Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Абай облысы мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы № 23/156-VIII шешімі. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 желтоқсанда № 391-18 болып тіркелді

      Абай облысы мәслихаты ШЕШТІ:

      1. Абай облысы мәслихатының 2023 жылғы 20 сәуірдегі № 2/18-VIIІ "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 47-18 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің қазақша атауы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкаларын бекіту туралы";

      көрсетілген шешімнің атауы орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген шешімнің қазақ тіліндегі 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.";

      көрсетілген шешімнің 1 тармағы орыс тілінде өзгеріссіз қалдырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Абай облысы мәслихатының төрағасы
      К. Сулейменов

  Абай облысы мәслихатының
2024 жылғы 13 желтоқсандағы
№ 23/156-VIII шешіміне
қосымша
Абай облысы мәслихатының
2023 жылғы 20 сәуірдегі
№ 2/18-VIII шешіммен
бекітілген

Абай облысының жер үсті көздеріндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары


Арнаулы су пайдаланудың түрі (өлшем бірлігі)


р/с

Өзендер, көлдер бассейні

Тұрғын-үй пайдалану және коммунал-дық қызметтер (теңге/1000 текше метр)

Өнеркәсіп жылу энерге-тикасын қоса есептегенде (теңге/1000 текше метр)

Ауыл шаруашылығы (теңге/1000 текше метр)

Су көздерінен су алуды жүзеге асыратын тоған шаруа-шылықтары (теңге/1000 текше метр)

Су энергетика (теңге/1000 киловатт-сағат)

Су көлігі (теңге/1000 тонна-километр)

1

Ертіс өзенінің бассейні

199,23

572,39

161,28

161,28

60,09

22,13

2

Балқаш және Алакөл көлдерінің бассейні

183,42

505,99

145,47

139,15

53,77

15,81


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады