Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тарифті белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 26 қарашадағы № 307 қаулысы. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2024 жылғы 29 қарашада № 4747-12 болып тіркелді.

      "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабына сәйкес, Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Бейнеу ауылында жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға сараланатын тариф келесідей мөлшерлерде белгіленсін:

      интернет желісі және ұялы байланыс құрылғыларын қоса алғанда, электрондық төлеу жүйесі арқылы жол ақысын төлеу кезінде – 60 (алпыс) теңге, қолма-қол ақшамен төлеу кезінде – 120 (жүз жиырма) теңге.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Бейнеу ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


      "КЕЛІСІЛДІ"

      Бейнеу аудандық мәслихаты

      Бейнеу ауданы әкімінің
      міндетін уақытша атқарушы Р. Шалбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады