"Жарнама туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 17-2-бабы 1-тармағының 1-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабына сәйкес, Ақтау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтау қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Ақтау қаласының әкімі | А. Байпаков |
Ақтау қаласы әкімдігінің | |
2024 жылғы 14 тамыздағы | |
№ 11-07-2042 қаулысына қосымша |
Ақтау қаласында мәдени, спорттық және спорттық-бұқаралық іс-шаралар афишаларын орналастыру үшін арнайы бөлінген орындардың тізбесі
Ақтау қаласы | |
1. | 1 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ақтау қалалық теннис бойынша балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
2. | 4 шағын аудан, Ақтау қаласы әкімдігінің жедел басқару құқығындағы "Абай атындағы мәдени-демалыс кешені" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында |
3. | 5 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Мұрат Өскінбаев атындағы Маңғыстау облыстық филармониясы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында |
4. | 8 шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Нұрмұхан Жантөрин атындағы облыстық музыкалық – драмалық театры" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында |
5. | 17 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Шоқыр Бөлтекұлы атындағы Маңғыстау облыстық жоғары спорт шеберлігі мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
6. | 19а шағын аудан, Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының "Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алдында |
7. | 33 шағын аудан, Маңғыстау облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының "Ақтау қалалық Маңғыстау-Арена балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі ғимаратының алдында |
8. | 34 шағын аудан, "Қазақстан халқы Ассамблеясы кәсіпкерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің Маңғыстау облысы бойынша филиалы ғимаратының алдында |