Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында шетелдіктер үшін арналған туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы

Жаңартылған

Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 2024 жылғы 14 ақпандағы № 15-14 с шешімі. Қазақстан Республикасының Әділет департаментінде 2024 жылғы 16 ақпанда № 7685-15 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 2-10 тармағына, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2023 жылғы 14 шілдедегі № 181 "Шетелдіктер үшін туристік жарна төлеу қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 33110 болып тіркелген), Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданының аумағында туристерді орналастыру орындарында шетелдіктер үшін туристік жарнаның мөлшерлемелері болу құнынан 0 (нөл) пайыз мөлшерінде бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы мәслихатының 22.05.2024 № 18-18 с (01.01.2024 бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Уәлиханов аудандық мәслихатының төрағасы М. Абдулов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады