Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын айқындау және бекіту туралы

Жаңа

Абай облысы Ақсуат ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 14 ақпандағы № 60 қаулысы. Абай облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 17 сәуірде № 257-18 болып тіркелді.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабының 1-тармағының 4-2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 12-бабы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) сәйкес, Ақсуат ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақсуат ауданының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары айқындалсын және бекітілсін.

      2. "Абай облысы Ақсуат ауданының ауыл шаруашылығы, жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы қаулының Абай облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулы ресми жарияланғаннан кейін Ақсуат ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақсуат ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Ақсуат ауданының әкімі
      А. Смаилов

  Ақсуат ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 14 ақпандағы
№ 60 қаулысына
қосымша

Ақсуат ауданы аумағында стационарлық емес сауда объектілерін жүзеге асыруға арналған орындары

Нақты орналасқан жері

Алып отырған алаңы, шаршы метр

Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл

Қызмет
саласы

Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері, сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)

1.

Ақсуат ауылы, Кәбеков көшесі № 9 орналасқан Ақсуат аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөліміне қарама-қарсы

100

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Адал" сауда дүкені

2.

Ақсуат ауылы, Сейфуллин көшесінде орналасқан "Ырғызбай Досханаұлы" атындағы орталық стадионның сол жағында

80

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Әсел" сауда дүкені

3.

Құмкөл ауылы, Қабанбай көшесі №17 орналасқан "Айтолқын" сауда дүкеніне қарама-қарсы

100

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Айтолқын", "Ерасыл" сауда дүкендері

4.

Ойшілік ауылы, Қабанбай көшесінде орналасқан №39 ғиамаратқа қарама-қарсы

100

5

Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлары

"Инабат" сауда дүкені


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады