Т.Рысқұлов ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы №56-5 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Жамбыл облысы Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 наурыздағы № 18-6 шешімі. Жамбыл облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 27 наурызда № 5180-08 болып тіркелді

      Т.Рысқұлов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Т.Рысқұлов ауданында жиналыстар, митингілер, демонстрациялар, шерулер мен пикеттерді өткізуге арналған арнайы орындарды белгілеу және оларды пайдалану тәртібі туралы" Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының 2020 жылғы 26 маусымдағы № 56-5 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде № 4655 болып тіркелген) мынандай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің № 3 қосымшасындағы "150" деген саны "800" деген санымен ауыстырылсын.

      2. "Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының аппараты" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) осы шешімнің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Жамбыл облысы Әділет департаменті" республикалық мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Т.Рысқұлов аудандық мәслихатының интернет-ресурсында орналастыруын қамтамсыз етсін.

      3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Е. Абуталипов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады