Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Ерейментау ауданында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы" Ерейментау ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 мамырдағы № а-5/135 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28042 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
""Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабы 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 "Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ерейментау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:".
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ерейментау ауданының әкімі | Н.Мукатов |