Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы" 2017 жылғы 30 қазандағы № 4/444 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 1423 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:
аталған қаулымен бекітілген Алматы қаласы қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидаларындағы:
1 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"1. Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы көлік туралы" Заңының 11 бабына, "Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес әзірленді және Алматы қаласының қалалық рельсті көлігімен жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыру тәртібін айқындайды.";
11 тармақ келесі редакцияда мазмұндалсын:
"11. Көлік қызметінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жолаушылардың қол жүгін тексеру "Жолаушыларды және көлік инфрақұрылымы объектілеріне келетін адамдарды, олардың алып жүретін заттарын, оның ішінде қол жүгі мен багажын жете тексеруді жүргізу қағидалары мен талаптарын бекіту туралы" 2022 жылғы 27 мамырдағы № 301 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 28298 болып тіркелген) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының бұйрығына сәйкес жүзеге асырылады.";
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Е. Досаев |