"Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 1056, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2024 жылғы 26 желтоқсандағы № 113 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2024 жылғы 27 желтоқсандағы № 277 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 35575 болып тіркелді

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бірлескен бұйрық 01.01.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.

      БҰЙЫРАМЫЗ:

      1. "Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135 және Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасының 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 бірлескен бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33104 тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген бірлескен бұйрықпен бекітілген Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларында:

      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "5. Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру:

      заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалары бойынша, сондай-ақ нормативтік құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы бойынша – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі);

      халықаралық шарттар мен халықаралық шарттар жобаларын қоспағанда, заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы бойынша – Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі)";

      13-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "13. Заң жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуді оның әзірлеушісі (әзірлеуші орган) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру арқылы жүзеге асырады.";

      мынадай мазмұндағы 13-1-тармақпен толықтырылсын:

      "13-1. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамалар жүргізу үшін әзірлеуші ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында нормативтік құқықтық актінің жобасын және оған қоса берілетін материалдарды:

      1) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбасын;

      2) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде енгізілген өзгерістер және (немесе) толықтырулардың негіздемесі жазылған салыстырмалы кестесін;

      3) баспасөз релизін орналастырады.

      Бұл ретте заң жобалары бойынша:

      1) заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеуші саясаттың консультативтік құжаты;

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорты (бұдан әрі – паспорт);

      3) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржы есептерін (бар болса);

      4) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын (бар болса);

      5) зерделенетін мәселе бойынша статистикалық ақпарат (бар болса);

      6) ғылыми сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдар (бар болса) қоса орналастырады.";

      мынадай мазмұндағы 13-2-тармақпен толықтырылсын:

      "13-2. Парламент депутаттарының заңнамалық бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобалары электрондық жеткізгіштерде және оған қоса берілетін материалдарды:

      1) ресми бланкідегі ілеспе хатын;

      2) заң жобасына түсіндірме жазбасын (қазақ және орыс тілдерінде);

      3) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер және (немесе) толықтырулардың тиісті негіздемесімен заң жобасына салыстырма кестесін (қазақ және орыс тілдерінде);

      4) заң жобасын әзірлеуге бастамашылық жасаған Парламент депутаты/депутаттары қол қойған заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспортын (қазақ және орыс тілдерінде);

      5) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін заң жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржылық есеп-қисаптарды (бар болса);

      6) зерделенетін проблема бойынша статистикалық ақпаратты (бар болса);

      7) ғылыми сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдарды (бар болса) ғылыми сараптамалар жүргізуге жіберіледі.";

      мынадай мазмұндағы 13-3-тармақпен толықтырылсын:

      "13-3. Уәкілетті ұйымның, ғылыми ұйымның, үйлестірушінің, сарапшының сұрау салуы бойынша әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде нормативтік құқықтық актінің жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды ұсынады.";

      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "17. Ғылыми сараптама жүргізу үшін бірнеше нормативтік құқықтық актілер жобалары, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы ұсынылған жағдайда, уәкілетті ұйым, ғылыми ұйым немесе сарапшы әрбір нормативтік құқықтық актінің жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.";

      20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "20. Үкімет бастама жасаған заң жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын қоспағанда, ғылыми сараптаманың қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.";

      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "21. Ғылыми сараптама қорытындысында нормативтік құқықтық актінің жобасына ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерімен және (немесе) ұсыныстарымен келіскен жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын пысықтау туралы шешім қабылдайды.

      Нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда ғылыми сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында тиісті қорытындымен келіспеу негіздемелерімен дәлелді және негізделген себептерімен орналастыруға тиіс.

      Егер ғылыми сараптама қорытындысында әзірлеушінің (әзірлеуші органның) құзыретіне жатпайтын ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған жағдайда, әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды нормативтік құқықтық актінің жобасымен, халықаралық шартпен немесе халықаралық шарт жобасымен бір мезгілде ғылыми сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін жібереді.

      Халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын ратификациялау және (немесе) қол қою туралы құқықтық акт және ол бойынша ғылыми сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің не Әділет министрлігінің қарауына енгізілген кезде әзірлеуші орган халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша сараптама қорытындысында қамтылған ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелерін ұсынуға тиіс. Әзірлеуші орган тиісті дәлелдердің көшірмесін бір мезгілде уәкілетті ұйымға береді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Ғылыми сараптама ғылыми ұйымға немесе уәкілетті ұйымға заң жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде және заңға тәуелді құқықтық актінің жобасын үйлестірушіге ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      Ғылыми лингвистикалық сараптама заң жобасы уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 10 (он) күн ішінде жүргізіледі.

      Бұл ретте ғылыми құқықтық, ғылыми экономикалық, ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамаларды жүргізу мерзімдері нормативтік құқықтық актінің жобалары ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылған кезден бастап есептеледі.

      "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталында жарияланған күннен бастап, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйым ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.

      Қарыздар туралы халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.

      Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми сараптама жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеушіге (әзірлеуші органға) осы Қағидаларға сәйкес дайындалған ғылыми сараптама қорытындысы жіберіледі.

      Ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын қоспағанда, нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми сараптамалардың қорытындылары ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.

      Бұл ретте заң жобаларының лингвистикалық сараптамасының қорытындысы әзірлеушіге (әзірлеуші органға) электрондық түрде электрондық жеткізгіштерде жіберіледі.";

      23-тармақ алып тасталсын;

      31-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) ашық нормативтік құқықтық актілер интернет-порталда оларды жария талқылау үшін орналастырған кезде;";

      32, 33, 34, 35, 36, 39-тармақтар алып тасталсын;

      41-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "41. Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес сарапшының немесе сараптама комиссиясының қорытындысын тексеруді жүргізіп, кейін оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.";

      42-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;

      44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "44. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы ресми бланкіде ресімделеді және оған уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды.";

      45-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "45. Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде жарияланады.

      "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар материалдарды жариялау жүргізілмейді.";

      68-тармақтың төртінші бөлігі алып тасталсын;

      69-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "69. Заң жобалары сондай-ақ оларға материалдарды әзірлеуші (әзірлеуші орган) ғылыми лингвистикалық сараптамаға уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы жібереді.";

      70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "70. Заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы:

      1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;

      2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын;

      3) келісу парағының (pdf. форматында) көшірмесін ұсынады.";

      78-тармақтың 5-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын және оның материалдарын беру.";

      86-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "86. Халықаралық шарттар немесе олардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта, ал Үкімет бастама жасаған заң жобалары бойынша міндетті сипатта болады.";

      87-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) заң жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталына орналастырған кезде;";

      88-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "88. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші мемлекеттік орган заң жобасын және осы Қағидалардың 13-1-тармағында көрсетілген материалдарды ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады.";

      89, 90, 91, 92-тармақтар алып тасталсын;

      100-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "100. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап:

      Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарының;

      Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің;

      Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;

      Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларының;

      заңнамалық актілердің жобаларын Парламенті Мәжілісінің қарауына және Президент жарлықтарының жобаларын Президенттің қарауына енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының;

      мәслихаттардың нормативтік құқықтық шешімдерінің, әкімдіктердің нормативтік құқықтық қаулыларының, әкімдердің нормативтік құқықтық шешімдерінің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық қаулыларының;

      нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің;

      тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің

      әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;

      мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерінің;

      уәкілетті органдардың басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерінің;

      үлгілік және ұқсас нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқықтық нормаларды қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.

      Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Қағидалардың осы тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге де қолданылмайды.";

      113-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "113. Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында қоғамдық талқылау кезеңінде жүргізіледі.";

      114-тармақ алып тасталсын;

      116-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "116. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар интернет-порталда орналастырылған күннен бастап 5 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.

      117, 118, 119-тармақтар алып тасталсын;

      120-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "120. Үйлестіруші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыны немесе сарапшылар тобын айқындайды. Бұл ретте үйлестіруші нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан сарапшыны тартпайды.";

      127-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "127. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы оны дайындаған сарапшының немесе сарапшылар тобының деректері көрсетіле отырып, қазақ және орыс тілдерінде ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.";

      128-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "128. Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қарайды және мынадай әрекеттердің бірін қабылдайды:

      1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысының ұсынымдарымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бұл ретте, қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ақпаратты ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады;

      2) егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында әзірлеушінің құзыретіне жатпайтын ұсынымдар қамтылған жағдайда, әзірлеуші қорытынды түскен сәттен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды нормативтік құқықтық актінің жобасымен бірге тиісті ақпаратты пысықтау және ұсыну үшін сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға жібереді.

      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және әзірлеушіден нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдар осы ұсынымдарды қарауға және әзірлеушіге тиісті ақпаратты беруге міндетті. Әзірлеуші мемлекеттік органдардан ақпарат алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірмей оны ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырады;

      3) ұсынымдармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей себептерін көрсете отырып ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында мемлекеттік органдардың ұстанымын орналастырады.";

      129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "129. Үйлестіруші ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелері бар әзірлеушілердің орналастырылған ұстанымдарына талдау жүргізеді және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ұйымдастырушыға жүргізілген талдаудың қорытындыларын жолдайды.";

      130-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "130. Нормативтік құқықтық актінің жобасы Үкіметтің, әділет органдарының қарауына енгізілген кезде әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және сараптамалық қорытындының ұсынымдарымен келіспеу себептерінің дәлелді негіздемелері бар ұстанымын ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастырылады.";

      142-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыруды үйлестірушінің және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау;";

      173-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "173. Қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін тізілім үйлестірушінің ауысуына қарамастан тұрақты әрекет етеді.

      Қосымша сарапшыларды қосуды көздемейтін нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізілімін қайта бекіту конкурстық рәсімдерді қайта өткізбей жүзеге асырылады.";

      Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына 2-қосымша осы бірлескен бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқық түсіндіру және үйлестіру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бірлескен бұйрықтың мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бірлескен бұйрықты ресми Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Әділет вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бірлескен бұйрық 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
__________Б. Омарбеков
      Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
__________А. Жұмағали
      Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
__________А. Ескараев      

  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушы
2024 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 113,
Қазақстан Республикасының
Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы іс-қимыл агенттігінің
(Сыбайлас жемқорлыққа
қарсы қызмет) Төрағасы
2024 жылғы 27 желтоқсандағы
№ 277 мен
Қазақстан Республикасы
Әділет министрі
2024 жылғы 25 желтоқсандағы
№ 1056 бірлескен бұйрыққа
қосымша

Үйлестіруші мен сарапшы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын үлгілік шарт

№____

20__ жылғы "___" ________

      Бұдан әрi Үйлестіруші деп аталатын, _______________________________________

      негiзiнде әрекет ететiн _______________________________________________атынан

      _________________________________________________________________________,

      (сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіруді жүзеге

      асыратын ғылыми мекеменің немесе жоғары оқу орнының атауы) бiр тараптан және

      бұдан әрi

      Сарапшы деп аталатын, ___________________ берген ___________ №_______________

      ____________________________, екiншi тараптан, (жеке басын куәландыратын құжат)

      (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) бұдан әрi

      Тараптар деп атала отырып, төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.

1-тарау. Шарттың мәнi

      1. Сарапшы Үйлестірушінің тапсырмасы бойынша осы Шарттың талаптарына сәйкес қорытындыларды бере отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Үйлестіруші осы Шарт бойынша Сарапшы өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, осы Шарттың талаптарымен нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызметтердің нәтижесін уақтылы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.

      2. Үйлестіруші әзірлеуші ұсынған нормативтік құқықтық актінің жобасына аталған жобаны және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жолдау (тапсыру) арқылы Сарапшыға тапсырма береді.

      3. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызмет нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген мерзімнен кешіктірілмей көрсетіледі.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелері

      4. Сарапшы:

      1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жеке жүргізуге, Көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын, объективтілігін, біліктілігін қамтамасыз етуге;

      2) осы Шартпен көзделген қызметтерді тиісті сапада және толық көлемде осы Шартта белгіленген мерзімдерде және шарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетуге;

      3) нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде, ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмысқа қабылдау туралы не өзінің бас тарту себептерін, оның ішінде осы жобаны дайындауға тікелей қатысқандығын көрсете отырып, өздігінен бас тарту туралы оған хабарлама жолдауға;

      4) Қызметтерді көрсетумен байланысты өзіне белгілі болған Үйлестірушінің құжаттары мен мәліметтерінің сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз етуге;

      5) Үйлестірушіні оның талап етуі бойынша Қызметтерді көрсету барысы туралы хабардар етуге;

      6) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін оған Үйлестіруші берген мүлік пен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;

      7) осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, өзінің міндеттемелерін толық көлемде тиісінше орындамауы нәтижесінде туындаған барлық шығындарды Үйлестірушіге өтеуге;

      8) Үйлестірушінің талап етуі бойынша Көрсетілген қызметтер туралы есепті ұсынуға;

      9) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы берілгеннен кейін, нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеушінің оның ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, ол қабылданғанға дейін барлық кезеңде сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;

      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қолма-қол, электрондық пошта немесе ақпараттық жүйе (болған жағдайда) арқылы қазақ немесе орыс тілінде беруді жүзеге асыруға міндетті.

      5. Сарапшының:

      1) Үйлестірушіден осы Шарттың талаптарына сәйкес Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;

      2) туындаған мәселелер бойынша Үйлестірушіден түсіндірмелер және Қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;

      3) Көрсетілетін қызметтерді, оны сапалы және толық көлемде орындаған жағдайда, мерзімінен бұрын көрсетуге құқығы бар.

      6. Үйлестіруші:

      1) Сарапшыға нормативтік құқықтық актілер жобаларын және егер Сарапшы тапсырма алған жағдайда, оған қоса берілетін материалдарды ұсынуға;

      2) Үйлестіруші анықтаған кемшіліктер жойылған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Сарапшы көрсеткен қызметтерді қабылдауға;

      3) Сарапшы көрсеткен қызметтерге ақыны осы Шартта көзделген тәртіппен төлеуге;

      4) нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға тікелей қатысқан Сарапшыға аталған жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жібермеуге міндетті;

      5) Сарапшыға кемінде мерзімнің 2/3-і беруге міндетті.

      7. Үйлестірушінің:

      1) Сарапшы көрсететін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеруге;

      2) Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде кемшіліктер анықталған жағдайда, Көрсетілген қызметтерді қабылдамауға және кемшіліктер байқалған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде Көрсетілген қызметтерде анықталған кемшіліктерді жою туралы Сарапшыға хабарлама жолдауға;

      3) Сарапшы Үйлестірушінің ескертулермен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу үшін басқа Сарапшыға жолдауға;

      4) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін Сарапшыға ұсынымдар беруге;

      5) Қызметтер көрсету процесін бақылауға;

      6) осы Шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.

      8. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Көрсетілген қызметтер бойынша Сарапшы жасаған зияткерлік қызметінің нәтижелерінің барлығына меншік құқығы Үйлестірушіге тиесілі болады деп уағдаласты.

3-тарау. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шарттары

      9. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша көрсетілетін қызметтердің құнын Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі (бұдан әрі – Әділетмині) бекіткен сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама жүргізу жөніндегі қызметтердің құнын бағалау критерийлерінің негізінде Қазақстан Республикасы Әділет министрлігімен келісім бойынша үйлестіруші айқындайды.

      10. Үйлестіруші Сарапшы дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын келіскеннен кейін, ____ жұмыс күні ішінде Тараптар Көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды. Тараптар бір ай ішінде Көрсетілген қызметтер актісін жасауға және оған қол қоюға құқылы. Үйлестіруші мен Әділетмині арасында Көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғаннан кейін, Қызметтер көрсетілген болып есептеледі.

      Ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың қорытындысында көрсетілмеген сыбайлас жемқорлыққа байланысты қосымша тәуекелдер анықталса, сарапшының көрсетілген қызметтерінің құны төмендету жағына қарай қайта қаралуы мүмкін.

      11. Үйлестіруші Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді Әділетмині Үйлестірушінің есеп шотына ақша қаражатын аударған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.

      12. Үйлестіруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ табыс салығын Сарапшының пайдасына ұстап қалады.

      13. Қызметтер көрсету кезінде Сарапшы келтірген өзге де шығыстарды Үйлестіруші өтемейді.

4-тарау. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі

      14. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.

      15. Тараптарға осы Шарт талаптарын орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, жауапкершілік жүктелмейді.

      Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, алайда әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және басқасы.

      Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Сарапшы Үйлестірушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жолдайды. Егер Үйлестірушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Сарапшы Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, соншалық орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажор жағдайларына байланысты емес балама тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.

      16. Сарапшыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында жазылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларын жою бойынша дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапкершілік жүктеледі.

      17. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.

      18. Келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.

5-тарау. Шарттың қолданылу мерзімі және оны тоқтату негіздері

      19. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" _______ дейін, ал Тараптардың міндеттемелері бөлігінде оларды толық орындағанға дейін қолданылады.

      20. Осы Шарт Тараптардың екіжақты келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Осы Шартты бұзуды талап ететін Тарап өзінің ниеті туралы екінші Тарапты Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.

      21. Шартты Сарапшының бастамасы бойынша бұзған кезде Сарапшы Қызметтерді көрсету процесінде жұмсалған өз шығындарын, сондай-ақ Көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы емес.

      22. Үйлестіруші осы Шартты келесі жағдайларда:

      1) Сарапшының үш ай ішінде дәлелсіз себептермен 2 (екі) реттен артық Қызмет көрсетуден бас тартуы;

      2) Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген Қызметтер көрсету мерзімі өтіп кеткен күннен бастап екі жұмыс күнінен астам мерзімге Қызметтер көрсету мерзімін өткізіп алғанда;

      3) әзірлеушілер үш ай ішінде дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларында Сарапшының барлық ұсынымдарының 2/3-нен астамын қабылдамаған жағдайда;

      4) Сарапшы біліктілігінің жеткіліксіздігі, біліксіздігі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмағанда;

      5) Сарапшы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 106-тармағымен белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.

      23. Осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталады.

      24. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Сарапшы бұзылған күнге нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы және осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде артық төленген соманы Үйлестірушіге қайтарады.

6-тарау. Қорытынды ережелер

      25. Осы Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістер жазбаша жасалады, екі Тарап қолдарын қояды және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

      26. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалған.

7-тарау. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары

Үйлестіруші _______________________

Сарапшы _______________________


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады