Қызылорда облысының әкімшілік-аумақтық құрылысының кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің 2024 жылғы 23 қазандағы № 162 қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2024 жылғы 23 қазандағы № 124 шешімі. Қызылорда облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қазанда № 8561-11 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 3) тармақшасына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қызылорда облысының келесі елді мекендері таратылып, жақын орналасқан елді мекендер құрамына енгізілсін:

      1) Арал ауданы бойынша:

      Аққұм ауылдық округінің Күршек ауылы, Аққұм ауылдық округінің Шижаға ауылының құрамына енгізілсін;

      2) Шиелі ауданы бойынша:

      Сұлутөбе ауылдық округінің 16 бекет елді мекені, Сұлутөбе ауылдық округінің Сұлутөбе ауылының құрамына енгізілсін;

      Тартоғай ауылдық округінің Ферма 2, Кірпіш зауыты және 18 бекет елді мекендері, Тартоғай ауылдық округінің Тартоғай ауылының құрамына енгізілсін;

      Алмалы ауылдық округінің 20 бекет елді мекені, Алмалы ауылдық округінің Алмалы ауылының құрамына енгізілсін;

      Бәйтерек ауылдық округінің Ақтам ауылы, Бәйтерек ауылдық округінің Бидайкөл ауылының құрамына енгізілсін.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысы әкімінің міндетін атқарушы Б. Жаханов
      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады