"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Денисов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Хостелдерді, қонақжайларды, жалға берілетін тұрғын үйлерді қоспағанда, туристерді орналастыру орындарындағы Денисов ауданы бойынша шетелдіктер үшін 2025 жылға арналған туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Денисов аудандық мәслихатының төрағасы | В. Шерер |