Маңғыстау облысы әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 "Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы әкімдігінің 2024 жылғы 1 қарашадағы № 219 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қарашада № 4744-12 болып тіркелді

      Маңғыстау облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Маңғыстау облысының су объектілерінің су қорғау аймақтары мен белдеулерін және оларды шаруашылықта пайдалану режимін белгілеу туралы" Маңғыстау облысының әкімдігінің 2023 жылғы 24 тамыздағы № 130 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4597-12 болып тіркелген) келесідей өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:

      1-тармақтың 2)-тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "2) су шаруашылығы және су жинайтын құрылысжайлар мен олардың коммуникацияларын, көпірлерді, көпір құрылысжайларын, айлақтарды, порттарды, пирстерді және су көлігі қызметіне байланысты өзге де көліктік инфрақұрылым, кәсіпшілік балық өсіру объектілерін, балық өсіру шаруашылықтары мен олардың коммуникацияларын орналастыруға және қызмет көрсетуге байланысты балық өсіру объектілерін, балық шаруашылығы технологиялық су айдындарын, жаңартылатын энергия көздерін (гидродинамикалық су энергиясын) пайдалану объектілерін, сондай-ақ су объектісіндегі рекреациялық аймақтарды қоспағанда, демалыс және (немесе) сауықтыру мақсатындағы ғимараттар мен құрылысжайларды салмай, ғимараттар мен құрылысжайларды салуға және пайдалануға;".

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Маңғыстау облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Маңғыстау облысының әкімі Н. Қилыбай

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасының Денсаулық

      сақтау министрлігінің Санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау комитеті

      Маңғыстау облысының санитариялық-

      эпидемиологиялық бақылау департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы Су ресурстары

      және ирригация министрлігі

      Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану

      комитетінің Су ресурстарын реттеу, қорғау

      және пайдалану жөніндегі

      Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Қазақстан Республикасы

      Экология және табиғи ресурстар министрлігі

      Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің

      Маңғыстау облысы бойынша экология департаменті"

      республикалық мемлекеттік мекемесі

 

      "КЕЛІСІЛДІ"

      "Маңғыстау облысының жер қатынастары

      басқармасы" мемлекеттік мекемесі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады