Шалқар аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шалқар аудандық мәслихатының 2023 жылғы 15 қыркүйектегі № 105 "Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 8402 тіркелген) шешіміне келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген Шалқар ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:
8 тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын :
"жетімдік; ата-ана қамқорлығының болмауы; жасының егде тартуына байланысты өзіне-өзі күтім жасай алмауы; пробация қызметінің есебінде болу-адамның (отбасының) ең төмеңгі күнкөріс деңгейі шамасының бір еселік мөлшерінен аспайтын, жан басына шаққандағы орташа табысы есепке алынып біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде көрсетіледі";
8 тармақ 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған, босатылған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей табыс есебінсіз жүгінген адамдарға біржолғы 140 000 (жүз қырық мың) теңге мөлшерінде";
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шалқар аудандық мәслихатының төрағасы |
С. Бигеев |