Жаңаарқа ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Ұлытау облысы Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2024 жылғы 28 маусымдағы № 16/121 шешімі. Ұлытау облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 9 шілдеде № 132-20 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі №181 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №33110 болып тіркелген) сәйкес Жаңаарқа аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңаарқа ауданы бойынша шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері, хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарында болатын әрбір тәулік үшін болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат төрағасы Ю. Беккожин

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады