"Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қарағанды облысы Саран қалалық мәслихатының 2024 жылғы 13 маусымдағы № 126 шешімі. Қарағанды облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 19 маусымда № 6609-09 болып тіркелді

      Саран қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Саран қалалық мәслихатының "Саран қаласы мен Ақтас кентінде тұрғын үй көмегін көрсету мөлшері мен тәртібін айқындау туралы" 2024 жылғы 28 наурыздағы № 103 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6578-09 болып тіркелді) келесі өзгеріс енгізілсін:

      1-қосымшаның 5 тармағы келесі редакцияда жазылсын:

      "5. Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде әр адамға кемінде 15 (он бес) шаршы метр және көп дегенде 18 (он сегіз) шаршы метр пайдалы алаң, бірақ кемінде бір бөлмелі пәтер немесе жатақханадағы бөлме мөлшеріндегі аудан нормасы қабылданады.".

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Саран қалалық мәслихатының төрағасы О. Баймаганбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады