БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 26 наурыздағы № 350 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11637 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Радиожарықтехникалық жабдықтар мен байланыстың бұрын салынған нысандары үшiн электрмен жабдықтау үзiлiсiнiң рұқсат етілген уақыты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 381 бұйрығымен бекітілген Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында (Нормативтік құқықтық актілерде мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12303 болып тіркелген) (бұдан әрі – Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормалары) көрсетiлген уақытқа сәйкес келеді.";
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"20. Әуеайлақтардың электр жарығымен сигнал беру жабдықтарының жүйесi толық дұрыс iстегенде немесе осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетілген оттардың рұқсат етілген бөлiгi iстен шыққан болса ғана ол ұшуды пайдалану талаптарына сай келедi. Электр жарығының жабдығы жартылай істен шыққан кезде пайдалануға шектеулер осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген, бұл ретте ұшуды жалғастыруға рұқсат етіледі немесе минимум көтеріледі.
Жарықтандыру жабдықтарына профилактикалық техникалық қызмет көрсету жүйелерінің мақсаттары осы Қағидаларға 2-қосымшада көрсетiлген.";
90-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"90. Қашықтықтан басқару мен телемеханика қондырғыларына байланысты негiзгi жабдықтың, сигналдық қондырғылар мен аспаптардың, қорғау және автоматиканың бақылаудағы нысандарында жөндеу немесе тексеру, тексерiлiп жатқан нысанда олардың іс-әрекетін шығыс тоқтары арқылы сынап көргеннен кейiн ғана аяқталған деп саналады. Әуеайлақ шамдарының қуат көздерінің шығыс тоғының номиналды мәндерінің диапазоны осы Қағидаларға 17-қосымшада көрсетiлген.";
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
17-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы | |
Көлік министрінің міндетін атрқарушы | М. Калиакпаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрлігі
Жарықтандыру жабдықтарына профилактикалық техникалық қызмет көрсету жүйелерінің мақсаттары
1. I санат бойынша қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ҰҚЖ-да профилактикалық техникалық қызмет көрсету I санат бойынша ұшуды орындау кезеңінде барлық жақындату оттары мен ұшу-қону жолағы оттарының жұмыс істеуі жүйелердің әрбірінде оттардың 85 %-ының жұмыс істеуінен тұруы тиіс:
I санат бойынша қонуға дәл кіруге арналған жарықпен сигнал беру жүйесі;
ұшу-қону жолағының кіру оттары;
ұшу-қону жолағының қону оттары;
ұшу-қону жолағының шектеу оттары.
Бағыттаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін, егер оттар арасындағы аралық Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында белгіленгеннен едәуір аз болмаса, ақаулы шамның маңайында басқа ақаулы оттың болуына жол берілмейді.
Желілік оттар және жақындау оттарының жарық горизонттары арқылы бағыттау екі іргелес ақаулы шамдар болған кезде бұзылмайды.
2. II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіру үшін жабдықталған ұшу-қону жолағында профилактикалық техникалық қызмет көрсету II және III санаттар бойынша ұшуды орындау кезінде барлық жақындату оттары мен ұшу-қону жолағының оттары жұмыс істейтіндей және:
Мынадай кіші жүйелердің әрбірінде оттардың 95%-ының:
II және III санаттар бойынша қонуға дәл кіруге арналған жарықпен сигнал беру жүйесі;
ұшу-қону жолағына жақын 450 метрлік учаске, ұшу-қону жолағының ось оттар, ұшу-қону жолағының кіру оттарының;
жерге қону аймағы оттарының 90%-ының;
ұшу-қону жолағына жақын 450 метрлік учаскеден тыс жерге қонуға кірудің жарықпен сигнал беру жүйесі оттарының 85%-ының;
ұшу-қону жолағының шектеу оттарының 75%-ының жұмыс істеуінен тұруы тиіс.
Бағыттың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін ақаулы оттардың рұқсат етілген пайызы жарықтандыру жүйесінің негізгі конструкциясын өзгертуге рұқсат етілмейді. Сонымен қатар, екі іргелес ақаулы оттың болуына жол берілетін желілік оттарды немесе жарық горизонттарын қоспағанда, ақаулы оттың басқа ақаулы оттың жанында орналасуына жол берілмейді.
Желілік оттар, жарық горизонттары және ұшу-қону жолағындағы қону оттары, егер олар көлденең бағытта дәйекті түрде орналасса - бір желілік жарықта немесе жарық горизонтында немесе бойлық бағытта - бүйірлік оттардың немесе желілік оттардың бір қатарында болса іргелес болып саналады.
3. Ұшу-қону жолағында күту аймағында көзделген, 300 м-ден аз ұшу-қону жолағында көріну қашықтығы жағдайында пайдалануға арналған ұшу-қону жолағымен бірлесіп қолданылатын "стоп" желісінің оттарына профилактикалық техникалық қызмет көрсету екіден артық ақаулы шамдардың болмауынан және Азаматтық авиация әуеайлақтарының (тікұшақ айлақтарының) пайдалануға жарамдылығы нормаларында белгіленгеннен едәуір аз болған жағдайларды қоспағанда, орналастырылған ақаулы оттар екі қатар болмауынан тұрады.
4. Бұру-жылжу жолына қатысты профилактикалық техникалық қызмет көрсету ҰҚЖ-да 300 м-ден кем көріну жағдайларында пайдалануға арналған бұру-жылжу жолдарының осьтік оттарында қатар орналасқан екі ақаулы оттың болмауын қамтамасыз етуден тұрады.
5. 550 м-ден кем ҰҚЖ-да көріну жағдайларында ұшуға арналған ҰҚЖ-ға профилактикалық техникалық қызмет көрсету, ұшу кезінде барлық ҰҚЖ оттарын ұшуды орындау кезеңінде сенімді пайдалануды және келесі шарттарды қамтамасыз етуден тұрады:
ҰҚЖ осьтік оттары (көзделген жерде) және қону оттарының 95%-ы жұмыс істеуі және ҰҚЖ-ның шектеу оттарының 75%-ы жұмыс істеуі тиіс.
Бағыттаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін бір ақаулы оттың жанында екінші ақаулы оттың болуына жол берілмейді.
6. 550 м-ден артық ҰҚЖ-да көріну жағдайларында ұшуға арналған ҰҚЖ-ға профилактикалық техникалық қызмет көрсету, ұшу кезінде ҰҚЖ-ның барлық оттары сенімді жұмыс істейтінін және ҰҚЖ-ның қону оттарының 85%-ы жұмыс істеп тұрғанын қамтамасыз етуден тұрады. Бағыттаудың үздіксіздігін қамтамасыз ету үшін көршілес екі ақаулы шамның болуына жол берілмейді.
бұйрығына 2-қосымша | |
Казақстан Республикасының азаматтық авиациясының ұшуын электрлі жарықпен-техникалық қамтамасыз ету қағидаларына 17-қосымша |
Әуеайлақ шамдарының қуат көздерінің шығыс тоғының номиналды мәндерінің диапазоны
Жарықтылықты реттеуiштердiң түрі | Жарықтық қадамдары | Номиналды шығыс тогы (ампер) | Рұқсат етілген диапазон (ампер) |
3-қадамды реттегіш | 3 | 6,60 | 6,50 – 6,70 |
2 | 5,50 | 5,40 – 5,60 | |
1 | 4,80 | 4,70 – 4,90 | |
| 5 | 6,60 | 6,50 – 6,70 |
4 | 5,20 | 5,10 – 5,30 | |
3 | 4,10 | 4,00 – 4,30 | |
2 | 3,40 | 3,30 – 3,50 | |
1 | 2,80 | 2,70 – 2,90 |