"Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды қаласының әкімдігінің 2024 жылғы 14 маусымдағы № 31/01 қаулысы. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 маусымда № 6612-09 болып тіркелді

      Қарағанды қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Инватакси қызметін алушылардың санатын кеңейту туралы" Қарағанды қаласы әкімдігінің 2022 жылғы 3 ақпандағы № 06/02 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26778 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулының 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Қарағанды қаласының аумағында инватакси қызметіттерін алушылардың санаттары келесі тұлғалардың санаттарымен кеңейтілсін:

      1) жүріп-тұруы қиын мүгедектігі бар балалар;

      2) аутистік спектрдің бұзылуы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар;

      3) Даун синдромы бар мүгедектігі бар балалар мен мүгедектігі бар адамдар.".

      2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды қаласының әкімі М. Кожухов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады