Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы әкімдігінің 11.10.2024 № 4/558 (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 7-бабы 2-тармағының 12-6) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2014 жылғы 26 қарашадағы № 3-2/615 "Өндеуші кәсіпорындардың ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өнім өндіруі үшін оны сатып алу шығындарын субсидиялау қағидаларын бекіту туралы" нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10087 тіркелген бұйрығына сәйкес, Алматы қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімі субсидияларының нормативі бекітілсін.
2. "Алматы қаласы Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы қаулының Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін, кейіннен Алматы қаласы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Алматы қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Алматы қаласының әкімі | Б. Сагинтаев |
Алматы қаласы әкімдігінің 2021 жылғы 18 қазандағы № 4/515 қаулысымен бекітілген |
Алматы қаласында сатып алынатын ауылшаруашылық өнімінің
субсидиялар нормативі
№ | Ауылшаруашылық өнімінің атауы | Тереңдете өңделген өнімнің атауы | Шикізатқа қайта есептелген субсидиялар нормативі (теңге/килограмм) |
1 | Шикі сүт | Қатты ірімшік | 24,0 |