Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 30 желтоқсандағы № 604 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 30 желтоқсанда № 35578 болып тіркелді

      "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 41) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім министрі
С. Нурбек

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Қаржы министрлігі

  Қазақстан Республикасының
Ғылым және жоғары білім
министрі
2024 жылғы 30 желтоқсандағы
№ 604 Бұйрықпен
бекітілген

Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі

      1. Коммерцияландыру жобаларына мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама, сараптама жүргізу, сұралатын қаржыландыру көлемі сомасының негізділігіне бағалау жүргізу бойынша қазақстандық сарапшылар көрсететін қызметтер құнының әдістемесі "Ғылым және технологиялық саясат туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 41) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 19 тамыздағы № 580 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 111-5) тармақшасына сәйкес әзірленді.

      2. Қазақстандық сарапшылардың (бұдан әрі – Қызмет) сараптама жүргізу құны мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама (бұдан әрі – МҒТС) жүргізуге, коммерцияландыру жобаларына сараптама жүргiзуге, қаржыландырудың сұралатын сомасы көлемінің негізділігін бағалауға кеткен уақытқа байланысты 1, 2 формулалар бойынша айқындалады.

      3. Көрсетілетін қызмет құны формула бойынша айқындалады:

      Ққз = қа-к x Тж.б,       (1)

      мұндағы қа-к – бір адам-күннің құны, теңге;

      Тж.б – қызмет бірлігін көрсетуге жұмсалған уақыт (МҒТС және МҒТС бір объектісін қаржыландырудың сұратылған көлемі сомасының негізділігін бағалау және ҒҒТҚН-ны коммерцияландыру жобасының сараптамасы), күнтізбелік күн.

      Тж.б көрсеткіші Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 7 қарашада № 517 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35344 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптаманы ұйымдастыру және жүргізу қағидалары негізінде белгіленген, ол күнтізбелік 7 күннен аспайды.

      Ка-к - көрсеткіші Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 "Мемлекеттік қызметшілердің, мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдардың қызметкерлерінің, мемлекеттік кәсіпорындар қызметкерлерінің еңбекақысын төлеу жүйесі туралы" Қаулысымен (бұдан әрі – Қаулы) белгіленген мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жалақыларын есептеуге арналған коэффициенті және Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен жұмыс уақыты балансы көрсеткішіне, негізгі лауазымдық жалақыға (бұдан әрі – НЛЖ) негізделіп мына формула бойынша есептеледі:

      Ка-к = БЛА х Какж.у.       (2)

      мұндағы БЛА – қаулымен белгіленген базалық лауазымдық айлықақы, теңге;

      Ка-к – кем дегенде 5,09 жұмыс өтілі бар бас менеджерлер үшін Қаулымен бекітілген коэффициентке сәйкес есептелетін бір адам-күннің құнын есептеу коэффициенті (В функционалдық блогы, В1 звеносы, 2-қосымшаның 2-қадамы).

      Б ж.у. – көрсеткіші 20,67 болып белгіленген жұмыс уақытының балансы.

      Жалпы, Ка-к көрсеткіші 4 358 теңгені құрайды және қолданыстағы осы әдістеме мерзімінде өзгертілмейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады