Бородулиха аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1. Бородулиха аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 25 желтоқсандағы № 13-13-VIII (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 211-18 болып тіркелген) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешіммен бекітілген әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың кағидаларында:
2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"6. Әлеуметтік көмек мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына біржолғы және (немесе) мерзімді (ай сайын) көрсетіледі:
1) табиғи зілзаланың немесе өрттің шыққан орны бойынша табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда бір мезгілде 100 айлық есептік көрсеткіштен артық емес;
2) ақылы операциялық емделуден өткен адамдарға (отбасыларға) жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда кейіннен оңалту үшін бір рет 10,8 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде (фискалдық чек болған жағдайда);
3) әлеуметтік маңызы бар аурулары бар адамдарға, табысты есепке алмағанда ай сайын 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Абай облысы денсаулық сақтау басқармасының "Бородулиха аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының тізімдері бойынша;
4) диспансерлік есепте тұрған адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған он сегіз жасқа дейінгі балаларға (ата-анасының біріне немесе балалардың өзге де заңды өкілдеріне), тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің шамасының бір еселенген мөлшерінде жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда ай сайын;
5) өтініш берген тоқсанның алдындағы тоқсандағы жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінің бір еселенген шегінен аспайтын адамдарға (отбасыларға) біржолғы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
6) жетімдік, ата-ана қамқорлығының болмауы – жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
7) жасының ұлғаюына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіздік жан басына шаққандағы орташа табысы 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір рет;
8) бас бостандығынан айыру орындарынан босап шығу, пробация қызметінің есебінде болуы жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда 5,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде бір мезгілде;
9) жасы бойынша зейнеткерлерге жан басына шаққандағы орташа табысты есепке алмағанда жыл сайын санаторий-курорттық жолдама беру арқылы санаторий-курорттық емдеу ұсынылады.";
7-тармағының 4-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
"4) Қазақстан Республикасының Конституция күні – 30 тамыз (негіздердің бірі бойынша):
1, 2-топтағы мүгедектігі бар адамдарға және он сегіз жасқа дейінгі мүгедектігі бар балаларға (мүгедектігі бар балалардың ата-аналарының біріне немесе өзге де заңды өкілдеріне) – 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;
90 жасқа толған және асқан адамдарға – 20000 (жиырма мың) теңге мөлшерінде;";
9-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"9. Осы Қағидалардың 6-тармағының 5) тармақшасында көрсетілген негіз бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына берілетін әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш түскен кезде әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі уәкілетті орган немесе ауылдық, кенттік округ әкімі 1 (бір) жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын тұлғаның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргізу үшін учаскелік комиссияға жібереді.".
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бородулиха аудандық мәслихат төрағасы | |
С. Урашева | |
"КЕЛІСІЛДІ"
Абай облысы жұмыспен қамту
және әлеуметтік бағдарламаларды
үйлестіру басқармасының басшысы
_____________ А. Нұрлыбек
2024 жылғы "____" ____________