Ескерту. Күші жойылды - Ұлытау облысының әкімдігінің 17.07.2024 № 44/01 қаулысымен (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3), 3-1) тармақшаларына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі бекітілсін.
3. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 04/01 Қаулысына 1 қосымша |
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының тізбесі
№ | Балық шаруашылығы су айдындарының атауы | Алаңы, гектар | Ұзындығы, шақырым |
Жаңаарқа ауданы | |||
1 | Ақтасты су қоймасы | 750 | - |
2 | Шалғия су қоймасы | 84 | - |
3 | Атасу су қоймасы | 270 | - |
4 | Бидайық су қоймасы | 105 | - |
Ұлытау ауданы | |||
5 | Ақтас бөгеті | 124 | - |
6 | Кенембай бөгеті | 327 | - |
7 | Құмшық бөгеті | 312 | - |
8 | Терісайрық бөгеті | 61 | - |
9 | Ұлытау бөгеті | 32 | - |
10 | Сарысу өзені | - | 200 |
11 | Шеңбер су қоймасы | 18 | - |
12 | Кеңгір су қоймасының төменгі бьефінен Сарысу өзенінің құйылысына дейінгі Қаракеңгір учаскесі | 20 | - |
13 | Қызылжар ауылынан Баймырза қыстағына дейінгі Сарысу учаскесі | 40 | - |
14 | Шолақ бөгеті | 32,98 | - |
15 | Дүйсембай өзені | - | 97 |
16 | Жезді су қоймасы | 1700 | - |
17 | Жезді өзені | - | 60 |
18 | Қаракеңгір өзені | - | 40 |
19 | Қарсақпай бөгеті | 50 | - |
20 | Қумола өзені | - | 124 |
21 | Сарыкеңгір өзені | - | 140 |
22 | Пионер бөгеті | 73 | - |
23 | Кеңгір су қоймасы (1,2,3 учаскелері) | 1080 | - |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 04/01 Қаулысына 2 қосымша |
Кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбесі
№ | Балық шаруашылығы су айдындары және (немесе) учаскесі | Шаруашылық қызмет түрі |
Жаңаарқа ауданы | ||
1 | Ақтасты су қоймасы | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
2 | Шалғия су қоймасы | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
3 | Атасу су қоймасы | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
4 | Бидайық су қоймасы | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
Ұлытау ауданы | ||
5 | Ақтас бөгеті | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
6 | Кенембай бөгеті | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
7 | Құмшық бөгеті | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
8 | Терісайрық бөгеті | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
9 | Ұлытау бөгеті | көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығы |
10 | Сарысу өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
11 | Шеңбер су қоймасы | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
12 | Кеңгір су қоймасының төменгі бьефінен Сарысу өзенінің құйылысына дейінгі Қаракеңгір учаскесі | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
13 | Қызылжар ауылынан Баймырза қыстағына дейінгі Сарысу учаскесі | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
14 | Шолақ бөгеті | әуесқойлық (спорттық) балық аулау |
15 | Дүйсембай өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
16 | Жезді су қоймасы | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
17 | Жезді өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
18 | Қаракеңгір өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
19 | Қарсақпай бөгеті | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
20 | Қумола өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
21 | Сарыкеңгір өзені | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |
22 | Пионер бөгеті | тор қоршамада балық өсіру шаруашылығы |
23 | Кеңгір су қоймасы (1,2,3 учаскелері) | әуесқойлық (спорттық) балық аулау / кәсіпшілік балық аулау |