БҰЙЫРАМЫН:
1. "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 131 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12397 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
есепті қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықта "Адамдардың жарақаттануларына немесе қаза болуларына әкеп соққан жол-көлік оқиғалары туралы" (бұдан әрі – Нұсқаулар) көрсетілген бұйрықпен бекітілген:
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"6) жүргізуші – көлік құралын басқаратын адам, жол бойымен мал, табын, жүк артылған, жегілген малды немесе мініс жануарын айдаушы. Білім беру процесі кезінде жүргізуге оқыту шебері жүргізушіге теңестіріледі;";
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермегендігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.";
7 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. ЖКО-1 ЭАЕҚ әрбір ЖКО-на толтырылады.
"Карточка нөмірі" 1-деректемеде бірінші жұп санмен – толтырған жыл, екінші жұп санмен – облыстар, республикалық маңызы бар қалалар мен астана коды, үшінші жұп санмен – ауданның немесе қаланың коды, төртінші жұп санмен – ведомство коды, тоғызыншы санмен – резервті нөмірі және соңғы сандармен (5 белгі) әкімшілік полиция бөлімшесінің ЖКО есепке алу журналында тіркелген карточканың реттік нөмірі белгіленеді, одан әрі тіркеуші орган көрсетіледі.
3-деректеме ЖКО-ның күні туралы мәліметті қамтиды, ол санмен белгіленеді мысалы, 01.01.2015ж.
6-деректемеде ЖКО-ның орны көрсетіледі, мәлімет сәйкес коды қойылған мәтінде енгізіледі.
7.3-деректемесінде жолдағы жолақтарының жалпы саны көрсетіледі. Мысалы, әр бағытта екі жолақты жол үшін "4" көрсетілген. Қиылысу бағытында қозғалып бара жатқан көлік құралдарының соқтығысуы кезінде деректеме жолақтарының үлкен саны бар жолы бойынша толтырылады.
7.4-деректемесінде жолдың нақты бөлігіндегі жылдамдықтың шегі көрсетіледі. Алдағы немесе қиылысу бағыттары үшін түрлі жылдамдық режимдері орнатылған жағдайда, ЖКО-ға кінәлі адам үшін қойылған шектеу көрсетіледі.
Егер ЖКО-сы көлік құралының жүргізушісін шаршаған күйде басқару салдарынан орын алса, онда 9 деректемеде мәні таңдалады "Жол қауіпсіздігіне қауіп төндіретін ауыр немесе шаршаған жағдайда жүргізушінің КҚ басқаруы", 12 деректемеде көлік құралының жүргізушісінің қандай күйде болғанын егжей-тегжейлі сипаттайды, 14.1 деректемеде "Рульде үздіксіз болу" мәні таңдалады.
11-деректемеде КҚ нөмірі реті бойынша көрсетіледі. Егер ЖКО-на кінәлі жүргізуші болса, онда осы КҚ туралы мәліметтер №1 деп енгізіледі. КҚ-нің санаты, маркасы, моделі және мемлекеттік нөмірі олардың кодификаторына сәйкес толтырылады және мәтінмен жазылады.
12-деректеме ЖКО-ның авариялық жағдайдың қысқаша сипаттамасы бар фабуланы қамтиды, КҚ-ның маневр жасауы және ЖКО-ға әкеп соққан жол қозғалысына қатысушылардың әрекеттері қоса көрсетіледі.
14-деректемеде ЖКО-ға кінәлі қатысушысы көрсетіледі. "ЖКО орнынан жасырынған" (3) дерегін толтыру кезінде осы ЖКО қатысушысы және КҚ туралы мәліметті толығымен толтырмауға жол беріледі. ЖКО мән-жайларын анықтау бойынша, оны жасауға кінәлі адамдар Әкімшілік полиция бөлімшесі ҚСжАЕК-ке аумақтық органға ЖКО-1 ЭАЕҚ-ға өзгерістер енгізу туралы өтінішхатты дереу жолдайды.
14.1-деректемеде ЖКО-ға кінәлі адамның масаң күйінің түрі көрсетіледі, бұл ретте "Денсаулықтың күрт нашарлауы" (5) деген ұғым жолаушылар, жүктер, оның ішінде қауіпті жүктер тасымалының бағыттары бойынша жиі және сирек жұмыс істейтін көлік құралдарын және рейстен кейінгі және оның алдындағы медициналық сараптама талабы қойылатын жүргізушілерге қатысты толтырылады.";
осы Нұсқаулыққа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі – Комитет) заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бірлескен бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрықтың көшірмесін орындау үшін мүдделі құқықтық статистика және арнайы есепке алу субъектілеріне, Комитеттің аумақтық және оларға теңестірілген органдарына жіберу.
3. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет төрағасына жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Бас Прокуроры |
Б. Асылов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі
Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 200-бабына сәйкес енгізілген ұсыныстарды есепке алу картасы (ЖКО-3)
1. Карточка нөмірі /__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/__/
2. Тіркеу органы _____________________________________________
3. ЖКО-ның жасалған күні мен уақыты "__" _______ 20__ жыл "__" сағат "___" минут
4. Өтініш беру күні "___" __________ 20__ жыл.
5. Шығыс ұсыну нөмірі _____________________________________________________
6. Ұсыну енгізілген ұйымның атауы __________________________________________
__________________________________________________________________________
7. Ұсыныс енгізілген ұйымның меншік нысаны _________________________________
__________________________________________________________________________
8. Іс жүргізу кезінде ұсыну енгізілген қылмыстық істің нөмірі ____________________
__________________________________________________________________________
9. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің біліктілігі _____ тармақ, бөлім, бап.
10. Ұсыныста көрсетілген шаралар: (шара белгілері).
11. Ұсынуға қол қойған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тегі,
аты-жөні__________________________________________________________________
12. Ұсынуға қол қойған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның
лауазымы_________________________________________________________________
13. Картаны толтырған, сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның тегі,
аты-жөні __________________________________________________________________
14. Сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын адамның карточканы толтырған
лауазымы
Карточканы қабылдау күні "___" _________ 20__ жыл
Түзету күні "___" _________ 20__ жыл
Басқа белгілер: ___________________________________________________
Қосымшалар: