Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 39 қаулысы. Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 13 наурызда № 8524-04 болып тіркелді

      ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 "Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін айқындау туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелген) қаулысына келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. "Мәртөк аудандық экономика және қаржы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулыны Ақтөбе облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Мәртөк ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәртөк ауданының әкімі М. Искаков
      "КЕЛІСІЛДІ"
Мәртөк аудандық мәслихаты

  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 6 наурыздағы № 39 қаулысына қосымша
  Мәртөк ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 12 қаңтардағы № 8 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметшілер болып табылатын және Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының ауылдық жерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі


Әлеуметтік қамсыздандыру саласы бойынша

1

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

2

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

3

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санатты маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4

ММ және МКҚ біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ маманы: әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, қарттар мен мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, психоневрологиялық аурулары бар мүгедектігі бар балалар мен 18 жастан асқан мүгедектігі бар адамдарға күтім жасау жөніндегі әлеуметтік қызметкер


Мәдениет саласы бойынша

1

Аудандық маңызы бар ММ мен МҚК басшысы (директоры)

2

Аудандық маңызы бар ММ мен МҚК басшысының (директорының) орынбасары

3

Аудандық маңызы бар ММ және МҚК әдістемелік кабинет, кітапхана меңгерушісі (басшысы)

4

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

5

ММ және МҚК біліктілігі жоғары деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

6

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі жоғары, бірінші, екінші санаттағы мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, режиссер, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

7

ММ және МҚК біліктілігі орташа деңгейдегі санаты жоқ мамандар: аккомпаниатор, библиограф, кітапханашы, мәдени ұйымдастырушы (негізгі қызметтер), барлық атаудағы әдістемеші (негізгі қызметтер), ұжым (үйірме) басшысы, музыкалық жетекші, музыкалық әрлеуші, редактор (негізгі қызметтер), режиссер, хореограф, барлық атаудағы суретшілер (негізгі қызметтер)

      Ескертпе: Аббревиатуралардың толық жазылуы:

      ММ – мемлекеттік мекеме

      МҚК – мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады