БҰЙЫРАМЫН:
1. "Психикалық денсаулық саласында медициналық-әлеуметтік көмек көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы № ҚР ДСМ-203/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21680 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
""Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының Кодексі 7-бабының 74), 77) тармақшаларына, 156-бабының 2-тармағына, 174-бабының 6-тармағына, 176-бабының 3-тармағына, 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес";
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес консультативтік байқауды көрсету қағидалары.";
осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес 6-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымшамен бекітілген психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. ПМБ бар адамдарды динамикалық байқау осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.";
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес ПМБ бар адамның динамикалық байқауға алу туралы жазбаша келісімі болған жағдайда, оған динамикалық байқау белгіленеді;";
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"10. Динамикалық байқаудағы ПМБ (F00-F99) бар барлық адамдарды дәрі-дәрмекпен, оның ішінде тегін және (немесе) жеңілдікпен қамтамасыз ету қолданыстағы заңнама шеңберінде жүзеге асырылады.";
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) динамикалық психиатриялық байқау топтарындағы ПМБ бар адамдарға динамикалық байқау көрсету үшін кемінде 12 ай есепке алу өлшемшарттарының болмауы, ремиссия мерзімі динамикалық наркологиялық байқау тобы үшін белгіленген динамикалық байқау мерзімінен 3 жылдан кем емес;";
6) тармақша алып тасталсын;
қағидаларға қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес 2-қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген бұйрыққа 3-қосымшамен бекітілген психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Осы психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 7-бабына сәйкес әзірленді және психикаға белсенді әсер ететін затты (бұдан әрі – ПБЗ) тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу тәртібін анықтайды.";
2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыру (бұдан әрі – медициналық куәландыру) – психикалық денсаулық сақтау саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында жүргізілетін есірткілік, алкогольдік масаң күйде болу жағдайын және басқа да психикаға белсенді әсер ететін заттардан масаң күйде болу жағдайын анықтау мақсатында адамды зерттеп-қарау;";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтауды тәулік бойы мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында "Денсаулық сақтау саласындағы мамандарға қосымша және формальды емес білім беру қағидаларын, денсаулық сақтау саласындағы қосымша және формальды емес білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын, сондай-ақ қосымша және формальды емес білім беру арқылы денсаулық сақтау саласындағы мамандар алған оқудың нәтижелерін тану қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-303/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21847 болып тіркелген) айқындалған тәртіппен психиатр дәрігер немесе психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде болу жағдайын анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу мәселелері бойынша денсаулық сақтау саласында қосымша білім алған басқа мамандықтардың медицина қызметкері жүзеге асырады.";
Көрсетілген қағидаларға 1-қосымша осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеудгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтер ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |
Консультативтік байқау жүргізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы консультативтік байқау жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 176-1-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және консультативтік байқау тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) консультативтік байқау – психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдаланатын адамды және (немесе) құмар ойындарға патологиялық құштарлығы бар адамды медициналық байқау;
2) психикаға белсенді әсер ететін заттарды зиянды пайдалану – тәуелділік синдромының белгілері жоқ физикалық және (немесе) психикалық және (немесе) құқықтық зардаптарға әкеп соққан медициналық емес мақсатта пайдалану.
2-тарау. Консультативтік байқау тәртібі
3. Егер адам мамандандырылған көмексіз қалатын болса, психикаға белсенді әсер ететін заттарды (алкоголь мен темекіден басқа) зиянды тұтынған адамға және (немесе) аурудың даму немесе өршу тәуекелінің алдын алу мақсатында құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамға (ауыр, өзгемейтін сипат алған, асқынған ауыр белгілері жиі болатын созылмалы немесе ұзаққа созылған бұзылушылыққа немесе айқын әлеуметтік бейімделуге ауысуына) консультативтік байқау белгіленеді.
4. Консультативтік бақылау психикалық, мінез-құлық бұзылушылықтары (бұдан әрі – ПМБ) бар адамдарды консультативтік бақылау топтарына, консультативтік бақылауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттарына, сондай-ақ осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес байқау жиілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
5. Консультативтік байқау психиатр дәрігердің тұрақты қарап-тексерулері арқылы адамның психикалық денсаулығының жай-күйін байқауды және оған қажетті медициналық-әлеуметтік көмек көрсетуді көздейді.
6. Психикалық жай-күйі өзгерген және/немесе байқаудан жалтарған кезде консультативтік байқаудағы адам куәландырудан өтеді және психиатр дәрігерлер комиссиясының шешімі бойынша динамикалық байқауға ауыстырылады.
7. Консультативтік байқаудағы адамдар туралы мәліметтер контингентке кірмейді және статистикалық есепке алу үшін электрондық ақпараттық жүйелерде (бұдан әрі – ЭАЖ) тіркеледі.
8. Консультативтік байқаудан алу не динамикалық байқау тобына ауыстыру учаскелік психиатр дәрігердің ұсынымы бойынша дәрігерлік консультациялық комиссияның шешімі негізінде жүзеге асырылады.
9. Консультативтік байқауда тұрған адамдар оң динамика болған және 12 ай ішінде аурудың қайталануы болмаған кезде консультативтік байқаудан алынады.
10. Консультативтік байқау кезінде психикалық денсаулық кабинетінің немесе бастапқы психикалық денсаулық орталығының психиатриялық бейіндегі дәрігері мыналарды жүзеге асырады:
1) клиникалық хаттамаларға сәйкес диагностикалық іс-шаралар;
2) клиникалық хаттамаларға сәйкес емдеуді тағайындау (қажет болған жағдайда);
3) консультативтік байқау, сондай-ақ консультативтік байқауды тоқтату туралы мәселені шешу;
4) ПМБ бар адам туралы ақпаратты ЭАЖ-ға енгізу;
5) консультативтік байқауды жүзеге асыру;
6) ПМБ бар адамдарды зерттеп-қарауға және (немесе) емдеуге, медициналық-әлеуметтік оңалтуға аумақтық психикалық денсаулық орталығына немесе "Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жіберу (көрсетілімдер бойынша).
11. Консультативтік байқау кезінде психолог психикалық-профилактикалық іс-шараларды, психологиялық консультация беруді, эксперименттік психологиялық зерттеп-қарауды және психикалық түзетуді жүргізеді.
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау, сондай-ақ консультативтік байқауды тоқтату қағидаларына қосымша |
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды консультативтік байқау топтары, консультативтік байқауға алу, ауыстыру, алып тастау өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі
№ | Консультативтік байқау тобы | Алу өлшемшарттары | Байқау мерзімділігі | Консультативтік байқауды тоқтату өлшемшарттары |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
1 | Есірткі заттарын тұтынудан туындаған ПМБ бар адамдар, зиянды тұтынудан (АХЖ-10 коды F1x.1) | Есірткі заттарын тұтынудан, зиянды тұтынудан туындаған ПМБ, | 12 ай (алғашқы 6 айда – айына кемінде 1 рет, одан әрі тоқсанына кемінде 1 рет) | Консультативтік байқаудың белгіленген мерзімінен 12 ай ішінде аурудың қайталануының болмауы |
2 | ПМБ бар – құмар ойындарға патологиялық әуестігі бар адамдар (АХЖ-10 коды F63.0) | Құмар ойындарға патологиялық әуестік |
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау топтары, динамикалық байқауға алу, ауыстыру, тоқтату өлшемшарттары, сондай-ақ байқау жиілігі
Бұйрығына 3-қосымша | |
Психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары (аурулары) бар адамдарды динамикалық байқау, сондай-ақ динамикалық байқауды тоқтату қағидаларына 2-қосымша |
Динамикалық байқауды жүргізуге жазбаша келісім/бас тарту бланкісі
Мен, __________________________________________ ЖСН __________________
(Мен, баланың/күтім жасалатын адамның ____________ЖСН
_______________ ата-анасы (қамқоршысы)) _________________________________
мекенжайы бойынша тұрамын, наркологиялық аурудың (диагноз: ________) болуына
байланысты медициналық-әлеуметтік-құқықтық аспектілер және және динамикалық
байқаудан бас тартудың ықтимал салдары туралы хабардар болдым.
Мен, ____________ (Мен, _____________ баланың/күтім жасалатын адамның ________ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқаудан бас тартамын.
Мен, ___________ (Мен, ___________ баланың/күтім жасалатын адамның ______ ата-анасы (қамқоршысы)) динамикалық байқауға келісемін және динамикалық байқау жүргізу қағидалары, қарап-тексерулерді өткізу кезеңділігі, зертханалық және аспаптық зерттеулер, байқау мерзімдері туралы хабардар болдым.
Қолы Күні
Психикаға белсенді әсер ететін заттарды тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау үшін медициналық куәландыру қорытындысы
Осы факт бойынша куәландыру бастапқы, қайталама (қажеттісінің астын сызу).
1. Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде)
____________________________________________________________________
Жасы (туған жылы)___________________________________________________
Жеке басын растайтын құжат немесе цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (болған кезде)
________________________________________________________
Жұмыс орны, лауазымы _______________________________________________
Кім және қашан куәландыруға жіберді (нақты уақыты) немесе өзі жүгінді
____________________________________________________________________
Куәландыру күні және нақты уақыты
____________________________________________________________________
Кім куәландырды (дәрігер, фельдшер, мейіргер)
____________________________________________________________________
2. Куәландырудың себебі:
____________________________________________________________________
3. Куәландырылушының сыртқы түрі:
____________________________________________________________________
4. Мінез-құлық: шиеленісті, жабық, тітіркенген, қозған, агрессивті, эйфориялық, сөйлейтін,
мазасыз, тұрақсыз көңіл-күй, ұйқышылдық, тежелген, өзінің жағдайына шағымдар, тыныш (қажеттісінің астын сызу)
____________________________________________________________________
5. Сананың жай-күйі, орынға, уақытқа, жағдайға және жеке тұлғаға бағдарлау
____________________________________________________________________
6. Сөйлеу қабілеті: сөйлеудің байланыстылығы, артикуляцияның бұзылуы, түсініксіз сөйлеу
_______________________________________________________________
________________________________________________________________
7. Вегетативтік-тамырлық реакциялар (тері жабындарының, көздің, тілдің шырышты қабықтарының жай-күйі, тершеңдік, сілекейдің ағу)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Тыныс алу: жылдам, баяу __________________________________________
Пульс_________________________ артериялық қысым _________________
Көз қарашықтары: тарылған, кеңейтілген, жарыққа реакция
_________________________________________________________________
Жан-жағына қараған кездегі нистагм_________________________________
8. Қозғалу аясы ___________________________________________________
Мимика: енжар, жанды _____________________________________________
Жүру (теңселу, жүру кезінде аяқтың жан-жаққа кетуі), бұрылу арқылы жүру (бұрылу кезінде теңселу)
________________________________________________________
Ромберг позасындағы тұрақтылық____________________________________
Дәл қозғалысы (монетаны еденнен көтеру, саусақ-мұрын сынамасы)
__________________________________________________________________
Қабақтың, тілдің, саусақтардың дірілдеуі ______________________________
9. Нейропсихиатриялық аурулардың, мидың органикалық зақымдануы, физикалық шаршау
белгілері бар ма. Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен)
Бастан өткерген жарақаттар (куәландырылушының сөзінен)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
10. Алкогольді, психикаға заттарды соңғы қолдану туралы мәліметтер: субъективті,
объективті (құжаттар бойынша, сөздер бойынша)
__________________________________________________________________
11. Алкогольдің иісі ________________________________________________
12. Шығарылатын ауада және организмнің биологиялық ортасында алкогольдің болуы:
а) ауа аспапта зерттелді ______________________________________________
Зерттеу уақыты мен нәтижелері _______________________________________
қайта зерттеу _______________________________________________________
б) биологиялық орта (орталар) (несеп, сілекей, қан) зерттелді
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
_____________ әдістері _____________________________ сынама алу уақыты
___________________________________________________________________
Зерттеу уақыты мен нәтижелері
___________________________________________________________________
13. Медициналық тексеріп-қараудың немесе ұсынылған құжаттардың басқа да деректері
____________________________________________________________
14 Қорытынды (куәландырылушының жай-күйі gсихикаға белсенді әсер ететін заттарды пайдалану
фактісін және мас болу жай-күйін анықтау үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының
13-тармағында көзделген тұжырымдамаларда сараланады):
___________________________________________________________
Куәландыруды жүргізген медицина қызметкерінің қолы
__________________________________________________________________
Куәландыру нәтижесімен таныстым
__________________________________________________________________
(куәландырылатын адамның қолы)
Куәландыру нәтижелерімен таныстым, бірақ қол қоюдан бас тарттым
__________________________________________________________________
Медицина қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) және қолы
Куәгерлер (мүдделі емес адамдар) (куәландырылатын адам болып жатқан оқиғаларды
бағалай алмаған және (немесе) медициналық куәландырудан және (немесе)
танысудан және (немесе) қол қоюдан бас тартқан жағдайда):
1. _________________________________________________ қолы
2. _________________________________________________ қолы
Ескертпе.
Психикаға белсенді әсер ететін затты тұтыну фактісін және масаң күйде екенін анықтау
үшін медициналық куәландыруды жүргізу қағидаларының 15-тармағына сәйкес куәландырылатын адам
не оны жеткізген лауазымды адам медициналық куәландыру нәтижелерімен келіспеген кезде қайта медициналық куәландыру жүргізіледі.