"Жануарлар дүнииесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2-тармағының 5-14) тармақшасына, "Акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімінің өнімділігі мен сапасын арттыруды, сондай-ақ асыл тұқымды балық өсіруді дамытуды субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2022 жылғы 24 мамырдағы № 180 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28188 болып тіркелген) сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсіру (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері бекітілсін.
2. "Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қостанай облысының әкімі | К. Аксакалов |
Келісілді
Қазақстан Республикасы
Экология, және табиғи
ресурстар министрлігі
Қостанай облысы әкімдігінің | |
2024 жылғы 4 наурыздағы | |
№ 87 қаулысына | |
қосымша |
Қостанай облысының 2024 жылға арналған акваөсірудің (балық өсіру шаруашылығы) өнімділігін және өнім сапасын арттыруды субсидиялау көлемдері
№ | Субсидиялау түрлері | Өлшем бірлігі | Субсидияланатын көлемі | Субсидиялар сомасы (мың теңге) |
1 | Балық азығын сатып алу бойынша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
1.1 | албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | килограмм | 1710 | 461,7 |
2 | Балық өсіру-биологиялық негіздемені сатып алу шығыстарын субсидиялау | бірлік | 1 | 500,0 |
3 | Балық өсіру материалын сатып алу бойнша шығыстарды өтеуге арналған субсидиялар | |||
3.1 | албырт тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | |||
3.1.1 | ұрықтанған уылдырық | дана | 6 220 000 | 31 100,0 |
3.1.2 | шабақ (10 граммға дейін) | дана | 300 000 | 7 500,0 |
3.2 | ақсаха тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | |||
3.2.1 | дернәсілдер | дана | 20 800 000 | 10 400,0 |
3.3 | тұқы тұқымдас балықтар мен олардың будандары үшін | |||
3.3.1 | дернәсілдер | дана | 600 000 | 36,0 |
Барлығы | 49 997,7 |