Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 28 маусымдағы № 40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 28 маусымда № 34656 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 270-2-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптар бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыру;

      3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2024 жылғы 23 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.

      Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
А. Альназарова

  Қазақстан Республикасы
  Денсаулық сақтау министрі
  2024 жылғы 28 маусымдағы
  № 40 бұйрығымен
  бекітілген

Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптар

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің қағидалары және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төмен талаптар (бұдан әрі – Қағидалар) "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 270-2-бабына сәйкес әзірленді және тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметінің тәртібін және медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптарды айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) денсаулық сақтау субъектілері – денсаулық сақтау ұйымдары, сондай-ақ жеке медициналық практикамен және фармацевтикалық қызметпен айналысатын жеке тұлғалар;

      2) денсаулық сақтау технологиялары – вакциналарды, дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды, емшараларды, манипуляцияларды, операцияларды, скринингтік, профилактикалық бағдарламаларды, оның ішінде ақпараттық жүйелерді қоса алғанда, денсаулықты нығайту, аурудың профилактикасы, диагностикасы, оны емдеу, пациенттерді оңалту және паллиативтік медициналық көмек көрсету үшін пайдаланылатын білім мен дағдыны қолдану;

      3) медициналық көрсетілетін қызметтер - денсаулық сақтау субъектілерінің нақты адамға қатысты профилактикалық, диагностикалық, емдеу, оңалту немесе паллиативтік бағыты бар іс-қимылдары;

      4) медициналық оқыс оқиға – Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамасында көзделген жағдайларды қоспағанда, медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарттарына сәйкес медициналық көмек көрсетумен және технологияларды, жабдықтар мен құралдарды пайдаланумен байланысты, организмнің қалыпты жұмыс істеуінің ауытқуынан туындайтын, пациенттің өмірі мен денсулығына зиян келтіруі, сондай-ақ пациенттің қайтыс болуына алып келуі мүмкін оқиға;

      5) тәуелсіз сараптама комиссиясы (бұдан әрі – Комиссия) – медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және растау үшін денсаулық сақтау субъектісі қалыптастыратын комиссия.

      3. Комиссия медициналық көрсетілетін қызметтер тиімділігі мен қауіпсіздігі ғылыми және клиникалық деректер негізінде дәлелденген бейінді мамандардың сараптамалық пікірлерінен қалыптастырылған Комиссияның қорытындысымен расталған медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде дамыған ауру және (немесе) бар ауруының асқынуы және (немесе) мүгедектік және (немесе) өлімге әкелуі түріндегі пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау және растау мақсатында құрылады.

      4. Комиссия жұмысының нәтижелері бойынша қорытынды қалыптастырылады.

      5. Комиссияның қорытындысы денсаулық сақтау субъектісінде медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы растайды және медициналық қызметкердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру шеңберінде ғана қолданылады.

2-тарау. Тәуелсіз сараптама комиссиясын қалыптастыру тәртібі

      6. Пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметінен медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өміріне мен денсаулығына зиян келтіру туралы пациенттің не оның жұбайының (зайыбының), жақын туысының немесе заңды өкілінінен жолданымы түскеннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде бейінді мамандар мен бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымының өкілдері арасынан денсаулық сақтау субъектісінің басшысының бұйрығымен Комиссия қалыптастырылады.

      Бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулы сақтандыру ұйымынан өкілді денсаулық сақтау субъектісінің сұранысы бойынша Комиссия құрамына жібереді.

      Комиссияның қызметін денсаулық сақтау субъектісінің пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі қызметкерлерінің арасынан тағайындалатын хатшы қамтамасыз етеді.

      7. Денсаулық сақтау субъектілері бейінді мамандарды келесі көздерден тартады:

      1) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органдары қалыптастыратын бейінді мамандар тізілімі;

      2) кәсіптік медициналық қауымдастықтар;

      3) медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтары;

      4) өзге де денсаулық сақтау субъектілерінің медицина қызметкерлері.

      Комиссиясының құрамына бейінді мамандарды тарту мүмкін болмаған жағдайда облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органы денсаулық сақтау субъектісінің жолданымы бойынша тиісті бейінді маманмен қамтамасыз етеді.

      8. Комиссияға сарапшы ретінде тартылатын бейінді маман Кодекстің 270-2-бабының 1-тармағына сәйкес талаптарға сай болуы тиіс.

      9. Сарапшы ретінде бейінді мамандар тартыла алмайды:

      1) мүдделер қақтығысы бар (үлестес);

      2) ол сарапшы ретінде тартылғанға дейін бір жыл ішінде көрінеу жалған қорытынды бергені үшін сот тәртібімен әкімшілік жаза қолданылған жағдайларда;

      3) Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен жойылмаған немесе алынбаған соттылығы бар;

      4) оған қатысты оны сарапшы ретінде тартқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін соттың айыптау үкімі шығарылған немесе оны сарапшы ретінде тартқанға дейін үш жыл ішінде қылмыстық құқық бұзушылық жасағаны үшін қылмыстық жауаптылықтан Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 35-бабының бірінші бөлігі 3), 4), 9), 10) және 12)-тармақтарының немесе 36-бабын негізінде босатылған.

      10. Келесі жағдайлар мүдделер қақтығысы болып саналады:

      1) бейінді маман соңғы 5 (бес) жыл ішінде денсаулық сақтау субъектісімен және (немесе) пациентпен еңбек немесе шарттық қатынастар бар немесе болған;

      2) бейінді маманның денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерімен және (немесе) басшылығымен және (немесе) пациентпен жақын туыстық байланысы бар;

      3) бейінді маман денсаулық сақтау субъектісіне соңғы 5 (бес) жыл ішінде консультациялық және (немесе) білім беру қызметтерін көрсетті.

      Мүдделер қақтығысының болмауы туралы өтініш осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жасалады.

      11. Комиссия құрамы Төраға мен мүшелерден, тақ саннан, бірақ әр бейіннен кемінде 3 (үш) бейінді маманнан тұрады.

      12. Комиссия жұмысына медицина қызметкерлерінің кәсіптік одақтарының өкілдері және медиатор тартылуы мүмкін.

      13. Оқиға болған денсаулық сақтау субъектісінің өкілдері Комиссия құрамына кірмейді.

3-тарау. Тәуелсіз сараптама комиссиясы қызметін ұйымдастыру тәртібі

      14. Комиссияның бірінші отырысында бейінді мамандар арасынан ашық дауыс беру арқылы көпшілік дауыспен Төраға сайланады.

      15. Комиссия отырыстары денсаулық сақтау субъектісінің базасында күндізгі және (немесе) қашықтықтағы форматта қашықтық технологияларының көмегімен өтеді.

      16. Отырысқа Комиссияның барлық мүшелері қатысады.

      17. Комиссия хатшысы Комиссияны материалдармен, медициналық ақпараттық жүйелерге қолжетімділікпен, сондай-ақ Комиссия жұмысының жалпы ұйымдастырылуын қамтамасыз етеді.

      18. Комиссия медициналық құжаттаманы (стационарлық науқастың картасы және (немесе) амбулаториялық пациенттің (науқастың) картасы және басқада медициналық құжаттар), медициналық ақпараттық жүйелерден алынған ақпаратты зерделеу арқылы пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуына жолданымды қарауға кіріседі.

      Материалдарды сараптау үшін материалдардың жеткіліксіз болған кезде Комиссия сараптама жүргізуге шағым қабылданған сәттен бастап үш тәулік ішінде қосымша материалдарды ұсыну қажеттігі туралы өтініш жасайды. Бұл ретте жолданым қарау мерзімі тоқтатыла тұрады.

      19. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің бар (жоқ) екенін растау туралы Комиссияның қорытындысы Комиссия құрылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде шығарылады.

      Қарау мерзімі Комиссияның дәлелді шешімімен ақылға қонымды мерзімге ұзартылады, бірақ медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы жолданымды дұрыс қарау үшін маңызы бар нақты мән-жайларды анықтау қажеттілігіне байланысты екі айдан аспайтын мерзімге, ол жөнінде пациентке не оның жұбайына (зайыбына) жақын туысы немесе заңды өкілі мерзімі ұзартылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде хабарланады.

      Комиссияның дәлелді шешімі жолданымды қарау мерзімін ұзарту үшін қажетті нақты шарттар мен мерзімдерді (сарапшының қажеттілігі, қосымша мерзім және қажетті растайтын құжаттар) қамтиды.

      20. Оқиға туралы ақпаратты талдау кезінде Комиссия сарапшылары ұсынылған медициналық көрсетілетін қызметтер тиімділігі мен қауіпсіздігі туралы ғылыми және клиникалық деректер негізінде тұжырымдардың негізділігі мен дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беретін қағидаттарға сүйенеді.

      21. Комиссия медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтаудың ең төменгі талаптарына сәйкес талдайтын бейінді мамандардың көпшілігінің жеке сараптамалық пікірлерін ескере отырып, жан-жақты бағалау жүргізеді.

      22. Комиссияның бейінді мамандары медицина қызметкерінің медициналық қызмет көрсетуді жүзеге асыруы нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы (болмауы) туралы шешім шығару үшін жеке сараптамалық пікір қалыптастырады, оған:

      1) денсаулыққа және өмірге зиянның болуы (болмауы). Пациенттің денсаулығы мен өміріне зиян келген жағдайда – аурудың дамуын және (немесе) асқынуларын және (немесе) денсаулығының уақытша немесе тұрақты бұзылуына, пациенттің мүгедектігін немесе өлімін белгілеуге әкеп соққан пациенттің ағзалары мен тіндерінің анатомиялық тұтастығы мен физиологиялық функциясының бұзылуын егжей-тегжейлі сипаттау;

      2) медициналық көрсетілетін қызметтер кезінде қандай іс-әрекеттер (оқиғалар) денсаулыққа зиян келтірілгенін және медициналық көрсетілетін қызметтер кезінде іс-әрекеттердің (оқиғалардың) жалпы қабылданған немесе денсаулық сақтаудың озық технологияларына сәйкес келуін көрсете отырып медициналық қызметкердің іс-әрекеті мен пайда болған зиян арасындағы себептік байланыс;

      3) денсаулыққа және өмірге зиян келтіру фактісінің егжей-тегжейлі сипаттамасымен негіздемесі.

      23. Комиссияның қорытындысы медициналық қызметкердің медициналық көсетілетін қызметті жүзеге асыру нәтижесінде науқастың денсаулығы мен өміріне келтірілген зиянның бар (жоқ) болуын және ескіруін (мерзімін) ескере отырып, органдардың және (немесе) жүйелердің функцияларының бұзылуын және (немесе) тіндердің және (немесе) органдардың бүтіндігінің зақымдануын және (немесе) ағзалардың айырылуын растайтын дәйекті дәлелдемелер негізінде шығарылады.

      Қорытында анықталған нақты деректер (медициналық құжаттама және (немесе) пациенттің жай-күйі) мен мән-жайлардың (қорытынды беру үшін елеулі маңызы бар және сарапшылар бастапқы деректер ретінде қабылдаған істің мән-жайлары) нәтижелері, ғылыми және клиникалық негіздемесі баяндалады.

      Комиссиясының қорытындысы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қазақ және орыс тілдерінде 3 данада ресімделеді.

      Сарапшының қорытындысын растайтын материалдар (медициналық құжаттама, фото-, бейнематериалдар, шарт, чектер және сараптамаға жататын басқа да материалдар) қорытындыға қоса беріледі және оның құрамдас бөлігі болып табылады. Барлық материалдарға комиссия қол қояды.

      Бейінді маман басқа өңірден тартылған жағдайда, бейінді маман ақпараттық жүйе арқылы өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған қорытындысын жібереді.

      24. Қорытынды шығарылғаннан кейін бір жағдай бойынша Комиссияға қайта сараптама жүргізуге жол берілмейді.

      25. Комиссия хатшысы Комиссия қорытындысына қол қойылғаннан кейін 1 (бір) жұмыс күн ішінде оны денсаулық сақтау субъектісіне жібереді, ол туралы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Комиссияның сараптамасы үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналына белгі қойылады.

      26. Денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуы туралы Комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне және бірыңғай сақтандыру (қайта сақтандыру) пулына қатысушы сақтандыру ұйымына жібереді.

      Денсаулық сақтау субъектісі медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің жоқтығы туралы Комиссияның қорытындысын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оны пациентке не оның жұбайына (зайыбына), жақын туысына немесе заңды өкіліне және пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметіне жібереді.

4-тарау. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау жөніндегі ең төменгі талаптар

      27. Медициналық қызметті жүзеге асыру нәтижесінде пациенттің өмірі мен денсаулығына зиян келтіру фактісінің болуын (болмауын) анықтау үшін Комиссия мынадай ең төменгі талаптарға сүйенеді:

      1) медициналық көрсетілген қызметтердің уақтылығын, адекваттылығы мен тиімділігін айқындау: осы оқиғаға және тиісті емделуге әкеп соқтыруы мүмкін ауруларды немесе жағдайларды анықтау үшін жүргізілген диагностикалық іс-шараларда уақтылы және күтпеген ауытқуларды талдау; емдеу рәсімдерінің (дәрі-дәрмек, операциялық, инвазивті) олардың таңдалуы мен орындалуының адекваттылығына сәйкестігін, сондай-ақ пациентті жүргізу тактикасын, хирургиялық араласуды, процедураларды немесе манипуляцияларды орындау қателіктері; функционалдық мүмкіндіктерді қалпына келтіру және оқиғадан кейін пациенттің өмір сүру сапасын жақсарту мақсатында жүргізілген оңалту іс-шараларының тиімділігі мен адекваттылығын анықтау;

      2) медициналық көрсетілетін қызметтер кезінде қандай іс-әрекеттер (оқиғалар) (диагностикалық, емдік, операциялық, тактикалық) денсаулыққа зиян келтірілгенін, медициналық көрсетілетін қызметтер кезінде (диагностикалық, емдік, операциялық, тактикалық) іс-әрекеттердің (оқиғалардың) жалпы қабылданған немесе денсаулық сақтаудың озық технологияларына сәйкес келуін көрсете отырып медициналық қызметкердің іс-әрекеті мен пайда болған зиян арасындағы себептік байланысты анықтау;

      3) денсаулық сақтау саласындағы белгіленген нормативтік құқықтық актілерден ауытқуды анықтау. Бұл объективті және субъективті себептерді қарастырады.

  Тәуелсіз сараптама комиссиясы
қызметінің қағидалары және
медициналық қызметті жүзеге
асыру нәтижесінде пациенттің
өмірі мен денсаулығына
зиян келтіру фактісінің болуын
(болмауын) анықтау жөніндегі
ең төменгі талаптарына
1-қосымша

Мүдделер қақтығысының болмауы туралы өтініш

      Мен ____________________________, ЖСН _______________, осымен сараптама жүргізу кезінде мүдделер қақтығысының туындауы үшін мән-жайлар туралы хабарлаймын менің қатысуым бар тәуелсіз сараптамалық комиссия шеңберінде жоқ, атап айтқанда:

      соңғы 5 жыл ішінде тартылатын денсаулық сақтау субъектісімен және пациентпен еңбек немесе шарттық қатынастарда болу;

      денсаулық сақтау субъектісіне және пациенттерге ақылы немесе өтеусіз негізде консультациялық немесе білім беру қызметтерін көрсету;

      менімен туыстық қатынаста болған адамдардың мүдделерін қозғау;

      денсаулық сақтау субъектісінің қызметкерлерімен және (немесе) басшылығымен, пациентпен туыстық байланыстар.

      Мен жүргізген сараптаманың объективтілігіне кедергі келтіруі мүмкін жеке жағдайлар туралы дереу хабарлау қажеттілігі туралы хабардармын.

      Мүдделер қақтығысын қасақана жасыру арқылы мен 5 жыл бойы тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қатысуға құқылы емес екенімді хабарладым.

      Мен "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес дербес деректерді жинауға және өңдеуге келісім беремін.

      "____"________20____жыл

      _____________

      (қолы)

  ____________________________________
  тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
  Тәуелсіз сараптама комиссиясы
қызметінің қағидалары және
медициналық қызметті жүзеге
асыру нәтижесінде пациенттің
өмірі мен денсаулығына
зиян келтіру фактісінің болуын
(болмауын) анықтау жөніндегі
ең төменгі талаптарына
2-қосымша

Тәуелсіз сараптама комиссиясының қорытындысы №____

      1. Сараптама жүргізу күні, уақыты және орны

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      2. Сараптама тағайындаған ұйым және лауазымды тұлға

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      3. Сараптама жүргізілген жолданымның күні мен нөмірі

      ________________________________________________________________

      ________________________________________________________________

      4.Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамы туралы деректер (комиссияның әрбір мүшесінің аты-жөні, лауазымы (бар болса), жұмыс өтілі, ғылыми дәрежесінің болуы, біліктілік деңгейі)__________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      5. Денсаулық сақтау субъектісінің атауы

      ____________________________________________________________________

      6. Іс-әрекеттеріне жолданым түскен медицина қызметкерінің деректері (Т. А. Ә. (бар болса), мамандығы, лауазымы)

      ___________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      7. Сараптама нәтижелері туралы мәліметтер


Сипаттама

1

Денсаулыққа зиян

Пациенттің денсаулығы мен өміріне зиянның болуы (болмауы).
Пациенттің денсаулығы мен өміріне зиян келген жағдайда - аурудың дамуын және (немесе) асқынуларды және (немесе) пациенттің ағзалары мен тіндерінің анатомиялық тұтастығы мен физиологиялық функциясының бұзылуын егжей-тегжейлі сипаттау, бұл денсаулықтың уақытша немесе тұрақты бұзылуына, пациенттің мүгедектігін немесе өлімін белгілеуге әкелді.

2

Медицина қызметкерінің іс-әрекеті мен келтірілген зиян арасындағы себептік байланыс

1) Медициналық көрсетілетін қызметтер кезінде қандай іс-әрекеттер (оқиғалар) нәтижесінде денсаулыққа зиян келтірілгенін көрсету.
2) Медициналық көрсетілетін қызметтер кезіндегі іс-әрекеттердің (оқиғалардың) жалпы қабылданған немесе озық денсаулық сақтау технологияларға сәйкестігі.

3

Денсаулық пен өмірге зиян келтіру фактісін негіздеу

Денсаулық пен өмірге зиян келтіру фактісін танудың негіздерін сипаттау

      8. Қорытынды:

      Сарапшы 1 _______________________ Т. А. Ә. (бар болса), қолы

      Зиянның болуы ______________

      Зиянның болмауы __________________

      Сарапшы 2 _______________________ Т. А. Ә. (бар болса), қолы

      Зиянның болуы ______________

      Зиянның болмауы __________________

      Сарапшы 3 _______________________ Т. А. Ә. (бар болса), қолы

      Зиянның болуы ______________

      Зиянның болмауы __________________

      9. Қорытынды:

      Зиянның болуы ______________

      Зиянның болмауы __________________

      10. Тәуелсіз сараптама комиссиясы мүшелерінің қолы

  Тәуелсіз сараптама комиссиясы
қызметінің қағидалары және
медициналық қызметті жүзеге
асыру нәтижесінде пациенттің
өмірі мен денсаулығына
зиян келтіру фактісінің болуын
(болмауын) анықтау жөніндегі
ең төменгі талаптарына
3-қосымша

Тәуелсіз сараптама комиссиясының сараптамасы үшін келіп түсетін материалдарды тіркеу журналы

Сараптама нөмірі

Тәуелсіз сараптама комиссиясынан материалдардың келіп түскен күні

Пациенттің немесе қайтыс болған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

Келіп түскен құжаттардың, сараптама объектілерінің және салыстырмалы үлгілердің тізбесі

Істің қысқаша мән-жайлары

Тәуелсіз сараптама комиссиясы сарапшыларының тегі, аты, әкесінің аты( бар болса), алынғаны туралы белгі, қолы

1

2

3

4

5

6

      Кестенің жалғасы


Өтініш хаттар туралы белгі (шығарылған күні, қанағаттандырылған күні, тоқтата тұру мерзімі)

Сараптама жүргізу мерзімдері

Сараптама қорытындысын алғаны туралы белгі, алушы тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), алған күні, қызметтік куәліктің нөмірі, қолы

басталуы

аяқталуы


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады