілетті ұйымдар

      Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі

      тасымалдаушы әр айдың 10-шы күніне дейінгі мерзімде уәкілетті ұйымға ай сайынғы ақпаратты жібереді;

      уәкілетті ұйым әр айдың 15-күніне дейінгі мерзімде жергілікті атқарушы органға ақпаратты ұсынады;

      уәкілетті ұйым болмаған жағдайда тасымалдаушы әр айдың 15-күніне дейін жергілікті атқарушы органға ай сайын ақпарат жібереді.


ЖСН/БСН



      (деректерді жеке адамдар ұсынған жағдайда, сондай-ақ агрегатталған түрде толтырылмайды)

р/н №

Тасымалдаушының атауы

Маршруттар саны, бірлік

Орындалған тасымал көлемі, километр

Жалпы
маршрут құны, теңге

Жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге

1


2

3

4

5







Ұйым атауы
_________________________

Ұйым мекенжайы
______________________________

      Ұйым телефоны _____________

      Ұйымның электрондық почта мекенжайы ____________________________

      Ұйымның орындаушысы __________________________________________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы, телефон

      Ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам

      ___________________________________________ _______________

      тегі, аты және әкесінің аты (бар болған жағдайда) қолы

      Бас бухгалтер Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Орындалған жұмыс
туралы ақпарат" әкімшілік
деректерді жинауға арналған
нысанға қосымша

      "Орындалған жұмыс туралы ақпарат" әкімшілік деректерді жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсіндірме (индексі - С7, кезеңділігі айлық)

      Нысанның 1-бағанында реттік нөмірі көрсетіледі.

      Нысанның 2-бағанында тасымалдаушының атауы көрсетіледі.

      Нысанның 3-бағанында маршруттар саны, бірлік көрсетіледі.

      Нысанның 4-бағанында орындалған тасымал көлемі, километр көрсетіледі.

      Нысанның 5-бағанында маршруттың жалпы құны, теңге көрсетіледі.

      Нысанның 6-бағанында жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаражат, теңге көрсетіледі.

  Бұйрыққа 3-қосымша
  Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау
қағидаларына
9-қосымша
  Нысан

"Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша автомобильдік жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі

1.

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары

2.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арнасы)

портал арқылы

3.

Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі

5 (бес) жұмыс күні ішінде

4.

Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны

Электронды (ішінара автоматтандырылған)

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Субсидия тағайындау және төлеу туралы хабарлама не субсидия тағайындаудан бас тарту туралы хабарлама жіберу тәсілімен мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның міндетін атқарушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қол қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Тегін

7.

Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның және ақпарат объектілерінің жұмыс графигі

1) көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін;
2) порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда тәулік бойы.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады.

8.

Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі

1) әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша іс жүзінде тасымалданған жолаушылар туралы ақпарат;
2) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес автокөлік құралдарының маршрут бойынша жалпы жылдық жүрісіне (км.) сүйене отырып анықталған маршрут құны бойынша тасымалдаулар жүзеге асырылған кезде, орындалған жұмыс туралы ақпарат;
3) осы Тізбеге 1-қосымшаға сәйкес билеттерді сату жөніндегі ақпарат;
4) осы Тізбеге 2-қосымшаға сәйкес жолаушыларды тасымалдаудан түскен қаржы қаражаты туралы ақпарат;
5) тасымалдаулар ауданаралық (қалааралық облысішілік) немесе ауданішілік қатынастарда жүзеге асырылған кезде, осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын автовокзалдардың (автостанциялардың, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерінің) диспетчерлік қызметінің құжаты және (немесе) автовокзалы (автостанциясы, жолаушыларға қызмет көрсету пункті) жоқ елді мекендерде диспетчерлік жүйенің құжаты;
6) Қағидалардың 4-тарауына сәйкес айқындалған маршрут бойынша құны тасымалдауды жүзеге асыру кезінде маршрут (км) бойынша автокөлік құралдарының жалпы жылдық жүрісін негізгі ала отырып, елді мекеннің бірыңғай диспетчерлік қызметінен осы маршрут бойынша орындалған рейстерді растайтын құжат;
7) диспетчерлік қызметтің қалалық және қала маңындағы маршруттар бойынша рейстерді орындамағанын растайтын (бар болған жағдайда) құжаты.
Осы тармақтың 1), 2), 3), 4), 5), 6) және 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар электрондық көшірмеде немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасында ұсынылады.
Жеке басын куәландыратын құжат туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкіметтің" шлюзі арқылы алады.

9.

Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру немесе тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болуы.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы ерекшеліктері ескеріле отырып, өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты порталдың "жеке кабинеті", сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефоны арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алу мүмкіндігі бар.

  "Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 1-қосымша
  Нысан

Билеттерді сату бойынша ақпарат

      Ұйымның атауы_______________________________

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Бір реттік жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы (теңге)

жалпы сомасы
(теңге)

1

2

3

4

5


ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




Ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сату туралы ақпарат

билеттің түрі

саны (дана)

билеттің бағасы (теңге)

жалпы сомасы
(теңге)

ересек




балалар үшін




жеңілдетілген




Жиыны:




      Әкiмшiлiк орталық болып табылатын облыстық маңызы бар қалаларда, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада тасымалдауды жүзеге асырған кезде билеттерді сату бойынша есеп маршрутта пайдаланылатын жолақыны электрондық төлеу жүйесімен расталады.

      Жолақыны электрондық төлеу жүйесі оператторының (бұдан әрі - оператор) атауы

      ____________________.

      Тасымалдаушы мен оператор арасында жасалған шарт 20 _ жылғы ____ № ______.

      Шарттың қолдану мерзімі 20 _____жылғы _________.

      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

  "Әлеуметтік маңызы бар
жолаушылар тасымалдауларын
жүзеге асырумен байланысты
тасымалдаушылардың
шығындарын бюджет қаражаты
есебінен субсидиялау"
мемлекеттік қызмет көрсетуге
қойылатын негізгі талаптардың
тізбесіне 2-қосымша
  Нысан

Жолаушылар тасымалынан түскен қаржылық қаражат туралы ақпарат

      Ұйымың атауы _____________________________

Маршрут атауы және (немесе) нөмірі

Сома (теңге)

бір реттік жол жүру билеттерін сатудан

ұзақ мерзімді жол жүру билеттерін сатудан

жеңілдетілген жол жүруден алынған өтемақы

Жиыны

1

2

3

4

5











      Ұйым басшысы

      Бас бухгалтер

      Мөрдің орны (бар болса) немесе ұйым басшысының электрондық цифрлық қолтаңбасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады