Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтарды айқындау туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2024 жылғы 19 тамыздағы № 232 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 21 тамызда № 8619-04 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Ақтөбе облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерде аса тапшы медициналық мамандықтар айқындалсын.

      2. "Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақтөбе облысының әкімі А. Шахаров

  Ақтөбе облысы әкімдігінің
2024 жылғы 19 тамыздағы
№ 232 қаулысына қосымша

Ақтөбе облысының ауылдық елді мекендерінде аса тапшы медициналық мамандықтар

Мамандықтың атауы

1

Педиатрия

2

Акушерия және гинекология (ересектер, балалар)

3

Неонатология

4

Жалпы хирургия

5

Жалпы дәрігерлік практика

6

Физикалық медицина және оңалту (ересектер, балалар)

7

Терапия

8

Онкология (ересектер)

9

Анестезиология және реаниматология (ересектер, балалар)

10

Неврология (ересектер, балалар)

11

Кардиология (ересектер, балалар)

12

Радиология

13

Офтальмология (ересектер, балалар)

14

Оториноларингология (ересектер, балалар)


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады