Ерейментау ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ақмола облысы Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 15 шілдедегі № 8С-23/3-24 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 22 шілдеде № 8798-03 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Ерейментау ауданында шетелдіктер үшін 2024 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Абжиков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады