"Қордай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-2 шешiмiне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Қордай аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 қаңтардағы № 18-3 шешімі. Жамбыл облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қаңтарда № 5145 болып тіркелді

      Қордай аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Қордай ауданында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізуге арналған арнайы орындар, арнайы орындарды пайдалану тәртібі, олардың шекті толу нормалары, сондай-ақ материалдық-техникалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды айқындау туралы" Қордай аудандық мәслихатының 2020 жылғы 25 маусымдағы №68-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4669 болып тіркелген) шешiмiне мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің №3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Қордай аудандық мәслихатының аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Қордай аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қордай аудандық
      мәслихатының төрағасы Н. Садыков

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады