БҰЙЫРАМЫН:
1. "Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 34656 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарында:
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"Комиссияға сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман "Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымдарды қарау үшін сарапшы ретінде тартылатын бейінді маманға қойылатын талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 8 қазандағы № 78 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35244 болып тіркелген) сәйкес талаптарға сай болуы тиіс.";
мынадай мазмұндағы 17-1-тармақпен толықтырылсын:
"17-1. Комиссияға мынадай құжаттардың көшірмелері (қолма-қол қағаз нұсқада және (немесе) электрондық нұсқада) ұсынылады:
1) пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің өтініші;
2) пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінің Кодекстің 58-бабының 2) тармақшасына және 60-бабының 3-тармағына сәйкес дербес медициналық деректерді жинауға және өңдеуге және "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісімі;
3) оған қатысты сараптама жүргізілетін медицина қызметкерің клиникалық практикаға жіберу үшін маман сертификаты;
4) оған қатысты сараптама жүргізілетін Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттар;
5) пациенттің ауру тарихы;
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21579 болып тіркелген) сәйкес медициналық есепке алу құжаттамасының нысаны бойынша медициналық құжаттама;
7) қайтыс болғаны туралы куәлік немесе анықтама (олар болған кезде);
8) қайтыс болу себебі және аурудың диагнозы туралы патологиялық-анатомиялық қорытынды (олар болған кезде);
9) патологиялық-анатомиялық диагностика (макроскопиялық зерттеулер, микроскопиялық зерттеулер) зерттеулерінің нәтижелері (олар болған кезде);
10) мүгедектікті және (немесе) еңбекке қабілеттілігінен айырылу дәрежесін белгілеу жөніндегі медициналық-әлеуметтік сараптаманың қорытындысы (олар болған кезде);
11) аурумен байланысты пациенттің нақты шығыстарының төленгенін растайтын қаржылық құжат (олар болған кезде);
12) зертханалық және аспаптық зерттеу нәтижелері (олар болған кезде);
13) ақылы қызметтер көрсетуге арналған құжаттар (олар болған кезде).";
18-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"18. Комиссия медициналық құжаттаманы медициналық есепке алу құжаттамалары нысандарына сәйкес, медициналық ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты зерделеу арқылы пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуына жолданымды қарауға кіріседі.
Материалдарды сараптау үшін материалдардың жеткіліксіз болған кезде Комиссия сараптама жүргізуге жолданым қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш хат жібереді. Бұл ретте жолданым қарау қосымша материалдарды ұсынылғанға дейін тоқтатыла тұрады.
Қосымша материалдарды ұсыну Комиссия өтініш хат жолдаған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.";
мынадай мазмұндағы 23-1-тармақпен толықтырылсын:
"23-1. Комиссияның қорытындысын бейінді мамандар қалыптастырады. Сақтандыру ұйымының, медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері және медиатор қорытындыны қалыптастыруға қатыспайды.".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі |
А. Альназарова |