Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелерi" қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi туралы epeжeнің 14-тармағының 266) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
1. Қоса беріліп отырған Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Құқықтық саясат департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрі |
А. Ескараев |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. |
Б. Омарбеков |
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы |
А. Жұмағали |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2023 жылғы 12 шілдедегі № 135, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Төрағасы 2023 жылғы 11 шілдедегі № 223 мен Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 11 шілдедегі № 473 бірлескен бұйрығымен бекітілген |
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – "Құқықтық актілер туралы" заң) 30-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" заң) 4-бабына сәйкес әзірленді және нормативтік құқықтық актілердің, Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттардың жобаларына, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобаларына (бұдан әрі – халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы) ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) ғылыми сараптама қорытындысы – жүргізілген ғылыми сараптаманың нәтижелерін көрсететін, заңнаманың және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген құжат;
2) сараптама комиссиясы – ғылыми сараптама жүргізу мақсатында құрылған құрамында кемінде екі сарапшы бар топ;
3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама – нормативтік құқықтық актілер жобаларында сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды анықтау мақсатында оларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын шығара отырып зерттеу;
4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысы – осы Қағидалардың талаптарына сәйкес ресімделген, нормативтік құқықтық актінің жобасына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың нәтижелері көрсетілетін жазбаша құжат;
5) үйлестіруші – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес айқындалатын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру жүктелетін ғылыми мекеме немесе жоғары оқу орны.
3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына ғылыми сараптама "Құқықтық актілер туралы" Заңның 30-бабы 2-тармағында, 33-бабының 1-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми сараптамасы "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңның 4-бабының 3-тармағында көрсетілген мақсаттарда жүргізіледі.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің (бұдан әрі – Парламент Мәжілісі) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша ғылыми құқықтық, ғылыми лингвистикалық, ғылыми экономикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы және басқа да сараптамалар жүргізіледі.
Ғылыми сараптама жүргізбеуге болатын Қазақстан Республикасы Президентінің (бұдан әрі – Президент) заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңнамалық актілердің жобалары енгізілетін жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы Парламентінің (бұдан әрі – Парламент) қарауына енгізілетін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша олар реттейтін қоғамдық қатынастарға қарай ғылыми сараптама жүргізу міндетті.
Халықаралық шарттың соңғы нұсқасына олармен реттелетін қоғамдық қатыстарға қарай ғылыми (құқықтық, лингвистикалық және тағы да басқа) сараптама жүргізіледі.
5. Ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру:
заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптамалары бойынша – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне (бұдан әрі – Әділет министрлігі);
заң жобаларының ғылыми экономикалық сараптамасы бойынша –Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігіне (бұдан әрі – Ұлттық экономика министрлігі);
сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасы бойынша – Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) жүктеледі.
6. Нормативтік құқықтық актілер жобаларының ғылыми сараптамасын қаралатын жобаның мазмұнына қарай ғылыми мекемелер, уәкілетті ұйым, ғалымдар мен мамандар қатарынан тартылатын сарапшылар жүргізеді. Сараптама жүргізу бір немесе бірнеше сарапшыға (сараптама комиссиясына) тапсырылуы мүмкін.
Ғылыми ұйымдар, сарапшылар ретінде басқа мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан мамандар тартылуы мүмкін. Нормативтік құқықтық актінің жобасы ғылыми сараптама үшін шетелдік және халықаралық ұйымдарға жіберілуі мүмкін.
7. Уәкілетті ұйым ғылыми құқықтық сараптаманы "Құқықтық актілер туралы" Заңның 33-2-бабы, "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Заңның 4-бабының 2-2-тармағы негізінде ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруды үйлестіру және сарапшылардың ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау жөніндегі қызмет арқылы қамтамасыз етеді.
8. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізу талаптары қолданыстағы заңнамада, осы Қағидаларда, Әділет министрінің нормативтік құқықтық бұйрықтарында, сондай-ақ ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шартта айқындалады.
9. Ғылыми ұйым, уәкілетті ұйым, сарапшылар Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес:
1) ғылыми сараптама жүргізуге, оның ішінде ғылыми сараптама жұмысын жүргізу барысында туындайтын мәселелер бойынша да барлық қажетті ақпаратты, материалдарды алады;
2) уәкілетті органмен келісу бойынша олардың алдына қойылған мәселелер бойынша ғана емес, сондай-ақ өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын өзге де мәселелер бойынша қорытындылар береді;
3) әзірлеушілердің (әзірлеуші органдардың) статистикалық деректерін пайдалана алады (егер статистика жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның және әзірлеушінің статистикалық деректері сәйкес келмеген жағдайда, бұл сараптамалық қорытындыда көрсетілуге тиіс);
4) егер шартта өзгеше көзделмесе, ғылыми сараптаманы жүзеге асыру кезінде оны орындауға үшінші тұлғаларды тартуы мүмкін;
5) нормативтік құқықтық актілердің жобаларынан туындайтын, сондай-ақ олардың алдына уәкілетті орган қойған мәселелер бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық қорытынды береді;
6) ғылыми сараптама жүргізу барысында өз кінәсінен жіберілген кемшіліктерді өз күшімен, өз есебінен және уәкілетті орган белгілеген мерзімде жояды;
7) ғылыми сараптама жүргізу нысанасына, оның орындалу барысына және ғылыми нәтижелеріне қатысты мәліметтердің құпиялылығын қамтамасыз етеді;
8) орындаған жұмысы үшін сыйақы алады;
9) шартта белгіленген өзге де міндеттерді атқарады.
10. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары, халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша дербес, комиссиялық, кешенді ғылыми сараптамалар, ал қажет болған кезде қайталама және (немесе) қосымша ғылыми сараптамалар жүргізілуі мүмкін.
Бұл ретте заң жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама осы Қағидалардың 68-тармағында айқындалған тәртіппен жүргізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізілмейді.
11. Қайталама ғылыми сараптама бастапқы ғылыми сараптама нәтижелері бойынша ғылыми сараптама қорытындысы негізді болмаған жағдайларда жүргізіледі.
Қосымша ғылыми сараптама халықаралық шарт жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.
12. Заң жобасына ғылыми сараптама жүргізу туралы шешімді:
1) Президенттің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Басшысының (бұдан әрі – Президент Әкімшілігі), Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің (бұдан әрі – Премьер-Министр) тапсырмасы бойынша;
2) уәкілетті орган;
3) егер әзірлеуші органның регламентiнде немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерде осы тұлғаларға және құрылымдық бөлiмшелерге осындай құқық берiлген болса, әзірлеуші орган қабылдануы мүмкін.
Халықаралық шарт бойынша немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:
4) Президентінің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы бойынша;
5) Парламент депутаттарының бастамасы бойынша;
6) халықаралық шарт жасасу туралы ұсыныс беретін орталық мемлекеттік органның бастамасы бойынша, сондай-ақ халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасын келісуді жүзеге асыратын басқа да орталық мемлекеттік органдардың ұсыныстары бойынша қабылдануы мүмкін.
Халықаралық шарт бойынша немесе халықаралық шарт жобасы бойынша қайталама ғылыми сараптама жүргізу туралы шешім:
7) Президенттің, Президент Әкімшілігі Басшысының, Премьер-Министрдің, Үкімет Аппараты Басшысының тапсырмасы негізінде;
8) Парламент депутаттарының бастамасы бойынша қабылдануы мүмкін.
13. Заң жобаларын ғылыми сараптамаға жіберуді оның әзірлеушісі жүзеге асырады.
Бұл ретте Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заң жобалары олардың шешімімен ғылыми сараптамаға жіберіледі.
Халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын ғылыми сараптама жүргізуге жіберу әзірлеуші органға жүктеледі.
14. Әзірлеуші (әзірлеуші орган) ғылыми сараптама жүргізу үшін ұсынылған нормативтік құқықтық акт жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы мәтінінің нормативтік құқықтық актінің, халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының мәтініне сәйкестігін оны әзірлеу мен келісудің әрбір сатысында қамтамасыз етеді.
15. Ғылыми сараптама қорытындысы ғылыми сараптаманың мәні бойынша ғылыми негізделген, толыққанды, объективті және дәлелді тұжырымдарды қамтуға тиіс.
16. Егер ғылыми сараптама қорытындысының тұжырымдарына қатысты Әділет министрлігінде, әзірлеушіде (әзірлеуші органда) немесе ғылыми сараптама жүргізуге бастама жасаған тұлғаларда сұрақтар туындаған жағдайда, олар тиісті түсіндірмелер алу үшін сарапшыға, ғылыми ұйымға, уәкілетті ұйымға жүгіне алады.
17. Ғылыми сараптама жүргізу үшін бірнеше заң жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы ұсынылған жағдайда, уәкілетті ұйым, ғылыми ұйым немесе сарапшы әрбір заң жобасы, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми сараптама жүргізеді және қорытынды жасайды.
18. Ғылыми сараптама қорытындысы сарапшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) және оның біліктілігі көрсетіле отырып, ғылыми сараптама жүргізген ұйымның ресми бланкісінде дайындалады.
19. Ғылыми сараптама қорытындысына ғылыми ұйымның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам және ғылыми сараптама жүргізген сарапшылар қол қояды, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйымның бірінші басшысы не оны алмастыратын адам және ғылыми сараптама жүргізген сарапшылар қол қояды.
20. Ғылыми сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
21. Ғылыми сараптама қорытындысында заң жобасына ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған кезде әзірлеуші ғылыми сараптама қорытындысының ескертулерімен және (немесе) ұсыныстарымен келіскен жағдайда, заң жобасын пысықтау туралы шешім қабылдайды.
Заң жобасын әзірлеуші ғылыми сараптаманың қорытындысымен келіспеген жағдайда ғылыми сараптаманың қорытындысын алғаннан кейін 10 (он) жұмыс күні ішінде тиісті қорытындымен келіспеу негіздемелерімен жазбаша дәлелді және негізделген себептерімен сараптама ұйымына жіберуге тиіс.
Егер ғылыми сараптама қорытындысында әзірлеушінің (әзірлеуші органның) құзыретіне жатпайтын ескертулер және (немесе) ұсыныстар болған жағдайда, әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды заң жобасымен, халықаралық шартпен немесе халықаралық шарт жобасымен бір мезгілде ғылыми сараптама қорытындысында қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға пысықтау және тиісті ұстанымды қалыптастыру үшін жібереді.
Халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын ратификациялау және (немесе) қол қою туралы құқықтық акт және ол бойынша ғылыми сараптама қорытындысы Қазақстан Республикасы Үкіметінің не Әділет министрлігінің қарауына енгізілген кезде әзірлеуші орган халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша сараптама қорытындысында қамтылған ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелерін ұсынуға тиіс. Әзірлеуші орган тиісті дәлелдердің көшірмесін бір мезгілде уәкілетті ұйымға береді.
22. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ғылыми ұйымға немесе сарапшыға, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күніне дейін мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасы Ұлттық экономика министрлігіне ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде жүргізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми экономикалық сараптаманы қоса алғанда, ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу ғылыми ұйымға немесе сарапшыға, ал ғылыми лингвистикалық сараптама бойынша – уәкілетті ұйымға ұсынылған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күннен аспайтын мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Қарыздар туралы халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүзеге асырылады.
Ғылыми сараптама жүргізу мерзімі аяқталғаннан кейін әзірлеушіге (әзірлеуші органға) осы Қағидаларға сәйкес дайындалған ғылыми сараптама қорытындысы жіберіледі.
23. Қажет болған кезде ғылыми сараптама жүргізу мерзімі Президенттің, Президенті Әкімшілігінің, Үкімет басшылығының оны жүргізу қажеттігі туралы тапсырмасы болған жағдайларды қоспағанда, әзірлеушінің (әзірлеуші органның), Әділет министрлігінің, Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), Ұлттық экономика министрлігінің келісуімен, ал ғылыми құқықтық сараптама бойынша – осы Қағидалардың 39, 59-тармақтарында айқындалған тәртіппен ұзартылуы мүмкін.
Бұл талап "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобаларына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңды күші бар уақытша қаулыларының жобаларына қолданылмайды.
24. Халықаралық шарттарға немесе халықаралық шарттардың жобаларына (ғылыми құқықтық және ғылыми лингвистикалық сараптаманы қоспағанда) ғылыми сараптамалардың өзге түрлерін жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
2-тарау. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібі
25. "Құқықтық актілер туралы" Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес Парламент депутаттары, Президент Әкімшілігі, Үкімет, өзге де мемлекеттік органдар, ұйымдар және азаматтар олармен келісу бойынша заң жобаларын әзірлеушілер болып табылады.
26. Заң жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыратын сарапшылар екі топқа бөлінеді.
Бірінші топтың сарапшысына қойылатын талаптар:
1) "Құқық" мамандықтар тобы бойынша жоғары заңгерлік білім, ғылыми дәрежесі не философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі;
2) заңгер мамандығы бойынша кемінде бес жыл жалпы жұмыс өтілі.
Екінші топтың сарапшысына қойылатын талаптар:
1) "Құқық" мамандықтар тобы бойынша жоғары заңгерлік білім/академиялық дәрежесі;
2) заңгер мамандығы бойынша кемінде он жыл жалпы жұмыс өтілі.
Бірінші және екінші топтардың сарапшылары заңнамаға сәйкес құқықтар мен міндеттерге ие болады және тең құқықтық негізде ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге тартылады.
27. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптаманы ғылыми құқықтық сарапшылар тізілімінде (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) тұрған сарапшы немесе сараптама комиссиясы жүргізеді.
28. Сарапшыға қойылатын талаптар және сарапшылар тізіліміне енгізу тәртібі туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
29. Сарапшы болуға кандидатты (бұдан әрі – кандидат) немесе сарапшыны сарапшылар тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту не алып тастау туралы шешімді Комиссия қорытындысы негізінде уәкілетті ұйым қабылдайды.
Комиссия құрамы уәкілетті ұйымның бұйрығымен бекітіледі.
Комиссия кандидаттардың құжаттарын кандидаттың сарапшыға қойылатын талаптарға сәйкестігі немесе сәйкес еместігі, шартты бұзу негіздерінің болуы немесе болмауы тұрғысынан қарайды.
Сарапшының қызметін тоқтата тұру туралы шешімді уәкілетті ұйым қабылдайды.
Комиссияның қорытындысы негізінде сарапшымен ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарт жасалады немесе бұзылады.
30. Осы Қағидалардың 26, 50-тармақтарында сарапшыға қойылатын талаптарға сәйкес келетінін растайтын құжаттар тізбесін толық ұсынбау кандидатты сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
31. Заң жобаларына ғылыми құқықтық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасы Үкімет Аппаратына енгізілгенге дейін сараптама қорытындыларын алу үшін қоғамдық кеңестерге, сараптама кеңестеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бір мезгілде жіберілген кезде;
2) заң жобасына Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының ескертулері бойынша пысықтау нәтижесінде оған тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.
Көрсетілген талаптар Парламентінің депутаттары бастама жасаған заң жобаларына қолданылмайды.
32. Заңдардың жобалары бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші электрондық жеткізгіштерде қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды:
1) ресми бланкідегі ілеспе хатты;
2) заң жобасына түсіндірме жазбаны (қазақ және орыс тілдерінде);
3) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен заң жобасына салыстырма кестені (қазақ және орыс тілдерінде);
4) заңдардың жобалары Президенттің, Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайларды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжатын (қазақ және орыс тілдерінде);
5) зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректерді (бар болса);
6) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобаларын (бар болса) (қазақ және орыс тілдерінде);
7) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін толық және анық деректерді ұсыну мақсатында өзге де материалдарды (бар болса) ұсынады.
33. Уәкілетті ұйым осы Қағидалардың 32-тармағына сәйкес әзірлеуші ұсынған заң жобасының және оған қоса берілетін материалдардың толықтығын тексереді.
34. Әзірлеуші осы Қағидалардың 32-тармағында көзделген ғылыми құқықтық сараптама материалдарының тізбесін толық ұсынбаған жағдайда, уәкілетті ұйым 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды қарамай қайтарады және әзірлеушіні хабардар етеді.
35. Әзірлеуші уәкілетті ұйымның хабарламасында көрсетілген себептерді жойғаннан кейін заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін қайта ұсынады.
36. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша әзірлеуші 2 (екі) жұмыс күні ішінде заң жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды ұсынады.
37. Сарапшының немесе уәкілетті ұйымның сараптама тобының соңғы мүшесінің заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды қарауға қабылдағаны туралы хабарлама алған кезі ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің басталуы болып есептеледі. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде сарапшыға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде сарапшы уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тартатыны және себептері туралы хабардар етеді.
38. Сарапшы заң жобасын қарауға қабылдау немесе қабылдау мүмкін еместігі туралы, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту туралы уақтылы хабарламаған немесе хабарламаған жағдайда, уәкілетті ұйым заң жобасын және оған қоса берілетін материалдарды басқа сарапшыға жібереді.
39. Қажет болған жағдайда ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін белгіленген мерзім әзірлеушімен келісу бойынша 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін, уәкілетті ұйым, Әділет министрлігі дереу хабардар етіледі.
40. Сарапшы, сараптама комиссиясы осы Қағидаларға сәйкес қазақ және орыс тілдеріндегі ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысын 10 (он) жұмыс күні ішінде береді. Ғылыми құқықтық сараптама қорытындысының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын сарапшы қамтамасыз етеді.
Сарапшылардың бірі бірыңғай қорытындыда жазылған тұжырымдармен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін баяндай алады және оны бірыңғай қорытындыға қоса бере алады.
41. Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні ішінде осы Қағидалардың 43-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес сарапшының немесе сараптама комиссиясының қорытындысын тексеруді жүргізіп, кейіннен оны әзірлеушіге жібереді.
42. Заң жобасына қайталама ғылыми құқықтық сараптама осы Қағидалардың 37-тармағында айқындалатын заң жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу басталған кезден бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабы 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми құқықтық сараптама жүргізілмейді.
43. Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысында:
1) сарапшының, сараптама комиссиясы мүшелерінің тегін, атын, әкесінің атын (болған кезде), ғылыми дәрежесін (болған кезде), ғылыми атағын (болған кезде), әзірлеушінің атауын, уәкілетті ұйымның атауын, ғылыми құқықтық сараптаманың нысанасы мен мақсаттарын, заң жобасының атауын, оның межелі мақсатын, заң жобасының ғылыми құқықтық сараптама жүргізілген ғылым саласын және заң жобасының құрылымын, сондай-ақ оған қоса берілетін материалдарды қамтитын жалпы ережелер;
2) заң жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы, оның ішінде заң жобасын қабылдаудың ғылыми негізділігі мен уақтылығын бағалау;
3) заңның қабылдануы шешілуіне бағытталған проблемалық мәселелерді шешудің, оның ішінде әртүрлі тарихи кезеңдерде, шетелдік практикада қолданылған барлық белгілі және тиімді тәсілдерін, тетіктерін, тәсілдерін сипаттау, сондай-ақ құқықтық қатынастардың сабақтас салаларын және оларға заңды қабылдаудың салдары түрінде ықпал етуді сипаттау;
4) қойылған проблемалық мәселелерді шешудің заң жобасында ұсынылатын әдістерін, тетіктерін, тәсілдерін, проблемалық жағдайларды шешудің қандай да бір тәсілдерін қабылдаудың ықтимал салдарын талдау:
заң жобасының Қазақстан Республикасының Конституциясына (бұдан әрі – Конституция), жоғары деңгейдегі нормативтік құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасының халықаралық міндеттемелеріне сәйкестігін тексеру;
заң жобасын қабылдаудың құқықтық, әлеуметтік, экономикалық және өзге де салдарын, оның ішінде әлеуметтік шиеленістің ықтимал тәуекелдері бөлігінде бағалау;
заң жобасын қабылдауға байланысты қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау, сондай-ақ олардың жасалуының алдын алуға оның әсерін бағалау;
заң жобасын қабылдауға байланысты гендерлік теңдік құқығына нұқсан келтіруге ықпал ететін себептер мен жағдайлардың болуын айқындау;
заң жобасы қабылданған жағдайда нақтылауға жататын нормативтік құқықтық актілердің тізбесін айқындау;
заңнамалық базаны жақсарту бойынша ғылыми негізделген ұсыныстар әзірлеу;
тиісті құқық саласының қағидаттарына ықтимал қайшылықтарды анықтау;
заң жобасында қамтамасыз етілетін анық немесе жасырын ведомстволық немесе топтық мүддені анықтау;
заң жобасынан туындайтын өзге де сұрақтарға жауап алу қамтылуға тиіс.
44. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы ресми бланкіде ресімделеді және оған уәкілетті ұйымның басшысы немесе оның міндетін атқарушы қол қояды. Қорытындыға уәкілетті ұйым басшысының немесе оның міндетін атқарушының қойған қолы, шығыс нөмірі мен күні уәкілетті ұйымның қорытындыны жібергенін растайды.
45. Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында жарияланады.
Заң жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысын жариялау оны әзірлеушіге жіберумен бір мезгілде жүргізіледі. "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жарияланбайды", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар материалдарды жариялау жүргізілмейді.
46. Ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарттан туындайтын даулар, уәкілетті ұйымның әрекеттері мен шешімдеріне шағым жасау міндетті түрде сотқа дейінгі реттеуге жатады.
Уәкілетті ұйым жанында өтініш берушілердің қарсылықтарын сотқа дейін қарау жөніндегі Наразылықты қарау кеңесі құрылады.
Наразылықты қарау кеңесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, осы Қағидаларды басшылыққа алады.
3-тарау. Халықаралық шарттарға немесе халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми құқықтық сарапшыларды іріктеу тәртібі
47. Міндетті ғылыми құқықтық сараптама ратификациялауға жататын:
1) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша – оларды ратификациялау немесе оларға ратификациялау жолымен қосылу туралы шешім қабылданғанға дейін;
2) халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.
48. Халықаралық шарттарды жасасу туралы ұсыныс беретін орталық мемлекеттік орган халықаралық шарттарды әзірлеуші орган болып табылады.
Әзірлеуші органдар ғылыми құқықтық сараптамаға халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын жібереді.
49. Халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттардың жобаларына ғылыми құқықтық сараптама Әділет министрлігі заңдық сараптама жүргізгеннен кейін жүзеге асырылады.
50. Халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының ғылыми құқықтық сараптамасын сарапшылар тізілімінде тұрған сарапшы немесе сараптама комиссиясы жүргізеді.
Оның құрамына мынадай:
1) жоғары заңгерлік білімінің;
2) ғылыми дәрежесінің, философия докторы (PhD), "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/"Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) бейіні бойынша доктор дәрежесінің;
3) заңгер мамандығы бойынша кемінде үш жыл жалпы өтілінің болуы талаптарына сәйкес келуге тиіс сарапшылар кіреді.
Ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге:
1) "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/ "Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) жоғары заңгерлік білімі және магистр академиялық дәрежесі және заңгер мамандығы бойынша кемінде үш жыл жұмыс тәжірибесі бар; немесе
2) "Халықаралық құқық" мамандығы бойынша/ "Құқық" мамандықтар тобы бойынша ("Халықаралық құқық" мамандығы басым болып табылады) жоғары заңгерлік білімі/бакалавр академиялық дәрежесі және заңгер мамандығы бойынша кемінде он жыл жұмыс тәжірибесі бар сарапшы да тартылады.
51. Сарапшыға қойылатын талаптар және Сарапшылар тізіліміне енгізу тәртібі туралы ақпарат уәкілетті ұйымның ресми интернет-ресурсында жарияланады.
52. Кандидатты сарапшылар тізіліміне енгізу немесе енгізуден бас тарту не сарапшыны Сарапшылар тізілімінен шығару шешімі осы Қағидалардың 29, 30-тармақтарымен реттеледі.
53. Уәкілетті ұйым әзірлеуші орган ұсынған халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының және оған қоса берілетін материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 63-тармағына сәйкес тексереді.
54. Әзірлеуші орган ғылыми құқықтық сараптама материалдарының толық тізбесін уәкілетті ұйымға ұсынбаған жағдайда, тиісті тапсырма болған жағдайда жұмыс тәртібімен жетіспейтін құжаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде жолдауға құқылы.
Бұл ретте әзірлеуші орган көрсетілген мерзім ішінде ғылыми құқықтық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым оларды қарамай қайтарады және әзірлеуші органды хабардар етеді.
55. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша әзірлеуші орган 5 (бес) жұмыс күні ішінде халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды ұсынады.
56. Халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы және оған қоса берілетін материалдар қабылданған жағдайда, уәкілетті ұйым ғылыми құқықтық сараптаманы жүргізу үшін қажетті сарапшылар санын айқындайды, оларға электрондық түрде халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы, сондай-ақ қоса берілетін материалдар жіберіледі.
Сарапшы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды зерделеуге және ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге сарапшының қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болмаған жағдайда, оларды қарауға қабылдайды.
57. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде, сарапшы өзіне ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі), ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті ұйымды хабардар ете отырып, оны жүргізуден бас тартады.
58. Сарапшының немесе сараптама комиссиясының соңғы мүшесінің уәкілетті ұйымды халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды қарауға қабылдағаны туралы хабардар еткен кезі ғылыми құқықтық сараптама жүргізудің басталуы болып есептеледі. Сарапшының ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге қатысуын болғызбайтын мән-жайлар болған кезде сарапшыға ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін материалдар жіберілген кезден бастап 2 (екі) жұмыс күнінен, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 1 (бір) күннен кешіктірілмейтін мерзімде сарапшы уәкілетті ұйымды ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту себептері туралы хабардар етеді.
Сарапшы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын қарауға қабылдау/қабылдау мүмкін еместігі туралы, ғылыми құқықтық сараптама жүргізуден бас тарту туралы уақтылы хабарламаған/хабарламаған жағдайда, уәкілетті ұйым халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оған қоса берілетін материалдарды басқа сарапшыға жіберуге құқылы.
59. Қажет болған жағдайда ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін белгіленген мерзім уәкілетті ұйымды, Әділет министрлігін дереу хабардар ете отырып, әзірлеуші органмен келісу бойынша 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
60. Сарапшы, сараптама комиссиясы ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысын 10 (он) жұмыс күні, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 6 (алты) күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде береді және оны уәкілетті ұйымға танысу және келісу үшін жібереді. Ғылыми құқықтық сараптама қорытындысының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің теңтүпнұсқалылығын сарапшы қамтамасыз етеді.
Сарапшылардың бірі бірыңғай қорытындыда баяндалған тұжырымдармен келіспеген жағдайда, ол ерекше пікірін баяндай алады және оны бірыңғай қорытындыға қоса бере алады.
61. Уәкілетті ұйым 5 (бес) жұмыс күні, ал қарыз алу туралы халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша күнтізбелік 4 (төрт) күн ішінде кейіннен оны әзірлеуші органға жібере отырып, осы Қағидалардың 64-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес сараптама комиссиясының қорытындысын тексеруді жүргізеді.
62. Қайталама немесе қосымша ғылыми құқықтық сараптама сарапшыға халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы мен оған қоса берілетін материалдар ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
63. Халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша ғылыми құқықтық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға қағаз және электрондық құжат айналымы арқылы электрондық түрде мынадай материалдарды:
1) ресми бланкідегі ілеспе хатты;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы не әзірлеуші органның лауазымды адамы куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілген, қол қою тілдеріндегі халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) куәландырған мәтінін;
3) қарыз алу туралы халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын қоспағанда, Әділет министрлігінің заңдық сараптамасы қорытындысының көшірмесін ұсынады. Сарапшыға Әділет министрлігінің заңдық сараптамасы қорытындысының көшірмесін жіберуге жол берілмейді.
64. Халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының ғылыми құқықтық сараптамасының қорытындысында мыналар:
1) ғылыми құқықтық сараптама жүргізген сарапшылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ғылыми/академиялық дәрежесі (бар болса) және ғылыми атағы (бар болса);
2) ғылыми құқықтық сараптама жүргізілген ғылым салалары;
3) уәкілетті ұйымның атауы;
4) халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының атауы;
5) ғылыми құқықтық сараптама жүргізу кезінде пайдаланылған халықаралық шарттар мен құжаттар;
6) ғылыми құқықтық сараптаманың нысанасы мен мақсаттары;
7) негізделген ұсынымдар мен ұсыныстар;
8) әзірлеуші (әзірлеуші орган) қойған сұрақтарға жауаптар;
9) халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге байланысты өзге де мәселелер қамтылуға тиіс.
65. Ғылыми құқықтық сараптаманың қорытындысы ресми бланкіде ресімделеді және оған уәкілетті ұйымның басшысы немесе оны алмастыратын адам қол қояды. Қорытындыға уәкілетті ұйым басшысының немесе міндетін атқарушы адамның қойған қолы, шығыс нөмірі мен күні уәкілетті ұйымның қорытындыны жібергенін растайды.
66. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми құқықтық сараптама жүргізуге арналған шарттан туындайтын, сондай-ақ сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тартуға шағым жасау туралы даулар осы Қағидалардың 46-тармағында айқындалған тәртіппен міндетті түрде сотқа дейінгі реттелуге жатады.
4-тарау. Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу тәртібі
67. Міндетті ғылыми лингвистикалық сараптама:
1) Заңдардың жобалары бойынша;
2) Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттар бойынша, сондай-ақ ратификациялауға жататын халықаралық шарттардың жобалары бойынша жүргізіледі.
Қазақстан Республикасы Президентінің заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген заңдардың жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілмеуі мүмкін.
Ғылыми лингвистикалық сараптама мынадай сатыларда:
3) заңдардың жобалары бойынша Президент Әкімшілігімен, Үкімет Аппаратымен келісілгеннен кейін олар Парламенттің қарауына енгізілгенге дейін;
4) халықаралық шарттар бойынша – олар ратификацияланғанға дейін немесе ратификациялау арқылы оларға қосылғанға дейін, ал халықаралық шарттардың жобалары бойынша – оларға қол қойылғанға дейін жүргізіледі.
68. Халықаралық шарттар немесе халықаралық шарттардың жобалары бойынша қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілуі мүмкін.
Қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің ескертулері бойынша халықаралық шарт жобасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда жүргізіледі.
Қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама халықаралық шарт жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізілмейді.
69. Заң жобалары сондай-ақ оларға материалдарды әзірлеуші (әзірлеуші орган) ғылыми лингвистикалық сараптамаға уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы және қағаз жеткізгіштерде жібереді. Бұл ретте электрондық нұсқалар қағаз жеткізгіштердегімен бірдей болуы тиіс.
Халықаралық шарттарды немесе халықаралық шарттардың жобаларын, сондай-ақ оларға материалдарды әзірлеуші (әзірлеуші орган) уәкілетті ұйымға ғылыми лингвистикалық сараптамаға электрондық құжат айналымы арқылы және қағаз жеткізгіштерде жібереді. Бұл ретте электрондық нұсқалар қағаз жеткізгіштердегімен бірдей болуы және сол күні енгізілуі тиіс.
70. Заң жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы және қағаз жеткізгіштерде:
1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасын;
3) келісу парағының (pdf. форматында) көшірмесін ұсынады.
71. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына бастапқы ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті ұйымға:
1) әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы не әзірлеуші органның лауазымды адамы куәландырған қазақ және орыс тілдеріндегі аудармасы қоса берілген, қол қою тілдеріндегі халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі (бұдан әрі – Сыртқы істер министрлігі) куәландырған мәтінін;
3) Әділет министрлігінің заң сараптамасы қорытындысының көшірмесін ұсынады.
72. Парламент депутаттары бастама жасаған заңдардың жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін Әділет министрлігіне және (немесе) уәкілетті ұйымға электрондық құжат айналымы арқылы:
1) ресми бланкідегі ілеспе хат;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі заң жобасы жіберіледі.
73. Әділет министрлігі Парламент депутаттары бастама жасаған заң жобаларын алғаннан кейін оларды ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін электрондық құжат айналымы арқылы уәкілетті ұйымға жібереді.
Бұл ретте ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі заң жобасы уәкілетті ұйымға келіп түскен кезден бастап есептеледі.
74. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарттың жобасына қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші орган мыналарды:
1) Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін қайталама ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу қажеттігі көрсетілген әзірлеуші органның ресми бланкісіндегі ілеспе хатты;
2) қазақ және орыс тілдеріндегі халықаралық шартты немесе халықаралық шарттың жобасын;
3) Үкімет Аппараты мен Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінде пысықталғаннан кейін халықаралық шарт немесе халықаралық шарттың жобасы бойынша материалдардың көшірмесін береді.
75. Уәкілетті ұйымның сұрау салуы бойынша әзірлеуші орган халықаралық шартта немесе халықаралық шарттың жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды беруі мүмкін.
76. Әзірлеуші орган уәкілетті ұйымға осы Қағидалардың 70, 71, 72, 74 тармақтарында көрсетілген ғылыми лингвистикалық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда, жетіспейтін құжаттарды 3 (үш) жұмыс күні ішінде тиісті тапсырма болған жағдайда жұмыс тәртібімен жолдауға құқылы.
Бұл ретте әзірлеуші орган көрсетілген мерзім ішінде ғылыми лингвистикалық сараптама материалдарының толық тізбесін ұсынбаған жағдайда уәкілетті ұйым ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізуден бас тартады.
77. Ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу талаптары Әділет министрлігі мен уәкілетті ұйым арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта (бұдан әрі – шарт) айқындалады.
78. Ғылыми лингвистикалық сараптама мынадай кезеңдерді қамтиды:
1) уәкілетті ұйымның заң жобасын электрондық жеткізгіштерде, халықаралық шарттың немесе халықаралық шарт жобасының материалдарын қағаз жеткізгіштерде және электрондық түрде электрондық құжат айналымы арқылы қабылдауы;
2) заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу;
3) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын дайындау;
4) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын электрондық құжат айналымы арқылы әзірлеушіге (әзірлеуші органға) жіберу;
5) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысын және оның материалдарын қағаз жеткізгеште қолма қол беру.
79. Заң жобаларының, халықаралық шарттардың немесе халықаралық шарттар жобаларының қазақ және орыс тілдеріндегі мәтіндерінің сәйкес келуіне әзірлеуші (әзірлеуші орган) жауапты болады.
80. Ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын, халықаралық шартты немесе халықаралық шарт жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша ғылыми лингвистикалық сараптама уәкілетті ұйым заң жобасын және оларға материалдарды ұсынған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
Бұл ретте қарыздар туралы халықаралық шарттардың жобалары бойынша бастапқы ғылыми лингвистикалық сараптама күнтізбелік 10 (он) күннен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
81. Халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына қайталама, қосымша ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мерзімі әзірлеуші (әзірлеуші орган) оларды ұсынған келесі жұмыс күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспауға тиіс.
82. Ғылыми лингвистикалық сараптама сарапшысының жоғары филологиялық және (немесе) заңгерлік білімі немесе құқық және (немесе) халықаралық құқық және (немесе) филология және (немесе) аударма ісі (заңгер, аудармашы) салаларындағы жұмыс тәжірибесі және (немесе) филология және (немесе) құқықтану және (немесе) халықаралық құқық салаларындағы ғылыми дәрежесі болуға тиіс.
83. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына жүргізілген ғылыми лингвистикалық сараптаманың нәтижелері бойынша ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысы жасалады, онда уәкілетті ұйымның ғылыми лингвистикалық сараптаманың нысанасы бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, объективті және толық тұжырымдары қамтылуға тиіс.
Жобаны әзірлеушіде (әзірлеуші органда) ғылыми лингвистикалық сараптаманың қорытындысына қатысты сұрақтар туындаған жағдайда, ол тиісті түсіндірмелер алу үшін уәкілетті ұйымға жүгіне алады.
84. Заң жобасына, халықаралық шартқа немесе халықаралық шарт жобасына ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысында мынадай деректер:
1) ғылыми лингвистикалық сараптаманың негізі;
2) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу мақсаты;
3) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізудің әдістемелік негіздері;
4) ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу нәтижелері;
5) қорытынды көрсетілуге тиіс.
85. Ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы заң жобасы бойынша қазақ тілінде, халықаралық шарт немесе халықаралық шарт жобасы бойынша қазақ және орыс тілдерінде уәкілетті ұйымның ресми бланкісінде дайындалады, оған оның басшысы не оны алмастыратын адам, ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізген сарапшылар қол қояды және уәкілетті ұйымның мөрімен расталады.
86. Ғылыми лингвистикалық сараптама қорытындысы ұсынымдық сипатта болады.
Парламент Сенаты және Мәжілісінің аппараттарының бірлескен жұмыс тобы оларға лингвистикалық сараптама жүргізу кезінде қателер анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы қатысушысы болуға ниеттенетін халықаралық шарттарға, сондай-ақ халықаралық шарттар жобаларына ғылыми лингвистикалық сараптама жүргізу жөніндегі қызметтердің құнын бағалау көрсеткіші қайта қарастырылады.
5-тарау. Заңдардың жобаларына ғылыми экономикалық сараптама жүргізу тәртібі
87. Ғылыми экономикалық сараптама заң жобасын әзірлеудің мынадай сатыларында:
1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 6 қаңтардағы № 10 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Регламентіне сәйкес заң жобасы Үкімет Аппаратына енгізілгенге дейін сараптама қорытындыларын алу үшін қоғамдық кеңестерге, сараптама кеңестеріне, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасына бір мезгілде жіберілген кезде;
2) Президент Әкімшілігінің немесе Үкімет Аппаратының ескертулері бойынша оны пысықтау нәтижесінде заң жобасына тұжырымдамалық өзгерістер енгізілген жағдайда жүргізіледі.
88. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін әзірлеуші заң жобасын заң жобасы бойынша материалдарды электрондық құжат айналымы арқылы Ұлттық экономика министрлігіне жібереді. Ұлттық экономика министрлігі заң жобасы бойынша материалдарды ғылыми экономикалық сараптама жүргізу үшін тартылған ғылыми ұйымға, сарапшыға жібереді.
Сарапшының жоғары білімі және ғылыми дәрежесі, арнайы білімі, ғылыми экономикалық сараптама саласында тәжірибесі болуы тиіс.
89. Әзiрлеушi заң жобасының (қазақ және орыс тiлдерiндегі) көшiрмесiмен бiрге ғылыми экономикалық сараптамаға мынадай материалдардың көшiрмелерiн (электрондық құжат айналымы арқылы) ұсынады:
1) заң жобасына түсiндiрме жазба (қазақ және орыс тiлдерiнде);
2) қолданыстағы заңнамалық актілерге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзілген кезде енгiзiлетiн өзгерiстер мен толықтырулардың тиiстi негiздемесiмен заң жобасына салыстырма кесте (қазақ және орыс тiлдерiнде);
3) бар болса, зерделеніп отырған проблема бойынша статистикалық деректер;
4) заңдардың жобалары Президенттің, Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленген жағдайларды қоспағанда, Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия мақұлдаған реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (қазақ және орыс тілдерінде);
5) қарауға ұсынылатын заң жобасын іске асыру үшін қабылданатын заңға тәуелді актілердің жобалары (бар болса);
6) осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша заң жобасын әзірлеуші орган басшысының жетекшілік ететін орынбасары электрондық түрде қол қойған қабылданатын заң жобасы қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт (қазақ және орыс тілдерінде) (бұдан әрі – паспорт).
Парламент депутаттарының заң шығару бастамасы тәртібімен әзірленетін заңдардың жобаларын ғылыми экономикалық сараптамаға жіберген кезде паспортқа заң жобасын әзірлеуге бастама жасаған Парламент депутаты/депутаттары қол қояды;
7) мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды көздейтін нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша Республикалық бюджет комиссиясы үшін қаржылық есеп-қисаптар.
90. Осы Қағидалардың 89-тармағында көзделген материалдарды ұсынбау ғылыми экономикалық сараптама жүргізуден бас тарту үшін негіз болып табылады.
91. Ғылыми ұйымның, сарапшының не Ұлттық экономика министрлігінің сұрау салуы бойынша әзірлеуші заң жобасында қозғалған мәселелерге қатысты өзге де материалдарды 2 (екi) жұмыс күні iшiнде ұсынады.
92. Әзірлеуші заң жобасын ғылыми ұйымның немесе сарапшының ұсыныстары бойынша пысықтаған жағдайда ғылыми экономикалық сараптаманы жүргізу мерзімдері жаңартылған заң жобасы ұсынылған күннен бастап белгіленеді.
93. Ғылыми экономикалық сараптама жүргізудің шарттары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ұлттық экономика министрлігі мен ғылыми ұйым немесе сарапшы арасында жасалған азаматтық-құқықтық шартта айқындалады.
94. Қайталама ғылыми экономикалық сараптама заң жобасы және оның материалдары ғылыми ұйымға немесе сарапшыға ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізілуге тиіс.
95. Заң жобасының ғылыми экономикалық сараптамасының қорытындысында мыналарды көрсету қажет:
1) жалпы ережелер:
әзiрлеушi;
ғылыми сараптаманы жүргiзген ұйым арқылы тартылған ұйым және (немесе) тұлға;
заң жобасының жалпы сипаттамасы;
заң жобасының атауы;
заң жобасының межелі мақсаты;
заң жобасының құрылымы;
заң жобасының жаңалығы;
2) заң жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердi сипаттау;
3) заң жобасын қабылдау оларды шешуге бағытталған проблемалық мәселелердiң шешiмін табудың барлық белгiлi және тиiмдi, оның iшiнде әртүрлi тарихи кезеңдерде, халықаралық практикада қолданылған тәсiлдерiн, тетіктерін, жолдарын сипаттау;
4) алға қойылған проблемалық мәселелердiң шешімін табудың заң жобасында ұсынылатын тәсiлдерiн, тетіктерін, жолдарын, проблемалық жағдайларды шешудiң қандай да бiр тәсiлдерiн қабылдаудың ықтимаал салдарын талдау, оның iшiнде жоба ережелерiнiң макроэкономикалық тиiмдiлiкке, әлеуметтiк дамуға, кәсiпкерлiктiң дамуына, саланың және (немесе) елдiң экономикалық қауiпсiздiгiне ықпал етуiн бағалау;
5) жалпы тұжырым.
96. Ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен жүзеге асырылады.
97. Уәкілетті ұйымның сарапшылардың ғылыми құқықтық сараптаманы жүзеге асыруы үшін жағдайлар жасау жөніндегі қызметі ағымдағы жылдың 15 желтоқсаны өткеннен кейін келесі жылы бөлінетін республикалық бюджет қаражаты есебінен қамтамасыз етіледі.
6-тарау. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидалары
98. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама:
1) нормативтік құқықтық актінің жобасында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін нормаларды (бұдан әрі – сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар) анықтау;
2) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу мақсатында жүргізіледі.
99. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілмейтін заңнамалық актілердің жобаларын Президенттің заң шығару бастамасы тәртібімен енгізу жағдайларын қоспағанда, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама Парламенттың қарауына енгізілетін заңнамалық актілердің жобалары және осы Қағидалардың 100-тармағында көрсетілгендерді қоспағанда, өзге де нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша жүргізіледі.
100. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап:
Президенттің нормативтік құқықтық жарлықтарының;
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының нормативтік құқықтық актілерінің;
Парламент пен оның палаталарының нормативтік қаулыларының;
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының нормативтік қаулыларының;
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтік қаулыларының;
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының нормативтік құқықтық қаулыларының;
заңнамалық актілердің жобаларын Парламенті Мәжілісінің қарауына және Президент жарлықтарының жобаларын Президенттің қарауына енгізуді көздейтін Үкімет қаулыларының;
нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану жөніндегі нормативтік құқықтық актілерінің;
тиісті аумақта карантин режимін енгізе отырып, карантин аймағын белгілеу (жою) туралы, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасында көзделген жағдайларда карантинді және (немесе) шектеу іс-шараларын белгілеу (алып тастау) туралы шешімдер қабылдауды, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайды жариялауды көздейтін нормативтік құқықтық актілерінің;
сайлау учаскелерін құру және үгіт баспа материалдарын орналастыруға арналған орындарды айқындау, сондай-ақ кандидаттарға сайлаушылармен кездесу үшін үй-жайлар беру туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
әкімшілік-аумақтық бірліктерді құру, тарату және қайта құру, олардың шекаралары мен бағыныстылығын белгілеу және өзгерту, оларға атау беру және атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру және олардың атауын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту туралы нормативтік құқықтық актілерініңактілерінің;
республикалық және жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінің мемлекеттік тізімін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
барлық деңгейдегі бюджеттерді бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
республикалық және облыстық бюджеттер, республикалық маңызы бар қалалар, астана бюджеттері арасындағы жалпы сипаттағы трансферттердің көлемі туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекті тарифтерді, бағаларды бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
жария сервитутты белгілеу туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерінің;
мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын, сондай-ақ "Қызмет бабында пайдалану үшін", "Баспасөзде жариялаусыз", "Баспасөзге арналмаған" деген белгілері бар нормативтік құқықтық актілерінің;
уәкілетті органдардың басқа мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау тәртібін реттейтін және үшінші тұлғаларға қолданылмайтын нормативтік құқықтық актілерінің;
үлгілік және ұқсас нормативтік құқықтық актілер негізінде әзірленген және қосымша құқықтық нормаларды қамтымайтын нормативтік құқықтық актілерінің жобаларына қолданылмайды.
Бұл ретте сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы талап Қағидалардың осы тармағында көзделген нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізуді көздейтін нормативтік құқықтық актілерге де қолданылмайды.
101. Нормативтік құқықтық актілер жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді ұйымдастыру ұйымдастырушыға жүктеледі.
102. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді қаржыландыру Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық бюджет есебінен жүзеге асырылады.
7-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын субъектілер
103. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы ұйымдастырушы қалыптастыратын сарапшылар тізіліміне қосылған сарапшылар жүргізеді.
104. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіру үйлестірушіге жүктеледі.
105. Үйлестіруші конкурстық негізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды тартады, олардың кандидатураларын сарапшылар тізіліміне енгізу үшін ұйымдастырушыға жібереді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу барысында нормативтік құқықтық актілер жобаларын әзірлеушілер мен сарапшылардың өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді.
Сарапшыларды конкурстық іріктеуді жүргізу тәртібін ұйымдастырушы бекітеді.
106. Сарапшыларды іріктеу өлшемшарттары:
1) жоғары білімді;
2) сарапшы ретінде әрекет етуді болжайтын қызмет саласында кемінде 5 (бес) жыл не сарапшы ретінде әрекет етуді көздейтін қызмет саласында ғылым кандидаты, ғылым докторы, PhD доктор немесе бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесі болған жағдайда кемінде 3 (үш) жыл жұмыс тәжірибесін;
3) өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауын;
4) әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін 3 жыл әкімшілік жазаның болмауын;
5) мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылық үшін жұмыстан босатылмауын;
6) сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін соттылығының болмауын қамтиды.
8-тарау. Сарапшыларды тізілімнен шығару тәртібі
107. Сарапшыларды сарапшылар тізілімінен шығару негіздемені қоса бере отырып үйлестірушінің хабарламасы негізінде жүзеге асырылады:
1) сарапшымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған шартты біржақты тәртіппен бұзу туралы;
2) сарапшының үйлестірушімен шарт жасасудан бас тартуы туралы;
3) сарапшының қайтыс болуы туралы.
Сарапшыны сарапшылар тізілімінен шығару оның тізілімнен шығару туралы жазбаша хабарламасы негізінде жүзеге асырылады.
108. Нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша мамандықтары әртүрлі сарапшылармен (сарапшылар тобы) кешенді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама, ал қажет болған кезде қайталама сараптама жүргізілуі мүмкін.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді сараптаманы білімнің әртүрлі салалары негізінде нормативтік құқықтық актінің жобасын зерттеу қажет болған жағдайларда мамандықтары әртүрлі сарапшылармен жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына осы Қағидалардың 115-тармағында көзделген тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде жүргізіледі.
9-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама түрлері
109. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу шарттары ұйымдастырушы мен үйлестіруші арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жасалған азаматтық-құқықтық шартпен айқындалады.
110. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүзеге асыратын сарапшының құқықтары мен міндеттемелері, сарапшы көрсететін қызметтерге ақы төлеу шарттары, шарттық қатынастарды бұзу үшін негіздер осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасына сай үйлестіруші мен сарапшы арасында жасалған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған шартпен айқындалады (бұдан әрі – Үлгілік шарт).
Үйлестіруші осы шартта көзделген негіздер бойынша сарапшымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге арналған шартты бұзуға құқылы.
111. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу кезінде сарапшының қызметіне араласуға жол берілмейді.
112. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу кезінде деректерді дәлірек талдауға және жасырын сыбайлас жемқорлық байланыстарын анықтауға мүмкіндік беретін деректерді өңдеу және талдау үшін үлкен көлемдегі ақпарат пен алгоритмдерді пайдалануға негізделген цифрлық шешімдер элементтері бар тәсілдер қолданылуы мүмкін.
113. Нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама ол Әділет Министрлігіне немесе оның аумақтық органдарына (бұдан әрі – әділет органдарына) келісуге енгізілгенге дейін жүргізіледі.
114. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңнамалық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде, ал заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Президенттің, Президент Әкімшілігі басшылығының, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің, Үкіметтің оны өткізу қажеттігі туралы тапсырмасы болатын жағдайларды қоспағанда, қажет болған кезде осы тармақтың бірінші бөлігінде белгіленген мерзім әзірлеушінің келісімімен 5 (бес) жұмыс күніне дейін ұзартылуы мүмкін.
"Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 17-1-бабының 15-тармағына сәйкес әзірленген заңдардың жобалары, сондай-ақ Үкіметтің заң күші бар уақытша қаулыларының жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама заңнамалық акт жобасы, заңға тәуелді нормативтік құқықтық актінің жобасы және оларға материалдар жобаны үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап күнтізбелік 3 (үш) күннен аспайтын мерзімде жүргізіледі. Осы нормативтік құқықтық актілердің жобалары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қайта жүргізілмейді.
115. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасына:
1) Президент Әкімшілігінің және (немесе) Қазақстан Республикасы Үкімет Аппаратының ескертулері мен ұсыныстары бойынша;
2) әділет органдарында мемлекеттік тіркелуге жататын, әділет органдарының ескертулері мен ұсыныстары бойынша тұжырымдамалық өзгерістер мен толықтырулар енгізілген жағдайда.
116. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптама нормативтік құқықтық актінің жобасы және оған материалдар үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде жүргізіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қайталама ғылыми сараптаманы нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастапқы ғылыми сараптаманы жүргізген сарапшы немесе сарапшылар тобы жүргізеді.
117. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жүргізу үшін әзірлеуші үйлестірушіге электрондық құжат айналымы арқылы келесі материалдарды жібереді:
1) нормативтік құқықтық актінің жобасы (қазақ және орыс тілдерінде);
2) нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазба (қазақ және орыс тілдерінде) (бар болса);
3) қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізілген кезде енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың тиісті негіздемесімен нормативтік құқықтық актінің жобасына салыстырма кесте (қазақ және орыс тілдерінде);
4) реттеушілік саясаттың консультативтік құжаты (қазақ және орыс тілдерінде);
5) зерделенетін проблема бойынша статистикалық деректер (бар болса).
118. Үйлестіруші әзірлеуші ұсынған материалдардың толыққандылығын тексереді және олар осы Қағидалардың 117-тармағына сәйкес келген жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасын тіркейді.
119. Әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің жобасы бойынша материалдардың толық тізбесін ұсынбаған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың үйлестірушісі 2 (екі) жұмыс күні ішінде әзірлеушіге материалдарды қайтару туралы дәлелді негіздемемен хабарлама жібере отырып, оларды қарамай қайтарады.
Әзірлеуші үйлестірушінің хабарламасында көрсетілген себептерді жойғаннан кейін нормативтік құқықтық актінің жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін қайтадан ұсынады.
120. Нормативтік құқықтық актінің жобасын тіркегеннен кейін үйлестіруші нормативтік құқықтық актінің осы жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыны немесе сарапшылар тобын айқындайды. Бұл ретте үйлестіруші нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге осы жобаны дайындауға тікелей қатысқан сарапшыны тартпайды.
121. Үйлестіруші нормативтік құқықтық актінің жобасын және оған қоса берілетін материалдарды сарапшыға немесе сарапшылар тобына жібереді.
Сарапшы үйлестіруші белгілеген мерзімде үйлестірушіге ұсынылған нормативтік құқықтық акт жобасының жұмысқа қабылданғаны туралы не өзінің бас тарту себептерін көрсете отырып, бас тартқаны туралы хабарлама жібереді.
122. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге келісім берген сарапшы үйлестіруші белгілеген мерзімнен кешіктірмей, нормативтік құқықтық актінің жобасына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын дайындайды және оны келісу үшін үйлестірушіге жібереді.
123. Үйлестіруші қорытындыны орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде тексеруді жүзеге асырады және қажет болған жағдайда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың дайындалған қорытындысын сарапшының немесе сарапшылар тобының пысықтауы туралы мәселені шешеді.
Сарапшы немесе сарапшылар тобы үйлестірушінің ескертулерімен және ұсыныстарымен келіспеген жағдайда үйлестіруші нормативтік құқықтық актінің жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін басқа сарапшыға жіберуге құқылы.
Сарапшы немесе сарапшылар тобы сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында қамтылған, нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларын жою жөнінде өздері дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапты болады.
Егер үйлестіруші сарапшының немесе сарапшылар тобының ұсынымдарымен келіспесе, нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша ерекше пікір білдіруге және оны сарапшының немесе сарапшылар тобының қорытындысына қоса беруге құқылы.
124. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мәні бойынша дәлелді, ғылыми негізделген, толық және объективті тұжырымдар жазылуға тиіс.
Сарапшылардың біреуі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында жазылған тұжырымдармен келіспеген жағдайда тиісті сарапшы ерекше пікір білдіруге және оны сарапшылар тобының қорытындысына қоса беруге құқылы.
Әр сарапшының ұсыныстары мен ескертулері сараптаманың жиынтық қорытындысында тегі, аты және әкесінің аты (ол бар болса) көрсетіле отырып белгіленеді.
125. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) сарапшының, әзірлеушінің деректері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың мәні мен мақсаттары, нормативтік құқықтық акт жобасының атауы, оның мақсаты мен құрылымы қамтылатын жалпы ережелер;
2) нормативтік құқықтық актінің жобасы шешуге бағытталған проблемалық мәселелердің сипаттамасы;
3) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалардың сипаттамасы;
4) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың жасалуы ықтималдығы бөлігінде нормативтік құқықтық акт жобасының нормаларын қабылдау салдарын бағалау;
5) анықталған сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларды жою бойынша ұсыныстар, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға кедергі келтіретін құқық нормалары нысанындағы ұсынымдар.
126. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындылары ұсынымдық сипатта болады.
127. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы оны дайындаған сарапшының немесе сарапшылар тобының деректері көрсетіле отырып, қазақ және орыс тілдерінде әзірлеушіге үйлестірушінің ілеспе хатымен жіберіледі, сондай-ақ үйлестірушінің ресми интернет-ресурсында жарияланады.
128. Әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қарайды және мынадай әрекеттердің бірін қабылдайды:
1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысының ұсынымдарымен келіскен жағдайда нормативтік құқықтық актінің жобасына тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізеді. Бұл ретте, қорытындыны алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей тиісті ақпаратты үйлестірушіге жібереді;
2) Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысында әзірлеушінің құзыретіне жатпайтын ұсынымдар қамтылған жағдайда, әзірлеуші оларды нормативтік құқықтық актінің жобасымен бірге тиісті ақпаратты пысықтау және ұсыну үшін сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау құзыретіне кіретін мемлекеттік органдарға жібереді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын және әзірлеушіден нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап 7 жұмыс күні ішінде құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалатын мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдар осы ұсынымдарды қарауға және әзірлеушіге тиісті ақпаратты беруге міндетті. Әзірлеуші мемлекеттік органдардан ақпарат алған күннен бастап 7 жұмыс күнінен кешіктірмей оны үйлестірушіге жібереді;
3) ұсынымдармен келіспеген жағдайда, әзірлеуші сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын алған күннен бастап 5 жұмыс күнінен кешіктірмей үйлестірушіге келіспеудің негізделген себептерін көрсете отырып хат жібереді.
129. Үйлестіруші ұсынымдарды қабылдамау себептерінің дәлелді негіздемелері бар әзірлеушілердің келіп түскен хаттарына талдау жүргізеді және тоқсан сайын есепті тоқсаннан кейінгі айдың 10-күніне дейінгі мерзімде ұйымдастырушыға жүргізілген талдаудың қорытындыларын жолдайды.
130. Егер сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы әзірлеушінің құзыретіне жатпайтын ұсынымдарды қамтитын болса, онда әзірлеуші оларды құзыретіне сараптамалық қорытындыда қозғалған мәселелерді қарау кіретін мемлекеттік органдарға тиісті ұстанымды пысықтау және қалыптастыру үшін нормативтік құқықтық актінің жобасымен бір мезгілде жолдайды.
131. Нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысын дайындаған сарапшы немесе сарапшылар тобы әзірлеушінің сарапшылардың ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, аталған жоба қабылданғанға дейін оны барлық сатыларда сүйемелдейді.
Сарапшы нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеудің және қабылдаудың кез келген сатысында келісуші мемлекеттік органға немесе нормативтік құқықтық актіні қабылдайтын органға ол бойынша жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың нәтижелерін негіздейді.
Қажет болған кезде әзірлеуші нормативтік құқықтық актінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасының қорытындысын дайындаған сарапшымен немесе сарапшылар тобымен консультациялық кездесу өткізеді.
10-тарау. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу тәртібі мен мерзімдері
132. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу үшін сарапшыларды конкурстық іріктеуді (бұдан әрі – конкурстық іріктеу) үйлестіруші ұйымдастырады және өткізеді.
133. Конкурстық іріктеуге қатысуға Қағидалардың 106-тармағымен белгіленген өлшемшарттарға сәйкес келетін тұлғалар жіберіледі.
134. Конкурстық іріктеуден өткен сарапшылардың кандидатураларын нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу жөніндегі сарапшылар тізіліміне (бұдан әрі – сарапшылар тізілімі) қосу үшін ұйымдастырушыға жіберіледі.
135. Үйлестірушінің басшысының не оның міндетін атқарушы тұлғаның шешімімен конкурстық іріктеуді жүргізу үшін Конкурстық комиссия құрылады, Конкурстық комиссияның хатшысы айқындалады.
136. Конкурстық комиссия ол конкурсқа қатысушылардың ұсынған құжаттарын қарап, тестілеуді жүргізетін және сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлермен әңгімелесу өткізетін және сарапшыларды іріктеуді жүзеге асыратын алқалық орган болып табылады.
137. Конкурстық комиссияның төрағасы және басқа да мүшелері Конкурстық комиссияның мүшелері болып табылады. Конкурстық комиссияның мүшелері Конкурстық комиссияның жұмысына ауыстыру құқығынсыз қатысады.
Конкурстық комиссия мүшелерінің жалпы саны тақ санды құрайды, бірақ кемінде бес адам.
138. Конкурстық комиссияның құрамы үйлестірушінің, ұйымдастырушының және қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың) өкілдерінен құрылады.
139. Конкурстық комиссияның хатшысы үйлестірушінің қызметкері болып табылады, ол Конкурстық комиссияның жұмысының ұйымдастырушылық қамтамасыз етілуін жүзеге асырады және дауыс беруге қатыспайды.
140. Конкурстық комиссияның құрамына конкурстық іріктеуге қатысушы тұлға кіре алмайды.
141. Үйлестіруші мүдделер қақтығысын болдырмау үшін жан-жақты шаралар қабылдайды.
142. Конкурс бірқатар тізбектік кезеңдерді қамтиды:
1) конкурстық іріктеуді өткізу туралы хабарландыруды үйлестірушінің және ұйымдастырушының интернет-ресурсында жариялау;
2) конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалардан құжаттар қабылдау;
3) конкурстық комиссияның конкурстық іріктеуге қатысушылар құжаттарының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында белгіленген өлшемшарттарға сәйкестігін қарау;
4) сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлерге тестілеу өткізу;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын дайындау түріндегі жазбаша емтихан;
6) сарапшылар тізіліміне енгізу үшін үміткерлермен әңгімелесу;
143. Конкурстық іріктеуге қатысушылар хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау аяқталатын күнге дейін қажетті құжаттарды берген тұлғалар болып табылады.
144. Сарапшылар тізіліміне қосу үшін үміткерлер (бұдан әрі – үміткерлер) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 110-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес келетін және конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілген конкурстық іріктеуге қатысушылар болып табылады.
145. Үміткерлер конкурстық іріктеудің алдыңғы кезеңдерінен өткен жағдайда, конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне (тестілеу өткізу, әңгімелесу) жіберіледі.
146. Конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруда мынадай мәліметтер қамтылады:
1) конкурстық іріктеуді өткізетін үйлестірушінің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайы көрсетілген атауы;
2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағына сәйкес конкурстық іріктеуге қатысушыларға қойылатын негізгі өлшемшарттар;
3) құжатты қабылдау конкурстық іріктеу өткізу туралы хабарландыруды соңғы жариялаған күнінен кейін келесі жұмыс күнінен бастап есептеледі;
4) осы Қағидалардың 147-тармағында көрсетілген қажетті құжаттардың тізбесі.
147. Конкурстық іріктеуге қатысуға ниет білдірген тұлғалар құжаттарды қабылдауға жауапты үйлестірушінің құрылымдық бөлімшесіне мынадай құжаттарды береді:
1) телефон нөмерлерін және электрондық пошта мекенжайын міндетті түрде көрсете отырып, үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның атына еркін нысанда жазылған өтінішті;
2) жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі (түпнұсқасы салыстыру үшін);
3) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін);
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес нострификациялау рәсімінен өткенін немесе танылуын растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін) (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда салыстыру үшін);
5) болған жағдайда ғылыми дәрежені растайтын құжаттың көшірмесін (нотариалды куәландырылған түпнұсқалары ұсынылмаған жағдайда, салыстыру үшін).
148. Конкурстық іріктеуге қатысушылар осы Қағидалардың 147-тармағында тізбеленген құжаттарды конкурс өткізу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күннен кейін келесі күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қолма-қол, поштамен немесе хабарландыруда көрсетілген үйлестірушінің электрондық пошта мекенжайына электрондық түрде ұсынады.
149. Конкурстық комиссия конкурстық іріктеуге қатысушылардың құжаттарын қарауды құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін жүзеге асырады.
150. Конкурстық комиссия ұсынылған құжаттардың Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкестігін қарайды.
151. Конкурстық комиссия құжаттарды қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін, 2 (екі) жұмыс күні ішінде конкурстық іріктеуге қатысушыларға конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтуге рұқсат беру туралы шешім қабылдайды не рұқсат беруден дәлелді түрде бас тартады.
Үміткердің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларының 106-тармағында көрсетілген өлшемшарттарға сәйкес болмауы рұқсат беруден бас тартудың негізі болып табылады.
152. Құжаттардың толық пакетін немесе дұрыс емес мәліметтер ұсынбау үйлестірушінің оларды қараудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
153. Конкурстық комиссияның хатшысы тестілеуден, әңгімелесуден, жазбаша емтиханнан, сондай-ақ тестілеуге, әңгімелесуге, жазбаша емтиханға жіберілген үміткерлердің тізімдерін әзірлеп, оларды үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырады.
154. Конкурстық комиссия хатшысы тестілеуге жіберілген үміткерлерді осы Қағидалардың 106-тармағында көрсетілген Конкурстық комиссия шешім қабылдағаннан кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және тестілеу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, тестілеуді өткізу күні туралы хабардар етеді.
Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және (немесе) үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
155. Конкурстық іріктеуге қатысу үшін құжаттарын электрондық поштамен берген үміткерлер осы Қағидалардың 147-тармағының 2), 3) 4) және 5) тармақшаларында тізбеленген құжаттардың түпнұсқаларын не нотариалды куәландырылған көшірмелерін тестілеу басталуға бір сағаттан кешіктірмей, салыстырып-тексеру үшін ұсынады.
Осы Қағидалардың 147-тармағында тізбеленген құжаттардың түпнұсқалары не нотариалды куәландырылған көшірмелері белгіленген мерзімде ұсынылмаған кезде, үміткер тестілеуге жіберілмейді.
156. Үміткер "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңын, осы Қағидаларды білу тұрғысынан тестілеуден өтеді.
157. Тестілеуге арналған сұрақтар үйлестірушінің бірінші басшысының немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның бұйрығымен бекітіледі және жария етуге жатпайды.
158. Үміткерлерді тестілеу 1 (бір) сағат ішінде жазбаша немесе электрондық түрде өткізіледі және 40 (қырық) сұрақтан тұрады. Үміткерлер үшін тестілеудің шекті мәні, кемінде, 30 (отыз) жауапты құрайды.
Тестілеу нәтижесі тестілеу өткізілген күні шығарылады.
159. Тестілеуден сәтті өткен үміткерлермен жазбаша емтихан тестілеу қорытындылары шығарылғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Жазбаша емтиханның мақсаты сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша сарапшының практикалық дағдыларын бағалау болып табылады.
Конкурстық комиссияның хатшысы жазбаша емтиханға жіберілген үміткерлердің электрондық мекенжайларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу туралы тапсырмасы бар нормативтік құқықтық актінің жобасын жібереді. Нормативтік құқықтық актінің жобасы конкурстық іріктеуге қатысушыларды жазбаша емтиханға жіберу туралы конкурстық комиссия шешім қабылдаған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірілмей жіберіледі.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын дайындауға екі жұмыс күні беріледі. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы уақтылы ұсынылмаған жағдайда үміткер конкурстық іріктеудің келесі кезеңдеріне жіберілмейді.
Конкурстық комиссия 2 (екі) жұмыс күні ішінде үміткерлердің қорытындыларын бағалайды. Үміткерлердің ұсынылған қорытындыларын бағалау бес балдық шкала бойынша жүргізіледі және үміткерлермен әңгімелесу парақтарына енгізіледі.
Жазбаша емтиханның қорытындылары конкурстық комиссияның үміткерлердің қорытындыларын бағалауы аяқталған күннен бастап келесі жұмыс күні шығарылады.
160. Жазбаша емтиханнан сәтті өткен үміткерлермен әңгімелесу бекітілген кестеге сәйкес 5 (бес) жұмыс күні ішінде өткізіледі.
Әңгімелесудің мақсаты үміткерлердің кәсіби, іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау болып табылады.
161. Конкурстық комиссияның хатшысы әңгімелесуге жіберілген үміткерлерді тестілеу өткеннен кейін 2 (екі) жұмыс күні ішінде және әңгімелесу өткізілгенге дейін 1 (бір) жұмыс күнінен кешіктірмей, әңгімелесу өткізілетін күн туралы хабардар етеді.
Үміткерлерді хабардар ету телефон бойынша және (немесе) үміткерлердің электрондық мекенжайлары мен ұялы телефондарына ақпарат жіберу арқылы жүзеге асырылады.
162. Әңгімелесуге жіберілген үміткерлер оны үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырылатын графикке сәйкес, үйлестірушімен бекітілген орында, оның ішінде бейне-конференция байланысы қолданыла отырып өтіледі.
163. Конкурстық комиссия хатшысы әңгімелесу алдында үміткерлерді алдағы әңгімелесу рәсімін өткізу тәртібімен таныстырады.
164. Әңгімелесу процесінде үміткерге кәсіби сұрақтар, сондай-ақ ахуалдық тапсырмалар беріледі.
165. Үмтікерлердің жауаптарының бағалары бес баллдық межелік бойынша жүргізіледі және үміткерлермен әңгімелесу парағына енгізіледі.
166. Әңгімелесу әрбір үміткермен жеке өткізіледі және техникалық жазу құралдары арқылы үміткерге ескертіле отырып тіркеледі.
167. Конкурстық комиссия үміткерлерді берген құжаттары, тестілеудің нәтижелерi жазбаша емтихан және жауаптардың сапасы негiзiнде бағалайды және олардың қатарынан сарапшылар тізіліміне ұсыну үшін үміткерлерді iрiктеудi жүзеге асырады.
Үміткерлермен әңгімелесу барысы хаттамада көрсетіліп, Конкурстық комиссияның төрағасы, мүшелері және хатшысы қолдар қояды.
168. Конкурстық комиссияның шешімі үміткердің қатысуынсыз, ашық дауыс беру жолымен қабылданады.
Комиссия келесі шешімдердің бірін қабылдайды:
1) сарапшылар тізіліміне енгізу туралы;
2) сарапшылар тізіліміне енгізуден бас тарту туралы.
169. Конкурстық комиссияның шешімі, егер отырысқа оның құрамының кемінде үштен екі бөлігі қатысса, заңды деп саналады.
170. Конкурстық комиссия құрамына қатысушылардың көпшілігі дауыс берген жағдайда, үміткер оң қорытынды алады. Дауыстар тең болған жағдайда, Конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
171. Сарапшылар тізіліміне қосу үшін ұсынылған сарапшыларға үміткерлер тізімі үйлестірушінің интернет-ресурсында орналастырылады.
172. Конкурстық комиссияның шешiмiне сот тәртібімен шағым келтірілуі мүмкін.
173. Тізілім үйлестірушінің ауысуына қарамастан тұрақты әрекет етеді, оған қажеттілігіне қарай өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.
174. Сарапшылардың тізіліміне енгізуді немесе одан шығаруды Ұйымдастырушы Үйлестірушінің ұсынуы бойынша жүзеге асырады.
Үйлестіруші жазбаша хабарламаға тізілімге енгізуге немесе одан шығаруға негіз болған растайтын құжаттарды қоса береді.
175. Үйлестіруші тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі 10 (он) күніне дейін ұйымдастырушыға Үлгілік шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша тізілімнен алып тастауға жататын сарапшылар туралы мәліметтерді ұсынады.
Бұл ретте Үйлестіруші алып тастау үшін негіз болатын сарапшы тарапынан бұзушылық фактісін құжаттайды.
176. Сарапшыларды тізілімінен шығару Қағидалардың 107-тармағы және Үлгілік шарттың 22-тармағы негізінде жүзеге асырылады.
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына 1-қосымша |
Ғылыми экономикалық сараптамаға ұсыну үшін Қазақстан Республикасының қабылданатын заң жобалары қолданысыныңәлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі паспорт
*Паспорттың бөлімдерін толтыруға толық нұсқаулық қабылданатын заң жобалары қолданысының әлеуметтік-экономикалық салдарын бағалау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарда берілген
Т.А.Ә. (болған жағдайда)_______________________________________________________________________
(заң жобасын әзірлеуші мемлекеттік орган басшысының жетекшілік ететін орынбасарының/заң жобасын әзірлеуге
бастама жасаған Парламент депутатының/депутаттарының қолы)
Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларына 2-қосымша |
Үйлестіруші мен сарапшы арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жасалатын үлгілік шарт
№____ | 20__ жылғы "___" ________ |
Бұдан әрi Үйлестіруші деп аталатын, ______________________________________
негiзiнде әрекет ететiн ______________________________________________ атынан
__________________________________________,
(сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуді үйлестіруді жүзеге
асыратын ғылыми мекеменің немесе жоғары оқу орнының атауы) бiр тараптан және
бұдан әрi Сарапшы деп аталатын, ________________ берген ___________
№_______________ __________________, екiншi тараптан,
(жеке басын куәландыратын құжат) (тегі, аты, әкесінің аты (болған кезде) бұдан әрi
Тараптар деп атала отырып, төмендегiлер туралы осы Шартты жасасты.
1. Шарттың мәнi
1. Сарапшы Үйлестірушінің тапсырмасы бойынша осы Шарттың талаптарына сәйкес қорытындыларды бере отырып, нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу бойынша көрсетілетін қызметтерді (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметтер) көрсетуге міндеттенеді, ал Үйлестіруші осы Шарт бойынша Сарапшы өз міндеттемелерін тиісінше орындаған жағдайда, осы Шарттың талаптарымен нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызметтердің нәтижесін уақтылы қабылдауға және төлеуге міндеттенеді.
2. Үйлестіруші әзірлеуші ұсынған нормативтік құқықтық актінің жобасына аталған жобаны және басқа да құжаттарды қоса бере отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қажеттігі туралы хабарлама (бұдан әрі – хабарлама) жолдау (тапсыру) арқылы Сарапшыға тапсырма береді.
3. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызмет нормативтік құқықтық актінің тиісті жобасы бойынша Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген мерзімнен кешіктірілмей көрсетіледі.
2. Тараптардың құқықтары мен мiндеттемелері
4. Сарапшы:
1) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жеке жүргізуге, Көрсетілетін қызметтердің дұрыстығын, объективтілігін, біліктілігін қамтамасыз етуге;
2) осы Шартпен көзделген қызметтерді тиісті сапада және толық көлемде осы Шартта белгіленген мерзімдерде және шарттарда Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына сәйкес көрсетуге;
3) нормативтік құқықтық актінің жобасын алған күннен бастап келесі 1 (бір) жұмыс күні ішінде, ұсынылған нормативтік құқықтық актінің жобасын жұмысқа қабылдау туралы не өзінің бас тарту себептерін, оның ішінде осы жобаны дайындауға тікелей қатысқандығын көрсете отырып, өздігінен бас тарту туралы оған хабарлама жолдауға;
4) Қызметтерді көрсетумен байланысты өзіне белгілі болған Үйлестірушінің құжаттары мен мәліметтерінің сақталуын және мазмұнының құпиялылығын қамтамасыз етуге;
5) Үйлестірушіні оның талап етуі бойынша Қызметтерді көрсету барысы туралы хабардар етуге;
6) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін оған Үйлестіруші берген мүлік пен құжаттардың сақталуын қамтамасыз етуге;
7) осы Шарттың талаптары бұзылған жағдайда, өзінің міндеттемелерін толық көлемде тиісінше орындамауы нәтижесінде туындаған барлық шығындарды Үйлестірушіге өтеуге;
8) Үйлестірушінің талап етуі бойынша Көрсетілген қызметтер туралы есепті ұсынуға;
9) нормативтік құқықтық актілердің жобаларына жүргізілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысы берілгеннен кейін, нормативтік құқықтық актінің жобасын әзірлеушінің оның ұсынымдарымен келісуіне немесе келіспеуіне қарамастан, ол қабылданғанға дейін барлық кезеңде сараптамалық сүйемелдеуді қамтамасыз етуге;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындысын қолма-қол, электрондық пошта немесе ақпараттық жүйе (болған жағдайда) арқылы қазақ немесе орыс тілінде беруді жүзеге асыруға міндетті.
5. Сарапшының:
1) Үйлестірушіден осы Шарттың талаптарына сәйкес Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді талап етуге;
2) туындаған мәселелер бойынша Үйлестірушіден түсіндірмелер және Қызметтер көрсету үшін қажетті қосымша мәліметтер алуға;
3) Көрсетілетін қызметтерді, оны сапалы және толық көлемде орындаған жағдайда, мерзімінен бұрын көрсетуге құқығы бар.
6. Үйлестіруші:
1) Сарапшыға нормативтік құқықтық актілер жобаларын және егер Сарапшы тапсырма алған жағдайда, оған қоса берілетін материалдарды ұсынуға;
2) Үйлестіруші анықтаған кемшіліктер жойылған жағдайда, нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Сарапшы көрсеткен қызметтерді қабылдауға;
3) Сарапшы көрсеткен қызметтерге ақыны осы Шартта көзделген тәртіппен төлеуге;
4) нормативтік құқықтық актінің жобасын дайындауға тікелей қатысқан Сарапшыға аталған жобаға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізуге жібермеуге міндетті;
5) Сарапшыға кемінде мерзімнің 2/3-і беруге міндетті.
7. Үйлестірушінің:
1) Сарапшы көрсететін қызметтердің барысы мен сапасын кез келген уақытта тексеруге;
2) Көрсетілген қызметтердің нәтижесінде орфографиялық, пунктуациялық және стилистикалық сауаттылық бөлігінде кемшіліктер анықталған жағдайда, Көрсетілген қызметтерді қабылдамауға және кемшіліктер байқалған күннен бастап ____ жұмыс күні ішінде Көрсетілген қызметтерде анықталған кемшіліктерді жою туралы Сарапшыға хабарлама жолдауға;
3) Сарапшы Үйлестірушінің ескертулермен келіспеген жағдайда, нормативтік құқықтық актінің жобасын оған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптамасын жүргізу үшін басқа Сарапшыға жолдауға;
4) осы Шарт бойынша міндеттемелерді тиісінше орындау үшін Сарапшыға ұсынымдар беруге;
5) Қызметтер көрсету процесін бақылауға;
6) осы Шарттың 22-тармағында көзделген негіздер бойынша осы Шартты біржақты тәртіппен бұзуға құқығы бар.
8. Тараптар осы Шарт бойынша міндеттемелерді орындау барысында Көрсетілген қызметтер бойынша Сарапшы жасаған зияткерлік қызметінің нәтижелерінің барлығына меншік құқығы Үйлестірушіге тиесілі болады деп уағдаласты.
3. Көрсетілген қызметтерге ақы төлеу шарттары
9. Нормативтік құқықтық актінің әрбір жобасы бойынша Көрсетілетін қызметтердің құны Қазақстан Республикасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) (бұдан әрі – Агенттік) келісім бойынша Үйлестіруші белгілейтін сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу құнын анықтау тәртібіне сәйкес айқындалады.
10. Үйлестіруші Сарапшы дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысын келіскеннен кейін, ____ жұмыс күні ішінде Тараптар Көрсетілген қызметтер актісіне қол қояды. Тараптар бір ай ішінде Көрсетілген қызметтер актісін жасауға және оған қол қоюға құқылы. Үйлестіруші мен Агенттік арасында Көрсетілген қызметтер актісіне қол қойылғаннан кейін, Қызметтер көрсетілген болып есептеледі.
11. Үйлестіруші Көрсетілген қызметтерге ақы төлеуді Агенттік Үйлестірушінің есеп шотына ақша қаражатын аударған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күнінен кешіктірмей жүргізеді.
12. Үйлестіруші бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына төленуге тиіс міндетті зейнетақы жарналарын, сондай-ақ табыс салығын Сарапшының пайдасына ұстап қалады.
13. Қызметтер көрсету кезінде Сарапшы келтірген өзге де шығыстарды Үйлестіруші өтемейді.
4. Тараптардың жауапкершілігі және дауларды шешу тәртібі
14. Тараптар осы Шарт бойынша өз міндеттемелерін орындамаған немесе тиісінше орындамаған жағдайда, Тараптарға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік жүктеледі.
15. Тараптарға осы Шарт талаптарын орындамағаны үшін, егер ол форс-мажор жағдайының нәтижесі болып табылса, жауапкершілік жүктелмейді.
Осы Шарттың мақсаттары үшін "форс-мажор" Тараптардың бақылауына көнбейтін және күтпеген сипаттағы жағдайды білдіреді. Мұндай оқиғалар мыналарды қамтуы мүмкін, алайда әскери қимылдар, табиғи немесе дүлей апаттар және басқасы.
Форс-мажор жағдайлары туындаған кезде Сарапшы Үйлестірушіге мұндай жағдайлар мен олардың себептері туралы дереу жазбаша хабарлама жолдайды. Егер Үйлестірушіден өзге жазбаша нұсқаулықтар түспесе, Сарапшы Шарт бойынша өз міндеттемелерін қаншалықты орынды болса, соншалық орындауды жалғастырады және Шартты орындаудың форс-мажор жағдайларына байланысты емес балама тәсілдерін іздестіруді жүргізеді.
16. Сарапшыға сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысында жазылған нормативтік құқықтық акт жобасының сыбайлас жемқорлыққа бейім нормаларын жою бойынша дайындаған ұсынымдардың негізділігі үшін жауапкершілік жүктеледі.
17. Осы Шартты орындау кезінде туындауы мүмкін даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасындағы келіссөздер жолымен шешіледі.
18. Келіспеушіліктерді келіссөздер жолымен шешу мүмкін болмаған жағдайда, даулар мен келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртібімен қаралуға жатады.
5. Шарттың қолданылу мерзімі және оны тоқтату негіздері
19. Осы Шарт оған Тараптар қол қойған күннен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" _______ дейін, ал Тараптардың міндеттемелері бөлігінде оларды толық орындағанға дейін қолданылады.
20. Осы Шарт Тараптардың екіжақты келісімі бойынша бұзылуы мүмкін. Осы Шартты бұзуды талап ететін Тарап өзінің ниеті туралы екінші Тарапты Шарттың қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей хабардар етуге тиіс.
21. Шартты Сарапшының бастамасы бойынша бұзған кезде Сарапшы Қызметтерді көрсету процесінде жұмсалған өз шығындарын, сондай-ақ Көрсетілген қызметтер үшін ақы төлеуді талап етуге құқылы емес.
22. Үйлестіруші осы Шартты келесі жағдайларда:
1) Сарапшының үш ай ішінде дәлелсіз себептермен 2 (екі) реттен артық Қызмет көрсетуден бас тартуы;
2) Үйлестірушінің хабарламасында белгіленген Қызметтер көрсету мерзімі өтіп кеткен күннен бастап екі жұмыс күнінен астам мерзімге Қызметтер көрсету мерзімін өткізіп алғанда;
3) әзірлеушілер үш ай ішінде дайындаған сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманың қорытындыларында Сарапшының барлық ұсынымдарының 2/3-нен астамын қабылдамаған жағдайда;
4) Сарапшы біліктілігінің жеткіліксіздігі, біліксіздігі нәтижесінде өз міндеттемелерін орындауы мүмкін болмағанда;
5) Сарапшы Ғылыми сараптаманы ұйымдастыру мен жүргізу, сондай-ақ ғылыми сарапшыларды іріктеу қағидаларының 106-тармағымен белгіленген критерийлерге сәйкес келмеген жағдайда, біржақты тәртіппен бұзуға құқылы.
23. Осы Шартты біржақты тәртіппен бұзу Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес анықталады.
24. Осы Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Сарапшы бұзылған күнге нақты шығындар үшін ғана ақы төлеуді талап етуге құқылы және осы Шарт бұзылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде артық төленген соманы Үйлестірушіге қайтарады.
6. Қорытынды ережелер
25. Осы Шартқа енгізілетін барлық толықтырулар мен өзгерістер жазбаша жасалады, екі Тарап қолдарын қояды және осы Шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.
26. Осы Шарт бірдей заңды күші бар қазақ және орыс тілдерінде екі данада, Тараптардың әрқайсысы үшін бір-бір данадан жасалған.
7. Тараптардың мекенжайлары, деректемелері және қолдары
Үйлестіруші __________________________________ |
Сарапшы _______________________ |
---|