"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына және "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 желтоқсандағы № 513 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 31 желтоқсанда № 35613 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында:

      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін алу үшін бұрын өңірлік квотаға енгізілмеген және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2013 жылғы 22 шілдедегі № 329-Ө-М бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8624 болып тіркелген) бекітілген Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту қағидаларының 9-тармағының 1) тармақшасында көзделген шарттарда қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар, қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілгеннен кейін келген қандастардың жесірлері мен олардың ортақ балалары және (немесе) ата-анасы Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейін Қазақстан Республикасында туған балалары, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұратын қандас мәртебесін алған этникалық қазақтар:

      1) "Migration.enbek.kz" порталы;

      2) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;

      3) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      10 және 11-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "10. Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш білдірген қандастардың өтініштеріне қоса берілген өтініштер мен құжаттарды қалыптастырады және өтініштер келіп түскен күннен кейін алты жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның қарауына қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не бас тарту туралы ұсынымдар шығару үшін жолдайды.

      11. Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия қандастардың, өтініш білдіруші қандастардың өтінішін алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсыныс шығарады.";

      14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "14. "Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін алу үшін "Мәңгілік ел жастары – индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобасының түлектерін қоспағанда, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32850 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды, жұмыссыздарды тіркеу және мансап орталықтары көрсететін еңбек делдалдығын жүзеге асыру қағидаларында көзделген тәртіппен тіркелген жұмыс іздеп жүрген адамдар және (немесе) жұмыссыздар қатарындағы, өтініш берген кезде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 12-тармағының 4) тармақшасында және 16-тармағында көзделген мерзімдерде тұрған жері бойынша тұрақты тіркеуі бар Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясына (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) немесе "Migration.enbek.kz" порталы немесе "электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш (бұдан әрі – өтініш) береді.

      Мемлекеттік корпорация Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген өтініш пен өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күні оларды көрсететін қызметті берушіге "электрондық үкімет" шлюзі арқылы жібереді.

      Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорацияның маманы өтініш беруші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесіне сәйкес ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерінің сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.

      Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация маманы өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

      Веб-портал арқылы өтініш берген кезде өтінішке қол қойылады немесе өтініш берушінің ЭЦҚ-мен куәландырылады.

      15. "Migration.enbek.kz" порталы немесе веб-портал арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.

      Көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыны "Migration.enbek.kz" порталы не веб-портал арқылы "Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметін көрсету туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы хабардар етеді және көрсетілетін қызметті алушы:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген толық емес құжаттар топтамасын;

      2) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды және (немесе) қолданылу мерзімі қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылданған күні аяқталатын құжаттарды ұсынған жағдайда;

      3) жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу жөніндегі шараларға қатысу құқығы болмаған жағдайда осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      Көрсетілетін қызметті беруші "мigration.enbek.kz" порталы арқылы берілген өтінішті жүгінген күні тіркейді.

      16. Көрсетілетін қызметті алушының және оның отбасы мүшелерінің тұрақты тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын мәліметтер (бар болса) тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден "электрондық үкімет" шлюзі арқылы алынады.".

      17 және 18-тармақтар алып тасталсын.

      19 және 20-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "19. Көрсетілетін қызметті алушының қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге арналған өтініші және өтінішке қоса берілген құжаттар келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы ұсыным шығару үшін халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссияның (бұдан әрі – Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия) қарауына жіберіледі.

      20. Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия көрсетілетін қызметті алушылардың, өтініш білдіріп отырған қоныс аударушылардың өтініштері келіп түскен күннен кейін үш жұмыс күні ішінде себептерін дәлелді негіздей отырып, қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не енгізуден бас тарту туралы ұсыным шығарады.

      Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың Әлеуметтік кодекстің 112-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.";

      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "22. Жергілікті атқарушы орган жұмыспен қамту жөніндегі комиссия ұсыным шығарған күннен кейін үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім не осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім қабылдайды және көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы хабарламаны не қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешімді жібереді.

      Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтініш берушіге одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларына 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілді:

      бұйрықтың кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 12-бабы 5) тармақшасының жетінші абзацына және 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Осы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің (бұдан әрі – Әлеуметтік кодекс) 12-бабының 5) тармақшасына және 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру адамдарды ерікті түрде қоныс аудару, сондай-ақ адамдар мен олардың отбасы мүшелеріне (бар болса) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі материалдық көмек көрсету тәртібін айқындайды.";

      18 және 19-тармақтар мынадай радакцияда жазылсын:

      "18. Ерікті қоныс аударатын адамдарды мемлекеттік қолдау мыналарды:

      1) жұмыскердің көшуі жұмыс берушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда, бюджет қаражаты есебінен адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне көшуге, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидиялар, сондай-ақ уәкілетті мемлекеттік орган айқындаған тәртіппен экономикалық мобильділік сертификаттары түрінде материалдық көмек беруді;

      2) жұмыс беруші жұмыскерге тұрғын үй-жай берген жағдайларды қоспағанда, жатақханаларда қызметтік тұрғын үйлер немесе бөлмелер беруді;

      3) жұмыс берушінің қажеттілігі болған кезде кәсіптік оқытуды;

      4) жаңа тұрғылықты жерінде жұмысқа орналасуға және кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесуді;

      5) жұмысқа орналасуға субсидиялар бере отырып, жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аудару шараларына қатысатын жұмыс берушілерде жұмысқа орналасуға жәрдемдесуді қамтиды.

      19. Жұмыс іздеп жүрген және (немесе) жұмыссыз адам ретінде тіркелген "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер, сондай-ақ қандастар шығу өңіріне/мемлекетіне қарамастан ерікті өңіраралық қоныс аударуға қатысады.

      Бұл ретте, "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" жобаларына қатысушылар қатарындағы түлектер оқу өңіріне қарамастан қабылдау өңірінде осы Қағидаларға сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын алады. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасының азаматтығын алуы осы Қағидаларда көзделген ерікті түрде қоныс аударуда мемлекеттік қолдаудың ұсынылатын шараларын тоқтату үшін негіз болып табылмайды.";

      22-тармақ алып тасталсын.

      23-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "23. Қабылдау өңірінің мансап орталығы қоныс аударушы жаңа тұрғылықты жерге келгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарттың жобасын дайындайды және қол қою үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Еңбек мобильділігі орталығы екі жұмыс күні ішінде қол қояды және қол қойылған әлеуметтік келісімшартты қандас немесе қоныс аударушымен одан әрі жасасу үшін мансап орталығына жібереді.";

      28 және 29-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Қабылдау өңірінен еңбек ресурстарына қажеттілігі бар жұмыс берушілер персоналды:

      1) мамандық (кәсіп) бөлінісінде және жұмыс шарттарында қажетті жұмыскерлердің санын көрсете отырып, бос жұмыс орындары туралы өтінімді орналастыру жолымен Электрондық еңбек биржасы не қандастар мен Қазақстан Республикасының азаматтары қатарындағы ізденушіні (бұдан әрі – ізденуші (лер) түйіндемені қарау жолымен шығу өңірлерінен таңдау арқылы іріктейді.

      Ақпаратта жұмыс берушінің есебінен тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнінде, қосымша қолдау шаралары және әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтамасыз ету туралы мәліметтер көрсетіледі;

      2) шығу өңірлеріне бару арқылы;

      3) бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне қатысу арқылы іріктейді.

      29. Жұмыс беруші кадрларды алған кезде Электрондық еңбек биржасы арқылы ізденушінің (лердің) байланыс деректері туралы ақпарат алу үшін ізденушінің жүйесінде идентификаторды қамтитын сұрау салуды қалыптастырады.

      Жұмыс беруші кадрларды іріктеу кезінде шығу өңірлеріне бару және бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу жолымен ізденушімен (лермен) Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес еңбек шартын жасасады.";

      31, 32, 33 және 34-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "31. Жұмыс беруші ізденушінің (лердің) көшу шарттары келісілгеннен кейін мамандық (кәсіп) бөлінісінде және жұмыс шарттарында жұмыскерлердің саны көрсетіле отырып, ізденуші (лер) туралы мәліметтерді мансап орталығына жібереді, сондай-ақ ізденушіге (лерге) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтінішпен жүгіну туралы хабарлайды.

      Ізденушінің (лердің) өтініші мен құжаттары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында көзделген тәртіппен беріледі.

      32. Ізденушіні (лерді) қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу не одан бас тарту Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13334 болып тіркелген) бекітілген Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.";

      33-тармақ алып тасталсын.

      36 және 37-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "36. Өңіраралық қоныс аударуға жәрдемдесетін қабылдау өңірінің жұмыс берушісіне тұрақты жұмысқа орналастыру және кемінде екі жыл мерзімге тұрғын үймен қамтамасыз ету шартымен қабылданған әрбір жұмыскер үшін бір мезгілде 400 айлық есептік көрсеткіш (бұдан әрі – АЕК) мөлшерінде жұмысқа орналасуға субсидия (бұдан әрі – жұмысқа орналасуға субсидия) беріледі не кемінде бес жылға тұрғын үймен қамтамасыз ету және тұрақты жұмысқа орналастыру шартымен қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1160 АЕК асырмай жұмыс беруші шығыстарының бөлігі өтеледі.

      37. Бес жыл өткен соң, тараптардың келісімі бойынша жұмыскер азаматтық-құқықтық сипаттағы шартқа сәйкес Қазақстан Республикасының тұрғын үй заңнамасына сәйкес тұрғын үй сатып алады.";

      40, 41, 42 және 43-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "40. Жұмыс берушілер қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім шығарылған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде жұмысқа орналасуға өтініш берушіге (лерге) қатысты жұмысқа орналасуға субсидия төлеу туралы немесе шығыстарды өтеу туралы өтінішті қабылдау өңірінің мансап орталықтарына осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төмендегі растайтын құжаттармен бірге береді:

      1) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өңірлік комиссияның шешімі немесе қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімі;

      2) жұмыс берушінің қолымен және мөрімен (бар болса) расталған жұмыскермен (лермен) жасалған еңбек шартының көшірмесі;

      3) осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу жүргізілгені туралы хабарлама ала отырып,тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;

      4) осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген жұмысқа орналасуға субсидия төлеу туралы өтінішпен жүгінген жағдайда жалдау не өтеусіз пайдалану шарты.

      Көрсетілген құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады. Оларды салыстырғаннан кейін мансап орталықтарының түпнұсқалары жұмыс берушіге қайтарылады.

      Жұмыс беруші құжаттар топтамасын және дұрыс емес мәліметтерді, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, мансап орталығының қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады.

      41. Мансап орталығы жұмыс берушінің жұмысқа орналасуға субсидия төлеу немесе жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы өтініші қабылданған күннен бастап бір жұмыс күні ішінде жұмыс берушіге жұмысқа орналасуға субсидиялар төлеу не жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдау үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      42. Еңбек моибльділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жұмысқа орналасуға субсидия беру туралы не осы Қағидаларға 3-1 және 3-2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы немесе себептерін дәлелді негіздей отырып, оларды беруден бас тарту туралы шешім шығарады.

      Жұмыс берушіге жұмысқа орналасуға субсидия беруден бас тарту не жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеу үшін мыналар негіз болып табылады:

      1) жұмыс берушіде жалақыны төлеу бойынша алты айдан астам, сондай-ақ есептелген салықтар, алымдар және бюджетке төленетін өзге де міндетті төлемдер бойынша анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам банк немесе оның филиалы алдында берешегінің болуы (егер тұлға бірнеше екінші деңгейдегі банктің немесе филиалдардың, сондай-ақ шетелдік банктің клиенті болып табылған жағдайда, осы анықтама осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);

      2) жұмыс беруші ұсынған құжаттардың, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен толық емес құжаттар топтамасын және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) сәйкессіздігін ұсыну;

      3) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 3 қыркүйектегі № 353 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21173 болып тіркелген) бекітілген Еңбек шарттарын есепке алудың бірыңғай жүйесінде еңбек шарты туралы мәліметтерді беру және алу қағидаларына сәйкес ізденушімен жасалған еңбек шарттары бойынша мәліметтердің болмауы;

      4) осы Қағидалардың 36-тармағында көзделген мерзімдерге сәйкес жұмыс берушінің ізденушіге (лерге) жаңа тұрғылықты жерінде тұрғын үй беруі туралы құжаттардың болмауы.

      43. Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жұмыс беруші шығыстарының бір бөлігін өтеу не жұмыс берушіге субсидия төлеу, өңірлік квотаға қосу, қызметтік тұрғын үй беру жөніндегі талаптар көзделетін үшжақты әлеуметтік келісімшарт еңбек мобильділігі орталығы, ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші арасында еңбек мобильділігі орталығы жұмысқа орналасуға субсидия төлеу немесе жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы шешімдер қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жасалады.";

      47-тармақ алып тасталсын;

      3-параграф мынадай редакцияда жазылсын:

      "3-параграф. Бір облыс шегінде қоныс аударуды ұйымдастыру тәртібі";

      48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "48. Бір облыс шегінде қоныс аудару (бұдан әрі – облысішілік қоныс аудару) облыс шегінде АЕМ-нен және экономикалық даму әлеуеті төмен моноқалалардан АЕМ-ге, экономикалық даму әлеуеті орташа және жоғары шағын және моноқалаларға, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үймен қамтамасыз ету болған кезде немесе жұмыс берушілер, жұмысқа орналастыру немесе кәсіпкерлік бастаманы дамыту жұмыс берушілер есебінен экономикалық өсу орталықтарына жүзеге асырылады.";

      51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "51. АЕМ-де және экономикалық әлеуеті төмен моноқалаларда тұратын, облысішілік қоныс аударуға қатысуға ниет білдірген және жоспарлаған адамдар ерікті облысішілік қоныс аударуға қатысушылар болып табылады.";

      66, 67, 68, 69, 70, 71 және 72-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:

      "66. Қандастар мен қоныс аударушылар мен олардың отбасы мүшелеріне жаңа тұрғылықты жерге келіп, өңірлік квотаға енгізілгеннен кейін Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес материалдық көмек төленеді.

      Еңбек ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру шараларына қатысқанға дейін соңғы 36 ай бұрын некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар азаматтық хал актілерін жазу кітабында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.

      Материалдық көмек төлеу туралы өтініштер осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес қабылдау өңірінің мансап орталықтарына беріледі.

      Өтінішті қабылдаған мансап орталығының маманы өтініш берушіден материалдық көмек көрсету үшін қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидалардың 68, 70 және 72-тармақтарында көзделген негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін жаңғырту сапасын қамтамасыз етеді, содан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.

      Осы Қағидаларының 73-1-тармақта көзделген негіздер болған кезде мансап орталығының маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

      67. Экономикалық мобильділік сертификаты тұрғын үй сатып алу, салу немесе Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі және (немесе) Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарымен бекітілген ипотекалық бағдарлама, оның ішінде тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамалары шеңберінде, сондай-ақ қаржы институттарын ипотекалық кредиттеу құралдары және тұрғын үй құрылыс жинақтарының жүйесі шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарна үшін ақшалай төлем түріндегі материалдық көмек ретінде беріледі.

      Экономикалық мобильділік сертификаты қандастарға немесе қоныс аударушыларға қабылдау өңіріндегі тұрақты тұратын елді мекенде тұрғын үй сатып алу кезінде беріледі.

      Экономикалық мобильділік сертификаты тұрғын үй құнының 50% мөлшерінде, бірақ 1 160 АЕК-тен асырмай, отбасына, осы Қағидалардың 66-тармағының екінші бөлігінде көзделген адамдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің 112-бабының 2-тармағында көзделген адамдарға беріледі.

      Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді жүзеге асыру үшін еңбек мобильділігі орталығы қандастар мен қоныс аударушыларды мынадай санаттар бойынша саралайды:

      1) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар бойынша жұмыс істейтіндер;

      2) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын еңбекке қабілетті жастағы отбасы мүшелері бар;

      3) отбасы құрамында өтініш берушімен тұрақты бірге тұратын кәмелетке толмаған балалары не жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында жалпы білім беретін немесе кәсіптік бағдарламалар бойынша күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын балалары бар, олар он сегіз жасқа толғаннан кейін білім беру ұйымдарын бітірген уақытқа дейін (бірақ жиырма үш жасқа толғанға дейін);

      4) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерде қандастар мен қоныс аударушыларды қоныстандыру үшін дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратындар.

      68. Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді алу үшін өтінішке мынадай құжаттар ұсынылады:

      1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалай отырып, тұрғын үйді сатып алу-сату шарты, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы хабарлама, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50% мөлшерінде болжамды мәмілені жүзеге асыруға не сатып алынатын тұрғын үйдің қалған құнын төлеуге арналған меншікті қаражаттың болуын растайтын құжаттар;

      2) тұрғын үйді сатып алуда тұрғын үй ипотекалық қарызы бойынша алғашқы жарна кезінде – екінші деңгейдегі банктің тұрғын үй қарызын беруді мақұлдауды растайтын құжат;

      3) тұрғын үй құрылысы кезінде – меншігінде немесе уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығында жеке тұрғын үй құрылысына және/немесе жеке қосалқы шаруашылыққа арналған жер учаскесінің болуын растайтын құжат, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнің кемінде 50 % мөлшерінде тұрғын үй салуға арналған қаражаттың болуын растайтын құжаттар.

      Көрсетілген құжаттар көшірмелерде және түпнұсқаларда ұсынылады. Оларды салыстырып тексергеннен кейін түпнұсқалар өтініш иесіне қайтарылады.

      Қандас пен қоныс аударушының жылжымайтын мүлікті жұбайынан (зайыбынан) және өзінің жақын туыстарынан, сондай-ақ алушының (өтініш берушінің) жұбайының (зайыбының) жақын туыстарынан сатып алуына экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалануға жол берілмейді.

      Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып, меншікке ресімделген жылжымайтын мүлікті 5 (бес) жыл ішінде өткізуге жол берілмейді.

      Мансап орталықтар құжаттардың көшірмелерін жаңғырту сапасын және олардың негізгі талаптар тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, сондай-ақ қоныс аударушы немесе қандас ұсынған экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша құжаттардың толықтығы мен дұрыстығы тұрғысынан және үш жұмыс күні ішінде салыстырып тексеруді жүзеге асырады, өтініш тіркелген күннен бастап қандастың немесе қоныс аударушының экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемдер беру туралы өтінішін еңбек мобильділігі орталығына қарау үшін жібереді.

      Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі туралы ұсынылған құжаттар мен мәліметтердің дұрыстығы мен толықтығы тұрғысынан қосымша салыстыру мансап орталығы маманының мәміле объектісіне оны толық және мұқият тексеру үшін шығуын жүргізу туралы еңбек мобильділігі орталығының шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      Мансап орталығы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісін толық және мұқият қарап шыққаннан кейін фото және видео материалдармен қоса қорытынды ұсынады және оларды еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау мен сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалауға дау айту үшін экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді пайдалана отырып сатып алынатын жылжымайтын мүлік объектісі бойынша мансап орталықтың қорытындысы арасында алшақтықтар анықталған жағдайда еңбек мобильділігі орталығы сотқа жүгінеді.

      Сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалауға дау айту туралы талап арыз беру экономикалық мобильділік сертификатын төлеу туралы өтінішті қарау мерзімдерін тоқтата тұрады.

      Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш берушіге экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім шығарады не осы Қағидаларға 14-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды, сондай-ақ өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабарлайды.

      Мыналар:

      1) өтініш берушінің осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген құжаттарды ұсынбауы;

      2) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дұрыс екенін анықтау;

      3) жылжымайтын мүліктің мемлекеттік кадастрының бірыңғай ақпараттық жүйесіне алынған осы Қағидалардың 76-тармағында көзделген негіздердің болуы;

      4) қандасқа немесе қоныс аударушыға мансап орталығы берген қоныс аударуға жолдамада көрсетілген межелі елді мекеннен тыс жерлерде тұрғын үй сатып алу не салу;

      5) бұрын қоныс аударушы не қандас, сондай-ақ оның отбасы мүшесі (бар болса) экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем арқылы сатып алған тұрғын үйді сатып алу экономикалық мобильділік сертификатын беруден бас тарту үшін негіздер болып табылады.

      69. Еңбек мобильділігі орталықтары:

      1) тұрғын үйді сатып алу кезінде – экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді сатып алу-сатудың алдын ала жасалған шартына сәйкес сатушының екінші деңгейдегі банктегі немесе қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лицензиясы негізінде жеке және заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуды және жүргізуді жүзеге асыратын ұйымдардағы ағымдағы шотына;

      2) ипотекалық қарыз кезінде – экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде тұрғын үй қарызы шартына сәйкес қарыз алушының екінші деңгейдегі банктегі ағымдағы (жинақтаушы) шотына;

      3) тұрғын үйді салу кезінде – қандастар мен қоныс аударушылардың екінші деңгейдегі банктегі немесе банк операцияларының жекелей түрлерін жүзеге асыратын басқа да ұйымдағы ағымдағы шотына экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді аударады:

      экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді беру туралы шешім қабылданғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 25%-ын аударады.

      Қандас пен қоныс аударушы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемді алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тұрғын үй құрылысының басталғандығы жөнінде мансап орталықтарын хабардар етеді;

      құрылыс және монтаждау жұмыстарының аяқталғандығы жөнінде аудандық (қалалық) комиссияның растауымен екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 40%-ын аударады. Құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғанын растау үшін өтініш беруші мансап орталығына фото, бейне дәлелдемелері бар ерікті түрде нысандағы өтініш ұсынады.

      Жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия көрсетілген өтінішті алғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде құрылыс орнына шығады және құрылыс және монтаждау жұмыстарының басталғаны жөнінде фактінің расталуы немесе расталмауы туралы шешім шығарады, ол туралы өтініш берушіні хабардар етеді;

      халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі аудандық (қалалық) комиссия құрылыс жұмыстарының аяқталғанын растағаннан кейін екі жұмыс күні ішінде экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 35%-ын аударады.

      Тұрғын үй құрылысы аяқталғаны туралы факт өтініш берушінің мансап орталықтарына Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы заңнамасына сәйкес объектіні пайдалануға беру актісі арқылы расталады.

      70. Көшуге арналған субсидиялар отағасына және отбасының әрбір мүшесіне 70 АЕК мөлшерінде бір рет беріледі.

      Көшу шығыстарын өтеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.

      Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде тізбені ақы төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Еңбек мобильділігі орталығы өтініш қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде оны қарайды және осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көшуге субсидиялар беру туралы шешім шығарады, сондай-ақ өтініш берушіні қабылданған шешім туралы хабардар етеді.

      71. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ай сайын, он екі айдан көп емес тұрғын үй алғанға дейін мынадай мөлшерлерде өтеледі:

      1) қалалық жерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді;

      2) ауылдық жерге қоныс аударғандар үшін:

      бір адам үшін 15 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде;

      отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді.

      Тұрғын үйді жақын туыстары мен жұбайларынан, оның ішінде бұрынғы жұбайларынан, сондай-ақ жақын туыстарынан жалға алуға жол берілмейді.

      Осы тармақта жақын туыстар деп "Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінде айқындалған ата-аналар (ата-ана), балалар, асырап алушылар, асырап алынған адамдар, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері, атасы, әжесі, немерелері түсініледі.

      72. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеу үшін қандастар мен қоныс аударушылар осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді, өтінішке тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шартының көшірмесі қоса беріледі.

      Мансап орталықтары өтініштер тізбесін қалыптастырады және екі жұмыс күні ішінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеуге субсидия төлеу үшін еңбек мобильділігі орталығына жібереді.

      Еңбек мобильділігі орталығы субсидиялар қарайды төлеу туралы не осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша себептерін дәлелді негіздей отырып, оны беруден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      Мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін және (немесе) қызметтік тұрғын үй берілген кезде және Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің еңбек қатынастарының сипатына байланысты міндеттерді орындау кезеңінде, оның ішінде мемлекеттік қызметшілерді ротациялауды жүзеге асыру кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасына сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысатын адамдарға қоныстануға арналған жалдау шартына сәйкес тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу ұсынылмайды.

      Жұмыс берушілер жалдау шартына сәйкес жалдамалы және (немесе) қызметтік тұрғын үй берген кезде қандастар мен қоныс аударушыларға тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу ұсынылмайды.

      Төлемдерді жүзеге асыру мынадай жағдайлар туындаған кезде тоқтатылады:

      1) меншік құқығында, оның ішінде экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тұрғын үй сатып алу;

      2) алушыны жеке тұрғын үй қорынан жалға алынған, алып отырған тұрғын үйден шығару;

      3) алушы басқа елді мекенге тұрақты тұрғылықты жерге, сондай-ақ қабылдау өңірінен тыс жерге кеткен жағдайда;

      4)қандастың немесе қоныс аударушының жалдау (жалдау) шартында көрсетілген мекенжай бойынша тұрмауы;

      5) жалға берілетін тұрғын үйді қосымша жалдауға беру;

      6) бұрмаланған және жалған мәліметтер беру.

      Қандас немесе қоныс аударушы қайтыс болған жағдайда, төлем құқығы қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген онымен бірге отбасы мүшелеріне өтеді.

      73. Материалдық көмек өтініш берілген жағдайда квотаға енгізілген сәттен бастап алты айдан кешіктірілмей ұсынылады.

      Өтініш беру мерзімі Қағидалардың осы тармағының бірінші бөлігінде көзделген мерзім өткеннен кейін үш ай ішінде берілген өтініш берушінің өтінішхаты бойынша қалпына келтіруге жатады.

      Өтінішке көрсетілген алты ай мерзімде материалдық көмек төлеу туралы өтініш беруге кедергі келтірген өтініш берушіге тәуелді емес мән-жайлар көрсетілген құжат және (немесе) осы мән-жайлардың болуын растайтын құжат қоса беріледі.";

      мынадай мазмұндағы 73-1, 73-2 және 73-3-тармақтармен толықтырылсын:

      "73-1. Көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі материалдық көмек төлеу туралы өтінішті қабылдаудан бас тарту үшін негіздер:

      1) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құжаттардың және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттардың және (немесе) көшуге субсидиялар түріндегі материалдық көмек төлемдерін тағайындау немесе тағайындаудан бас тарту туралы шешім қабылданған күнге қолданылу мерзімі аяқталатын толық емес құжаттар топтамасын ұсынуы, жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуі тұрғын үй, коммуналдық қызметтерге ақы төлеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары;

      2) жеке басты куәландыратын құжат бойынша мәліметтердің (мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынған мәліметтермен расталатын Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оны ауыстырудан басқа) оларды тағайындау үшін қажетті құжаттармен сәйкес келмеуі;

      3) көшуге субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық мобильділік сертификаттары түріндегі материалдық көмек төлемдерін тағайындауға негіздердің болмауы;

      4) осы Қағидалардың 73-2-тармағында көзделген мерзімнің аяқталуы.

      73-2. Еңбек мобильділігі орталығы:

      1) төленген материалдық көмек төлемдері бойынша тұрақты есепке алуды;

      2) алушылардың осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін тоқсан сайын мониторингтеуді;

      3) әлеуметтік келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуының ай сайын мониторингтеуді;

      4) жергілікті атқарушы органға тұрғын үйді сатып алу-сату, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) шарттары туралы мәліметтерді ай сайын ұсынуды жүзеге асырады.

      73-3. Еңбек мобильділігі орталығы тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 25 (жиырма бесінші) күніне дейін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органға тиісті қаржылық күнтізбелік жылға бюджет қаражатын игеру жөніндегі жиынтық ақпаратты жібереді.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша алып тасталсын.

      көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес 3-1 және 3-2-қосымшалармен толықтырылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 4-қосымша осы бұйрыққа 5-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 7-қосымша осы бұйрыққа 6-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 8-қосымша осы бұйрыққа 7-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      көрсетілген Қағидаларға 9-қосымша алып тасталсын.

      көрсетілген Қағидалар осы бұйрыққа 8, 9, 10, 11 және 12-қосымшаларға сәйкес 10, 11, 12, 13 және 14-қосымшалармен толықтырылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастыруды;

      3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;

      4) осы бұйрықты жұмыста басшылыққа алу үшін облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрықтың 2-тармағы он төртінші бөлігінің бірінші, екінші, үшінші, төртінші және бесінші абзацтары 2025 жылғы 1 наурыздан бастап мынадай редакцияда қолданылады деп белгіленсін:

      "66. Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасында көзделген материалдық көмек қоныс аударушыда немесе қандаста қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу және жаңа тұрғылықты жерге келу туралы шешім болған кезде төленеді.

      Еңбек ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару шараларына қатысқанға дейін соңғы 36 ай бұрын некені (ерлі-зайыптылықты) бұзған адамдар азаматтық хал актілерін жазу кітабында некені (ерлі-зайыптылықты) бұзуды мемлекеттік тіркеу туралы анықтаманы ұсынады.

      Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 4-тармағының 1) тармақшасына сәйкес материалдық көмек алу үшін қандас немесе қоныс аударушы осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтінішті "www.migration.enbek.kz." порталы арқылы электрондық нысанда ұсынады, өтінішке өтініш берушінің ЭЦҚ-мен қол қойылады немесе куәландырылады.

      "Migration.enbek.kz" порталы (бұдан әрі – портал) арқылы берілген өтініш жүгінген күні тіркеледі.

      Осы Қағидаларға 7 және 8-қосымшада көзделген құжаттардың толық топтамасы берілген жағдайда қандас пен қоныс аударушының "жеке кабинетінде" материалдық көмек көрсету үшін өтінішті қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.

      Осы Қағидалардың 73-1-тармағында көзделген негіздер болған кезде мансап орталығы құжаттарды қабылдаудан бас тартады.

      Еңбек мобильділігі орталығы төлемді тағайындау туралы шешімді не материалдық көмек төлеуден бас тарту туралы шешімді портал арқылы қандастар мен қоныс аударушыларға "жеке кабинетке" жібереді.".

      6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі
С. Жакупова

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Бас прокуратурасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Өнеркәсіп және

      құрылыс министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Цифрлық даму, инновациялар

      және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
1-қосымша/
  Қандастар мен қоныс
аударушыларды қабылдаудың
өңірлік квотасына
енгізу қағидалары
2-қосымша
  Нысан

"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі
Мемлекеттік көрсетілетің қызметтің кіші түрінің атауы:
1) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
2) Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган

2

Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері

Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады:
1) ақпараттандыру обьектісі "Migration.enbek.kz" порталы;
2) Мемлекеттік корпорация;
3) веб-портал.

3

Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі

14 жұмыс күні ішінде.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты:
көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут,
Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут.
Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут

4

Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету және ұсыну нысаны

Қағаз / электрондық (ішінара автоматтандырылған)

5

Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім.
веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

1) Мемлекеттік корпорацияда – Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа.
2) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат
09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін. Сәрсенбі қабылдау күні емес.
Ыстық және ылғалды климаты бар шет мемлекеттерде жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға байланысты белгіленеді.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған www.gov.kz.
3) веб-порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы

8

Мемлекеттік қызметтің көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:
1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
3) туу туралы куәлі (бар болса).
Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен веб-порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе веб-порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін:
1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен;
2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
3) білімі, біліктілігі, арнайы білімінің немесе кәсіптік даярлығының болуы туралы құжат (бар болса);
4) еңбек қызметін растайтын құжат (болған кезде);
5) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 214 бұйрығымен көзделген Жұмыс іздеп жүрген адамдарды және (немесе) жұмыссыздарды тіркеу туралы құжат (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2023 жылғы 20 маусымда № 32850 болып тіркелді).
6) отбасы мүшелерінің туу туралы куәлігі (болған кезде);
Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "Электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады.
7) "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" аталған жобаға қатысқандарын растайтын оқу орны бар анықтаманы ұсынады.

9

Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызметтің көрсетуден бас тарту үшін негіздер

Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартудың негізі "Көші-қон туралы" Заңның 20-бабында көзделген мынадай шарттар болып табылады.
1) үміткерлердің "Көші-қон туралы" Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі, атап айтқанда қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы;
3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы;
4) этникалық қазақтың "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы;
5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы.
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіздер:
1) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау;
2) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шектеулі қолжетімділіктің дербес деректеріне қол жеткізуге ұсынылатын қоныс аударушының келісімінің болмауы;
3) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексі 112-бабының 1 және 2 тармақтарымен бекітілген шарттарға үміткердің сәйкес келмеуі.

10

Мемлекеттік қызметтің көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар

Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді.
Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді.
Субъект цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өтуі, бұдан әрі "Цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдауы қажет.

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
2-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы әлеуметтік келісімшарт

      __________________                         "___" __________ 20__жылғы

      (жасалған орны)

      ______________________________________________Бұдан әрі "Еңбек

      мобильділігі орталығы" деп аталатын

      ______________________________________________________________

      (Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес сәйкестендіру нөмірі) атынан

      _______________________________________________________________

      (лауазымы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      бір тараптан және бұдан әрі "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын

      _________________________________________________________________

      _______________________________________________________________________,

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басты куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген), екінші тараптан төмендегілер туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы Келісімшарттың тараптары ретінде қатысады.

      Келісімшарт шеңберінде ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай мемлекеттік қолдау шаралары ұсынылады:

      __________________________________________________________

      (мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының бұйрығы негізінде жасалды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Мансап орталығының:

      1) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) тұрғын үй комиссиясының Ерікті қоныс аударуға қатысушыға тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) беру туралы шешімін қабылдауға;

      3) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелерді) жалдау (жалға алу) шартын жасасуға;

      4) материалдық көмек төлеу туралы шешім қабылдау және ерікті қоныс аударуға Қатысушының дербес шотына субсидиялар аудару үшін Еңбек мобильділігі орталығына жібереді;

      5) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрғын үйге, қызметтік тұрғын үйге (еңбекші жастарға арналған жатақханалардағы бөлмеге) қоныстануын қамтамасыз етуге;

      6) ерікті қоныс аударуға Қатысушыны жаңа тұрғылықты жері бойынша тіркеуге жәрдемдесуге;

      7) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген) бекітілген Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында келісілген жағдайларда Ерікті қоныс аударуға қатысушы отбасының кәмелеттік жасқа толған басқа мүшелерімен тұрғын үйді жалға алу шартын қайта жасауға құқығы бар.

      5. Мансап орталығы:

      1) Ерікті қоныс аударуға қатысушының тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға және кәсіби дағдыларды игеруге жәрдемдесуге және оны бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушінің Келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерді орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Ерікті қоныс аударуға қатысушының көшу тәртібіне, мерзіміне қатысты ақпаратты шыққан жеріндегі мансап орталығынан сұратуға;

      5) Ерікті қоныс аударуға қатысушы мен жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      6) Келісімшарт талаптары орындалмаған және (немесе) тиісінше орындалмаған жағдайда тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмені) жалға алу шартын бұзуға;

      7) жұмысқа орналастырудың жеке картасында ерікті қоныс аударуға қатысушының қоныс аударғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқаны туралы мәліметтерді көрсетуге;

      8) Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушылар және олардың кәмелеттік жасқа толған отбасы мүшелері арасында жыл сайын берілген тұрғын үйдің сапасына қанағаттану бойынша сауалнама жүргізуге;

      9) саны, сапасы, қоныс аударуға арналған елді мекенде орналасуы бойынша ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігіне мониторинг жүргізуге;

      10) Қатысушының Келісімшартта көзделген міндеттемелерді орындауына мониторинг жүргізуге міндетті.

      6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:

      1) Мансап орталығына материалдық көмек тағайындау және тұрғын үй, қызметтік тұрғын үй (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмелер) бөлу үшін өтініш пен қажетті құжаттар топтамасын тапсыруға;

      2) шыққан жерінің Мансап орталығынан көшудің тәртібі, мерзімі және қабылдау шарттары туралы, оның ішінде тұрғын үймен, қызметтік тұрғын үймен (еңбекші жастарға арналған жатақханалардан бөлмемен) қамтамасыз ету және тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша ақпарат алуға;

      3) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      4) Келісімшартта көзделген мемлекеттік қолдау шараларын алуға құқығы бар;

      5) мансаптық орталықпен тұрғын үйді, қызметтік тұрғын үйді (еңбек жастарына арналған жатақханалардағы бөлмелерді) жалға алу шартын жасасуға және оған белгіленген мерзімде қоныстануға;

      6) әзірленген бизнес-жоспарға сәйкес дара кәсіпкер, заңды тұлға, жеке практикамен айналысатын тұлға ретінде немесе шаруа немесе фермер қожалықтары нысанында міндетті түрде тіркей отырып, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға;

      7) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналаса отырып, кәсіптік оқудан өтуге құқығы бар.

      7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген)бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу;

      2) коммуналдық және жалға алу ақысын уақтылы төлеуге;

      3) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      4) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға;

      5) ерікті қоныс аударуға қатысушы мен оның отбасы мүшесінің Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге өз еркімен ішкі көші-қон жағдайларында бес жыл ішінде толық көлемде мерзімінен бұрын қайтаруға құқылы.

      8. Ерікті қоныс аударуға қатысушы және оның отбасы мүшесі (мүшелері) алған мемлекеттік қолдау шараларын бюджетке қайтару бұйрықпен бекітілген жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады – Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы № 234 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32880 болып тіркелген), вахталық әдіспен жұмысқа орналасу, әскери қызметке шақыру, осы елді мекенде тұруға мүмкіндік бермейтін ауру жағдайларын қоспағанда, ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының отбасы мүшесін өңірден тыс жерде білім беру орындарында оқыту қоныстану орындары.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      9. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      10. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      11. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын және Ерікті қоныс аударуға қатысушыларды осы мерзімнің аяқталуына дейін болған бұзушылық үшін жауапкершіліктен босатпайды.

4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      12. Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      13. Форс-мажорлық жағдаяттар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы мен Ерікті қоныс аударуға Қатысушы форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

      14. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға Қатысушыны осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады. Форс-мажорлық жағдайлардың басталуы немесе тоқтатылуы туралы хабарлама форс-мажорлық жағдайлар жалпыға белгілі және көпшілік сипатта болған әрі дәлелдеуді қажет етпейтін жағдайларды қоспағанда, құжатпен не мұндай жағдайдарды растайтын тиісті органның және/немесе мекеменің шешімімен расталуға тиіс.

      15. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының және Ерікті қоныс аударуға қатысушының осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындалмауы ____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда Мансап орталығы мен ерікті қоныс аударуға қатысушы осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5-тарау. Басқа да жағдайлар

      16. Келісімшартқа тараптардың келісуі бойынша қосымша келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес Келісімшартта көзделген міндеттемелердің орындалуына мониторинг жүргізу үшін осы Келісімшартқа қол қоя отырып, Қатысушы өзінің және оның отбасы мүшелерінің дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісім береді.

      17. Осы Келісімшарт оған Еңбек мобильділігі орталығы және Ерікті қоныс аударуға қатысушы қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ "__" ______ жылға дейін қолданылады.

6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

_____________________________
______________________________
(Еңбек мобильділігі орталығының
толық атауы)
______________________________
______________________________
(заңды мекенжайы)
______________________________
______________________________
(телефон, факс)
______________________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса)
______________________________
(қолы)
М.О.

________________________________
________________________________
________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
________________________________
_________________
________________________________
(мекенжайы)
_______________________________
________________________________
(телефон, факс)
________________________________
(қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
3-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
3-1- қосымша
  Нысан

Жұмыспен қамту субсидияларын төлеу туралы ШЕШІМ

      "___" _____ 20___ жылғы № _______

      _____________________________ облысының Еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдардың ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 36-тармағы 1-тармақшасына сәйкес субсидия төлеу туралы өтінішті қарап, төмендегі шешімді қабылдады:

      1. ________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      жұмысқа орналасуға мынадай мөлшерде субсидия төленсін:


р/с

жұмыскердің (лердің) Т.А.Ә. (ЖСН)

жұмыскердің лауазымы (лердің)

субсидияның мөлшері
(АЕК)

төлеуге сома
(теңге)


























      2. Жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару KZ ___________________

      ______________________________________________________________

      (банктің атауын, банктің жеке сәйкестендіру нөмірін, банктің банктік

      сәйкестендіру кодын, алушының банктік шотының нөмірін көрсету)

      Басшының қолы _______________/ (Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
4-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
3-2-қосымша
  Нысан

Қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігін өтеу туралы ШЕШІМ

      20___ жылғы "___" _____ № _______

      _______________________________ облысының Еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 36-тармағының 2) тармақшасына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1.___________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы)

      қоныс аударушының немесе қандастың отбасына тұрғын үй беру үшін жұмыс берушінің шығыстарының бір бөлігі мынадай сомада төленсін:


Р/с

жұмыскердің (лердің) Т.А.Ә. (ЖСН)

Жұмыскердің лауазымы (лер)

Төлеуге сома (теңге)





















      2. Жұмыс берушінің ағымдағы шотына аудару KZ ________________

      ____________________________________________________________

      (банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік

      сәйкестендіру коды, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі).

      Басшының қолы_______________/(Т. А. Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
5-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдау көрсету туралы үшжақты әлеуметтік келісімшарт

      _____________________________________________ 20__ жылғы "___"

      (жасалған орны)

      Бұдан әрі "Еңбек мобильділігі орталығы" деп аталатын

      ____________________________________________________________________

      (Еңбек мобильділігі орталығының атауы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі, лауазымы,

      _____________________________________________________________________

      тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      атынан ___________________________________________________________________

      бір тараптан, бұдан әрі – "Ерікті қоныс аударуға қатысушы" деп аталатын

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), жеке сәйкестендіру нөмірі, жеке басын

      куәландыратын құжаттың сериясы, нөмірі, қашан және кім берген)

      атынан екінші тараптан және "Жұмыс беруші" деп аталатын

      ________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________

      (жұмыс берушінің атауы, заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бизнес

      сәйкестендіру нөмірі, жұмыс берушінің заңды мекен-жайы) үшінші тараптар төмендегі

      туралы осы әлеуметтік келісімшартты (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасты:

1-тарау. Келісімшарттың мәні

      1. Келісімшарт жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу, сондай-ақ мемлекеттік қолдау шараларын көрсету мақсатында жасалды.

      2. Еңбек мобильділігі орталығының филиалы ретінде Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және Жұмыс беруші Келісімшарт тараптары болады.

      Келісімшарт шеңберінде жұмыс беруші Ерікті қоныс аударуға қатысушыға мынадай қолдау шараларын ұсынуға міндеттеледі:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Ерікті қоныс аударуға қатысушыға көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларын көрсету)

      3. Келісімшарт Еңбек мобильділігі орталығы басшысының 20 ___ жылғы "___" _____________ № ____ бұйрығы негізінде жасалды.

2-тарау. Тараптардың құқықтары мен міндеттері

      4. Мансап орталығының:

      1) Жұмыс берушіден жұмыс берушінің шығыстарын өтеу үшін өтініш пен құжаттар топтамасын қабылдауға;

      2) жаңа тұрғылықты жері бойынша Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушыны тіркеуге жәрдем көрсетуге;

      3) Қағидаларда айтылған жағдайларда Ерікті түрде қоныс аударуға қатысушының кәмелетке толған басқа да отбасы мүшелерімен тұрғын үйді жалдау шартын қайта жасасуға құқығы бар.

      5. Мансап орталығы міндетті:

      1) жұмысқа орналастырылған күннен бастап екі және бес жыл ішінде Ерікті қоныс аударуға қатысушының жұмыс орнының сақталуына бақылауды жүзеге асыруға;

      2) Ерікті қоныс аударуға қатысушының және жұмыс берушінің Келісімшартты орындауына мониторингті жүзеге асыруға;

      3) тараптардың міндеттемелерін орындау мониторингін жүзеге асыру үшін қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды тараптардан сұратуға және алуға;

      4) Ерікті қоныс аударуға қатысушыдан және жұмыс берушіден Келісімшарт талаптарының уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге міндетті;

      5) жеке жұмысқа орналастыру картасында қоныс аударғаннан кейін Ерікті қоныс аударуға қатысушылардың тұрақты жұмысқа орналасуы туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

      6. Ерікті қоныс аударуға қатысушының:

      1) Келісімшарт тараптарынан Келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге;

      2) Жұмыс берушіден Келісімшартта көзделген қолдау шараларын алуға құқығы бар;

      3) жұмыс беруші ұсынған тұрақты жұмыс орнына жұмысқа орналасуға не кейіннен жұмысқа орналаса отырып, жұмыс берушінің өтінімі бойынша кәсіптік оқудан өтуге құқығы бар.

      7. Ерікті қоныс аударуға қатысушы:

      1) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2020 жылғы 30 наурыздағы № 267 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20192 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу мәселелері бойынша Мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері және уақытша болатын (тұратын) жері бойынша тіркелу;

      2) тараптардың міндеттемелерін орындауына мониторингті жүзеге асыруға қажетті ақпаратты, құжаттар мен материалдарды уақтылы және толық көлемде тараптардың сұратуы бойынша ұсынуға;

      3) өзіне көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жүктелген міндеттемелерді адал атқаруға міндетті;

      8. Жұмыс берушінің:

      1) Мансап орталығына субсидиялар тағайындау, шығыстарды өтеу үшін қажетті өтініш пен құжаттар топтамасын беруге;

      2) келісімшарт тараптарынан келісімшарттың уақтылы және тиісінше орындалуын талап етуге құқығы бар.

      9. Жұмыс беруші:

      1) жұмысқа қабылдау немесе одан бас тарту туралы мансап орталығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімдерде хабардар етуге;

      2) Ерікті қоныс аударуға қатысушымен 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Еңбек кодексі) сәйкес еңбек шартын жасауға;

      3) "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексіне (бұдан әрі – Салық кодексі), Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне, "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес Ерікті қоныс аударуға қатысушылар алған кірістерден жеке табыс салығын және міндетті зейнетақы жарналарын ұстауды және аударуды, сондай-ақ әлеуметтік салық төлеуді және орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер үшін Ерікті қоныс аударуға қатысушыларға төленетін жұмыс берушінің табыс түріндегі төлейтін шығыстарынан әлеуметтік аударымдар аударуды жүргізуге;

      4) ерікті қоныс аударуға қатысушыны кейіннен жұмысқа орналастыра отырып, кәсіптік оқытуға жіберуге міндетті.

      10. Әлеуметтік келісімшарттың талаптарына сәйкес, ерікті қоныс аударуға қатысушының өз еркі бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерден тыс жерлерге ішкі дербес көші-қоны жағдайында бес жыл ішінде жұмыс беруші Қазақстан Республикасының әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларын толық көлемде мерзімінен бұрын қайтаруға міндетті.

3-тарау. Тараптардың жауапкершілігі

      11. Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартта көзделген өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жауаптылықта болады.

      12. Жұмыс берушілер Ерікті қоныс аударуға қатысушыны жұмысқа орналастыру жөніндегі міндеттемені орындамаған жағдайда жұмыс берушілер жұмыскердің көшу, жаңа тұрғылықты жерде орнығуға жәрдемақы ұсынуға, қызметтік тұрғын үй беруге жұмыскердің шығыстарын өтеуге немесе тұрғын үйді жалдау бойынша шығыстарын өтеуге, жұмыскердің тұрғын үй сатып алуға шығыстарын ішінара өтеу, жұмыскердің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының қызметтеріне ақы төлеу шығыстарын толық немесе ішінара өтеуге мемлекет көтерген шығыстарды өтейді.

      13. Мансап орталығының мен Ерікті қоныс аударуға қатысушылармен жұмыс берушілердің осы Келісімшартта көзделмеген жауапкершілік шаралары Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларына сәйкес қолданылады.

      14. Осы Келісімшарттың қолданылу мерзімінің аяқталуы Мансап орталығын Ерікті қоныс аударуға қатысушыды және жұмыс берушіні осы мерзімнің аяқталуына дейін болған оны бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

4-тарау. Еңсерілмейтін күш жағдаяттары

      15. Мансап орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші осы Келісімшартқа қол қойылғаннан кейін туындаған өрт, жер сілкінісі, су тасқыны және апатты құбылыстар, әскери әрекеттер сияқты төтенше жағдайларда немесе күшпен еңсеруге келмейтін жағдайларда (форс-мажор) міндеттемелерін толық немесе ішінара орындамағаны үшін жауапкершіліктен босатылады.

      16. Форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде, осы Келісімшартқа сәйкес қандай да болмасын міндеттемесінің орындалуы осындай жағдайдың туындауына орай мүмкін болмай қалған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші форс-мажорлық жағдай туындаған немесе тоқтатылған сәттен бастап үш жұмыс күні ішінде жазбаша нысанда (осы келісімшарт бойынша өз міндеттемелерінің орындалмауы мүмкіндігін уәждемелеп және негіздеп) хабардар етуге міндеттенеді.

      17. Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау Мансап орталығы Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

      Хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау, Жұмыспен қамту орталығыны Ерікті қоныс аударуға қатысушыны және жұмыс берушіні мұндай хабардар етпеу немесе уақтылы хабарламау тиісті форс-мажорлық жағдайлардан тікелей туындаған жағдайларды қоспағанда, осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалмауы үшін жауапкершіліктен босатушы негіздеме ретінде кез келген форс-мажорлық жағдайға сілтеме жасаудан айырады.

      18. Осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің орындалу мерзімі форс-мажорлық жағдайлар, сондай-ақ осы жағдайлардан туындаған салдар орын алған уақытқа тең болады. Егер форс-мажорлық жағдайлардың туындауына байланысты Мансап орталығының, Ерікті қоныс аударуға қатысушынының және жұмыс берушінің осы Келісімшарт бойынша міндеттемелердің толық немесе ішінара орындауының мүмкін болмауы _____ (кезеңі көрсетілсін) асатын болса, онда осы Келісімшартты бұзуға құқылы.

5-тарау. Басқа да жағдайлар

      19. Келісімшартқа тараптардың келісімі бойынша қосымша әлеуметтік келісімшартқа қол қою арқылы өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

      20. Осы Келісімшарт оған Мансап орталығы, Ерікті қоныс аударуға қатысушы және жұмыс беруші қол қойған сәттен бастап күшіне енеді және 20__ жылғы "__" ______ дейін қолданылады.

6-тарау. Тараптардың мекенжайлары мен деректемелері

Еңбек мобильділігі орталығы
__________________
__________________
(Еңбек мобильділігі
орталығының толық атауы
__________________
( заңды мекенжайы)
__________________
__________________
(телефон, факс)
__________________
__________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)____________
(қолы) М.П.

Ерікті қоныс аударуға қатысушы
___________________
___________________
___________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)) ____________________
____________________
(мекенжайы)
____________________
____________________
(телефон, факс)
___________________
____________
(қолы)

Жұмыс беруші
_______________________
(заңды тұлғаның атауы,
бизнес сәйкестендіру нөмірі/,
жеке тұлғаның аты-жөні, жеке
сәйкестендіру нөмірі)
_______________________
(заңды мекенжайы)
_______________________
(банктік сәйкестендіру нөмірі))
_______________________
(банк атауы)
_______________________
_______________________
_______________________
(уәкілетті өкілдің тегі, аты,
әкесінің аты (бар болса))
__________________
(қолы) М.О. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
6-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аударуы
қағидаларына
7-қосымша
  Нысан
  ауданның (қаланың)
Мансап орталығының
директоры
_________________________
________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Маған, тұрғын үйді меншікке сатып алу құқығын іске асыру үшін материалдық көмек түріндегі экономикалық мобильділік сертификаты бойынша тиесілі соманы төлеуді сұраймын.

      Экономикалық мобильділік сертификаты:

      - құрылыс үшін _____________________________________________ пайдаланылады;

      оның ішінде:

      1. экономикалық мобильділік сертификатының сомасынан құрылыс бастамасына 25%;

      2. экономикалық мобильділік сертификатының сомасынан құрылыс және монтаждау жұмыстарына 40%;

      3. құрылыс жұмыстарының аяқталғандығы және объектіні пайдалануға беру актісін ұсынғаннан кейін экономикалық мобильділік сертификаты сомасының 35%.

      - сатып алу үшін_______________________________________________________;

      - ипотекалық тұрғын үй заемы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін

      ___________________________________________________________

      (екінші деңгейдегі банктің атауы, банктің жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің

      банктік сәйкестендіру коды, алушының Жеке шотының нөмірі көрсетіледі)

      Тұрғын үй мекенжайы: қала (аудан, ауыл), көше, үй.

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шоттың нөмірі;

      2) ипотекалық қарыз кезінде тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы екінші деңгейдегі банктің хаты;

      3) сатып алу кезінде тұрғын үйді сатып алу-сату шарты;

      4) тұрғын үй құрылысы кезінде жеке тұрғын үй құрылысына жер алу құқығын мемлекеттік тіркеу туралы куәлік;

      5) сатып алынатын жылжымайтын мүліктің құнын бағалау туралы құжат.

      Заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісемін.

      Ақпараттық жүйелерде қамтылған.

      (күні) (қолы) Құжаттар қабылданды: 20____ жылғы "____" ________

      _______________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның Т. А. Ә. (бар болса) қолы

      _______________________________________________________________

      Кандастың немесе/және қоныс аударушының мәлімдемесі

      _____________________________________ қоса берілген құжаттармен бірге

      ______ дана қабылданды 20___ жылғы "_____"__________.

      ____ _________________________________________________________

      Құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның Т.А.Ә. (бар болса) қолы

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
7-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
8-қосымша
  Нысан
  Мансап орталығының
директорына
__________________________
аудан (қала)
________________________
тегі, аты, әкесінің аты
(бар болса)

Өтініш

      Көшуге субсидиялар төлеу және (немесе) тұрғын үйді жалдау (жалға алу) және коммуналдық қызметтерге ақы төлеу жөніндегі шығыстарды өтеу туралы өтініш

ЖСН


Т. А. Ә. (бар болса)


Туған күні, айы, жылы


Жынысы


Тұрғылықты мекенжайы


      маған және менің отбасы мүшелеріме көшуге және (немесе) жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеу туралы субсидиялар төлеуді сұраймын (керегінің астын сызу)

ЖСН

Т. А. Ә. (бар болса)

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Мәртебесі/Жағдайы

Жаңа тұрғылықты жері бойынша тұратын мекенжайы

1

2

3

4

5

6

























      Бізге тиесілі көшуге және (немесе) жалдау (жалға алу) бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар сомасы аударылсын

      _____________________________________________________

      (банк атауы, жеке сәйкестендіру нөмірі, банктің банктік сәйкестендіру

      коды мекенжайы, дербес шотының нөмірі көрсетіледі)

      бойынша тұрамын _____________________________________________________

                  (нақты тұрғылықты мекенжайы, (өңір, қала / аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)

      Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:

      1) екінші деңгейдегі банктерде ашылған ағымдағы шот нөмірі;

      2) тұрғын үйді жалдау шарты.

      ____________________________________________

      _____________________________________________

      20__жылғы "___" _____

      ________________________

      (өтініш берушінің қолы)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрыққа
8-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
10-қосымша
  Нысан

Көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық ұтқырлық сертификаттары түріндегі материалдық көмек төлеуге өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы ҚОЛХАТ

      Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 73-1-тармағының __ тармақшасын басшылыққа ала отырып, мансап орталығы, халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган_____________________________ _ көшуге арналған субсидиялар, тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерді төлеу бойынша шығыстарды өтеу, сондай-ақ экономикалық ұтқырлық сертификаттары түріндегі материалдық көмек төлеуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады осы қолхат 2 данада, әрбір тарап үшін бір-бірден жасалды.

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушы: _________________________________________________________

      Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Телефон _________________ Алды: __________________________________

      Өтініш берушінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы

      20___ жылы "___" _________

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
9-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
11-қосымша
  Нысан

Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлем түрінде материалдық көмек төлеу туралы ШЕШІМ

      20___ жылғы "___" _____ № _______

      _______________________________ облыстарының еңбек мобильділігі орталығы Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде көшіру қағидаларының 68-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. Өтініш берушіге экономикалық ұтқырлық сертификаты бойынша ақшалай төлемдерді__________________ (сомасы жазбаша) теңге мөлшерінде төленсін.

Р/с №

Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) Т.А.Ә (бар болса)

Сатып алынатын тұрғын үйдің мекенжайы

Төлем сомасы (теңге)

















      2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару

      (банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)

      Басшының қолы _______________/(Т.А.Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
10-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
12-қосымша
  Нысан

Материалдық көмек төлеу түрінде көшуге субсидия туралы №__ ШЕШІМ

      20___ жылы "___" _____ № _______

      _______________________________ облыстарының еңбек мобильділігі орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 70-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1) өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) өтініш берушіге көшуге субсидия мынадай мөлшерде төленсін:

Р/с№

Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің Т.А.Ә (бар болса) (бар болса)

субсидия мөлшері (АЕК)

төлем сомасы (теңге)





















      2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару

      (банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)

      Басшының қолы _______________/( тегі, аты, жөні (болған кезде)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
11-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс аудару
қағидаларына
13-қосымша
  Нысан

Субсидиялар түрінде материалдық көмек тұрғын үйді жалдау (жалға алу), коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды төлеу туралы ШЕШІМ №__

      20___ жылы "___" _____ № _______

      _______________________________ облыстарының еңбек ұтқырлығы орталығы жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 71-тармағына сәйкес субсидиялар төлеу туралы өтінішті қарап, мынадай шешім қабылдады:

      1. Өтініш берушіге және оның отбасы мүшелеріне (бар болса) тұрғын үйді жалдау (жалға алу), Коммуналдық қызметтерге ақы төлеу бойынша шығыстарды өтеуге мынадай мөлшерде субсидиялар төленсін:


р/с

Өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің Т.А.Ә (бар болса) (бар болса)

Субсидия мөлшері
(АЕК)

Төлем сомасы
(теңге)





















      2. KZ _______________________________ағымдағы шотына аудару

      (банктің атауы, банктің БСН, Банктің БСК, алушының банктік шотының нөмірі көрсетіледі)

      Басшының қолы_______________/(Т. А. Ә. (бар болса)

  Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
2024 жылғы 31 желтоқсандағы
№ 513 Бұйрығына
12-қосымша/
  Жұмыс күшінің ұтқырлығын
арттыру үшін адамдардың
ерікті түрде қоныс
аудару қағидаларына
14-қосымшпа

Экономикалық мобильділік сертификаты бойынша ақшалай төлемнен бас тарту туралы ШЕШІМ

      20___ жылы "___" _____ № _______

      ___________________________________облыстарының еңбек мобильділігі орталығы экономикалық мобильділік сертификаты бойынша төлем туралы өтінішті қарап шықты.

1.

Өтініш берушінің ТАӘ (бар болса)



2.

ЖСН



3.

Өтініш нөмірі



4.

Мәртебесі



5.

Қабылдау күні



      Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін адамдарды ерікті түрде қоныс аудару қағидаларының 68-тармағы жетінші бөлігінің __ тармақшасында көзделген негіздер бойынша экономикалық мобильділік сертификатын төлеуден бас тартады.

      Басшының қолы_______________/(Т.А.Ә. (бар болса)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады