Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Алматы қаласы әкімдігінің 2024 жылғы 11 қазандағы № 4/558 қаулысы. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 қазанда № 1792-02 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының "Құқықтық актілер туралы" Заңының 27 бабына сәйкес Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы қаласы әкімдігінің "Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің субсидиялар нормативін бекіту туралы" 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 қаулысының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24875 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен белгіленген тәртіпте:

      1) осы қаулыны Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыны Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Алматы қаласының әкімі Е. Досаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады