Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 46-бабы, 2-тармағының 4) тармақшасына Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабы 8-тармағына сәйкес, Баянауыл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Баянауыл ауданы әкімдігі атқарушы органдары "Б" корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалау әдістемесін бекіту туралы" Баянауыл ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 23 сәуірдегі № 127/4 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 5971 болып тіркелген) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. "Баянауыл ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыны аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Баянауыл ауданы әкімі аппаратының басшысына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Баянауыл ауданының әкімі | А. Ксентаев |