Ырғыз ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Ырғыз аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 183 шешімі. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 желтоқсанда № 8674-04 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Ырғыз аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. 2025 жылға арналған туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде ставка бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ырғыз аудандық
мәслихатының төрағасы
М. Турымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады