Петропавл қаласында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қалалық мәслихатының 2024 жылғы 27 наурыздағы № 5 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2024 жылғы 28 наурызда № 7727-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10-тармағына, "Шетелдіктер үшін туристік жарнаны төлеу мөлшерлемелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шiлдедегi № 181 бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Петропавл қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Петропавл қаласында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайызы мөлшерінде бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Петропавл қалалық мәслихат төрағасы А. Бердагулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады