"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабы 1-тармағының 8-1) тармақшасына, "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2-тармағының 3-1) тармақшасына сәйкес, Ұлытау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Ұлытау облысы әкімдігінің "Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және кәсіпшілік балық аулауды, әуесқойлық (спорттық) балық аулауды, көлде тауарлы балық өсіру шаруашылығын, тор қоршамада балық өсіру шаруашылығын жүргізуге арналған су айдындары және (немесе) учаскелер бойынша жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және (немесе) учаскелерінің тізбелерін бекіту туралы" 2024 жылғы 22 қаңтардағы № 04/01 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 89-20 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. "Ұлытау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкім | Б. Әбдіғалиұлы |
Ұлытау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 17 шілдедегі № 44/01 Қаулысына қосымша |
Жергілікті маңызы бар балық шаруашылығы су айдындарының және учаскелерінің тізбесі
№ | Атауы | Алаңы, гектар | Ұзындығы, шақырым |
Жаңаарқа ауданы | |||
1 | Ақтас су торабы | 410,12 | - |
2 | Шалғия су қоймасы | 84 | - |
3 | Қылыш су қоймасы | 256 | - |
4 | Бидайық су қоймасы | 105 | - |
5 | Ботағанкөл көлі | 321 | - |
6 | Дарат бөгеті | 4 | - |
7 | Құрым бөгеті | 40 | - |
8 | Актайлақ бөгеті | 17,09 | - |
Ұлытау ауданы | |||
9 | Ақтас бөгеті | 124 | - |
10 | Кенембай бөгеті | 327 | - |
11 | Құмшық бөгеті | 312 | - |
12 | Терісайрық бөгеті | 61 | - |
13 | Ұлытау бөгеті | 32 | - |
14 | Сарысу өзені | - | 200 |
15 | Шеңбер су қоймасы | 18 | - |
16 | Шолақ бөгеті | 14 | - |
17 | Дүйсембай өзені | - | 97 |
18 | Жезді су қоймасы | 1700 | - |
19 | Жезді өзені | - | 60 |
20 | Қаракеңгір өзені | - | 40 |
21 | Қарсақпай бөгеті | 50 | - |
22 | Қумола өзені | - | 124 |
23 | Сары-Кеңгір өзені | - | 140 |
24 | Пионер бөгеті | 73 | - |
25 | Кеңгір су қоймасы (1,2,3 учаскелері) | 4780 | - |
26 | Балатерісаққан бөгеті | 200 | - |
27 | Барақкөл көлі | 1200 | - |
28 | Данасай бөгеті | 48 | - |
29 | Егінді бөгеті | 5 | - |
30 | Бұрмаша бөгеті | 12 | - |
31 | Тумырза-Сарысай бөгеті | 14 | - |
32 | Талсай бөгеті | 48 | - |
33 | Көкдомбақ бөгеті | 22 | - |
34 | Усабайбұлақ бөгеті | 130 | - |
35 | Тоғызбайкөл көлі | 7 | - |
36 | Бала Жезді өзені | - | 75 |
37 | Тырнақсай бөгеті | 28,9 | - |
38 | Қара-Кеңгір өзені | - | 30 |
39 | Жетіқыз өзені | - | 65 |
40 | Баймырза-Сарысу өзені | - | 22 |
41 | Сымтас-Сарысу өзені | - | 78 |
42 | Айнакөл өзені | 16,5 | - |
43 | Қарасу бөгеті | 12 | - |