Май аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Май аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 1/17 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 5 қыркүйекте № 7590-14 болып тіркелді

      Май аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Май аудандық мәслихатының "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларын бекіту туралы" 2023 жылғы 30 қарашадағы № 2/6 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде № 7432-14 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және Май ауданы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың Қағидаларында:

      2-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:

      "1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету, мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және олардың нәтижелерін көрсетілетін қызметті алушыға беру жөніндегі жұмысты "бір терезе" қағидаты бойынша ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;";

      7-тармақ 8) тармақшасының төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған азаматтарға, пробация қызметінің есебінде болуы негіз болып табылады;";

      8-тармақ 2) тармақшасында:

      сегізінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "әлеуметтік маңызы бар ауруларға тап болған (туберкулез, адамның иммунитет тапшылығы вирусы (АИВ) тудыратын ауру, созылмалы вирустық гепатиттер және бауыр циррозы, қатерлі ісіктер, қант диабеті, психикалық, мінез-құлық бұзылулары (аурулары), балалардың церебралдық параличі, миокардтың жіті инфаргі (алғашқы 6 ай), ревматизм, дәнекер тіннің жүйелі зақымданулары, нерв жүйесінің дегенерациялық аурулары, орталық нерв жүйесінің миелинсіздендіруші аурулары, орфандық аурулар) азаматтарға 15 (он бес) АЕК мөлшерінде Павлодар облысы әкімдігі Павлодар облысы денсаулық сақтау басқармасының "Май аудандық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығында коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны ұсынған тізімі немесе Үлгілік қағидаларының 12-тармағының 1) тармақшасында, 3) тармақшасының үшінші абзацында көрсетілген құжатты қоса бере отырып өтініш негізінде;";

      тоғызыншы, оныншы, он бірінші, он екінші абзацтар алып тасталсын.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Май аудандық мәслихатының төрағасы М. Хызыр

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады