Қазақстан Республикасының Жер кодексі 43-1-бабының 2-1-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6, 31-баптарына сәйкес Бұланды ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Бұланды аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Осы бірлескен қаулының және шешімнің қосымшасына сәйкес Бұланды ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері айқындалсын.
2. Осы бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің қаулысы және Бұланды аудандық мәслихаттың шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақмола облысы Бұланды ауданының әкімі | А.Смаилов |
Бұланды аудандық мәслихатының төрағасы | Н.Сексенов |
Бірлескен Бұланды ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 ақпандағы № А-2/60 қаулысына және Бұланды аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 ақпандағы № 8С-15/1 шешіміне қосымша |
Бұланды ауданы бойынша шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсқа шығарылатын жер учаскелерінің ең жоғары мөлшері
№ |
Ауыл шаруашылығы алқаптарының ауданы, | Оның ішінде | |||
егістік | оның ішінде суармалы жерлер | шабындық тар | жайылым дар | ||
Шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін | |||||
1 | 3900 | 2850 | - | 60 | 990 |
Ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін | |||||
1 | 26000 | 19000 | - | 400 | 6600 |